Гидроцефалия

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Гидроцефалия (G91)
Неврология детская, Педиатрия

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясында
2014 жылғы «4» шілдедегі
№ 10 хаттамасымен бекітілген

Гидроцефалия - бас миының қарыншаларының кеңеюі және әртүрлі себептер және симптомдармен қоса болатын ЖМС қысымының жоғарылауы нәтижесіндегі субарахноидалды аймақтың ұлғаюы [4]

Хаттама атауы: Гидроцефалия
 
Хаттама коды:
 
Код(тар) ХАЖ-10:
G 91 Гидроцефалия
G 91.0 Қатынасты гидроцефалия
G 91.1 Бітелумен гидроцефалия
G 91.2 Қалыпты қысымдағы гидроцефалия
G 91.3 Жарақаттан кейінгі анықталмаған гидроцефалия
G 91.8 Гидроцефалияның басқа да түрлері
G 91.9 Гидроцефалия анықталмаған
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:
TORCH – жатыр ішілік инфекцияны белгілеу үшін аббревиатура
(токсоплазмоз, қызылша, цитомегаловирусты және и герпесвирусты  инфекция)
АҚ – Артериялық қысым
АЛТ – аланинтрансфераза
АСТ - аспартатаминотрансфераза
ІҚЖ – ішек-қарын жолдары
ИФТ – иммунофлюаресцентті талдау
КТ – компьютерлік томография
КФК – креатинфосфокиназа
ЛДГ – лактатдегидрогеназа
ЛОР - оториноларинголог
ЕДШ – емдік дене шынықтыру
МРТ – магниттік-резонансты томография
ЖҚТ – жалпы қан талдауы
МСАК – алғашқы медициналық-санитарлық алғашқы көмек
ПЖЖ – перифериялық жүйке жүйесі
ПЦР – полимеразтізбекті реакция
РЭГ – реоэнцефалография
ВДС –вегетативті дистония синдромы
ЖМС– жұлын-ми сұйықтығы
ЭШЖ – эритроциттердің шөгу жылдамдығы
СРА – С реактивті ақуыз
ЖТЖ – журек-тамырлы жүйе
УДДГ – ультрадыбыстық допплерография
УДЗ – ультрадыбыстық зерттеу
ОЖЖ – орталық жүйке жүйесі
ТАЖ – тыныс алу жиілігі
ЖЖЖ – жүрек жиыруларының жиілігі
ЭКГ – электрокардиография
ЭФЗ – электрофизиологиялық зерттеу
ЭЭГ – эхоэнцефалография
 
Хаттаманы  дайындау күні: 2014 жыл.
 
Пациенттер санаты: балалар.
 
Хаттаманы пайдаланушылар: балалар невропатологтары, педиатрлар, жалпы тәжірибе дәрігерлері, жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету дәрігерлері, фельдшерлер.

Жіктемесі


Клиникалық  жіктелуі.[11, 12]
 
Оқшаулануы бойынша:
·          ішкі: ми қарыншасының кеңеюі;
·          сыртқы: субарахноидалды  аймақтың ұлғаюы;
·          аралас: ми қарыншаларының да кеңеюі, субарахноидальды аймақтың да ұлғаюы.
Ауыру сатысына байланысты:
·          компенсацияланған: ликворлы жолдардың клиникалық көрініссіз кеңеюі;
·          субкомпенсацияланған: ликворлы жолдардың кеңеюі және жалпы ми симптомадрының пайда болуы;
·          декомпенсацтяланған: ликворлы жолдардың клиникалық кеңеюі және ошақты неврологиялық симптомдардың бар болуы.
Этиологиясы бойынша:
·          туа біткен: перинаталды ішкі бассүйек геморрагиясы, бас миының ісіктері, асқыну үрдістері, бас сүйек-ми жарақаты,  цереброваскулярлы патология;
·            пайда болған: инфекциялы, постгеморрагиялық, көлемді ішкі бас сүйек процестерінде, ликвордың - плексус-папиллома, плексус-карцинома, плексус менингиомасы асыра өндірілу нәтижесінде.
 
Функциялық жіктелуі:
Ликворлы қысым деңгейіне байланысты ажыратады:
·          гипертензивті;
·          нормотензивті.

 

Диагностикасы


Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі

Амбулоториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер:
·          бас миының УДЗ (1 жасқа дейінгі балаларда);
·          бас миының КТ;
·          офтальмоскопия.
 
Амбулоториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер:
·          бас миы тамырларының УДДГ;
·          бас миының МРТ;
·          ЭЭГ/ЭЭГ бейнемониторингі;
·          инфекцияға қанның ИФТ (токсоплазмоз, қызылша,  хламидиялар,  герпес,
цитомегаловирус, уреаплазма, микоплазма).
 
Жоспарлы госпитальдауға жіберудегі өткізуге қажетті тексерулердің ең қысқа тізімі:
·          бас миының УДЗ;
·           офтальмоскопия.
 
Стационарлы деңгейде жіргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер:
·          жалпы қан талдауы (6 параметр);
·          қанның биохимиялық талдауы (глюкоза, калий, натрий, калий, хлор, АСТ,  АЛТ, билирубин, СРБ);
·          1 жасқа деінгі балаларда бас миының УДЗ;
·          бас миының КТ;
·          офтальмоскопия;
·          бас миы тамырларының УДДГ;
·          бас миының МРТ;
·          ЭЭГ/ЭЭГ бейнеомониторингі;
·          инфекцияға қанның ИФТ (токсоплазмоз, қызылша, хламидиялар, герпес,
·          цитомегаловирус, уреаплазма, микоплазма);
·          коагулология;
·          ЖМС зерттеу.
 
Стационарлық деңгейде жіргіткізілетін қосымша диагностикалық тексерулер:
·          бас миының КТ;
·          қанның, сілекейдің инфекцияға ПЦР талдауы (токсоплазмоз, қызылша, хламидиялар, герпес, цитомегаловирус, уреаплазма, микоплазма, Эпштейн-Барр вирустарына);
·          кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы;
·          ЭКГ;
·          ішкі құрылысының УДЗ;
·          инфекцияға қанның ИФТ (токсоплазмоз, қызылша, хламидиялар, герпес,
цитомегаловирус, уреаплазма, микоплазма);
·          иммуноглобулиндарды анықтау (Ig G, M, A);
·          қанның биохимиялық талдауы (КФК, ЛДГ, лактат)7
 
Жедел шұғыл көмек деңгейінде жүргізілетін диагностикалық шаралар:
·          БСҚ, ЖЖЖ, АҚ өлшеу;
·          шағымдар мен анамнез;
·          физикалық зерттеу: бас шеңберін өлшеу, үлкен еңбегі күйін бағалау, баланың есін бағалау.
 
Қосымша диагностикалық шаралардың тізімі:
 
Диагностикалық критерийлер***

Шағымдар және анамнез (ауыру синдромының туу және шығуы):
бір жасқа дейінгі балалар
·          бас шеңберінің ұлғаюы;
·          мазасыздану, жоғары қозушылық;
·          кекіру–тамақты қабылдаумен байланысты емес, әсіресе таңертеңгі сағаттарда;
·          ұйқының бұзылуы – үстірт ұйқы, ұйықтаудағы қыиындықтар, жоғары ұйқысырау немесе мазасыздану;
·          ауа-райына тәуелділік.
жоғары жастағы балалар
·          бас ауыру – жиі, таралған, әртүрлі қарқынды;
·          әсіресе таңғы сағаттарда, жөтелгенде күшейетін;
·          түшкіруде, вестибулярлы ынталандыруда;
·          жүрек айну – тамақты қабылдаумен байланыссыз;
·          құсу – тамақты қабылдаумен байланыссыз, бас ауыру кезінде біршама жеңілдік әкеледі;
·          бас айналу;
·          көру қабілетінің бұзылуы – тұмандану, екеу болып көріну, көру учаскелерінің түсуі;
·          жоғары ашушаңдық;
·          ұйқының бұзылуы;
·          ауа-райына тәуелділік;
·          есте сақтау, назар қабілетінің төмеңдеуі.
 
Физикальды зерттеу [11, 12, 13]:

бір жасқа дейінгі балалар
·          бас шеңберінің ай сайынғы өсуі ай-күніне жетіп туылған, 6 айлық нәрстетеде 1 см (бірақ 3 см көп емес) және шала туған балаларда 2 см (бірақ 4 см көп емес);
·          бассүйек тігістерінің ашылуы;
·          үлкен еңбегіндегі қысымы;
·          вестибулярлы ынталандыру кезіндегі Грефе симптомы;
·          шектен тыс белсенді қозғалыс;
·          сіңір рефлекстерің жаңаруы және олардың аймақтарының кеңеюі (тізе жиірек);

жоғарғы жастағы балалар
•  біржақты немесе екіжақты кес VI ұбының БсМЖ – диплопия;
•  көру аймағының түсуі, әсіресе орталық -орталық скотоманың;
•  гиперестезия – тактильді, есту, көру;
• сіңір рефлекстерің жаңаруы және олардың аймақтарының кеңеюі (тізе жиірек);
•  психоэмоционалды құбылмалылық;
•  Ромберг күйіндегі тұрақсыздық;
•  вегетативті дисфункция – брадикардия, краниальды гипертермия,
гиперсаливациялану.
 
Зертханалық зерттеулер[11,12,13]:
·          жалпы қан талдауы: гидроцефалия, вентрикулиттар асқынғанда СОЭ мен жоғарылауы және лейкоцитоз;
·          биохимиялық қан талдауы: декомпенсерленген гидроцефалия кезінде заттек алмасуының көрсеткіштерінің жылжуы байқалады – глюкозалар, калий, натрий, хлор;
·          биохимиялық қан талдауы: вентрикулиттарда СРБ жоғары;
инфекцияға қанның ИФТ (токсоплазмоз, қызылша, хламидиялар,  герпес,
цитомегаловирус, уреаплазма, микоплазма);
·          Коагулология: декомпенсерленген үрдіс кезінде жылжулар күтіледі;
·          ЖМС зерттеу: ликворда цитоз, ақуыздың бар екенің көрсетеді;
·          ПЦР талдауы: қан, сілекей инфекцияның біреуі расталады - токсоплазмоз, қызамық, хламидиялар, герпес, цитомегаловирус, уреаплазма, микоплазма, Эпштейн-Барр вирусына.
 
Аспаптық зерттеулер [11, 12, 13]
 

 Аспапты диагностикалау
 әдістері
Гидроцефалия бар екенін растайтын нәтижелер
Нейрорадиологиялық зерттеулер- МРТ/КТ қарыншалар көлемі ұлғайған
субарахноидальды аймақ көлемі ұлғайған, ми сайы және иірімдер жайпақтау бос (немесе ішінара бос) түрік ершігі периневралды субарахноидты кеңістіктің кеңеюі, көру жүйкесінің орбитальды бөлігінің тік иірімінің көлемді құрылуының жоқ болуы
Ультрадыбыстық зерттеу-НСГ жартышарлар арасындағы саңлаулардың және субарахноидальды кеңістіктің кеңеюі вентрикулодилатация ми сайы және иірімдер жайпақ
Офтальмологиялық зерттеу-офтальмоскопия торқабық ангиопатиясы, көру жүйесі дискінің қатып қалуы, көру аймағының тарылуы
Ультрадыбыстық зерттеу- бас және мойын тамырларының УДДГ диастоликалық жылдамдықтың төмендеуінде қан айналымның систолитикалық жылдамдығының артуы, пульсациялық  индекстің ұлғаюы
 бас миы тамырларының орташа жылдамдық көрсеткіштерінің ұлғаюы
Люмбальді пункция Ликворлы қысымның жоғарылауы  (250-500 ммм. су.ст)
Ликвордың қалыпты құрамы
 
Бейінді мамандардың кеңесі үшін көрсетімдер  [11, 12, 13]
·          нейрохирург – консервативті терапия тиімсіз болғанда, саралап диагностикалау мақсатында хирургиялық араласу мүмкіндігі мәселесін шешу;
·           офтальмолог – сараланған диагностика, көз патологиясын түзету және асқынулардың профилактикасы үшін; саралап диагностикалау мақсатында;
·          кардиолог – саралап диагностикалау мақсатында;
·          логопед – сөйлеудің бұзылуын диагностикалау және түзету үшін;
·          психолог – психопаталогиялық күйді даигностикалау, түзету және алдын-алу мақсатымен;
·          физиотерапевт – физиотерапия түрін және көлемін, көрсетімдер/қарсы көрсетілімді анықтау мақсатында, ЕДШ, ИРТ қоса.
 

Дифференциалды диагноз


Диагностикалық критерийлер Қатерсіз БСІГ БМ ісігі Гидроцефалия
МРТ/КТ органикалық өзгерістің жоқ болуы көлемді супра- немесе
субтенториалды
оқшауланулардың пайда болуы
даму ақаулары,
атрофиялық/субатрофиялық өзгеріс, глиоз, киста,
кальцинаттар
Қарыншалар жүйесінің күйі ми қарыншасының көлемі кішірейген,
кішкене немесе қалыпты үлкейген
оқшаулануына байланысты қарынша жүйесінің бітелуі дамуымен орта ми құрылысының жылжуы мүмкін деформация, ми қарыншаларының созылуы, мүмкін - ликворлы жолдардың бітелуі
Ликворограмма/
Ликворлық қысым
ликвордың қалыпты құрамы, қысым көтерілген ақуыз-жасушалы
диссоциациясы, қалыпты немесе жоғары қысым б.м.
Ликвордың қалыпты құрамы немесе ақуыз деңгейі аздап төмендеуі, қалыпты немесе жоғары қысымы м.б.
Неврологиялық
мәртебе/ағын сипаты
жалпы ми симптоматикасы, ошақты симптоматика сирек -VI парез ЧМН/сатысы
компенсация,
субкомпенсация және декомпенсация
жалпы ми симптоматикасы,
ошақты
симптоматика/
прогредиентті-ілгерілеуші ағым
ошақты симптоматика,
эпилептикалық синдром, ПМДТ, ДЦП/өтеу сатысы,
Субкомпенсация және
декомпенсация

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаты:
·          ЖМС қысымын төмендету;
·          дененің тік күйінде тамырлы церебралды дренаждың жұмысын жақсарту;
·          бас шеңберінің өсу жылдамдығын төмендету;
·          ми қарыншасының көлемін төмендету;
·          жалпы ми симптомын және ошақты неврологиялық симптоматиканы тоқтату.
 
Емдеу тәсілі

Дәрі-дәрмексіз  емдеу: [12]
·          қорғау тәрітбі;
·          тұз және сұйықтығы шектеулі диета.
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу:

Амбулаториялық деңгейдегі дәрі дәрмекпен емдеу:
Негізгі дәрілік заттардың тізімі (100% қолдану мүмкіндігіне ие);

Диуретиктер – бас сүйек іші және көз ішінің қысымын төмендету мақсатында:
·          ацетозаламид (диакарб 0,25 г) дәріде, кесте бойынша 3:2 65-125 мг/тәулік, күніне 1 рет, курс 10 күн;
·          фуросемид 1% ерітінді ампулада (10мг/мл), 1-2 мг/кг/тәулік, күніне 1-2 рет б/і, курсы 3 күн.
Метаболиялық терапия – калий иондарын толықтыру мақсатында:
·          калий және магний аспарагинат (аспаркам 0,35, панангин 0,3) табл., 300 – 600 мг/тәулік, күніне 2 рет, ацетозаламидоммен бірге;
Дәруменді терапия – жасуша функциясын қалыпқа келтіру, жүйке импульстарының жіберуді реттеу және бұлшықет тонусын жақсарту мақсатында:
·          пиридоксин 50 мг/мл, 50 мг/тәулік, күніне 1 рет б/і, курсы 10 күн;
·          тиамин 50 мг/мл, 50 мг/тәулік, күніне 1 рет б/і, курсы 10 күн;
·          цианокобаламин, ампуладағы ерітінді 200 және 500 мкг, 100-500 мкг/тәулік нан, күніне 1 рет б/і, курс 10 күн;
Ангиопротекторлы терапия – ми қан айналымын жақсарту, тамырлық қайтуды жақсарту мақсатымен:
·          винпоцетин табл., 2,5-5 мг-нан күніне 2-3 рет, курсы 14-21 күн;
·          гинко–билоба табл., 20-40 мг-нан күніне 2-3 рет, курсы 2-3 ай;
Нейропротективті терапия – бас миының жоғары функциясын, стресстік жағдайларда тұрақтылықты жақсарту мақсатында:
·          гопантендік қышқыл табл., 250-500-750 мг/тәулік, күніне 2 рет, курсы 2 айдан кем емес;
 
Қосымша дәрі-дәрмек құралдарының тізімі (қолдану мүмкіндігі 100%-н аз).
 
Құрысуды тоқтату мақсатында құрысуға қарсы терапия – диазепам 0,1 мг/кг/тәулік. 

Седативті терапия –ұйқы, эмоционалды фонды қалыпқа келтіру мақсатында:
·          биоамин (глицин 100 мг) дәріде, 100-300 мг/тәулік, күніне 2-3 рет, курсы 1-3 ай;
·          амино-фенилмайлы қышқыл  гидрохлоридкапсулада, еріту үшін ұңтақ, 250-750 мг/тәулік, 100-300 мг/тәулік, күніне 2-3 рет, курсы 21 күн.
 
Стационарлық деңгейдегі дәрі-дәрмекпен емдеу:

Негізгі дәрі-дәрмек құралдарының тізімі  (100% қолдану мүмкіндігіне ие);
Диуретиктер
· ацетозаламид 250 мг таблеткада, кесте бойынша 3:2 10-50 мг/кг/тәулік, күніне 1 рет, курс 10 күн
• калий және магний аспарагинаты, табл., 300-600 мг/тәулік, күніне 2 рет
• магний сульфаты 250 мг/мл ампулада, 25-50 мг/кг/тәулік, күніне 1-2 рет б/і, т/і, курс 3-5 күн

Дәріменді терапия – жасуша функциясын қалыпқа келтіру, жүйке импульстарының жіберуді реттеу және бұлшықет тонусын жақсарту мақсатында:
• пиридоксин 50 мг/мл ампулада, 50 мг/тәулік, күніне 1 рет б/і, курсы 10 күн;
• тиамин 50 мг/мл, ампулада, 50 мг/тәулік, күніне 1 рет б/і, курсы 10 күн;
• цианокобаламин, ампуладағы ерітінді 200 және 500 мкг, 100-500 мкг/тәулік, күніне 1 рет б/і, курсы 10 күн;
• магний лактатадигидраты + пиридоксин гидрохлориды, табл., 1 табл. күніне 3 рет, курсы 21 күн;
• В тобындағы дәрумендер кешені табл., 1 табл күніне 3 рет, курсы 21 күн;

Ангиопротекторлы терапия - ми қан айналымын жақсарту, венозды қайтуды жақсарту мақсатымен:
• винпоцетин дәріде, 2,5-5 мг нан күніне 2-3 рет, курс 14-21  күн;
• гинко билоба табл., 20-40 мг-нан күніне 2-3 рет, курсы 2-3 ай;

Нейропротективті терапия – бас миының жоғары функциясын стресстік жағдайларда тұрақтылықты жақсарту мақсатында:
• цитиколин 500 мг табл. 500-1000 мг/тәулік, күніне 2 рет, курсы 28 күн;
цитиколин ерітінді б/і енгізу үшін 500 мг/4 мл, 1000 мг/тәулік, күніне 1 рет б/і, курсы 10 күн;
• гопантенді қышқыл 250 мг таблетка, 250-500-750 мг/тәулік, күніне 2 рет,
курсы 2 айдан кем емес;
 
Қосымша дәрі-дәрмек құралдарының тізімі (қолдану мүмкіндігі 100%-н аз).

Құрысуды тоқтату мақсатында құрысуға қарсы терапия – диазепам 0,1
мг/кг/тәулік.

Седативті терапия – ұйқы, эмоционалды фонды қалыпқа келтіру мақсатында:
• глицин 100 мг таблетка, 100-300 мг/тәулік,күніне 2-3 рет, курсы 1-3 ай;
• амино-фенилмайлы қышқыл гидрохлорид капсулада, еріту үшін ұңтақ, 250-750 мг/тәулік, 100-300 мг/тәулік, күніне 2-3 рет, курыс 21 күн.

Гормоналды терапия ішкі жасушалы ісінуді төмендету мақсатында
 преднизолон 0,5 – 2 мг\кг\тәулік (80%);

Жедел шұғыл көмек деңгейіндегі дәрі-дәрмекпен емдеу:
• седативті, құрысуға қарсы терапия – б/і диазепам бір реттік мөлшерде  0,5
мг/кг массасы, бірақ 10 мг;
• дегидратациялық терапия: фуросемид 10мг/мл ампулада, 1-2 мг/кг/тәулік;
• оттекпен дымқылдатылған оксигенотерапия.

Емдеудің басқа түрлері:

Амбулоториялық деңгейдегі емдеудің басқа түрлері:
Бейінді мамандарда қаралу, ертерек оңалту
• физиоемдеу;
• уқалау;
• ЕДШ;
• психологты-педагогикалық түзету.
 
Стационарлық деңгейдегі басқа түрлері:  
симптоматикалық терапия (онкологиялық, эндокринологиялық, ОРИТ пульмонологиялық көмек)
• физиоемдеу;
• уқалау;
• ЕДШ;
• психологты-педагогикалық түзету.
 
Жедел шұғыл көмек деңгейіндегі емдеудің басқа түрлері: жоқ
 
Хирургиялық араласу:

Амбулаториялық жағдайда хирургиялық араласу: жоқ
 
Стационарлық жағдайда хирургиялық араласу:
•  көру жүйесінің дискісінің атрофиясы болғанда қарынша жүйесін шунтілеу
отасы жасалады.
 

Алдын алуы


Профилактикалық іс-шаралар:
• гидроцефалияның клиникалық көріністерінің ерте диагностикасы;
• бір жасқа дейінгі балаллардың бас шеңберін ай сайын өлшеу;
• егер бас шеңбері үдеп өсуінде аптасына 1 рет невролог пен нейрохирургқа қаралу керек.

 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Вейн A.M. //Вегетативные расстройства. 1998.: 2. Левин О.С., Штульман Д.Р. Неврология. Справочник практического врача. 7 издание.//Медицина. «МЕДпресс-информ», 2011. 3. Болезни нервной системы. Руководство для врачей 2 тома//Под редакцией Яхно Н.Н., Издание 4 переработанное и дополненное. Москва, «Медицина», 2005. 4. Никифоров А.С., Коновалов А.Н., Гусев Е.И.//Клиническая неврология в трех томах. Москва, «Медицина», 2002. 5 Preface. Pediatric autonomic disorders. Moodley M., SeminPediatr Neurol. 2013 Mar;20(1):1-2. doi: 10.1016/j.spen.2012.12.001. 5. Gastrointestinal manifestations of pediatric autonomic disorders Chelimsky G1, Chelimsky TC, SeminPediatr Neurol. 2013 Mar;20(1):27-30. doi: 10.1016/j.spen.2013.01.002. 6 HIV-Associated Distal Painful Sensorimotor PolyneuropatAuthor: Niranjan N Singh, MD, DNB; Chief Editor: Karen L Roos, MD 7. Postural orthostatic tachycardia syndrome (POTS) and vitamin B12 deficiency in adolescents. Öner T, Guven B, Tavli V, Mese T, Yilmazer MM, Demirpence S Pediatrics. 2014 Jan;133(1):e138-42. doi: 10.1542/peds.2012-3427. Epub 2013 Dec 23 8. Cranial autonomic symptoms in pediatric migraine are the rule, not the exception Gelfand AA1, Reider AC, Goadsby P, JNeurology. 2013 Jul 30;81(5):431-6. doi: 10.1212/WNL.0b013e31829d872a. Epub 2013 Jun 28. 9. Hereditary motor-sensory, motor, and sensory neuropathies in childhood. Landrieu P1, Baets J, De Jonghe P, ,HandbClin Neurol. 2013;113:1413-32. doi: 10.1016/B978-0-444-59565-2.00011-3. 10. Laboratory evaluation of pediatric autonomic disorders. Kuntz NL1, Patwari PP.,SeminPediatr Neurol. 2013 Mar;20(1):35-43. doi: 10.1016/j.spen.2013.01.004. 11. Alvares L.A., Maytal J., Shinnar S., Idiopathic external hydrocephalus natural history and relationship to benign familial hydrocephalus. Pediatrics, 1986. 77 901-907 12.Aicardi J Diseas of the nervous system in childhood, 3 ed London, 2013 13.Клинические вопросы детской неврологии первого года жизни, под ред. ColinKennedy 14. Заболевания нервной системы у детей. В 2-х т./Под ред. Ж.Айкарди и др.: перевод с англ.-М.:Издательство Панфилова: БИНОМ, 2013.-1036 15.Петрухин А. С. Неврология детского возраста / под ред. А. С. Петрухин. – М: Медицина, 2004. – 784 с. 16, Шток В.Н. Фармакотерапия в неврологии. Практическое руководство. Москва, 2000. – 301 с. 17.Шабалов Н.П., Скоромец А.А., Шумилина А.П. Ноотропные и нейропротекторные препараты в детской неврологической практике // Вестник Российской Военно-медицинской академии. – 2001.- Т. 5 - № 1. – С. 24-29 18.Нейрофармокология: основные лекарственные препараты и их возрастные дозы. Пособие для врачей. Санкт-Петербург. - 2005 г. 19.Трошин В.Д. Неотложная неврология, 3 изд. М., 2010.-592с. 20. Скворцов И.А. Неврология развития: руководство для врачей. М.: Литтерра, 2008. - 544 с. 21. Петрухин А. С. Неврология детского возраста / под ред. А. С. Петрухин. – М: Медицина, 2004. – 784 с. 22. Person EK, Anderson S, Wiklund LM, Uvebrant P. Hydrocephalus in children born in 1999-2002: epidemiology, outcome and ophthalmological findings. Child’s Nervous System, 2007, 23:1111-1118. 23. Wright CM, Inskip H, Godfrey K et al. Monitoring head size and growth using the new UK-WHO growth standard. Archives of Disease in Childhood, 2011, 96:386-388.

Ақпарат


Біліктілік деректері көрсетілген хаттаманы дайындаушылар тізімі:
1.  Текебаева  Латина  Айжанқызы –  м.ғ.к.,  «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ «Неврология» бөлмінің меңгерушісі;
2. Кенжеқұлова  Раушан  Базарғалиқызы  -  м.ғ.к.,  «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ жоғары біліктілік санаты бар невропатологы.
3.  Мырзалиева  Бахыткүл Жүсіпжанқызы  –  «Қазақ үздіксіз білім беру медицналық университеті» АҚ «Медициналық генетика курсымен балалар неврологиясы» кафедрасының ассистенті, бірінші біліктілік санаты бар балалар невропатологы.
4.  Бақыбаев  Дидар  Ержомартұлы  - «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ клиникалық фармаколог-дәрігер.
 
Мүдделер  қақтығысының  жоқтығын көрсету: жоқ
 
Пікір иесі:  Жақсыбаева  Алтыншаш  Хайруллақызы  -  м.ғ.д., жоғары біліктілік санаты бар невропатолог, «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ стратегиялық даму директоры,  ҚР ДСӘДМ штаттан тыс бас балалар неврологы;
 
Хаттаманы қайта қарау шарттары: Хаттаманы 3 жылдан кейін қайта қарау және/немесе одан да жоғары дәлелділік деңгейіндедиагностика/емдеудің жаңа әдістері шыққан кезде.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх