Жүктіліктің, босануын және босанудан кейінгі кезеңін асқындыратын, басқа тарауларда жіктелмеген, басқа түрлі аурулар

H-O-002

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Другие уточненные болезни и состояния, осложняющие беременность, деторождение и послеродовой период (O99.8)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы: 
Аурулардың бұл топтары жинақты болғандықтан біркелкі анықтама жоқ.



Хаттама коды: H-O-002  "Жүктіліктің, босануын және босанудан кейінгі кезеңін асқындыратын, басқа тарауларда жіктелмеген, басқа түрлі аурулар"

Акушерлік-гинекологиялық саладағы стационарлар үшін

АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):

- О99  Басқа рубрикаларда жіктелген, бірақ босануды, жүктілікті және босанудан кейінгі кезеңді асқындыратын аналардың басқа да аурулары.

Ескерту: бұл рубрика жүктілігі асқынғандардың, жүктілігі ауыр өткендердің немесе акушерлік көмек көрсетілетіндердің және әліпбилік (алфавиттік) көрсеткіште XV  класта арнайы рубрика келтірілмегендердің жағдайын қамтиды.
Ерекше жағдайлар:  

- Жұқпалы және паразиттік аурулар (O98.-)

- Анаға медициналық көмек көрсетуге олар іштегі нәрестеге әсер ететіні анықталған немесе солай деп болжанған жағдайлар себеп болғанда (O35-36).

- Жарақаттар, улану және сыртықы себептердің кейбір әсерлері (S00 -Т98)

- O99.2 Жүктілікті, босануды және босанудан кейінгі кезеңді асқындыратын эндокриндік жүйе аурулары, тәбеттің бұзылуы мен зат алмасудың бұзылуы.

Ерекше жағдайлар:

- Қоректің (тамақтың) жетіспеушілігі (O25)

- Босанудан кейінгі тиреодит (O90.5)

- Қант диабеті (сусамыр) (O24.-)

- O99.4 Жүктілікті, босануды, және босанудан кейінгі кезеңді асқындыратын психикалық бұзылыстар мен жүйке жүйесінің аурулары.

Ерекше жағдайлар:

- Босанудан кейінгі психоз (F53.1)

- Постнатальдық депрессия (торығу) (F53.0)

- Жүктілікпен байланысты аймақтық жүйкелердің зақымдануы (O26.8).

- O99.4 Босануды, жүктілікті және босанудан кейінгі кезеңді асқындыратын қан айналу жүйесінің аурулары.

Ерекше жағдайлар:

- Акушерлік эмболия (O88.-)

-жүктілік кезіндегі (O22.-)

- жүктілік және босанудан кейінгі кезеңдегі (O87.-) веналық асқынулар және церебровеноздық синус тромбозы .

- Гипертензиялық бұзылыстар(O10-O16).

- Босанудан кейінгі кезеңдегі кардиомиопатия (O90.3).

- O99.5 Жүктілікті, босануды және босанудан кейінгі кезеңді асқындыратын тыныс алу жүйесінің аурулары.

- O99.6 Жүктілікті, бала тууды және босанудан кейінгі кезеңді асқындыратын ас қорыту ағзаларының аурулары.

Ерекше жағдайлар: жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезеңде бауырдың жарақаттануы (O26.6).

- O99.7Жүктілікті, бала тууды және босанудан кейінгі кезеңді асқындыратын тері және тері асты клечаткаларының аурулары.

Ерекше жағдайлар: жүкті әйелдердегі ұшық (герпес) (O26.4)

- O99.8 Жүктілікті, бала тууды және босанудан кейінгі кезеңді асқындыратын басқа да анықталған аурулар мен жағдайлар.

Ерекше жағдайлар:

- Жүктілік кезіндегі зәр шығару жолдарының инфекциясы (O23.-)

- Жамбас ағзаларының анықталған немесе жорамалданған ауытқуларына байланысты медициналық жәрдем (O34.-)

- Босанудан кейінгі жедел бүйрек функциясының жетіспеушілігі (O90.4)

Жіктемесі


Жіктемесі:  Аурулардың бұл топтары жинақты болғандықтан біркелкі анықтама жоқ. 

Диагностикасы


Диагностика критерилері: жүктілікті, босануды және босанудан кейінгі кезеңді асқындыратын ананың экстрагенитальдық аурулары.

 Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
-қанның жалпы анализі;
-коагулограмма;
-қан биохимиясы;
-Іштегі нәрестенің УДЗ-і;
-жатыр-бала жолдасы-іштегі нәресте қан ағысын мынадай параметрлер бойынша доплерометриялық тексеру:
-кіндік артериясының қан ағысы;
-жатыр артериясының қан ағысы;
-ми артериясының қан ағысы;
-іштегі нәрестенің ми артериясы мен жатыр артериясының қан ағысы арасындағы айырмашылық қатынасы.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:  қосымша әдістер науқастағы патологияға байланысты аралас мамандармен келісіледі.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы:  Жүктілік пен босандыру тактикасы аралас мамандармен келісіледі.

Ем мақсаты:  аталған топқа жататын жүктілікті, босану және босанудан кейінгі кезеңді асқындыратын экстагениталды патологияның қазіргі заманға диагностикасы және емі. Емделушінің ахуалын жақсарту, плаценталық жетіспеушіліктің профилактикасы, жүктілікті ұзарту мүмкіндігін шешу.

Негізгі дәрі-дәрмектер тізімі:   жоқ.

Қосымша дәрі-дәрмектер тізімі:   жоқ.

Ем тиімділігінің индикаторлары:  Босанғаннан кейін экстрагенитальдық аурулардың күшейуі.
 
* - Негізгі (өмірге маңызды) дәрілік заттар тізіміне кіретін препараттар 

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялауға көрсетімдер:
Жүктілікті ұзарту мәселесін шешу;
Экстрагенитальдық патология декомпенсацияның белгілері болуы;
Іштегі нәрестенің дистресінің қосылуы;
Босануға дейін ауруханаға жатқызу (көрсеткіштері бойынша).

Госпитализациялау алдындағы қажетті зерттеулер:
-Қан тобы, Rh - фактор.
-Қанның жалпы анализі:
-мерезге сергологилық тексеру;
-HbsAg-ге скрининг алу.
-Зәрдің жалпы анализі:
-зәрдегі белоктың тәуліктік экскрециясы;
-АҚ мониторингінің нәтижелері.
-Терапевт.
-Анти HCV.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған әдебиеттер: 1. Institute for Clinical Systems Improvement. Health Care Guideline. Rutine Prenatal Care, 2005, p.80 2. National Collaborating Center for Women’s and Children’s Health. Antenatal Care: Rutine Care for the Healthy Pregnant Women. Clinical Guideline, 2003, p.286 3. National Guideline Clearinghouse: DoD/VA Clinical Practice Guideline for Managment of Uncomplicated Pregnancy, 2002. p.20

Ақпарат


Әзірлеушілер тізімі: Сапарбекова А.З. Ана мен баланы қорғау Республикалық ғылыми-зерттеу Орталығының аға ғылыми қызметкері

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх