Жүктіліктің, босануын және босанудан кейінгі кезеңін асқындыратын, басқа тарауларда жіктелмеген, басқа түрлі аурулар
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)
Анықтамасы
Анықтамасы
Анықтамасы:
Аурулардың бұл топтары жинақты болғандықтан біркелкі анықтама жоқ.
Хаттама коды: H-O-002 "Жүктіліктің, босануын және босанудан кейінгі кезеңін асқындыратын, басқа тарауларда жіктелмеген, басқа түрлі аурулар"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
- О99 Басқа рубрикаларда жіктелген, бірақ босануды, жүктілікті және босанудан кейінгі кезеңді асқындыратын аналардың басқа да аурулары.
Ескерту: бұл рубрика жүктілігі асқынғандардың, жүктілігі ауыр өткендердің немесе акушерлік көмек көрсетілетіндердің және әліпбилік (алфавиттік) көрсеткіште XV класта арнайы рубрика келтірілмегендердің жағдайын қамтиды.
Ерекше жағдайлар:
- Жұқпалы және паразиттік аурулар (O98.-)
- Анаға медициналық көмек көрсетуге олар іштегі нәрестеге әсер ететіні анықталған немесе солай деп болжанған жағдайлар себеп болғанда (O35-36).
- Жарақаттар, улану және сыртықы себептердің кейбір әсерлері (S00 -Т98)
- O99.2 Жүктілікті, босануды және босанудан кейінгі кезеңді асқындыратын эндокриндік жүйе аурулары, тәбеттің бұзылуы мен зат алмасудың бұзылуы.
Ерекше жағдайлар:
- Қоректің (тамақтың) жетіспеушілігі (O25)
- Босанудан кейінгі тиреодит (O90.5)
- Қант диабеті (сусамыр) (O24.-)
- O99.4 Жүктілікті, босануды, және босанудан кейінгі кезеңді асқындыратын психикалық бұзылыстар мен жүйке жүйесінің аурулары.
Ерекше жағдайлар:
- Босанудан кейінгі психоз (F53.1)
- Постнатальдық депрессия (торығу) (F53.0)
- Жүктілікпен байланысты аймақтық жүйкелердің зақымдануы (O26.8).
- O99.4 Босануды, жүктілікті және босанудан кейінгі кезеңді асқындыратын қан айналу жүйесінің аурулары.
Ерекше жағдайлар:
- Акушерлік эмболия (O88.-)
-жүктілік кезіндегі (O22.-)
- жүктілік және босанудан кейінгі кезеңдегі (O87.-) веналық асқынулар және церебровеноздық синус тромбозы .
- Гипертензиялық бұзылыстар(O10-O16).
- Босанудан кейінгі кезеңдегі кардиомиопатия (O90.3).
- O99.5 Жүктілікті, босануды және босанудан кейінгі кезеңді асқындыратын тыныс алу жүйесінің аурулары.
- O99.6 Жүктілікті, бала тууды және босанудан кейінгі кезеңді асқындыратын ас қорыту ағзаларының аурулары.
Ерекше жағдайлар: жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезеңде бауырдың жарақаттануы (O26.6).
- O99.7Жүктілікті, бала тууды және босанудан кейінгі кезеңді асқындыратын тері және тері асты клечаткаларының аурулары.
Ерекше жағдайлар: жүкті әйелдердегі ұшық (герпес) (O26.4)
- O99.8 Жүктілікті, бала тууды және босанудан кейінгі кезеңді асқындыратын басқа да анықталған аурулар мен жағдайлар.
Ерекше жағдайлар:
- Жүктілік кезіндегі зәр шығару жолдарының инфекциясы (O23.-)
- Жамбас ағзаларының анықталған немесе жорамалданған ауытқуларына байланысты медициналық жәрдем (O34.-)
- Босанудан кейінгі жедел бүйрек функциясының жетіспеушілігі (O90.4)
Жіктемесі
Жіктемесі: Аурулардың бұл топтары жинақты болғандықтан біркелкі анықтама жоқ.
Диагностикасы
Диагностика критерилері: жүктілікті, босануды және босанудан кейінгі кезеңді асқындыратын ананың экстрагенитальдық аурулары.
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
-қанның жалпы анализі;
-коагулограмма;
-қан биохимиясы;
-Іштегі нәрестенің УДЗ-і;
-жатыр-бала жолдасы-іштегі нәресте қан ағысын мынадай параметрлер бойынша доплерометриялық тексеру:
-кіндік артериясының қан ағысы;
-жатыр артериясының қан ағысы;
-ми артериясының қан ағысы;
-іштегі нәрестенің ми артериясы мен жатыр артериясының қан ағысы арасындағы айырмашылық қатынасы.
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: қосымша әдістер науқастағы патологияға байланысты аралас мамандармен келісіледі.
Емдеу тактикасы
Емдеу тактикасы: Жүктілік пен босандыру тактикасы аралас мамандармен келісіледі.
Ем мақсаты: аталған топқа жататын жүктілікті, босану және босанудан кейінгі кезеңді асқындыратын экстагениталды патологияның қазіргі заманға диагностикасы және емі. Емделушінің ахуалын жақсарту, плаценталық жетіспеушіліктің профилактикасы, жүктілікті ұзарту мүмкіндігін шешу.
Негізгі дәрі-дәрмектер тізімі: жоқ.
Қосымша дәрі-дәрмектер тізімі: жоқ.
Ем тиімділігінің индикаторлары: Босанғаннан кейін экстрагенитальдық аурулардың күшейуі.
Ауруханаға жатқызу
Госпитализациялауға көрсетімдер:
Жүктілікті ұзарту мәселесін шешу;
Экстрагенитальдық патология декомпенсацияның белгілері болуы;
Іштегі нәрестенің дистресінің қосылуы;
Босануға дейін ауруханаға жатқызу (көрсеткіштері бойынша).
Госпитализациялау алдындағы қажетті зерттеулер:
-Қан тобы, Rh - фактор.
-Қанның жалпы анализі:
-мерезге сергологилық тексеру;
-HbsAg-ге скрининг алу.
-Зәрдің жалпы анализі:
-зәрдегі белоктың тәуліктік экскрециясы;
-АҚ мониторингінің нәтижелері.
-Терапевт.
-Анти HCV.
Ақпарат
Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
-
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
- Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған әдебиеттер: 1. Institute for Clinical Systems Improvement. Health Care Guideline. Rutine Prenatal Care, 2005, p.80 2. National Collaborating Center for Women’s and Children’s Health. Antenatal Care: Rutine Care for the Healthy Pregnant Women. Clinical Guideline, 2003, p.286 3. National Guideline Clearinghouse: DoD/VA Clinical Practice Guideline for Managment of Uncomplicated Pregnancy, 2002. p.20
Ақпарат
Әзірлеушілер тізімі: Сапарбекова А.З. Ана мен баланы қорғау Республикалық ғылыми-зерттеу Орталығының аға ғылыми қызметкері
Қазықтаулы файлдар
Назар аударыңыз!
- Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
- Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
- Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
- Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
- Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.