Нəресте шүйдемен келу жағдайында өз бетімен босану
H-O-023
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)
Другие самопроизвольные одноплодные роды (O80.8)
Анықтамасы
Анықтамасы
Анықтамасы: Табиғи туу жолдары арқылы физиологиялық босану.
Хаттама коды: H-O-023 "Нəресте шүйдемен келу жағдайында өз бетімен босану"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы стационарлар үшін
Акушерлік-гинекологиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ бойынша коды: О80 Нəресте шүйдемен келу жағдайында өз бетімен босану
Жіктемесі
Жіктемесі : жоқ
Диагностикасы
Диагностика критерилері:
Шағымдар мен анамнез: іштің төменгі жағының толғақ тəрізді ауыруы.
Физикалық тексеру: сыртқы акушерлік тексеруде – жатырдың ретті жиырылуы, нəрестенің қанағаттанарлық күйі; іншектік тексеруде – жатыр аңқасының ашылуы.
Инструменталдық зерттеулер: туу жолдарын босанған соң тексеру.
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: жоқ
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
Динамикалық бақылау – тамыр соғуының жиілігі, АҚ, дене қызуы, жатыр жиырылуының жиілігі, нəрестннің жүрек соғуын тыңдау, партограмма жүргізу.
Іншектік тексеру əр 4 сағат сайын (партограммаға сай).
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ
Лабораторлық зерттеулер
Лабораторлық зерттеулер: жоқ.
Дифференциалды диагноз
Дифференциалды диагноз:
Белгілері | Босану |
Патологиялық прелиминарлық
кезең
|
Жатырдың белгілі реттілікпен жиырылуы | + | - |
Жатыр мойнының құрылымдық өзгерісі | + | - |
Емдеу тактикасы
Емдеу тактикасы:
Емдеу мақсаты: сау баланың тууы.
Дəрі-дəрмексіз ем: психикалық сақтандыру, босануды ауырсындырмау мақсатында нүктелік массаж. Босанудың екінші кезеңінде – акушерлік жəрдем.
Босанудың үшінші кезеңінде белсенді көмек – кіндіктен тарту.
Дəрі-дəрмектік ем:
Окситоцин 10 БІРЛІК бұлшық етке
Метилэргобревин
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
Окситоцин 10 БІРЛІК бұлшық етке
Хлоргексидин
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
Буторфанол 1 мл
Дротоверин 1мл
Метилэргобревин
Емдеу тиімділігінің индикаторлары:
- мерзімі жеткен тірі нəрестенің тууы,
- босанудан кейінгі кезеңде асқынулардың болмауы.
Ауруханаға жатқызу
Госпитализациялауға көрсетімдер:
Жоспарлы – мерзіміне жеткен жүктілік.
Шұғыл - толғақтың басталуы.
Алдын алуы
Профилактикалық шаралар (асқынулардың алдын алу):
Қан кетуден сақтандыру.
Əрі қарай бақылау (жүргізу):
Əрі қарай бақылау (жүргізу):
Босанудан кейінгі бөлімшеде бақылау.
Ақпарат
Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
-
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
- Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Recommendations for the Evaluation and Managment of Nausea and Vomiting in Early Pregnancy. University of Texas at Austin, School of Nursing, Family Nurse Practitioner Program.- 2002, p.9 2. PRODIGY Guidance - Nausea and Vomiting in Pregnancy 3. The Managment of Nausea and Vomiting of Pregnancy. SOGC Clinical Practice Guidelines #120, 2002, p.1-7 4. Institute for Clinical Systems Improvement. Health Care Guideline. Rutine Prenatal Care, 2005, p.80 5. National Collaborating Center for Women’s and Children’s Health. Antenatal Care: Rutine Care for the Healthy Pregnant Women. Clinical Guideline, 2003, p.286 6. Клинические рекомендации для практикующих врачей, основанные на доказательной медицине, Издание «ГЭОСТАР-МЕД», 2003 7. Health Care Guideline: Management of Labor. Institute for clinical system improvement. First Edition, October 2005
Ақпарат
Əзірлеушілер тізімі:
Исенова С.Ш., м.ғ.к., Ана мен бала денсаулығын қорғау республикалық ғылыми-зерттеу орталығы босану физиологиясы жəне патологиясы бөлімшесінің жетекшісі.
Исина Г.М., м.ғ.к., Ана мен бала денсаулығын қорғау республикалық ғылыми-зерттеу орталығының бас дəрігері.
Қазықтаулы файлдар
Назар аударыңыз!
- Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
- Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
- Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
- Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
- Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.