Миопия

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Миопия (H52.1)
Офтальмология, Офтальмология детская

Анықтамасы

Анықтамасы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясында
2014 жылғы «4» шілдедегі
№ 10 хаттамасымен
бекітілген
 
Миопия (жақыннан көргіштік) - нақты тұлғаның көз қарашығы алдындағы затқа көздің оптикалық жүйесінің негізгі фокусының орналасуы, өлшенбеген (аметропикалық) көздің клиникалық рефракциясы.
Миопия ауруы - көздің шыны тәрізді денесінің және түбірінің зақымдануы, қайтымсыз өзгерістерімен жүретін, жақыннан көргіштіктің асқынған түрі.

Хаттама атауы: Миопия

Хаттама коды:

ХАЖ-10 коды: Н 52.1- Миопия

Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:

Дптр - диоптрия
ААӨ - көз алмасының алдыңғы- артқы өлшемі
ККГД - көздің көлденең – горизонтальды диаметрі
ЭРГ - электроретинография
ЭФЗ - электрофизиологиялық зерттеу

Хаттаманы  дайындау күні: 2014 жыл

Пациенттердің санаты: балалар және ересектер

Хаттаманы пайдаланушылар: офтальмолог-дәрігерлер, ЖПД, терапевтер, педиатрлар, фельдшерлер

Жіктемесі


Клиникалық жіктелуі
Әр көздегі айқындылық дәрежесі бойынша:
  1. төменгі дәрежелі (3,0 дптр)
  2. орта дәрежелі (3,25-6,0дптр)
  3. жоғары дәрежелі (6,25 дптр жоғары)
Ағымы бойынша :
  1. стационарлы
  2. баяу өршитін (жыл бойы1,0 дптр дейін)
  3. жылдам өршитін (жылына 1,0 дптр жоғары)
Ауырлану факторлары бойынша:
  1. асқынбаған (көз түбі өзгеріссіз)
  2. асқынған ағымды көріністермен (көз түбінде алғашқы ерекшеленетін  өзгерістердің пайда болуы)
Формасы бойынша:
- Хориоретинальды: а) дискмаңылық; в) макулярлы «құрғақ» немесе «ылғалды» нысандары; г) перифериялық; д) жайылған;
- Витреальды,
- Геморрагиялық;
- Аралас;
Морфологиялық өзгерістер кезеңі бойынша: бастапқы, дамыған, аса дамыған
в) қатерлі ( миопиялық ауру);
Қос көзде анықталу дәрежесі бойынша:
  1. изометропиялық (рефракциялар теңдігі)
  2. анизометропиялық (рефракциялар теңсіздігі 0,5 дптр және одан аса)
Астигматизмнің бар-жоқтығы бойынша: астигматизммен, астигматизмсіз;
Сондай-ақ балалардағы жақыннан көргіштік пайда болу тегі бойынша төмендегідей:
  1. туа біткен;
б) тұқым қуалайтын;
в) жүре пайда болған :
- ерте жаста ( мектепке дейін)
- кеш (мектепте оқу кезеңінде);
(Кузнецова М.В., 2004)

Диагностикасы


Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі:

Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер:
-Көру жітілігін тексеру;
-Биомикроскопия
-Офтальмоскопия (түзу, кері)
-Рефрактометрия (балаларда қосымша скиаскопия)
-Көз УДЗ;

Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер:
-Периметрия (7 жасқа дейін)
-Тонометрия

Жоспарлы госпитальдауға жіберу кезінде жүргізуге қажетті тексерудің минимальді тізімі:
-Циклоскопия
-Периметрия ( 7ж дейін)
-Рефрактометрия (балаларда қосымша скиаскопия)
-Көз УДЗ;

Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер :
-Көру жітілігін тексеру
-Тонометрия
-Биомикроскопия
-Офтальмоскопия
-Көз УДЗ және Эхобиометрия
-Рефрактометрия (ересектерде)
-Скиаскопия (балаларда)

Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер:
Периметрия (7 жасқа дейін).
-Циклоскопия
-ЭФИ: ЭРГ, көру нервінің өткізгіштігін анықтау;

Жедел шұғыл көмек көрсету кезінде өткізілетін диагностикалық шаралар: жүргізілмейді.

Диагностикалық критерийлер:

Шағымдар және анамнезі: қос немесе бір көздің кезеңдеп немесе өршитін көру қабілетінің төмендеуіне шағымданады.

Физикалық тексерулер: алдыңғы кесінді өзгеріссіз, көз түбінде – көз торы жұқарған. Периферияда – көз торының бұзылу дегенеративті аймағы жұқарған, тесілген.

Зертханалық тексерулер: ерекшеленбеген

Аспаптық тексерулер :
-Көру жітілігін тексеру (түзелетін және түзелмейтін көру жітілігінің төмедеуі )
-Офтальмоскопия (артқы кесіндінің дегенеративті өзгерістері (ДЗН миопиялық конус және стафилома; Фукс макула – дағы; орталық хориоретинальді дистрофия))
-Авторефрактометрия (балаларда скиаскопия) (миопия рефракциясы дәрежесінің өсуі)
-Эхобиометрия (ААӨ, ККГД ұлғаюы, артқы кесінді жағдайы)
-ЭФИ (ЭФИ көрсеткіштерінің төмендеуі)
-Периметрия (перифериялық көру аймағының тарылуы)

Мамандар кеңесі үшін көрсетімдер:
Дәрігердің кеңесі- генетика: туа біткен миопия кезінде Даун, Марфан синдромдарын жоққа шығару үшін.

Дифференциалды диагноз

Сараланған диагноз:
 

Нозология Сараланған диагностикалық көрсеткіштер
Кератоконус
 
Өршитін ауру
12-15 жас аралығында жиі кездеседі
Көбіне әйелдерде кездеседі
Әдеттегідей, қос көзі де зақымданады
Бастапқы кезеңіндегі  диагностика қиындық тудырып, диагноз соңғы сатысында қойылады
Туа біткен аурулармен қосарлануы мүмкін(пигментті дегенерация, Даун синдромы, көз склерасының көгеру синдромы, нейрофиброматоз, нистагм)
 
Аккомодация спазмы
 
Астенопия
Затты көз алдына жақындатуға тырысу
Көру жітілігінің ауытқуы
Спазмның пассивті босаңсуы әсерінен оң әйнегі барлардың алыстан көру жітілігін арттырады
Конусын мұрнына қаратып призма тәрізді етіп түзету
көру жітілігін арттырады
Аккомодация көлемін азайтады
Циклоплегия биіктігінде рефракция азаяды
Өршуге бейім
Аз уақытта рефракцияның секірмелі  күшеюі
Бинокулярлық көрудің тұрақсыздығы
 

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаты:

миопиялық үрдісті тұрақтандыру, көру функциясын жақсарту
 
Емдеу тактикасы:
Ересектерді дәрі-дәрмексіз емдеу:

  1. көзілдірікті ауыстырып тұру
  2. Аветисов-Мац бойынша жаттығу
  3. Дашевский бойынша жаттығу
  4. « Relax», «Eye» компьютерлік томографиясы
  5. амблиокор

Көру режимін сақтау:
Оқу кезінде:

  1. Кітап шрифт жақсы көрінетін  аймақтағы  қашықтықта  және иектен төмен деңгейде болу қажет;
  2. Кітаптың бірнеше бағанын оқып болғасын, көзді алыс тұрған затқа қарау керек  (1-2 сек);
  3. Оқу кезінде көзді жиі жыпылықтату керек, негізі әр баған соңында жасаған оңайырақ;
  4. Көзге жүктемені азайту үшін әрбір жаңа жолдың соңында көзді 1-2 секундқа жұмған пайдалы.
  5. Күн өте жарық түсіп тұрған жерде оқуға болмайды, себебі шағылған күн сәулелерінен көз тез шаршайды және көзге асыра жүктеме түседі;
  6. Әр түрлі стресті жағдайда, өте қатты шаршағанда және бас қатты аурғанда, оқуға болмайды;
Жазғанда:

1.Жиі жыпылықтату;
2. Телебағдарламаларды  қарағанда  экран арасындағы арақашықтық 2-3м-ден кем болмауы керек;
Автокөлік жүргізгенде :
Автоқозғалыс кезінде жүргізуші дұрыс қалыпты таңдау керек: мойынның жоғарғы бөлігі омыртқамен  бір сызық бойында болу керек;
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу:
Мидриатиктер мен циклоплегиктер:
Тропикамид 0,5% 1,0 көз қарашығын кеңейту үшін 2 тамшыдан күніне 2 рет;   Циклопентолат 1.0% 2 тамшыдан күніне 2 рет;
Атропин 1,0% 2 тамшыдан күніне 2 рет;
- нейропротекторлар :
Ретиналамин 5.0 мг 0.5 мл парабульбарлы;
Метилэтилпиридинол 1.0% 2.0 б/е;
 
- Дәруменді терапия:
Цианкобаламин- 1,0 мл. б/е;
Пиридоксин - 1,0 мл. б/е;
Аскорбин қышқылы 5.0% -2.0 б/е;
 
Амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен емдеу:
− негізгі дәрі-дәрмектердің тізімі;
-Тропикамид 0,5% 1,0 көз қарашығын кеңейту үшін 2 тамшыдан күніне 2 рет;
Циклопентолат 1.0% 2 тамшыдан күніне 2 рет ;
Қосымша дәрілік заттар тізімі:
-Атропин 1,0% 2 тамшыдан күніне 2 рет ;
Стационарлық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмекпен емдеу:
Негізгі дәрі-дәрмектердің тізімі:
-Циклопентолат 1.0% 2 тамшыдан күніне 2 рет;
-Атропин 1,0% 2 тамшыдан күніне 2 рет;
-Ретиналамин парабульбарлы 5 мг тәулігіне 1рет;
-Метилэтилпиридинол 1.0% 2.0 бұлшықетке
Қосымша дәрілік заттар тізімі:
• Аскорбин қышқылы 5.0% - 2.0 б/е;
• Цианкобаламин - 1,0 мл.б/е;
• Пиридоксин - 1,0 мл. б/е;
Шұғыл түрде госпитальдау: жүргізілмейді.
 
Емдеудің басқа түрлері: көз торына перифериялық лазербарраж;
Емханада жүргізілетін емдеудің басқа түрлері: көз торына перифериялық лазербарраж;
Жедел шұғыл медициналық жәрдем деңгейіндегі емдеудің басқа түрлері: жүргізілмейді;
 
Хирургиялық  араласулар: рефракционды оталар;
емханалық деңгейде көрсетілетін хирургиялық араласу:
-Эксимерлазерлі  хирургия (LASIK, PRK)
Көрсетім - жоғары дәрежелі анизометропия.
- Линзаны имплантаттау.
Көрсетім - алыстан көргіштік +10.0 Д дейін.
- жақыннан көргіштік -20.0 Д дейін.
- астигматизм 6.0 Д дейін.
Стационарлы деңгейдегі хирургиялық араласу:
Көз қарашығын рефракциялық алмастыру.
Көрсетім:   - 20 және одан жоғары диоптриясы бар  миопия 
- +20 одан жоғары диоптриясы бар  гиперметропия
- глаукомаға даму қауіпін тудыратын  жоғары дәрежелі  алыстан көргіштік;
Линзаны  имплантаттау.
Көрсетім: - алыстан көргіштік +10.0 Д  дейін .
- жақыннан көргіштік -20.0 Д дейін.
- астигматизм 6.0 Д дейін.

Әрі қарай жүргізу: окулисте тексерілу, жылына 2 рет қаралу (көру жітілігін, рефракция, эхобиометрикалық көрсеткіштерін және көз түбі жағдайын бағалау);
 
Емдеудің тиімділік критерийлері:
-түзелетін және түзелмейтін көру жітілігінің жақсаруы;
-динамикада ААӨ, ККГД эхобиометрия көрсеткіштерін тұрақтандыру

Ауруханаға жатқызу


Госпитальдау түрін көрсетумен госпитальдау үшін көрсетімдер:
Жоспарлы госпитальдау ересектерде лазерлік, хирургиялық түзетулерді жасау мақсатында жүргізіледі. Балаларда госпитальдауға көрсетімдер: перифериялық хориоретинальды дегенерация, амблиопатия, қылилық. Шұғыл госпитальдау жүргізілмейді.

Алдын алуы


Профилактикалық іс-шаралар: жүктемені азайту, жылына 2 рет трофикалық терапия курсын өту.
 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Кузнецова М.В./Причины развития близорукости и ее лечение/Казань: МЕДпресс-информ, 2004-176 с. 2. Виблая И.В. Миопия детей как актуальная проблема общественного здоровья и здравоохранения Кемеровской области / И.В. Виблая [и др.] // Вестник Кузбасского научного центра. - Вып. № 11 «Актуальные вопросы здравоохранения». - 2010. 3. Нефедовская Л.В. Миопия у детей как медико-социальная проблема // Российский педиатрический журнал. - 2008. - № 2. 4. Zadnik Karla, Mutti Donald Постановка диагноза близорукость. 2002г. 5. Фёдоров С.Н., Комарова М.Г., Кожухов А.А. Применение трансцилиарной факоимульсификации и витрэктомии при лечении осложнённой миопии высокой степени. 2000г. 6. Аветисов, Э.С. Транссклеральное лазерное воздействие на ослабленную при миопии цилиарную мышцу / Э.С.Аветисов, Г.Л. Губкина, Е.Б., Аникина, Е.И. Шапиро: тез. докл. международного симпозиума. М., 2001. 7. Акопян, Н.О. Чрезкожная электростимуляция в лечении миопии у детей / Н.О. Акопян // Современные методы лечения в офтальмологии: сборник научных статей Нальчик, 2002. 8. Багдасарова, Т.А. Экспериментальное исследование влияния нового материала для "инъекционной" склеропластики на ткани глаза / Т.А. Багдасарова., A.A. Федоров // Вестник офтальмологии. 2000. -№ 1. 9. Беляев, B.C. Отдаленные результаты хирургической профилактики и коррекции прогрессирующей близорукости / B.C. Беляев, Н.В. Душин // Вестник офтальмологии.- 2001. № 6 10. Иомдина, Е.М. Биомеханика склеральной области глаза при миопии: диагностика нарушений и их экспериментальная коррекция: автореф. дис.д-ра биол. наук / Е.М. Иомдина. М., 2000. С 11. Кожанова, М.И. Причины развития близорукости и ее лечение / М.И. Кожанова, Т.П.Тетерина, М.В. Кузнецова. Казань: МЕДпресс-информ, 2004. 12. Коновалова, H.A. Опыт применения компьютерной программы «Relax» в комплексном лечении пациентов с миопией и нарушениями аккомодации / тез. докл. международного симпозиума. М., 2001. 13. J. Cooper et al. Current Status on the Development and Treatment of Myopia, optometry, 2012. May 14. J. Sivak The causes of myopia and the efforts that have been made to prevent it. Clin Exp. Optom., 2012. Nov

Ақпарат

Біліктілік деректері көрсетілген хаттаманы әзірлеушілер тізімі:
1.Оразбеков Л.Н. – – м.ғ.к., «Көз аурулары» КазҒЗИ бірінші бөлімінің меңгерушісі (Алматы).
2. Бахытбек Р.Б. - «Көз аурулары» КазҒЗИ бірінші бөлімінің офтальмолог-дәрігері (Алматы).)
3. Ерболұлы М.Е.- «Көз аурулары» КазҒЗИ  стационарының офтальмолог-дәрігері (Алматы).
4. Макалкина Л.Г. – м.ғ.к. PhD , "Астана медицина университеті" АҚ «Фармакология және фармакотерапия» кафедрасының меңгерушісі.

Мүдделер  қақтығысының  жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Пікір иесі: Долматова И.А. - м.ғ.д., Қазақ–Ресей медицина университетінің «Офтальмология» курсының меңгерушісі

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх