Дерматофитиялар

дерматомикоздар

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Дерматофитии неуточненные (B35.9)
Дерматовенерология

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігінің
«Денсаулық сақтауды дамыту
республикалық орталығы» ШЖҚ РМК
Сараптамалық кеңесінің
2014 жылғы «12» желтоқсандағы
№ 9 хаттамасымен ұсынылған
 

Дерматофитиялар – терінің дерматофит-зеңдер (Trichophyton, Microsporum, Epidermophyton)  тудырған инфекциялық ауруы [1,2].

Хаттама атауы: Дерматофитиялар
 
Хаттама коды:
 
АХЖ-10 коды (кодтары)
В35 Дерматофития
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:
АлАТ     аланинаминотрансфераза
АлСТ     аспартатаминотрансфераза
 
Хаттаманың әзірленген күні: 2014 жыл.
 
Пациенттер санаты: ересектер мен балалар.
 
Хаттаманы пайдаланушылар: дерматовенерологтар, жалпы тәжірибе дәрігерлері/ педиатрлар/ терапевттер.

Жіктемесі


Дерматофитиялардың клиникалық жіктемесі [2]:

· тегіс терінің микозы;
· бастың түкті бөлігінің микозы;
· ірі қатпарлар микозы;

· қол және аяқ микозы:

    - сквамозалы-гиперкератотикалық нысаны;
    - интертригиноздық нысаны;
    - дисгидротикалық нысаны;
    - жіті нысаны;
·тырнақ микозы:
    - дисталды нысаны;
    - беткейлік нысаны;
    - проксималды нысаны;
    - жаппай дистрофиялы нысаны.

Диагностикасы


Негізгі және қосымша диагностикалық іс-шаралардың тізбесі
 
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеп-қарау:
·                   тырнақ қырындыларын, тықыр терідегі ошақтардан алынған қабыршақтарды микроскопиялық зерттеу;
·                   Вуд люминесценттік шамымен тексеріп-қарау;
·                   шаш, тырнақ қырындыларын, тықыр терідегі ошақтардан алынған қабыршақтарды бактериологиялық зерттеу.
 
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеп-қарау: жоқ.
·                   қанның биохимиялық талдауы (билирубин, АСТ, АЛТ, сілтілі фосфатаза).
 
Жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдау кезінде жүргізілуі қажет зерттеп-қараудың ең аз тізбесі:
·                   жалпы қан анализі.
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеп-қарау:
·                   жалпы қан анализі;
·                   жалпы несеп анализі;
·                   тырнақ қырындыларын, тықыр терідегі ошақтардан алынған қабыршақтарды микроскопиялық зерттеу;
·                   Вуд люминесценттік шамымен тексеріп-қарау.
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеп-қарау:
 
Жедел кезек күттірмейтін көмек кезеңінде жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар: жүргізілмейді.
 
Диагностикалық критерийлер [2,3]:
 
Шағымдар және анамнез:

Шағымдар:
·                   қышу;
·                   тегіс теріге, бастың түкті бөлігіне бөртпердің шығуы;
·                   тырнақ пластинкасының өзгеруі.
 
Аурудың анамнезі:
·                   науқас адаммен жанасу;
·                   науқас жануармен жанасу;
·                   қоғамдық монша, сауналарға барумен;
·                   жеке бас гигиенасының қағидаларын сақтамау (өзге аяқ киімді кию).
 
Физикалық зерттеп-қарау:
 
Бастың түкті бөлігінің дермофитиялары:
·                   долбары анық, эритемалы дөңгелек ошақтар;
·                   инфильтрациялы дөңгелек ошақтар;
·                    қабыршақтар;
·                   қабықтар;
·                   көпіршіктер;
·                   пустулалар;
·                   шаштың қиылып түсуі.
 
Тегіс терінің дерматофитиялары:
·                   анық шекаралар;
·                   шеткі (перифериялық) өсім;
·                   шетінде қабынған буылтық болатын сақина тәріздес нысаны;
·                   ортасындағы қабыну құбылыстарының жазылып кетуі;
·                   кебек тәрізді түлеу.
 
Қол басы мен аяқ басының дерматофитиялары:
·                   эритема;
·                   кебек тәрізді немесе ұн тәрізді түлеу;
·                   мүйізгекті қабаттың баздануы (мацерациясы);
·                   жалақжаралар  (эрозия);
·                   беткейлік немесе терең тілінулер;
·                   көпіршіктер немесе көбіктер;
·                   тырнақ пластинкасының зақымдануы.
 
Тырнақ пластинкасының дерматофитиялары:
·                   дисталды нысаны – ошақ тырнақ жиектері аймағында орналасады, пластинка мөлдірлігін жоғалтып, ақшыл немесе сары түсті болады, тырнақ астындағы аса қабыршақтану (гиперкератоз) орын алады.
·                   беткейлік нысаны – тек қана тырнақтың дорсалды беті зақымданады, ақ, кейін сары түсті дақтар мен жолақтар пайда болады, тырнақ пластинкасы кедір-бұдыр және борпылдақ болады;
·                   проксималды нысаны – тырнақ доғасы (жартыай) аймағынан біртіндеп жиегіне қарай жылжитын, ақ түсті дақтар пайда болады, онихолизис болуы мүмкін;
·                   жаппай дистрофиялы нысаны – тырнақ пластинкасы сарғыш-сұр түсті, үстіңгі беті тегіс емес, айқын көрінетін тырнақ астындағы аса қабыршақтану (гиперкератоз).
 
Зертханалық зерттеулер:
 
Тырнақ қырындыларын, тегіс терідегі ошақтардан алынған қабыршақтарды микроскопиялық зерттеу:
·                   саңырауқұлақшалық талшық (мицелий) жіптерін, зең спораларын табу.
Тырнақ қырындыларын, тегіс терідегі ошақтардан алынған қабыршақтарды бактериологиялық зерттеу:
·                   патогендік зеңдер шоғырының өсімі.
 
Аспаптық зерттеулер:
 
Вуд люминесценттік шамымен тексеріп-қарау: люминесценттік жарқыраудың болуы.
 
Мамандардың консультациясы үшін көрсетімдер (ілеспелі патология болған кезінде)
·                   терапевт/ЖТД/педиатр консультациясы (асқорыту ағзаларының ілеспелі патологиясы болған кезінде).
 

Дифференциалды диагноз


1-кесте. Бастың түкті бөлігі дерматофитиясының сараланған диагностикасы
Критерийлер Бастың түкті бөлігінің дерматофитиялары Теңге қотыр (псориаз) Себореялы дерматит
Шағымдар Шағымы жоқ. Инфильтрациялы-іріңдеген нысандарында – дімкәстік, әлсіздік, бастың ауыруы, қызуының көтерілуі қышу қышу
Морфологиялық элементтер Инфильтрациялы, ісінген, шаш түбіріндегі «муфташық» түріндегі асбест тәріздес сұр қабыршақтар қаптаған, қанық қызыл түсті түйіндақтар. Бірлі-жарым, терең, іркілісті-қызыл түсті инфильтрациялы ошақтар, көлемді, қат-қабат іріңді қабықшалармен қапталған. Ошақты сыққан кезде зақымданған фолликулдардан ірің бөлінеді. Дөңгелек пішінді, ақбоз түсті болып түлейтін, тегіс тері мен бастың түкті бөлігінің шектескен жерінде орналасатын, қызғылт түсті теңге қотырлық (псориаздық) папулалар мен түйіндақтар. Зақымдану жергілікті сипатта болады. Сарғыш-қызыл түсті, майлы, түлейтін, эритемалы дақтар мен шекаралары анық емес папулалар, сулану, майлы жабысқақ, сарғыш қабықшалар, тілінулер. Зақымдану жайылмалы (диффузиялық) сипатта болады.
Шаштағы өзгерістер Шаштың түрлі деңгейде қиылып түсуі (6-8 мм, шаш түбірінде – «қара нүктелер») Байқалмайды Ұзаққа созылған ағымы кезінде маңдай-шеке аймағындағы шаштың селдіреуі байқалады
Лимфа түйіндері Мойын лимфа түйіндері үлкейген Үлкеймеген Үлкеймеген
Дерматологиялық симптомдар «ара ұясы» симптомы (инфильтрациялы-іріңдеген нысандарында) Теңге қотыр (псориаз) үштігі жоқ
Этиологиялық фактор Дерматофиттер Жоқ Малассезия текті зеңдер
Диагностикалаудың қосымша әдістері Вуд люминесценттік шамы астында жарқырау (микроспория кезіндегі жасылдау жарқырау Жоқ Жоқ
Айналасындағы тері Өзгермеген. Инфильтрациялы-іріңдеген нысандары кезінде аллергиялық бөртулер болуы мүмкін. Шынтақ және тізе буындары, дене терісі аймағындағы теңге қотырлық (псориаздық) папулалар мен түйіндақтар «Себореялы аймақтардағы», майлы қабыршақтар жапқан, сарғыш-қызғылт түсті ұсақ, нүктелік фолликулдық түйіндер, ошақтары сақина тәріздес пішіндер түзе отырып бірігуге бейім болады.
Ағымы Тұрақты Созылмалы, рецидивке бейім Созылмалы, рецидивке бейім
 
2-кесте. Тегіс тері дерматофитиясының сараланған диагнозы

Критерийлер Тегіс терінің дерматофитиялары Экзематид Теңге қотыр (псориаз)
Шағымдар Жоқ Қышу Қышу
Морфологиялық элементтер Ошақтарының пішіні дөңгелек немесе сопақ сақина тәріздес. Шетінде эритемадан, инфильтрациядан, қабықшалардан, ортасы түлейтін везикулалардан түзілген үзік-үзік буылтық болады. Бірігу кезінде көп циклдік фестондық кескінді ошақтар түзіледі. Әртүрлі өлшемдегі, дөңгелек немесе сопақ пішінді, қызғылт-қызыл түсті дақтар. Түлеу сау терінің шекарасына дейін жетеді. Ошақтарының шетінде қабатталған эпидермистің көмкермесі болады. Шекаралары анық, қызғылт-қызыл түсті папулалар мен түйіндақтар, ақбоз қабыршақтар қаптаған.
Түлеу Кебек тәріздес Кебек тәріздес немесе ұсақпластинкалы ұсақпластинкалы
Типтік орналасуы Ірі қатпарлар, дененің және аяқ-қолдың терісі дененің және аяқ-қолдың терісі, сиректеу - бетте Бастың түкті бөлігі, шынтақ және тізе буындары
Дерматологиялық симптомдар Жоқ «жасырын түлеу» симптомы, ошақты қандауырмен қырғаннан кейін сірнелі (сероздық) экссудаттың пайда болуы Теңге қотыр (псориаз) үштігі: қыру кезінде папула ақшыл түске ие болады («стеариндік дақ» симптомы), кейін жұмыр беті («соңғы үлдір (қабық)» симптомы) және нүктелік қанағым («қанды шық» симптомы) көрінеді.
Этиологиялық фактор Дерматофиттер Жоқ Жоқ
Ағымы Тұрақты Созылмалы, рецидивке бейім Созылмалы, рецидивке бейім
 
3-кесте. Тырнақ дерматофитиясының сараланған диагнозы

Критерийлер Тырнақ дерматофитиялары Тырнақ теңге қотыры (псориазы) Тырнақ экземасы
Клиникалық нысаны Дисталды;
Проксималды;
Беткейлік;
Жаппай дистрофиялы.
Дисталды Проксималды
Тырнақ пластинкасының түсі Сарғыш, ашық сары, сұр дақтар мен жолақтар Сарыдан қараға дейін Сұрқай
  Тырнақ пластинкасының түсінің өзгеруі, тырнақ пішінінің өзгеруі, тырнақтың бұзылуы, уатылуы Тырнақ пластинкасын көптеген нүктелік, терең жаншу. Тырнақ ұшының тырнақ көбесінен ажырауы, тырнақтың зақымданған бөлігін көмкеретін көрінер-көрінбес қызғылт жолақ. Пластинканың өзгерген дисталды жиегіндегі тырнақ буынының тығыздануы. Көлденең жүлгелер, ұсақ, нүктелік, ретсіз орналасқан беткейлік қысулар. Тырнақ тырнақ көбесінен ажырайды.
Айналасындағы тері Кандидоздық онихомикоздан басқа, зақымданбайды. Артропатиялық теңге қотырдан (псориаз) басқа, зақымданбайды. Өршу кезеңінде тырнақ маңы буындар қан кернеуі (гиперемия) көпіршіктер, жалақжаралар (эрозия), қабыршақтар, қабықшалар түрінде зақымданады.
Ағымы Көп жылғы тұрақты, кандидоздық онихомикоз кезінде – толқын тәріздес    Созылмалы, рецидивтер мен ремиссиялар кезеңдерімен Созылмалы, рецидивтер мен ремиссиялар кезеңдерімен
Этиологиялық фактор Дерматофиттер Болмайды Болмайды
 

Емдеу тактикасы


 Емдеу мақсаттары:
                   - қоздырғышты шығарып тастау (элиминация)
 
Емдеу тактикасы.
 
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
№1 режим (жалпы).
№15 үстел (жалпы).
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу  [3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11,12,13, 14].

Этиотроптық терапия:

Бастың түкті бөлігінің дерматофитиялары:
                  - тербинафин (дәлелділік деңгейі – А), ішкізу арқылы (тамақтан кейін) тәулігіне 1 рет, курс 4-6 апта:
ересектер мен дене салмағы > 40 кг балаларға 250 мг/тәу;
дене салмағы 20-дан 40 кг-ға дейінгі балаларға тәулігіне 125мг;
дене салмағы < 20 кг балаларға  тәулігіне 62,5 мг.
                  - итраконазол (дәлелділік деңгейі – А) ішкізу арқылы (тамақтан кейін) тәулігіне 1 рет, курс 4-6 апта:
ересектерге 200 мг;
балаларға 12 жастан бастап дене салмағының 1 кг-на 5 мг есебінен.
                 - флуконазол (дәлелділік деңгейі – В) ішкізу арқылы (тамақтан кейін) тәулігіне 1 рет, курс 4-6 апта:
ересектерге 100-200 мг;
балаларға дене салмағының 1 кг-на 3-5 мг.
 
Тегіс терінің, қол және аяқ дерматофитиялары:
                  - итраконазол, ішкізу арқылы (тамақтан кейін) мына сызбанұсқа бойынша (ересектер мен 12 жастан асқан балаларға):
7 күн бойына тәулігіне 200 мг;
кейін 1-2 апта бойына тәулігіне 100 мг-нан.
                  - тербинафин, ішкізу арқылы (тамақтан кейін) тәулігіне 1 рет, курс 3-4 апта:
ересектерге 250 мг;
дене салмағы > 40 кг балаларға 250 мг/тәу;
дене салмағы 20-дан 40 кг-ға дейінгі балаларға тәулігіне 125мг;
дене салмағы < 20 кг балаларға тәулігіне 62,5 мг.
                  - флуконазол, ішкізу арқылы (тамақтан кейін) аптасына 1 рет, курс 3-4 апта:
ересектерге 150 мг;
балаларға дене салмағының 1 кг-на 5 мг.
 
Десенсибилизациялаушы терапия (эритема, сулану кезінде, көпіршіктер бар болғанда):
                   - кальций глюконаты (дәлелділік деңгейі - D), 10 күн бойына тәулігіне 1 рет вена ішіне, бұлшықет ішіне:
ересектерге 10,0 мл 10% ерітінді
                   - натрий тиосульфаты (дәлелділік деңгейі - D), 10 күн бойына тәулігіне 1 рет вена ішіне:
ересектерге 10,0 мл 30% ерітінді.
 
Антигистаминдік препараттар (эритема, қышу, сулану, кезінде, көпіршіктер бар болғанда):
                  - хлоропирамин гидрохлориді (дәлелділік деңгейі - D) ішкізу арқылы, тәулігіне 2-3 рет, курс 10-15 күн:
ересектерге 0,025 г.
                  - клемастин (дәлелділік деңгейі - D) ішкізу арқылы, тәулігіне 2 рет, курс 10-15 күн:
ересектерге 0,001 г.
                   - мебгидролин (дәлелділік деңгейі - D) ішкізу арқылы, тәулігіне 2-3рет, курс 10-15 күн:
ересектерге 0,1 г.
 
Тырнақ дерматофитиялары:
                   - тербинафин ішкізу арқылы (тамақтан кейін):
ересектер мен дене салмағы > 40 кг балаларға 250 мг/тәулігіне;
дене салмаға 20-нан 40 кг дейінгі балаларға тәулгіне 125мг;
дене салмағы < 20 кг балаларға тәулігіне 62,5 мг;

Емдеу курсының ұзақтығы:
қол басының онихомикозы кезінде – 2-3 ай;
аяқ басының онихомикозы кезінде – 3-4 ай.
                  - итраконазол (ересектер) ішкізу арқылы (тамақтан кейін) мына сызбанұсқа бойынша:
1 тамыр соғуы: 3 апталық үзіліспен 7 күн бойына тәулігіне 2 рет 200 мг-нан.

Тамыр соғуының қайталау реттілігі (еселігі):
қол басының онихомикозы кезінде 3-4 тамыр соғуы;
аяқ басының онихомикозы кезінде – 4-5 тамыр соғуы;
                  - флуконазол ішкізу арқылы (тамақтан кейін):
ересектерге аптасына 1 рет 150 мг;
балаларға аптасына 1 рет дене салмағының килограммына 3-5 мг.
Емдеу курсының ұзақтығы:
сау пластинка толық өсіп шыққанға дейін (6-12 ай);
                   - кетоконазол (ересектер) ішкізу арқылы (тамақтан кейін), мына сызбанұсқа бойынша тәулігіне 1 рет:
бірінші күні 400 мг;
одан әрі сау тырнақтар толық өсіп шыққанға дейін 200 мг-нан.

Емдеу курсының ұзақтығы:
қол басының онихомикозы кезінде 4-6 ай;
аяқ басының онихомикозы кезінде – 12-18 ай.
 
Сыртқы терапия:
Бастың түкті бөлігінің дерматофитиясы:
                   - шашты алып тастау  7-10 күнде 1 рет;
Инфильтрациялы-іріңдеген нысандарында:
                  - 8-10 сағатқа 10% ихтиол жақпамайы
Экссудация құбылыстары болмаған кезінде жергілікті антимикотиктер тағайындау:
                  -  кетоконазол (жақпамай, иісмай) тәулігіне 1-2 рет;
                  -  изоконазол (иісмай) тәулігіне 1-2 рет;
                  -  клотримазол (иісмай, жақпамай) тәулігіне 2 рет;
                  -  нафтифин (иісмай, ерітінді) тәулігіне 2 рет;
                   - тербинафин (иісмай) тәулігіне 2 рет;
                  -  оксиконазол (иісмай) тәулігіне 1-2 рет;
                  - миконазол (иісмай) тәулігіне 2 рет;
                  -  эконазол (иісмай) тәулігіне 2 рет;
                  -  сертаконазол (иісмай) тәулігіне 2 рет;
                  -  бифоназол (иісмай, ерітінді) тәулігіне 2 рет.
Жергілікті антимикоздық терапия курсының ұзақтығы 4-6 апта.
Жергілікті терапия (антисептиктер):
                  - йод, спирт тұндырмасы 2% тәулігіне 2 рет.
 
Тегіс терінің, аяқ пен қолдың дерматофитиясы:
Құрама препараттармен жергілікті терапия (1- 2 апта):
сулану, эритема, эксудация, везикуляция болған кезінде:
·                   изоконазол нитрат + дифлукортолон валерат иісмай, жақпамай;
қосарланған жұқпа қосылғанда:
·                   бетаметазон дипропионат + клотримазол + гентамицин сульфаты иісмай, жақпамай;
сквамозалы нысандары кезінде:
·                   кетоконазол (жақпамай, иісмай) тәулігіне 1-2 рет;
·                   изоконазол (иісмай) тәулігіне 1-2 рет;
·                   клотримазол (жақпамай, иісмай) тәулігіне 2 рет;
·                   нафтифин (иісмай, ерітінді) тәулігіне 2 рет;
·                   тербинафин (спрей, иісмай) тәулігіне 2 рет;
·                   оксиконазол (иісмай) тәулігіне 1-2 рет;
·                   миконазол (иісмай) тәулігіне 2 рет;
·                   эконазол (иісмай) тәулігіне 2 рет;
·                   сертаконазол (иісмай) тәулігіне 2 рет;
·                   бифоназол (иісмай, ерітінді) тәулігіне 2 рет.
Жергілікті антимикоздық терапия курсының ұзақтығы 2 - 4 апта.
Жергілікті антисептиктер:
·                   йод, спирт тұндырмасы 2%  тәулігіне 2 рет, 2-4 апта.
 
Тырнақ дерматофитиясы:
Бірлі-жарым тырнақтардың дисталдық немесе бүйір беттерінен пластинасының 1/3 – ½ бөлігіне зақымдануы кезінде:
·                   тырнақ тазалаулары;
·                   сыртқы зеңге қарсы препараттар:
бифоназол иісмайы тырнақтардың инфекция жұқтырған аймақтарын толық алып тастағанға дейін 10-20 күн бойына тәулігіне 1 рет;
Тырнақтың зақымданған бөліктерін алып тастағаннан кейін (сау тырнақ толық өсіп шыққанған дейін):
·                   кетоконазол (жақпамай, иісмай) тәулігіне 1-2 рет;
·                   изоконазол (иісмай) тәулігіне 1-2 рет;
·                   клотримазол (иісмай, жақпамай) тәулігіне 2 рет;
·                   нафтифин (иісмай, ерітінді) тәулігіне 2 рет;
·                   тербинафин (иісмай) тәулігіне 2 рет;
·                   оксиконазол (иісмай) тәулігіне 1-2 рет;
·                   миконазол (иісмай) тәулігіне 2 рет;
·                   эконазол (иісмай) тәулігіне 2 рет;
·                   сертаконазол (иісмай) тәулігіне 2 рет;
·                   бифоназол (иісмай, ерітінді) тәулігіне 2 рет;
·                   циклопирокс (иісмай, ерітінді) тәулігіне 2 рет.
 
Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем:
 
Негізгі дәрілік заттар тізбесі (100% тағайындау мүмкіндігі бар)
·                   тербинафин таблеткалар 250 мг;
·                   итраконазол капсулалар 100 мг;
·                   кетоконазол таблеткалар 200 мг;
·                   флуконазол капсулалар 50 мг, 100 мг, 150 мг;
·                   натрий тиосульфаты ерітінді 30% 10 мл;
·                   кальций глюконаты ерітінді 10% 10 мл;
·                   хлорапирамин гидрохлориді таблеткалар 25 мг;
·                   мебгидролин таблеткалар 0,1;
·                   клемастин таблеткалар 10 мг;
·                   клотримазол 1% иісмай, 2% жақпамай;
·                   миконазол 2% иісмай;
·                   изоконазол 1% иісмай;
·                   оксиконазол 1% иісмай;
·                   тербинафин 1% иісмай, 1% спрей;
·                   нафтифин 1% иісмай, ерітінді;
·                   эконазол иісмай 1%;
·                   сертаконазол иісмай 2%;
·                   кетоконазол 2% иісмай; 2% жақпамай;
·                   бифоназол 1% иісмай, ерітінді;
·                   циклопирокс 1% иісмай, 8% ерітінді;
·                   ихтиол жақпамайы 10%;
·                   йод, спирт тұндырмасы 2%;
·                   изоконазол нитрат+дифлукортолон валерат иісмай, жақпамай;
·                   бетаметазон дипропионат+клотримазол+гентамицин сульфат иісмай, жақпамай.
 
Қосымша дәрілік заттар тізбесі (тағайындау мүмкіндігі 100%-дан төмен): жоқ.
 
Стационарлық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем:
 
Негізгі дәрілік заттар тізбесі (100% тағайындау мүмкіндігі бар)
·                   тербинафин таблеткалар 250 мг;
·                   итраконазол капсулалар 100 мг;
·                   кетоконазол таблеткалар 200 мг;
·                   флуконазол капсулалар 50 мг, 100 мг, 150 мг;
·                   натрий тиосульфаты ерітінді 30% 10 мл;
·                   кальций глюконаты ерітінді 10% 10 мл;
·                   хлорапирамин гидрохлориді таблеткалар 25 мг;
·                   мебгидролин таблеткалар 0,1;
·                   клемастин таблеткалар 10 мг;
·                   клотримазол 1% иісмай, 2% жақпамай;
·                   миконазол 2% иісмай;
·                   изоконазол 1% иісмай;
·                   оксиконазол 1% иісмай;
·                   тербинафин 1% иісмай, 1% спрей;
·                   нафтифин 1% иісмай, ерітінді;
·                   эконазол иісмай 1%;
·                   сертаконазол иісмай 2%;
·                   кетоконазол 2% иісмай; 2% жақпамай;
·                   бифоназол 1% иісмай, ерітінді;
·                   циклопирокс 1% иісмай, 8% ерітінді;
·                   ихтиол жақпамайы 10%;
·                   йод, спирт тұндырмасы 2%;
·                   изоконазол нитрат+дифлукортолон валерат иісмай, жақпамай;
·                   бетаметазон дипропионат+клотримазол+гентамицин сульфат иісмай, жақпамай.
 
Қосымша дәрілік заттар тізбесі (тағайындау мүмкіндігі 100%-дан төмен): жоқ.
 
Емдеудің басқа түрлері: жоқ
Емдеудің амбулаториялық деңгейде көрсетілетін басқа түрлері: емдеудің физиотерапиялық әдістері:

Емдеудің стационарлық деңгейде көрсетілетін басқа түрлері: емдеудің физиотерапиялық әдістері:
·                   УЖЖ (УВЧ);
·                   УКС.
Емдеудің жедел кезек күттірмейтін көмек кезеңінде көрсетілетін басқа түрлері: жүргізілмейді.

Хирургиялық араласу: жүргізілмейді.

Амбулаториялық жағдайда көрсетілетін хирургиялық араласу:

Стационар жағдайында көрсетілетін хирургиялық араласу
 

Алдын алуы


·                   жеке бас гигиенасының қағидаларын сақтау (бөгде аяқ киімді кию, шамадан тыс тершілдік);
·                   микоздық ошақтардың (тырнақтың немесе саусақ аралығындағы  тілінуі) қазіргі заманғы санациясы.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. 1) Рациональная фармакотерапия заболеваний кожи и инфекций, передаваемых половым путем. Руководство для практикующих врачей под ред. А.А. Кубановой. – Москва, изд-во «Литтерра». – 2005.- С. 248-265. 2) Кожные и венерические болезни: Рук-во для врачей / Под ред. Ю.К.Скрипкина, В.Н.Мордовцева. – М.: Медицина, 1999. – Т.2.- 878 с. 3) Клинические рекомендации. Дерматовенерология //Под ред. А.Кубановой.- М.: ДЭКС-Пресс.- 2007.- С.21-35. 4) Федеральные клинические рекомендации по ведению больных микозами стоп и кистей. Российское общество дерматовенерологов и косметологов. Москва -2013.С.17. 5) Novel, single-dose, topical treatment of tinea pedis using terbinafine: results of a dose-finding clinical trial. de Chauvin MF, Viguié-Vallanet C, Kienzler JL, Larnier C. // Mycoses. 2008 Jan;51(1):1-6. 6) Pulse itraconazole vs. continuous terbinafine for the treatment of dermatophyte toenail onychomycosis in patients with diabetes mellitus. Gupta AK, Gover MD, Lynde CW. // J. Eur Acad Dermatol Venereol. 2006 Nov;20(10):1188-93. 7) Synergistic effects of tetrandrine on the antifungal activity of topical ketoconazolecream in the treatment of dermatophytoses: a clinical trial. Shi JP, Zhang H, Zhang ZD, Zhang GH, Gao AL, Xiang SB. // Chin J. Integr Med. 2011 Jul;17(7):499-504. Epub 2011 Jul 3. 8) Therapeutic options for the treatment of tinea capitis: griseofulvin versusfluconazole. Dastghaib L, Azizzadeh M, Jafari P. J. Dermatolog Treat. 2005 Feb;16(1):43-6. Mycoses. 2002 Apr;45(3-4):91-6. 9) Clinical comparison of the efficacy and tolerability of once daily Canesten with twice daily Nizoral (clotrimazole 1% cream vs. ketoconazole 2% cream) during a 28-day topical treatment of interdigital tinea pedis. // J. Int Med Res. 1982;10(1):28-31. 10) 2% Miconazole nitrate powder in aerosol spray form: its efficacy in treating tineapedis. Shellow WV. // Mycoses. 2006 May;49(3):236-41. 11) A comparative clinical study between 2 weeks of luliconazole 1% cream treatment and 4 weeks of bifonazole 1% cream treatment for tinea pedis. Watanabe S, Takahashi H, Nishikawa T, Takiuchi I, Higashi N, Nishimoto K, Kagawa S, Yamaguchi H, Ogawa H. // MMW Munch Med Wochenschr. 1975 Apr 18;117(16):687-92. 12) Econazole nitrate. In vitro tests and clinical trial]. [Article in German] Dorn M, Scherwitz C, Lentze I, Plewig G. // Cutis. 1994 Jul;54(1):43-4. 13) Oxiconazole nitrate lotion, 1 percent: an effective treatment for tinea pedis. Pariser DM, Pariser RJ. // J. Drugs Dermatol. 2011 Nov;10(11):1282-8. 14) A randomized, double-blind, vehicle-controlled efficacy and safety study of naftifine 2% cream in the treatment of tinea pedis. Parish LC, Parish JL, Routh HB, Fleischer AB Jr, Avakian EV, Plaum S, Hardas B. 15) Постановление Правительства Республики Казахстан № 89 от 17.01.2012 г. Санитарные правила «Санитарно-эпидемиологические требования к организации и проведению санитарно-противоэпидемических (профилактических) мероприятий по предупреждению паразитарных заболеваний».

Ақпарат


Хаттаманы әзірлеушілердің біліктілік деректері көрсетілген тізім:
1) Батпенова Г.Р. м.ғ.д., профессор, ҚР ДСӘДМ бас штаттан тыс дерматовенерологы, «Астана медицина университеті» АҚ, дерматовенерология кафедрасының меңгерушісі;
2) Котлярова Т.В. – м.ғ.д., «Астана медицина университеті» АҚ, дерматовенерология кафедрасының доценті;
3) Жетпісбаева З.С. – м.ғ.к., «Астана медицина университеті» АҚ, дерматовенерология кафедрасының доценті;
4) Баев А.И. – м.ғ.к., «ҚазТВҒЗИ» РМК аға ғылыми қызметкері;
5) Ахмадияр Н.С. – м.ғ.д., «АБҰҒО» АҚ, клиникалық фармаколог.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензент: Уәлиева С.А. – медицина ғылымдарының докторы, «Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» АҚ Астана қаласындағы филиалы директорының орынбасары.
 
Хаттаманы қайта қарау шарттарын көрсету: хаттаманы 3 жылдан кейін  және/немесе дәлелділіктің неғұрлым жоғары деңгейі бар диагностикалаудың/емдеудің жаңа әдістері пайда болған кезде қайта қарау.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх