Блефарит

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Блефарит (H01.0)
Офтальмология

Анықтамасы

Анықтамасы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясында
2014 жылғы «4» шілдедегі
№ 10 хаттамасымен
бекітілген
 
Блефарит – ағымы созылмалы, қабақтың кірпіктері орналасқан шетінің қабыну ауруы.[1,3].

Хаттама атауы: Блефарит

АЖ-10 коды:
НО1 – Қабақтың басқа да қабыну аурулары
НО1.О Блефарит
H 01.1 – Қабақтың инфекциялық емес  дерматоздары
H 01.8 – Қабақтың басқа да нақты анықталған асқынулары
H 01.9 – Қабақтың анықталмаған асқынулары

Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:
БЕ - бактериалды егу
ЖТД – жалпы тәжірибе дәрігері
АІЖ – асқазан-ішек жолдары
ҚД – қант диабеті
УКС – ультракүлгін сәулелену

Хаттаманы  дайындау күні: 2014 жыл

Пациенттердің санаты: блефариттері бар аурулар

Хаттаманы пайдаланушылар: емхананың офтальмолог-дәрігері, жалпы тәжірибе дәрігерлері, терапевт, педиатр.

Жіктемесі


Клиникалық жіктелуі:
Түрлері: қарапайым, қабыршақты, ойық жаралы.
Орналасуы бойынша: алдыңғы бетте орналасқан блефарит және артқы бетте орналасқан блефарит.
Этиологиясы бойынша: алғаш рет (қабынған), қайталанған (қабынбаған) [1,2,4,5,6].

Диагностикасы


Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі :

Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер:
• Визометрия
• Биомикроскопия
• Рефрактометрия
• Скиаскопия
 
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер:
• Конъюнктивадан бөлінетін бактериологиялық егу
• Биопсия - карцинома диагнозын жоққа шығару үшін
• Демодекске кірпік мироскопиясы
• Жас жолдарын шаю
• Ширмер сынамасы.
 
Диагностикалық критерийлер***

Шағымдар мен анамнез: Науқас айқындығы түрлі деңгейдегі қышынуға, қабақ шеттерінің қызаруына, күйдіріп ауруға, қабақ ісінуіне, кірпік түбінің қабыршақтануына, конъюнктивальды қуыстан шығындылардың болуына, жас ағуына және көзге бөгде зат түскендей сезім болуына.
 
Физикалық тексеру: жалпы қарағанда қабақ шеттерінің терісі ісінген, гиперемияланған, қабыршақ, іріңді қабық, көпіршікті бөлінді не конъюктиваның ісінуі болуы мүмкін.
 
Зертханалық зерттеулер: Қайталамалы блефариттерде, емнің нәтижесі болмаса – антибиотиктерге сезімталдықты анықтайды. Демодекозды блефаритке күдік туғанда – демодекске кірпік микроскопиясы
 
Аспаптық зерттеулер:
- Визометрия – көру өткірлігінің төмендеуі
- Биомикроскопия – жас қабықшасын бағалау, қабақтың маргинальды шетінің қалыңдауы мен ісінуі, қабыршақты блефаритте кірпік түбінде қабыршақтың, ал ойық жаралы блефаритте іріңді қабықтың болуы, кірпіктердің дұрыс өспеуі және түсуі, конъюнктиваның ісінуі, мүйізді қабат эпителиінің  ақаулығы.
- Рефрактометрия – аметропия түрін анықтау, оны  кейіннен түзету үшін.
 
Мамандардың кеңесі үшін көрсетімдер:                  
- Дерматолог, аллерголог – атопиялық, себореялы дерматит, акнерозацеа, экзема, демодекоздың болуы;
- Гастроэнтеролог – АІЖ ілеспелі ауруларының (гастрит, колит және т.б.) болуы;
- Эндокринолог – қант диабетінің болу.

Дифференциалды диагноз


Сараланған диагноз:
Блефаритті қабақ карциномасымен саралап ажырату керек.
Карцинома көріністері: емнің нәтижесіз болуы, ұзақ уақытқа созылған бір жақты блефариттің болуы, қабақ карциномасының цитологиялық дәлелденуі.

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаты: ауруға әкелген себепті жойып, тұрақты оңалуға қол жеткізу, асқынулардың алдын алу (теріскен, халазион, трихиаз, қабақ шеттерінің өзгеруі, созылмалы конъюнктивит, кератит).
 
Емдеу тәсілі***:
дәрі-дәрмексіз емдеу: гипоаллергенді диета, дымқыл компрестер, аметропия коррекциясы.
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу (амбулаториялық):

Жалпы негіздері:
- қабақты 0,02% фурациллин ерітіндісімен, калий перманганатымен 1:10000, 1 % бриллиант көгінің спиртті ерітіндісімен өңдеу.
- жақшада аталған антибиотиктердің біреуін  конъюнктивальды қуысқа енгізу (0,25% хлорамфеникол ерітіндісі  1 тамшыдан күніне 3 рет, 0,3% тобрамицин 1 тамшыдан күніне 3 рет, 0,3% гентамицин ерітіндісі 1 тамшы күніне 3 рет, 0,3% ципрофлоксацин ерітіндісі 1 тамшы күніне 3 рет, левофлоксацин 0,5% ерітіндісі 1 тамшы күніне 3 рет, офлоксацин 1 тамшы күніне 3 рет).
- қабақ шеттеріне құрамында кортикостероидтар, антибиотиктер және олардың құрамасы болып келетін жақпаларды жағу (0,5%, 1% гидрокортизонды көз жақпасы, 1% эритромицинді көз жақпасы, тетрациклинді көз жақпасы, тобромицин көз жақпасы, офлоксацин көз жақпасы, дексаметазон+тобрамицин көз жақпасы, дексаметазон+неомицин+полимиксин көз жақпасы – қабақ шетіне жағу және төменгі қабаққа күніне 2 рет қою).
- метронидазол 0,25г күніне 2 рет 10 күн бойы [5, 6 бет]
Ескерту: Демодекоз кезінде кортикостероидтарды қолдануға болмайды, себебі олар жергілікті иммунитетті төмендетеді де, кене санын арттырады.
Кератит дамыған жағдайда – кортикостероидтарды қолдануға болмайды.

Негізгі дәрі-дәрмектің тізімі

І. Антисептиктер:
1. Фурациллин 0,02% ерітіндісі
2. Калий перманганатының сулы ерітіндісі 1:5000
3. Бриллиант көгінің спиртті ерітіндісі 1%

ІІ. Антибиотиктер:
1) Хлорамфеникол 0,25% ерітіндісі, көзге тамшылары
2) Гентамицин 0,3% ерітіндісі, көзге тамшылары
3) Тобрамицин 0,3% ерітіндісі, көзге тамшылары
4) Ципрофлоксацин 0,3% ерітіндісі, көзге тамшылары
5) Левофлоксацин 0,5% ерітіндісі, көзге тамшылары
6) Офлоксацин көзге тамшылары 

ІІІ. Көз жақпалары
1) Эритромицин1% көз жақпасы
2) Тетрациклин 1% көз жақпасы
3) Тобрамицин көз жақпасы
4) Офлоксацин көз жақпасы

ІV. Кортикостероидтар
1) Гидрокортизон 0,5 %, 1% көз жақпасы
2) Дексаметазон 0,1% көз тамшылары

V. Құрамдастырылған (антибиотик + кортикостероидтар)
1) Дексаметазон + тобрамицин көз тамшылары, көз жақпасы
2) Дексаметазон + неомицин + полимиксин көз тамшылары, көз жақпасы
Ескерту: балаларға хлорамфеникол – көз тамшылары 0,25%, левофлоксацин, тобрамицин, офлоксацин көз тамшылары және 8 жастан бастап тетрациклин көз жақпасын қолданады. Ципрофлоксацин көз тамшылары 8 жастан асқан балаларға қолдануға болады.
Қосымша дәрі-дәрмектердің тізімі:
- Метронидазол табл 0,25г (250мг).
 
Емдеудің басқа түрлері: мейбомиев бездерінің функциясы бұзылғанда қабаққа массаж, физиотерапия (УВЧ терапия, магнитотерапия, антибиотик пен витамин ерітінділерімен электрофорез, УФО, дарсонвализация); трихиаз кезінде кірпік баданаларының электролизі (диатермокоагуляция).
 
Хирургиялық араласу: халазион (алып тастау), трихиаз, қабақтың ішке не сыртқа айналып кетуі (қабақ пластикасы) тәрізді асқынулар кезінде.

Пациентті әрі қарай жүргізу: қабақты антисептикалық ерітінділермен уақтылы дұрыс өңдеуді, жақпа жағуды, тамшыларды тамызуды, қабаққа массаж жасауды үйретеді. Көптеген жағдайларда аурудың ағымы созылмалы, қайталанбалы болса да, тұрақты емдеген жағдайда ауру нәтижесі оң болады.
 
Емдеудің тиімділік критерийлері: симптомдардың жойылуы: қабақ шеттерінің қызаруы мен ісінуі, қышынуы, жас ағуы, бөгде дененің болу сезімі, кірпік түбіндегі қабыршақтану мен іріңді қабықтың болуы, конъюнктивальды қуыстан шығындылардың.

Алдын алуы

 
Профилактикасы: қабақ шеттерінің гигиенасы, алдыңғы көз бұрышы ауруларын алдын алу, жалпы иммунитетті көтеру.
 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1) В.И. Морозов, А.А.Яковлев, Фармакотерапия глазных болезней 1989г «Медицина» 237с. 2) Под редакцией проф. Е.А.Егорова «Неотложная офтальмология» 2004г, «ГЭОТАР - Медиа» 182с. 3) В.И.Морозов, А.А.Яковлев «Фармакотерапия глазных болезней», 2004г «Медицина» 543с. 4) Г.И. Должич, Р.Р. Должич Офтальмология 2008г, «Феникс» 286с. 5) Акад. РАМН ЛК Мошетова, акад. РАМН А.П. Нестеров, проф. Е.А.Егоров «Клинические рекомендации» Офтальмология 2006г. «ГЭОТАР - Медиа» 238с. 6) Джек Дж.Кански, Брэд Боулинг Атлас справочник. Офтальмология 2009г, «Мед. лит.» 177с. 7) Ю.С. Астахов, Г.В. Ангелопуло, О.А. Джалиашвили справочное пособие, Глазные болезни 2001г, «Спец. лит»240с. 8) Smith R.E. Flowers C.W Chronic blepharitis a review, 1995 – vol 21, №3 – p 200-207.

Ақпарат

Біліктілік деректері көрсетілген хаттаманы дайындаушылар тізімі:
1.Әжіғалиева М.Н. – дәрігер-офтальмолог, «Көз аурулары» ҚАҒЗИ» консультативтік-оңалту бөлімінің жоғары біліктілік санатты дәрігері
2. Муравьева Л.А. – «Көз аурулары» ҚАҒЗИ» консультативтік-оңалту бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер
3. Макалкина Л.Г. –   м.ғ.к. PhD, "Астана медицина университеті"АҚ «Фармакология және фармакотерапия» кафедрасының меңгерушісі
 
Мүдделер  қақтығысының  жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Пікір иесі: Долматова И.А. м.ғ.д. - Қазақ–Ресей медицина университетінің «Офтальмология» курсының меңгерушісі.
 

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх