Конъюнктивит

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Конъюнктивит неуточненный (H10.9)
Офтальмология

Анықтамасы

Анықтамасы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясында
2014 жылғы «4» шілдедегі
№ 10 хаттамасымен
бекітілген
 
Конъюнктивит – қабақтың ісінуімен, гиперемиямен, қышынумен көрінетін; кейде көрудің бұзылуымен болатын мүйізді қабықтың бұзылысымен сипатталатын конъюктиваның түрлі әсерлерге қабыну реакциясы. Конъюнктивиттер барлық көз патологиясының 30% құрайды және балаларда бактериальды конъюнктивиттер жиі кездеседі (Федоров, Ярцева, Исманкулов./“Глазные болезни”/Москва/2005).
Хаттама атауы: Конъюнктивит
Хаттама коды:
ХАЖ-10 коды

Н10 - Конъюнктивит
H 13.1 – Басқа тақырыптамаларда жіктелген аурулардағы жедел конъюнктивит
Н 13.2 - Басқа тақырыптамаларда жіктелген аурулардағы  конъюнктивит

Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар: жоқ
Хаттаманы  дайындау күні: 2014 жыл
Пациенттердің санаты: ересектер, балалар.
Хаттаманы пайдаланушылар: офтальмолог-дәрігерлер, жалпы тәжірибе дәрігерлері, терапевт, педиатр, фельдшерлер.

Жіктемесі


Клиникалық жіктелуі:

Ағымы ұзақтығы бойынша::
1. жіті (ұзақтығы 4 аптаға дейін)
2. созылмалы (4 аптадан көп)

Этиологиялық фактор бойынша:
1. Бактериальды
2. Вирусты
3. Аллергиялық
4. Аутоиммунды
5. Хламидиялық
6. Химиялық не механикалық әсердің нәтижесінде дамыған.
(Федоров, Ярцева, Исманкулов./“Глазные болезни”/Москва/2005).
 

Диагностикасы


Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі :

Негізгі диагностикалық тексерулер: анамнез жинау, объективті зерттеу (биомикроскопия), көру өткірлігін тексеру, физикальды тексеру.

Қосымша диагностикалық шаралар: флюоресцинмен бояу, сүртіндіні микроскопиялық зерттеу, конъюнктиваның шығындысын егу.

Жоспарлы госпитальдауға жіберу үшін минимальды тексеру тізімі: жоспарлы госпитальдау көрсетілмеген

Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер: анамнез жинау, объективті зерттеу (биомикроскопия), көру өткірлігін тексеру, физикальды тексеру, сүртіндіні микроскопиялық зерттеу, конъюнктиваның шығындысын егу.

Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер: жас өнімін бағалау, флюоресцеинмен бояу.

Жедел шұғыл медициналық көмек деңгейінде жүргізілетін  диагностикалық тексерулер:  анамнез жинау,  физикальды тексеру.

Диагностикалық критерийлер***
Шағымдар мен анамнез: Ауру жедел дамиды, “қабақтың жабысуы”, көздің кесіп ауруы, қышыну (көбінесе аллергиялық реакциялармен байланысты), конъюнктивальды қуыстан көп мөлшерде шырышты, іріңді сұйықтықтың ағуы, кейде жарықтан қорқу тәрізді субъективті белгілерімен көрінеді.

Физикалды тексеру:

Объективті: блефароспазм, қабақ пен көз алмасы конъюнктивасының  ісінуі, қалыңдауы, гиперемиясы.


Диагностикалық
белгісі
Бактериальды
конъюнктивит
Вирусты
конъюнктивит
Аллергиялық конъюнктивит
Шығындылар мен олардағы жасушалар Іріңді, нейтрофильдер Шырышты, сулы, мононуклеарлы
жасушалар
Шырышты – тұтқыр, созылғыш, эозинофильдер
Қабақ ісінуі Орташа Жоқ Айқын блефароспазм
Симптомдар Күйдіру Қышыну, күйдіру, ауру сезімі Қышыну
Біржақты/ екіжақты процесс Біржақты Біржақты  Екіжақты 
Конъюнктиваның гиперемиясы Орташа Айқын Орташа
Лимфа түйіндері Ұлғаймаған Құлақ маңындағы л/т ұлғайған Ұлғаймаған
 
Зертханалық зерттеулер:
Сүртіндіні микроскопиялық зерттеу нәтижесінде қоздырғышты анықтау. Конъюнктивальды қуыстан алынған патологиялық шығындыны егудегі өсуді анықтау.
 
Аспаптық зерттеулер:
Биомикроскопия – конъюнктива гиперемиясы мен борпылдақтығы.  Фолликулалардың ұлғаюы, эксудативті қабықтың пайда болуы.
Диагностикалық критерийлер:
 
Бейінді мамандардың кеңесі үшін көрсетімдер:  
Аллерголог – конъюнктивит этиологиясын анықтау үшін (аллергиялық).
Комбустиолог – химиялық күйіктен дамыған конъюнктивит кезінде.
Фтизиатр – конъюнктивит этиологиясын анықтау үшін
Венеролог – гонококпен шақырылған конъюнктивит кезінде
 

Дифференциалды диагноз


Сараланған диагноз:
 

Нозология Конъюнктивитке тән емес симптомдар
Құрғақ кератоконъюнктивит Жас өнімінің төмендеуі, бөгде заттың болуы тәрізді сезім, конъюнктиваның түбір асты инъекциясы, мүйізді қабық синдромы, флюоресцеинмен бояу кезінде мүйізді қабықтағы нүктелі эрозия.
Блефарит
 
Қабақ ісінуі, шығынды жоқ, қабақтың интрамаргинальды шетінің қабынуы, қабақты басқан кезде мейбомиев өзекшелерінен шығындының болуы.
 
Иридоциклит Саусақпен басып тексергенде цилиарлы ауырудың болуы, конъюнктиваның іркілу инъекциясы, қарашықтың тарылуы, жарыққа ригидті реакция (алдыңғы не артқы синехиялардың болуы мүмкін), мүйізді қабық ісінуі және преципитаты.
 
Глаукоманың жедел ұстамасы Конъюнктиваның айқын іркілу инъекциясы, тұйық ауру сезімі, көзішілік қысымның жоғарылауы, мүйізді қабықтың ісінуі, қарашықтың кеңеюі, жарыққа сезімталдықтың болмауы.
 

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаты: Қоздырғышты анықтап, конъюнктивадағы қабыну үдерісін тоқтату.
 
Емдеу тәсілі:

Дәрі-дәрмексіз емдеу:  
- кератит дамуын болдырмау мақсатында көзді таңып тастауға болмайды.
- инфекция түспеу үшін көзді ағынды суға жанастырмау.
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу:

Конъюнктивальды қуыстан бөлінген шығындыларды механикалық алып тастау үшін, көзді антисептиктермен - 1% повидон-йодид не калий перманганатының ерітіндісімен шаяды.
Бактерияға қарсы емдеу іріңді шығындылар болғанда 3-7 күнге тағайындалады. Конъюнктивалды қапшыққа антимикробты дәрілік препараттарды алғашқы күндері 2-4 сағат сайын тамызады, қабыну процесі басылған соң тәулігіне 3-6 ретке дейін азайтады. Емдеу уақыты 7-10 күн.
Бактерияға қарсы емдеу: хлорамфеникол 0,25% көз тамшылары – бірінші қатар антибиотигі (балаларға 1 жастан  8 жасқа дейін – әр көзге 1  тамшы күніне 3-4 рет, 8 жастан асқан балаларға және ересектерге әр көзге 1 тамшы күніне 3-4 рет. Емдеу уақыты 5-7 күн), Офлоксацин 0,3% көз тамшылары (Ересектер мен балаларға: конъюнктивальды қапқа 1-2 тамшыдан күніне 3-4 рет. Емдеу уақыты 12-14 күн).
Натрий сульфацетамид көз тамшылары, (конъюнктивальды қапқа тамызады: ересектерге 30% ерітінді 1-2 тамшыдан күніне 2-3 рет; балаларға: 20% ерітіндіні 1 жастан 1-2 тамшыдан күніне 2-3 рет, жаңа туылған балаларға туылған соң 2 тамшыдан, 2 сағаттан соң 2 тамшы тамызады. Емдеу уақыты 5-7 күн және ауру ағымына байланысты), неомицин 0,5% көз тамшылары (Ересектерге: конъюнктивалды қапқа 1-2 тамшыдан әр 1-2 сағат сайын 1 күн бойына, мөлшерді ақырындап төмендетеді 1-2 тамшы күніне 3-4 рет. Емдеу уақыты 7 күннен артық емес. Балаларға 6 жастан: конъюнктивальды қапқа 1-2 тамшыдан әр 3 сағат сайын 2-3 күн бойына, мөлшерді ақындап төмендетеді 1-2 тамшы күніне 2-3 рет. Емдеу уақыты 7 күннен артық емес).
Аллергиялық конъюнктивитте – антигистаминді препараттар: олопатадин 0,1% көз тамшылары  (Ересектерге: конъюнктивальды қапқа  1-2 тамшыдан күніне 3-4 рет. Емдеу уақыты 10 күн. 1 жастан бастап: 1 тамшыдан күніне 3 рет. Емдеу уақыты 10 күннен артық емес). Натрий кромогликаты 2%, көз тамшылары (Ересектерге: конъюнктивальды қапқа 1-2 тамшыдан күніне 3-4 рет. Емдеу уақыты 10 күн. 4 жастан былайғы балаларға: 1-2 тамшыдан күніне 3-4 рет. Емдеу уақыты 10 күн ).
Вирустық үдерісте – вирусқа қарсы емдеу: интерферон-альфа, көз тамшылары  (Ересектер мен балаларға: конъюнктивальды қапқа 2-3 тамшыдан күніне 3-10 рет, қабыну басыла бастаса емді 6-5-4-3 рет азайтады. Емдеу уақыты 12-14 күн).
 
Амбулаториялық деңгейдегі дәрі-дәрмекпен емдеу

- негізгі дәрі-дәрмектердің тізімі:  
1. Хлорамфеникол 0,25% көз тамшылары 
2. Натрий сульфацетамиді  30% көз тамшылары (балаларда натрий сульфацетамид 20% көз тамшылары).
3. Натрий кромогликаты 2%, көз тамшылары
4. Неомицин 0,5% көз тамшылары
5. Офлоксацин 0,3% көз тамшылары
6. Олопатадин 0,1% көз тамшылары

- қосымша дәрі-дәрмектер тізімі:  
1. Диклофенак 0,1% көз тамшылары
2. Тобрамицин 0,3% көз тамшылары
3. Интерферон – альфа көз тамшылары
4. Повидон-Йодид 1% көз тамшылары
 
Жедел шұғыл медициналық көмек деңгейіндегі дәрі-дәрмекпен емдеу:
1.Хлорамфеникол 0,25% көз тамшылары
2. Натрий сульфацетамиді 30% көз тамшылары (балаларда натрий сульфацетамид 20% көз тамшылары).
3. Натрий кромогликаты 2%, көз тамшылары
 
Емдеудің басқа түрлері: көрсетілмеген.
 
Хирургиялық араласу: көрсетілмеген.

Әрі қарай жүргізу:
Жедел конъюнктивитпен ауырған науқасты сауыққанға дейін бақылау, созылмалы конъюнктивитпен ауырған науқасты амбулаториялық деңгейде бақылайды, окулиске жүйелі түрде қаралу.
 
Емдеудің тиімділік критерийлері: ауру асқынуы және таралуының болмауы

Ауруханаға жатқызу

Жоспарлы  госпитальдау үшін көсетімдер: этиологиясы белгісіз болған жағдайда емнің нәтижесіздігі, ауыр асқынулардың дамуында (мүйізді қабық ойық жарасы) шұғыл госпитальдау.

Алдын алуы

 
Профилактикалық іс-шаралар:
Алғашқы профилактика конъюнктивит дамуының алдын алу мақсатында жеке гигиенаны сақтау, инфекция агентімен не аллергенмен жанаспау, инфекция ошағына санация жасау, өзін өзі емдеумен айналыспау және дәрігердің тағайындауларын орындау.
 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Mahvan T.D., Hornecker J.R., Buckley W.A., Clark S.The Role of Besifloxacin in the Treatment of Bacterial Conjunctivitis/Ann Pharmacother. 2014 Feb 2. AmericanAcademyofOphtalmology.Guideline.ConjunctivitisPPP - 2013 3. Clinical Knowledge Summaries. ProdigyGuidance.Conjunctivitis – infective.2004. National Institute for Health and Care Excellence. 4. ProdigyKnowledge. ProdigyGuidance.Conjunctivitis – allergic.2004 5. InternationalCouncilofOphtalmology. Guideline.Conjunctivitis. 2010. 6. Sheikh A., Hurvitz B., Antibiotics versus placebo for acute bacterial conjunctivitis.CochraneDatabaseSystRev. 2012;9:CD001211 7. Доказательная медицина. Ежегодный справочник. 2003 – Часть 7. 2314-2321. 8. Федоров С.Н., Ярцева Н.С., Исманкулов А.О. Глазные болезни: Учебникдля студентов медицинских вузов. – 2-е изд. – М.: 2005.– 440 с.

Ақпарат

Біліктілік деректері көрсетілген хаттаманы әзірлеушілер тізімі:
1. Оразбеков Л.Н. – м.ғ.к., «Көз аурулары» КазҒЗИ бірінші бөлімінің меңгерушісі (Алматы).
2. Ерболұлы М.Е. – «Көз аурулары» КазҒЗИ бірінші бөлімінің офтальмолог-дәрігері (Алматы).
3. Бахытбек Р.Б. - «Көз аурулары» КазҒЗИ  стационарының офтальмолог-дәрігері (Алматы).
4. Макалкина Л.Г. – м.ғ.к. PhD , "Астана медицина университеті" АҚ «Фармакология және фармакотерапия» кафедрасының меңгерушісі.

Мүдделер  қақтығысының  жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Пікір иесі: Долматова И.А. м.ғ.д. - Қазақ–Ресей медицина университетінің «Офтальмология» курсының меңгерушісі.
 

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх