Сары дақтың жасқа байланысты дегенерациясы

P-S-005

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Другие ретинальные нарушения при болезнях, классифицированных в других рубриках (H36.8*)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Сары дақтың жастық дегенерациясы – Брух жарғағы мен пигменттік 
эпителийдің хориокапиллярлық қабатының қазымдалуымен жүретін созылмалы дистрофиялық үрдіс.

 
Хаттама коды: P-S-005 "Сары дақтың жасқа байланысты дегенерациясы"
Хирургия саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
H35.3 Макула жəне артқы полюстің дегенерациясы
H36.8 Басқа тарауларда жіктелген аурулар кезіндегі ретиналдық басқа да зақымдалулар

Жіктемесі


Жіктемесі: аурудың құрғақ, экссудативтік жəне тыртықтық деген үш түрін ажыратады.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Даму қауіпі жас өскен сайын үлғая түседі.
2. Анамнезінде 
жақын туыстарында ВДЖП болуы.
3. Артериялық гипертония.
4. Темекі шегу.

Диагностикасы


Диагностика критерилері
 
Шағымдар мен анамнез: анамнездегі гипертониялық ауру. Көрудің біртіндеп немесе жіті төмендеуіне, көру аумағының өзгеруіне шағымдану.
 
Физикалық тексеру: объективті тексеру (офтальмологиялық тексеру: көру жітілігін бағалау, щелді лампа көмегімен биомикроскопия, офтальмоскопия).
 
Инструменталдық зерттеулер: периметрия, флюоресценттік ангиография. Көрі жітілігінің біртіндеп төмендеуі, метаморфопсиялар, орталық скотома.

Офтальмоскопиялық: друзалар, сарғыш-ақшыл түсті хориоретиналдық ошақтар, гиперпигментация, субретиналдық экссудаттар, қанағулар, макулярлық аймақта тыртықтық ошақтар.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:  қосарланған патологиялар болған кезде терапевт консультациясы, қажет жағдайда – невропатолог, эндокринолог, инфекционист, ревматолог, кардиолог консультациясы.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Офтальмолог консультациясы.
2. Көру жітілігін тексеру.
3. Көздің биомикроскопиясы.
4. Периметрия.
5. Офтальмоскопия.
6. Терапевт консультациясы.
7. Тонометрия.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Гониоскопия.
2. Тонография.
3. Көздің УДЗ.
4. Көз түбінің флюоресценттік ангиографиясы..
5. Орталық көрі алаңын анықтау.
6. Компьютерлік томография (оптикалық).

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер:
- қанның жалпы анализі;
- зəрдің жалпы анализі;
- қанның ұю 
уақытын анықтау;
- коагулограмма;
- қантқа қан тапсыру.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз

Дифференциалды диагноз диабеттік ретинопатиямен, тромбозбен жүргізіледі

 
Ретинальді вена тромбозы
Диабеттік ретинопатия
Тор қабығының өзге аурулары
Аурудың басталуы Кенеттен Біртіндеп Біртіндеп
Көру Кенет төмендеген
Біртіндепт төмендейді
Төмендеген
Офтальмоскопия
«езілген қызамық»
типі бойынша ретинальді қан құйылудың көлемді ошағы
Қантамырлық арка жолы бойынша петехиальді қан құйылу ошағы
Артерия қабырғаларының
стенозы, артериолалардың 
тарылуы жəне түзелуі, 
экссудативті ісінулер, қан 
құйылулар, деколорация немесе көру нервінің қалыңдауы.
Қандағы қанттың деңгейі
Қантты диабет 
кезінде жоғарылаған
Қант диабетінің компенсация емес немесе субкомпенсация 
кезінде жоғарылаған
Қант диабеті кезінде жоғарылаған

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: көру қызметін тұрақтандыру.
 
Дəрі-дəрмексіз ем: жалпы режим, диета стол №15, қажет жағдайда - басқа диета. Қажет болса – сетчатка лазеркоагуляциясы.

Дəрі-дəрмектік ем:
Друзаларды лазерлік сəулелендіру үшін тиімділігі дəлелденген.
 
Артықшылықтары мен кемшіліктерін сəйкестендіру: Лазерлік фотокоагуляция.

Тиімділігі анықталмады: друзаларды лазерлік сəулелендіру (алдын алу мақсатымен), торлық қабықты протондық сəулелендіру немесе ақ қабыққа радиобелсенді заттардың аппликациясы, сары дақ аймағында хирургиялық ем шаралар қолдану.
 
Экссудативтік дегенерация кезінде көрсетілген: лазерлік коагуляция, аутолимфодренаждауды тағайындау (стационар жағдайында).
Экссудативтік емес дегенерация жəне көру жітілігі 0,5 кем емес, тыртықтану сатысында – стационар жағдайында аутолимфодренаждауды тағайындау.
 
Кей мамандар ойынша сары дақтың жастық дегенерациясын баяулатату үшін алмасу үрдістерін жақсартатын препараттарды парабульбарлық тағайындау мен жалпы емді\ витаминдер жəне антиоксиданттар жүргізу тиімді.
 
Антиоксиданттер мен витаминотерапия:
- эмоксипин 0,5 мл парабульбарлық - 10 күн;
- таурин 0,5 мл парабульбарлық - 10 күн;
- токоферол ацетаты күніне 1 тамшыдан 3 үш рет, 
10 күн;
- милдронат парабульбарлық - 0,5 - 10 күн, күніне 1 таб х 3 рет 30 күн немесе 1,0 б/і 
- 10 күн.
 
Көрсеткіштер болған жағдайда – республикалық мекемелерге фотодинамиялық терапия жүргізу үшін жолдау.
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1.  Эмоксипин көз тамшылары, фл.
2. *Таурин раствор 4% (көз тамшылары) 1 мл ампулаларда.
3. *Токоферол ацетаты 1 мл 5%, 10%, 30% майлы ерітінді, капсулалардағы 50% майлы ерітінді.
4.  Милдронат инъекцияға арналған ерітінді 500 мг, амп.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: макулярлы ісінуді төмендету, геморрагиялардың сіңірілуін жылдамдату, көру жітілігін тұрақтандыру жəне арттыру, көру аумағын кеңейту, ишемиялық зонаны жою, патологиялық процессті шектеу, гемоциркуляцияны жақсарту.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялауға көрсетімдер: хирургиялық ем.

Алдын алуы


Профилактикалық шаралар: АҚ бақылау, ВГД терапевтте бақылану, ВГД бақылау.
 
Əрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері: офтальмолог бақылауы ВГД, көру функциясы 1 рет 4-6 ай.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. American Academy of Ophthalmology. Guideline. Age-Related Macular Degeneration. 2003. 2. EBM Guidelines. Age-related macular degeneration (ARMD). 2004. 3. International Council of Ophthalmology. ICO Clinical Guidelines: Age-related macular degeneration (Initial and follow-up evaluation). 4. Olk RJ, Friberg TR, Stickney KL et al. Therapeutic benefits of infrared (810 nm) diode laser macular grid photocoagulation in prophilactic treatment of non-exudative age-related macular degeneration: two-year results of a randomised pilot study. Ophthalmology 1999; 106: 1367- 1373. 5. Доказательная медицина. Ежегодный справочник. 2003 - Часть 7. - С. 2322-2339.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Кобцева В.Ю., ҚР ДСМ Көз аурулары ҒЗИ

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх