Дерматофитиялар
дерматомикоздар
Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)
Дерматофитии неуточненные (B35.9)
Дерматовенерология
Анықтамасы
Анықтамасы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігінің
«Денсаулық сақтауды дамыту
республикалық орталығы» ШЖҚ РМК
Сараптамалық кеңесінің
2014 жылғы «12» желтоқсандағы
№ 9 хаттамасымен ұсынылған
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігінің
«Денсаулық сақтауды дамыту
республикалық орталығы» ШЖҚ РМК
Сараптамалық кеңесінің
2014 жылғы «12» желтоқсандағы
№ 9 хаттамасымен ұсынылған
Дерматофитиялар – терінің дерматофит-зеңдер (Trichophyton, Microsporum, Epidermophyton) тудырған инфекциялық ауруы [1,2].
Хаттама атауы: Дерматофитиялар
Хаттама коды:
АХЖ-10 коды (кодтары)
В35 Дерматофития
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:
АлАТ аланинаминотрансфераза
АлСТ аспартатаминотрансфераза
Хаттаманың әзірленген күні: 2014 жыл.
Пациенттер санаты: ересектер мен балалар.
Хаттаманы пайдаланушылар: дерматовенерологтар, жалпы тәжірибе дәрігерлері/ педиатрлар/ терапевттер.
Жіктемесі
Дерматофитиялардың клиникалық жіктемесі [2]:
· тегіс терінің микозы;
· бастың түкті бөлігінің микозы;
· ірі қатпарлар микозы;
· қол және аяқ микозы:
- сквамозалы-гиперкератотикалық нысаны;
- интертригиноздық нысаны;
- дисгидротикалық нысаны;
- жіті нысаны;
·тырнақ микозы:
- дисталды нысаны;
- беткейлік нысаны;
- проксималды нысаны;
- жаппай дистрофиялы нысаны.
Диагностикасы
Негізгі және қосымша диагностикалық іс-шаралардың тізбесі
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеп-қарау:
· тырнақ қырындыларын, тықыр терідегі ошақтардан алынған қабыршақтарды микроскопиялық зерттеу;
· Вуд люминесценттік шамымен тексеріп-қарау;
· шаш, тырнақ қырындыларын, тықыр терідегі ошақтардан алынған қабыршақтарды бактериологиялық зерттеу.
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеп-қарау: жоқ.
· қанның биохимиялық талдауы (билирубин, АСТ, АЛТ, сілтілі фосфатаза).
Жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдау кезінде жүргізілуі қажет зерттеп-қараудың ең аз тізбесі:
· жалпы қан анализі.
Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеп-қарау:
· жалпы қан анализі;
· жалпы несеп анализі;
· тырнақ қырындыларын, тықыр терідегі ошақтардан алынған қабыршақтарды микроскопиялық зерттеу;
· Вуд люминесценттік шамымен тексеріп-қарау.
Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеп-қарау:
Жедел кезек күттірмейтін көмек кезеңінде жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар: жүргізілмейді.
Диагностикалық критерийлер [2,3]:
Шағымдар және анамнез:
Шағымдар:
· қышу;
· тегіс теріге, бастың түкті бөлігіне бөртпердің шығуы;
· тырнақ пластинкасының өзгеруі.
Аурудың анамнезі:
· науқас адаммен жанасу;
· науқас жануармен жанасу;
· қоғамдық монша, сауналарға барумен;
· жеке бас гигиенасының қағидаларын сақтамау (өзге аяқ киімді кию).
Физикалық зерттеп-қарау:
Бастың түкті бөлігінің дермофитиялары:
· долбары анық, эритемалы дөңгелек ошақтар;
· инфильтрациялы дөңгелек ошақтар;
· қабыршақтар;
· қабықтар;
· көпіршіктер;
· пустулалар;
· шаштың қиылып түсуі.
Тегіс терінің дерматофитиялары:
· анық шекаралар;
· шеткі (перифериялық) өсім;
· шетінде қабынған буылтық болатын сақина тәріздес нысаны;
· ортасындағы қабыну құбылыстарының жазылып кетуі;
· кебек тәрізді түлеу.
Қол басы мен аяқ басының дерматофитиялары:
· эритема;
· кебек тәрізді немесе ұн тәрізді түлеу;
· мүйізгекті қабаттың баздануы (мацерациясы);
· жалақжаралар (эрозия);
· беткейлік немесе терең тілінулер;
· көпіршіктер немесе көбіктер;
· тырнақ пластинкасының зақымдануы.
Тырнақ пластинкасының дерматофитиялары:
· дисталды нысаны – ошақ тырнақ жиектері аймағында орналасады, пластинка мөлдірлігін жоғалтып, ақшыл немесе сары түсті болады, тырнақ астындағы аса қабыршақтану (гиперкератоз) орын алады.
· беткейлік нысаны – тек қана тырнақтың дорсалды беті зақымданады, ақ, кейін сары түсті дақтар мен жолақтар пайда болады, тырнақ пластинкасы кедір-бұдыр және борпылдақ болады;
· проксималды нысаны – тырнақ доғасы (жартыай) аймағынан біртіндеп жиегіне қарай жылжитын, ақ түсті дақтар пайда болады, онихолизис болуы мүмкін;
· жаппай дистрофиялы нысаны – тырнақ пластинкасы сарғыш-сұр түсті, үстіңгі беті тегіс емес, айқын көрінетін тырнақ астындағы аса қабыршақтану (гиперкератоз).
Зертханалық зерттеулер:
Тырнақ қырындыларын, тегіс терідегі ошақтардан алынған қабыршақтарды микроскопиялық зерттеу:
· саңырауқұлақшалық талшық (мицелий) жіптерін, зең спораларын табу.
Тырнақ қырындыларын, тегіс терідегі ошақтардан алынған қабыршақтарды бактериологиялық зерттеу:
· патогендік зеңдер шоғырының өсімі.
Аспаптық зерттеулер:
Вуд люминесценттік шамымен тексеріп-қарау: люминесценттік жарқыраудың болуы.
Мамандардың консультациясы үшін көрсетімдер (ілеспелі патология болған кезінде)
· терапевт/ЖТД/педиатр консультациясы (асқорыту ағзаларының ілеспелі патологиясы болған кезінде).
Дифференциалды диагноз
1-кесте. Бастың түкті бөлігі дерматофитиясының сараланған диагностикасы
Критерийлер | Бастың түкті бөлігінің дерматофитиялары | Теңге қотыр (псориаз) | Себореялы дерматит |
Шағымдар | Шағымы жоқ. Инфильтрациялы-іріңдеген нысандарында – дімкәстік, әлсіздік, бастың ауыруы, қызуының көтерілуі | қышу | қышу |
Морфологиялық элементтер | Инфильтрациялы, ісінген, шаш түбіріндегі «муфташық» түріндегі асбест тәріздес сұр қабыршақтар қаптаған, қанық қызыл түсті түйіндақтар. Бірлі-жарым, терең, іркілісті-қызыл түсті инфильтрациялы ошақтар, көлемді, қат-қабат іріңді қабықшалармен қапталған. Ошақты сыққан кезде зақымданған фолликулдардан ірің бөлінеді. | Дөңгелек пішінді, ақбоз түсті болып түлейтін, тегіс тері мен бастың түкті бөлігінің шектескен жерінде орналасатын, қызғылт түсті теңге қотырлық (псориаздық) папулалар мен түйіндақтар. Зақымдану жергілікті сипатта болады. | Сарғыш-қызыл түсті, майлы, түлейтін, эритемалы дақтар мен шекаралары анық емес папулалар, сулану, майлы жабысқақ, сарғыш қабықшалар, тілінулер. Зақымдану жайылмалы (диффузиялық) сипатта болады. |
Шаштағы өзгерістер | Шаштың түрлі деңгейде қиылып түсуі (6-8 мм, шаш түбірінде – «қара нүктелер») | Байқалмайды | Ұзаққа созылған ағымы кезінде маңдай-шеке аймағындағы шаштың селдіреуі байқалады |
Лимфа түйіндері | Мойын лимфа түйіндері үлкейген | Үлкеймеген | Үлкеймеген |
Дерматологиялық симптомдар | «ара ұясы» симптомы (инфильтрациялы-іріңдеген нысандарында) | Теңге қотыр (псориаз) үштігі | жоқ |
Этиологиялық фактор | Дерматофиттер | Жоқ | Малассезия текті зеңдер |
Диагностикалаудың қосымша әдістері | Вуд люминесценттік шамы астында жарқырау (микроспория кезіндегі жасылдау жарқырау | Жоқ | Жоқ |
Айналасындағы тері | Өзгермеген. Инфильтрациялы-іріңдеген нысандары кезінде аллергиялық бөртулер болуы мүмкін. | Шынтақ және тізе буындары, дене терісі аймағындағы теңге қотырлық (псориаздық) папулалар мен түйіндақтар | «Себореялы аймақтардағы», майлы қабыршақтар жапқан, сарғыш-қызғылт түсті ұсақ, нүктелік фолликулдық түйіндер, ошақтары сақина тәріздес пішіндер түзе отырып бірігуге бейім болады. |
Ағымы | Тұрақты | Созылмалы, рецидивке бейім | Созылмалы, рецидивке бейім |
2-кесте. Тегіс тері дерматофитиясының сараланған диагнозы
Критерийлер | Тегіс терінің дерматофитиялары | Экзематид | Теңге қотыр (псориаз) |
Шағымдар | Жоқ | Қышу | Қышу |
Морфологиялық элементтер | Ошақтарының пішіні дөңгелек немесе сопақ сақина тәріздес. Шетінде эритемадан, инфильтрациядан, қабықшалардан, ортасы түлейтін везикулалардан түзілген үзік-үзік буылтық болады. Бірігу кезінде көп циклдік фестондық кескінді ошақтар түзіледі. | Әртүрлі өлшемдегі, дөңгелек немесе сопақ пішінді, қызғылт-қызыл түсті дақтар. Түлеу сау терінің шекарасына дейін жетеді. Ошақтарының шетінде қабатталған эпидермистің көмкермесі болады. | Шекаралары анық, қызғылт-қызыл түсті папулалар мен түйіндақтар, ақбоз қабыршақтар қаптаған. |
Түлеу | Кебек тәріздес | Кебек тәріздес немесе ұсақпластинкалы | ұсақпластинкалы |
Типтік орналасуы | Ірі қатпарлар, дененің және аяқ-қолдың терісі | дененің және аяқ-қолдың терісі, сиректеу - бетте | Бастың түкті бөлігі, шынтақ және тізе буындары |
Дерматологиялық симптомдар | Жоқ | «жасырын түлеу» симптомы, ошақты қандауырмен қырғаннан кейін сірнелі (сероздық) экссудаттың пайда болуы | Теңге қотыр (псориаз) үштігі: қыру кезінде папула ақшыл түске ие болады («стеариндік дақ» симптомы), кейін жұмыр беті («соңғы үлдір (қабық)» симптомы) және нүктелік қанағым («қанды шық» симптомы) көрінеді. |
Этиологиялық фактор | Дерматофиттер | Жоқ | Жоқ |
Ағымы | Тұрақты | Созылмалы, рецидивке бейім | Созылмалы, рецидивке бейім |
3-кесте. Тырнақ дерматофитиясының сараланған диагнозы
Критерийлер | Тырнақ дерматофитиялары | Тырнақ теңге қотыры (псориазы) | Тырнақ экземасы |
Клиникалық нысаны |
Дисталды; Проксималды; Беткейлік; Жаппай дистрофиялы. |
Дисталды | Проксималды |
Тырнақ пластинкасының түсі | Сарғыш, ашық сары, сұр дақтар мен жолақтар | Сарыдан қараға дейін | Сұрқай |
Тырнақ пластинкасының түсінің өзгеруі, тырнақ пішінінің өзгеруі, тырнақтың бұзылуы, уатылуы | Тырнақ пластинкасын көптеген нүктелік, терең жаншу. Тырнақ ұшының тырнақ көбесінен ажырауы, тырнақтың зақымданған бөлігін көмкеретін көрінер-көрінбес қызғылт жолақ. Пластинканың өзгерген дисталды жиегіндегі тырнақ буынының тығыздануы. | Көлденең жүлгелер, ұсақ, нүктелік, ретсіз орналасқан беткейлік қысулар. Тырнақ тырнақ көбесінен ажырайды. | |
Айналасындағы тері | Кандидоздық онихомикоздан басқа, зақымданбайды. | Артропатиялық теңге қотырдан (псориаз) басқа, зақымданбайды. | Өршу кезеңінде тырнақ маңы буындар қан кернеуі (гиперемия) көпіршіктер, жалақжаралар (эрозия), қабыршақтар, қабықшалар түрінде зақымданады. |
Ағымы | Көп жылғы тұрақты, кандидоздық онихомикоз кезінде – толқын тәріздес | Созылмалы, рецидивтер мен ремиссиялар кезеңдерімен | Созылмалы, рецидивтер мен ремиссиялар кезеңдерімен |
Этиологиялық фактор | Дерматофиттер | Болмайды | Болмайды |
Емдеу тактикасы
Емдеу мақсаттары:
- қоздырғышты шығарып тастау (элиминация)
Емдеу тактикасы.
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
№1 режим (жалпы).
№15 үстел (жалпы).
Дәрі-дәрмекпен емдеу [3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11,12,13, 14].
Этиотроптық терапия:
Бастың түкті бөлігінің дерматофитиялары:
- тербинафин (дәлелділік деңгейі – А), ішкізу арқылы (тамақтан кейін) тәулігіне 1 рет, курс 4-6 апта:
ересектер мен дене салмағы > 40 кг балаларға 250 мг/тәу;
дене салмағы 20-дан 40 кг-ға дейінгі балаларға тәулігіне 125мг;
дене салмағы < 20 кг балаларға тәулігіне 62,5 мг.
- итраконазол (дәлелділік деңгейі – А) ішкізу арқылы (тамақтан кейін) тәулігіне 1 рет, курс 4-6 апта:
ересектерге 200 мг;
балаларға 12 жастан бастап дене салмағының 1 кг-на 5 мг есебінен.
- флуконазол (дәлелділік деңгейі – В) ішкізу арқылы (тамақтан кейін) тәулігіне 1 рет, курс 4-6 апта:
ересектерге 100-200 мг;
балаларға дене салмағының 1 кг-на 3-5 мг.
Тегіс терінің, қол және аяқ дерматофитиялары:
- итраконазол, ішкізу арқылы (тамақтан кейін) мына сызбанұсқа бойынша (ересектер мен 12 жастан асқан балаларға):
7 күн бойына тәулігіне 200 мг;
кейін 1-2 апта бойына тәулігіне 100 мг-нан.
- тербинафин, ішкізу арқылы (тамақтан кейін) тәулігіне 1 рет, курс 3-4 апта:
ересектерге 250 мг;
дене салмағы > 40 кг балаларға 250 мг/тәу;
дене салмағы 20-дан 40 кг-ға дейінгі балаларға тәулігіне 125мг;
дене салмағы < 20 кг балаларға тәулігіне 62,5 мг.
- флуконазол, ішкізу арқылы (тамақтан кейін) аптасына 1 рет, курс 3-4 апта:
ересектерге 150 мг;
балаларға дене салмағының 1 кг-на 5 мг.
Десенсибилизациялаушы терапия (эритема, сулану кезінде, көпіршіктер бар болғанда):
- кальций глюконаты (дәлелділік деңгейі - D), 10 күн бойына тәулігіне 1 рет вена ішіне, бұлшықет ішіне:
ересектерге 10,0 мл 10% ерітінді
- натрий тиосульфаты (дәлелділік деңгейі - D), 10 күн бойына тәулігіне 1 рет вена ішіне:
ересектерге 10,0 мл 30% ерітінді.
Антигистаминдік препараттар (эритема, қышу, сулану, кезінде, көпіршіктер бар болғанда):
- хлоропирамин гидрохлориді (дәлелділік деңгейі - D) ішкізу арқылы, тәулігіне 2-3 рет, курс 10-15 күн:
ересектерге 0,025 г.
- клемастин (дәлелділік деңгейі - D) ішкізу арқылы, тәулігіне 2 рет, курс 10-15 күн:
ересектерге 0,001 г.
- мебгидролин (дәлелділік деңгейі - D) ішкізу арқылы, тәулігіне 2-3рет, курс 10-15 күн:
ересектерге 0,1 г.
Тырнақ дерматофитиялары:
- тербинафин ішкізу арқылы (тамақтан кейін):
ересектер мен дене салмағы > 40 кг балаларға 250 мг/тәулігіне;
дене салмаға 20-нан 40 кг дейінгі балаларға тәулгіне 125мг;
дене салмағы < 20 кг балаларға тәулігіне 62,5 мг;
Емдеу курсының ұзақтығы:
қол басының онихомикозы кезінде – 2-3 ай;
аяқ басының онихомикозы кезінде – 3-4 ай.
- итраконазол (ересектер) ішкізу арқылы (тамақтан кейін) мына сызбанұсқа бойынша:
1 тамыр соғуы: 3 апталық үзіліспен 7 күн бойына тәулігіне 2 рет 200 мг-нан.
Тамыр соғуының қайталау реттілігі (еселігі):
қол басының онихомикозы кезінде 3-4 тамыр соғуы;
аяқ басының онихомикозы кезінде – 4-5 тамыр соғуы;
- флуконазол ішкізу арқылы (тамақтан кейін):
ересектерге аптасына 1 рет 150 мг;
балаларға аптасына 1 рет дене салмағының килограммына 3-5 мг.
Емдеу курсының ұзақтығы:
сау пластинка толық өсіп шыққанға дейін (6-12 ай);
- кетоконазол (ересектер) ішкізу арқылы (тамақтан кейін), мына сызбанұсқа бойынша тәулігіне 1 рет:
бірінші күні 400 мг;
одан әрі сау тырнақтар толық өсіп шыққанға дейін 200 мг-нан.
Емдеу курсының ұзақтығы:
қол басының онихомикозы кезінде 4-6 ай;
аяқ басының онихомикозы кезінде – 12-18 ай.
Сыртқы терапия:
Бастың түкті бөлігінің дерматофитиясы:
- шашты алып тастау 7-10 күнде 1 рет;
Инфильтрациялы-іріңдеген нысандарында:
- 8-10 сағатқа 10% ихтиол жақпамайы
Экссудация құбылыстары болмаған кезінде жергілікті антимикотиктер тағайындау:
- кетоконазол (жақпамай, иісмай) тәулігіне 1-2 рет;
- изоконазол (иісмай) тәулігіне 1-2 рет;
- клотримазол (иісмай, жақпамай) тәулігіне 2 рет;
- нафтифин (иісмай, ерітінді) тәулігіне 2 рет;
- тербинафин (иісмай) тәулігіне 2 рет;
- оксиконазол (иісмай) тәулігіне 1-2 рет;
- миконазол (иісмай) тәулігіне 2 рет;
- эконазол (иісмай) тәулігіне 2 рет;
- сертаконазол (иісмай) тәулігіне 2 рет;
- бифоназол (иісмай, ерітінді) тәулігіне 2 рет.
Жергілікті антимикоздық терапия курсының ұзақтығы 4-6 апта.
Жергілікті терапия (антисептиктер):
- йод, спирт тұндырмасы 2% тәулігіне 2 рет.
Тегіс терінің, аяқ пен қолдың дерматофитиясы:
Құрама препараттармен жергілікті терапия (1- 2 апта):
сулану, эритема, эксудация, везикуляция болған кезінде:
· изоконазол нитрат + дифлукортолон валерат иісмай, жақпамай;
қосарланған жұқпа қосылғанда:
· бетаметазон дипропионат + клотримазол + гентамицин сульфаты иісмай, жақпамай;
сквамозалы нысандары кезінде:
· кетоконазол (жақпамай, иісмай) тәулігіне 1-2 рет;
· изоконазол (иісмай) тәулігіне 1-2 рет;
· клотримазол (жақпамай, иісмай) тәулігіне 2 рет;
· нафтифин (иісмай, ерітінді) тәулігіне 2 рет;
· тербинафин (спрей, иісмай) тәулігіне 2 рет;
· оксиконазол (иісмай) тәулігіне 1-2 рет;
· миконазол (иісмай) тәулігіне 2 рет;
· эконазол (иісмай) тәулігіне 2 рет;
· сертаконазол (иісмай) тәулігіне 2 рет;
· бифоназол (иісмай, ерітінді) тәулігіне 2 рет.
Жергілікті антимикоздық терапия курсының ұзақтығы 2 - 4 апта.
Жергілікті антисептиктер:
· йод, спирт тұндырмасы 2% тәулігіне 2 рет, 2-4 апта.
Тырнақ дерматофитиясы:
Бірлі-жарым тырнақтардың дисталдық немесе бүйір беттерінен пластинасының 1/3 – ½ бөлігіне зақымдануы кезінде:
· тырнақ тазалаулары;
· сыртқы зеңге қарсы препараттар:
бифоназол иісмайы тырнақтардың инфекция жұқтырған аймақтарын толық алып тастағанға дейін 10-20 күн бойына тәулігіне 1 рет;
Тырнақтың зақымданған бөліктерін алып тастағаннан кейін (сау тырнақ толық өсіп шыққанған дейін):
· кетоконазол (жақпамай, иісмай) тәулігіне 1-2 рет;
· изоконазол (иісмай) тәулігіне 1-2 рет;
· клотримазол (иісмай, жақпамай) тәулігіне 2 рет;
· нафтифин (иісмай, ерітінді) тәулігіне 2 рет;
· тербинафин (иісмай) тәулігіне 2 рет;
· оксиконазол (иісмай) тәулігіне 1-2 рет;
· миконазол (иісмай) тәулігіне 2 рет;
· эконазол (иісмай) тәулігіне 2 рет;
· сертаконазол (иісмай) тәулігіне 2 рет;
· бифоназол (иісмай, ерітінді) тәулігіне 2 рет;
· циклопирокс (иісмай, ерітінді) тәулігіне 2 рет.
Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем:
Негізгі дәрілік заттар тізбесі (100% тағайындау мүмкіндігі бар)
· тербинафин таблеткалар 250 мг;
· итраконазол капсулалар 100 мг;
· кетоконазол таблеткалар 200 мг;
· флуконазол капсулалар 50 мг, 100 мг, 150 мг;
· натрий тиосульфаты ерітінді 30% 10 мл;
· кальций глюконаты ерітінді 10% 10 мл;
· хлорапирамин гидрохлориді таблеткалар 25 мг;
· мебгидролин таблеткалар 0,1;
· клемастин таблеткалар 10 мг;
· клотримазол 1% иісмай, 2% жақпамай;
· миконазол 2% иісмай;
· изоконазол 1% иісмай;
· оксиконазол 1% иісмай;
· тербинафин 1% иісмай, 1% спрей;
· нафтифин 1% иісмай, ерітінді;
· эконазол иісмай 1%;
· сертаконазол иісмай 2%;
· кетоконазол 2% иісмай; 2% жақпамай;
· бифоназол 1% иісмай, ерітінді;
· циклопирокс 1% иісмай, 8% ерітінді;
· ихтиол жақпамайы 10%;
· йод, спирт тұндырмасы 2%;
· изоконазол нитрат+дифлукортолон валерат иісмай, жақпамай;
· бетаметазон дипропионат+клотримазол+гентамицин сульфат иісмай, жақпамай.
Қосымша дәрілік заттар тізбесі (тағайындау мүмкіндігі 100%-дан төмен): жоқ.
Стационарлық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем:
Негізгі дәрілік заттар тізбесі (100% тағайындау мүмкіндігі бар)
· тербинафин таблеткалар 250 мг;
· итраконазол капсулалар 100 мг;
· кетоконазол таблеткалар 200 мг;
· флуконазол капсулалар 50 мг, 100 мг, 150 мг;
· натрий тиосульфаты ерітінді 30% 10 мл;
· кальций глюконаты ерітінді 10% 10 мл;
· хлорапирамин гидрохлориді таблеткалар 25 мг;
· мебгидролин таблеткалар 0,1;
· клемастин таблеткалар 10 мг;
· клотримазол 1% иісмай, 2% жақпамай;
· миконазол 2% иісмай;
· изоконазол 1% иісмай;
· оксиконазол 1% иісмай;
· тербинафин 1% иісмай, 1% спрей;
· нафтифин 1% иісмай, ерітінді;
· эконазол иісмай 1%;
· сертаконазол иісмай 2%;
· кетоконазол 2% иісмай; 2% жақпамай;
· бифоназол 1% иісмай, ерітінді;
· циклопирокс 1% иісмай, 8% ерітінді;
· ихтиол жақпамайы 10%;
· йод, спирт тұндырмасы 2%;
· изоконазол нитрат+дифлукортолон валерат иісмай, жақпамай;
· бетаметазон дипропионат+клотримазол+гентамицин сульфат иісмай, жақпамай.
Қосымша дәрілік заттар тізбесі (тағайындау мүмкіндігі 100%-дан төмен): жоқ.
Емдеудің басқа түрлері: жоқ
Емдеудің амбулаториялық деңгейде көрсетілетін басқа түрлері: емдеудің физиотерапиялық әдістері:
Емдеудің стационарлық деңгейде көрсетілетін басқа түрлері: емдеудің физиотерапиялық әдістері:
· УЖЖ (УВЧ);
· УКС.
Емдеудің жедел кезек күттірмейтін көмек кезеңінде көрсетілетін басқа түрлері: жүргізілмейді.
Хирургиялық араласу: жүргізілмейді.
Амбулаториялық жағдайда көрсетілетін хирургиялық араласу:
Стационар жағдайында көрсетілетін хирургиялық араласу
Алдын алуы
· жеке бас гигиенасының қағидаларын сақтау (бөгде аяқ киімді кию, шамадан тыс тершілдік);
· микоздық ошақтардың (тырнақтың немесе саусақ аралығындағы тілінуі) қазіргі заманғы санациясы.
Ақпарат
Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
-
Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
- 1) Рациональная фармакотерапия заболеваний кожи и инфекций, передаваемых половым путем. Руководство для практикующих врачей под ред. А.А. Кубановой. – Москва, изд-во «Литтерра». – 2005.- С. 248-265. 2) Кожные и венерические болезни: Рук-во для врачей / Под ред. Ю.К.Скрипкина, В.Н.Мордовцева. – М.: Медицина, 1999. – Т.2.- 878 с. 3) Клинические рекомендации. Дерматовенерология //Под ред. А.Кубановой.- М.: ДЭКС-Пресс.- 2007.- С.21-35. 4) Федеральные клинические рекомендации по ведению больных микозами стоп и кистей. Российское общество дерматовенерологов и косметологов. Москва -2013.С.17. 5) Novel, single-dose, topical treatment of tinea pedis using terbinafine: results of a dose-finding clinical trial. de Chauvin MF, Viguié-Vallanet C, Kienzler JL, Larnier C. // Mycoses. 2008 Jan;51(1):1-6. 6) Pulse itraconazole vs. continuous terbinafine for the treatment of dermatophyte toenail onychomycosis in patients with diabetes mellitus. Gupta AK, Gover MD, Lynde CW. // J. Eur Acad Dermatol Venereol. 2006 Nov;20(10):1188-93. 7) Synergistic effects of tetrandrine on the antifungal activity of topical ketoconazolecream in the treatment of dermatophytoses: a clinical trial. Shi JP, Zhang H, Zhang ZD, Zhang GH, Gao AL, Xiang SB. // Chin J. Integr Med. 2011 Jul;17(7):499-504. Epub 2011 Jul 3. 8) Therapeutic options for the treatment of tinea capitis: griseofulvin versusfluconazole. Dastghaib L, Azizzadeh M, Jafari P. J. Dermatolog Treat. 2005 Feb;16(1):43-6. Mycoses. 2002 Apr;45(3-4):91-6. 9) Clinical comparison of the efficacy and tolerability of once daily Canesten with twice daily Nizoral (clotrimazole 1% cream vs. ketoconazole 2% cream) during a 28-day topical treatment of interdigital tinea pedis. // J. Int Med Res. 1982;10(1):28-31. 10) 2% Miconazole nitrate powder in aerosol spray form: its efficacy in treating tineapedis. Shellow WV. // Mycoses. 2006 May;49(3):236-41. 11) A comparative clinical study between 2 weeks of luliconazole 1% cream treatment and 4 weeks of bifonazole 1% cream treatment for tinea pedis. Watanabe S, Takahashi H, Nishikawa T, Takiuchi I, Higashi N, Nishimoto K, Kagawa S, Yamaguchi H, Ogawa H. // MMW Munch Med Wochenschr. 1975 Apr 18;117(16):687-92. 12) Econazole nitrate. In vitro tests and clinical trial]. [Article in German] Dorn M, Scherwitz C, Lentze I, Plewig G. // Cutis. 1994 Jul;54(1):43-4. 13) Oxiconazole nitrate lotion, 1 percent: an effective treatment for tinea pedis. Pariser DM, Pariser RJ. // J. Drugs Dermatol. 2011 Nov;10(11):1282-8. 14) A randomized, double-blind, vehicle-controlled efficacy and safety study of naftifine 2% cream in the treatment of tinea pedis. Parish LC, Parish JL, Routh HB, Fleischer AB Jr, Avakian EV, Plaum S, Hardas B. 15) Постановление Правительства Республики Казахстан № 89 от 17.01.2012 г. Санитарные правила «Санитарно-эпидемиологические требования к организации и проведению санитарно-противоэпидемических (профилактических) мероприятий по предупреждению паразитарных заболеваний».
Ақпарат
Хаттаманы әзірлеушілердің біліктілік деректері көрсетілген тізім:
1) Батпенова Г.Р. м.ғ.д., профессор, ҚР ДСӘДМ бас штаттан тыс дерматовенерологы, «Астана медицина университеті» АҚ, дерматовенерология кафедрасының меңгерушісі;
2) Котлярова Т.В. – м.ғ.д., «Астана медицина университеті» АҚ, дерматовенерология кафедрасының доценті;
3) Жетпісбаева З.С. – м.ғ.к., «Астана медицина университеті» АҚ, дерматовенерология кафедрасының доценті;
4) Баев А.И. – м.ғ.к., «ҚазТВҒЗИ» РМК аға ғылыми қызметкері;
5) Ахмадияр Н.С. – м.ғ.д., «АБҰҒО» АҚ, клиникалық фармаколог.
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
Рецензент: Уәлиева С.А. – медицина ғылымдарының докторы, «Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» АҚ Астана қаласындағы филиалы директорының орынбасары.
Хаттаманы қайта қарау шарттарын көрсету: хаттаманы 3 жылдан кейін және/немесе дәлелділіктің неғұрлым жоғары деңгейі бар диагностикалаудың/емдеудің жаңа әдістері пайда болған кезде қайта қарау.
Қазықтаулы файлдар
Назар аударыңыз!
- Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
- Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
- Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
- Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
- Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.