Сары дақтың жасқа байланысты дегенерациясы
P-S-005
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)
Другие ретинальные нарушения при болезнях, классифицированных в других рубриках (H36.8*)
Анықтамасы
Анықтамасы
Анықтамасы
Сары дақтың жастық дегенерациясы – Брух жарғағы мен пигменттік эпителийдің хориокапиллярлық қабатының қазымдалуымен жүретін созылмалы дистрофиялық үрдіс.
Хаттама коды: P-S-005 "Сары дақтың жасқа байланысты дегенерациясы"
Хирургия саладағы поликлиникалар үшін
Хирургия саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
H35.3 Макула жəне артқы полюстің дегенерациясы
H36.8 Басқа тарауларда жіктелген аурулар кезіндегі ретиналдық басқа да зақымдалулар
Жіктемесі
Жіктемесі: аурудың құрғақ, экссудативтік жəне тыртықтық деген үш түрін ажыратады.
Қауіп-қатерлі факторлар
Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Даму қауіпі жас өскен сайын үлғая түседі.
2. Анамнезінде жақын туыстарында ВДЖП болуы.
3. Артериялық гипертония.
4. Темекі шегу.
Диагностикасы
Диагностика критерилері
Шағымдар мен анамнез: анамнездегі гипертониялық ауру. Көрудің біртіндеп немесе жіті төмендеуіне, көру аумағының өзгеруіне шағымдану.
Физикалық тексеру: объективті тексеру (офтальмологиялық тексеру: көру жітілігін бағалау, щелді лампа көмегімен биомикроскопия, офтальмоскопия).
Инструменталдық зерттеулер: периметрия, флюоресценттік ангиография. Көрі жітілігінің біртіндеп төмендеуі, метаморфопсиялар, орталық скотома.
Офтальмоскопиялық: друзалар, сарғыш-ақшыл түсті хориоретиналдық ошақтар, гиперпигментация, субретиналдық экссудаттар, қанағулар, макулярлық аймақта тыртықтық ошақтар.
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: қосарланған патологиялар болған кезде терапевт консультациясы, қажет жағдайда – невропатолог, эндокринолог, инфекционист, ревматолог, кардиолог консультациясы.
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Офтальмолог консультациясы.
2. Көру жітілігін тексеру.
3. Көздің биомикроскопиясы.
4. Периметрия.
5. Офтальмоскопия.
6. Терапевт консультациясы.
7. Тонометрия.
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Гониоскопия.
2. Тонография.
3. Көздің УДЗ.
4. Көз түбінің флюоресценттік ангиографиясы..
5. Орталық көрі алаңын анықтау.
6. Компьютерлік томография (оптикалық).
Лабораторлық зерттеулер
Лабораторлық зерттеулер:
- қанның жалпы анализі;
- зəрдің жалпы анализі;
- қанның ұю уақытын анықтау;
- коагулограмма;
- қантқа қан тапсыру.
Дифференциалды диагноз
Дифференциалды диагноз
Дифференциалды диагноз диабеттік ретинопатиямен, тромбозбен жүргізіледі
Ретинальді вена тромбозы
|
Диабеттік ретинопатия
|
Тор қабығының өзге аурулары
|
|
Аурудың басталуы | Кенеттен | Біртіндеп | Біртіндеп |
Көру | Кенет төмендеген |
Біртіндепт төмендейді
|
Төмендеген |
Офтальмоскопия |
«езілген қызамық»
типі бойынша ретинальді қан құйылудың көлемді ошағы
|
Қантамырлық арка жолы бойынша петехиальді қан құйылу ошағы
|
Артерия қабырғаларының
стенозы, артериолалардың тарылуы жəне түзелуі, экссудативті ісінулер, қан құйылулар, деколорация немесе көру нервінің қалыңдауы. |
Қандағы қанттың деңгейі
|
Қантты диабет
кезінде жоғарылаған |
Қант диабетінің компенсация емес немесе субкомпенсация
кезінде жоғарылаған |
Қант диабеті кезінде жоғарылаған
|
Емдеу тактикасы
Емдеу тактикасы
Ем мақсаты: көру қызметін тұрақтандыру.
Дəрі-дəрмексіз ем: жалпы режим, диета стол №15, қажет жағдайда - басқа диета. Қажет болса – сетчатка лазеркоагуляциясы.
Дəрі-дəрмектік ем:
Друзаларды лазерлік сəулелендіру үшін тиімділігі дəлелденген.
Артықшылықтары мен кемшіліктерін сəйкестендіру: Лазерлік фотокоагуляция.
Тиімділігі анықталмады: друзаларды лазерлік сəулелендіру (алдын алу мақсатымен), торлық қабықты протондық сəулелендіру немесе ақ қабыққа радиобелсенді заттардың аппликациясы, сары дақ аймағында хирургиялық ем шаралар қолдану.
Экссудативтік дегенерация кезінде көрсетілген: лазерлік коагуляция, аутолимфодренаждауды тағайындау (стационар жағдайында).
Экссудативтік емес дегенерация жəне көру жітілігі 0,5 кем емес, тыртықтану сатысында – стационар жағдайында аутолимфодренаждауды тағайындау.
Кей мамандар ойынша сары дақтың жастық дегенерациясын баяулатату үшін алмасу үрдістерін жақсартатын препараттарды парабульбарлық тағайындау мен жалпы емді\ витаминдер жəне антиоксиданттар жүргізу тиімді.
Антиоксиданттер мен витаминотерапия:
- эмоксипин 0,5 мл парабульбарлық - 10 күн;
- эмоксипин 0,5 мл парабульбарлық - 10 күн;
- таурин 0,5 мл парабульбарлық - 10 күн;
- токоферол ацетаты күніне 1 тамшыдан 3 үш рет, 10 күн;
- милдронат парабульбарлық - 0,5 - 10 күн, күніне 1 таб х 3 рет 30 күн немесе 1,0 б/і - 10 күн.
- токоферол ацетаты күніне 1 тамшыдан 3 үш рет, 10 күн;
- милдронат парабульбарлық - 0,5 - 10 күн, күніне 1 таб х 3 рет 30 күн немесе 1,0 б/і - 10 күн.
Көрсеткіштер болған жағдайда – республикалық мекемелерге фотодинамиялық терапия жүргізу үшін жолдау.
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Эмоксипин көз тамшылары, фл.
2. *Таурин раствор 4% (көз тамшылары) 1 мл ампулаларда.
3. *Токоферол ацетаты 1 мл 5%, 10%, 30% майлы ерітінді, капсулалардағы 50% майлы ерітінді.
4. Милдронат инъекцияға арналған ерітінді 500 мг, амп.
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.
Ем тиімділігінің индикаторлары: макулярлы ісінуді төмендету, геморрагиялардың сіңірілуін жылдамдату, көру жітілігін тұрақтандыру жəне арттыру, көру аумағын кеңейту, ишемиялық зонаны жою, патологиялық процессті шектеу, гемоциркуляцияны жақсарту.
* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.
* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.
Ауруханаға жатқызу
Госпитализациялауға көрсетімдер: хирургиялық ем.
Алдын алуы
Профилактикалық шаралар: АҚ бақылау, ВГД терапевтте бақылану, ВГД бақылау.
Əрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері: офтальмолог бақылауы ВГД, көру функциясы 1 рет 4-6 ай.
Ақпарат
Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
-
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
- Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. American Academy of Ophthalmology. Guideline. Age-Related Macular Degeneration. 2003. 2. EBM Guidelines. Age-related macular degeneration (ARMD). 2004. 3. International Council of Ophthalmology. ICO Clinical Guidelines: Age-related macular degeneration (Initial and follow-up evaluation). 4. Olk RJ, Friberg TR, Stickney KL et al. Therapeutic benefits of infrared (810 nm) diode laser macular grid photocoagulation in prophilactic treatment of non-exudative age-related macular degeneration: two-year results of a randomised pilot study. Ophthalmology 1999; 106: 1367- 1373. 5. Доказательная медицина. Ежегодный справочник. 2003 - Часть 7. - С. 2322-2339.
Ақпарат
Əзірлеушілер тізімі: Кобцева В.Ю., ҚР ДСМ Көз аурулары ҒЗИ
Қазықтаулы файлдар
Назар аударыңыз!
- Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
- Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
- Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
- Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
- Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.