Войти

"Амбулаториялық оңалту ІІ"» үшінші кезеңі. "Травматология және ортопедия" бейіні (балалар)

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: ҚР ДСӘДМ клиникалық хаттамалар - 2014

Последствия неуточненной травмы нижней конечности (T93.9)

Анықтамасы

Анықтамасы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігінің
«Денсаулық сақтауды дамыту
республикалық орталығы» ШЖҚ РМК
Сараптамалық кеңесінің
2014 жылғы «12» желтоқсандағы
№ 9 хаттамасымен ұсынылған


Хаттама атауы: «Амбулаториялық оңалту ІІ» үшінші кезеңі, «Травматология және ортопедия» бейіні (балалар).
 
Хаттама коды:
 
АХЖ-10 код(тар)ы
S42 Иық белдеуі мен иық деңгейіндегі сынық
S52 Білек сүйектерінің сынуы
S 72.0 Ортан жілік мойнағының сынуы
S72.1 Ұршықбас арқылы сыну
S72.2 Ұршықбасасты сынық
S72.3 Ортан жілік денесінің [диафиздің] сынығы
S72.4 Ортан жіліктің төменгі ұшы сыну
S72.7 Ортан жіліктің бірнеше жерден сынуы
S72.8 Ортан жіліктің басқа да бөліктерінің сынуы
S72.9 Ортан жіліктің нақтыланбаған бөлігінің сынығы
S 82 Сирақтың тобық буынымен қоса сынуы
T 92 Қол жарақаттарының салдарлары;
Т93 Аяқ жарақаттарының салдарлары
Z 92.4 Жеке анамнездегі басқа айдарларда жіктелмеген салмақты операция
Q 65.0 Ортан жіліктің туа біткен біржақты шығуы
Q 65.1 Ортан жіліктің туа біткен екіжақты шығуы
Q 65.2 Ортан жіліктің туа біткен нақтыланбаған шығуы
Q 65.3 Ортан жіліктің туа біткен біржақты шала тайып кетуі
Q 65.4 Ортан жіліктің туа біткен екіжақты шала тайып кетуі
Q 65.5 Ортан жіліктің туа біткен нақтыланбаған шала тайып кетуі
Q 65.6 Орнықсыз ортан жілік
Q 65.8 Ортан жіліктің басқа да туа біткен деформациялары
Q 65.9 Ортан жіліктің туа біткен нақтыланбаған деформациясы
Q 66 Аяқ басының туа біткен деформациялары
Q 66.0 Ат тұяғы-варустық маймақтық
Q 66.1 Өкше-варустық маймақтық
Q 66.2 Варусты аяқ басы
Q 66.8 Аяқ басының басқа туа біткен деформациялары
Омыртқа бағанының туа біткен және жүре пайда болған деформациялары мен сынықтарын оперативті емдеуден кейін
S 22.0 Кеуде омыртқасының сынығы
S22.1 Омыртқа бағанының кеуде бөлігінің бірнеше жерден сынуы
S 32 Омыртқа бағанының бел-сегізкөз бөлігі мен жамбас сүйектерінің сынығы
M 41.0 Омыртқалардың инфантилдік идиопатиялық қисаюы
М 41.1 Омыртқалардың жасөспірімдік идиопатиялық қисаюы
М 41.2 Омыртқалардың басқа да идиопатиялық қисаюы
М 41.3 Омыртқалардың торакогенді қисаюы
М 41.4 Омыртқалардың нерв-бұлшықеттік қисаюы
М41.5 Омыртқалардың өзге де салдарлық қисаюы
41.8 Омыртқалардың қисаюының басқа да нысандары
Қаңқаның тұқым қуалайтын, жүйелік аурулары мен қаңқа дамуының ауытқулары
Q 67 Бастың, беттің, омыртқа бағанының және кеуде қуысының туа біткен сүйек-бұлшықеттік деформациялары
Q 68 Басқа да туа біткен сүйек-бұлшықеттік деформациялар
Q 71 Қолдарды қысқартатын ақаулар
Q 72 Аяқтарды қысқартатын ақаулар
Q 74 Аяқ-қол(дар)дың басқа да туа біткен ауытқулары [даму кемістіктері]
Q77 Түтік тәрізді сүйектер мен омыртқа бағанының өсу ақаулары бар отеоходродисплазия
Q 78 Басқа да остеохондродисплазиялар
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:
БОБ – биологиялық обраинді байланыс
БӘФ – биоәлеуметтік функциялар
АХЖ – аурулардың халықаралық жіктемесі
ЭКГ – электрокардиография
 
Хаттаманың әзірленген күні: 2014 жыл.
 
Пациенттер санаты: балалар.
 
Хаттаманы пайдаланушылар:
-травматолог-ортопедтер;
-медициналық реабилитология, қалпына келтіру емі (физиотерапия, емдік дене шынықтыру, курортология) жөніндегі дәрігер (балалар)
-«Дәстүрлі ем (рефлекстік терапия, уқалау емі, су-джок-терапия, гомеопатия, сүлікпен емдеу, өсімдіктермен емдеу)» мамандығы бойынша дәрігер;
-медицина психологтары;
-педиатрлар/ЖТД.

Диагностика


Оңалту іс-шаралары тиімділігінің индикаторлары
 
Кесте - Оңалту іс-шаралары тиімділігінің индикаторлары
 

Нозологиялық нысаны (АХЖ-Х бойынша коды) Бағалардағы балдар санының ұлғаюы
1 Аяқ-қолдар сүйектерінің сынықтарынан кейін: 
S 42; S52; S 72.0-9; S 82;
T 92; Т93;
 Z92.4
Barthel индексі > 50 балл
MRC- scale – 3-4 балдан бастап
Карновский индексі – 65-80 балл
Гониометрия – 15%-ға ұлғаю (Бастапқы деңгейінен 20-25 градусқа көп)
2 Ортан жіліктің туа біткен шығуы мен туа біткен маймақтық кезіндегі операциядан кейін Z 92.4;
Q 65.0-9; Q 66
Barthel индексі > 50 балл
MRC- scale – 3-4 балдан бастап
Карновский индексі – 65-80 балл
Гониометрия – 15%-ға ұлғаю
3 Омыртқа бағанының туа біткен және жүре пайда болған деформациялары мен сынықтарын оперативті емдеуден кейін: 
S 22.0-1; S 32;
M 41.0-8
Barthel индексі > 50 балл
MRC- scale – 3-4 балдан бастап
Карновский индексі – 65-80 балл
 
4 Қаңқаның тұқым қуалайтын, жүйелік аурулары мен қаңқа дамуының ауытқулары
Q 67; Q 68; Q 71; Q 72; Q 74; Q 77; Q 78
Barthel индексі > 50 балл
MRC- scale – 3-4 балдан бастап
Карновский индексі – 65-80 балл
Гониометрия –15%- ға ұлғаю
 

Лечение за рубежом

Вам помогут ведущие врачи Кореи, Турции, Израиля, Германии, России

 Сервис "МедЭлемент" сотрудничает с лучшими зарубежными клиниками и надежными операторами медицинского туризма. Мы подберем для вас оптимальный вариант лечения за рубежом.

Получите консультацию по лечению за рубежом сейчас!

Лечение за границей

Заявка на медицинский туризм

Как удобнее связаться с вами?

Емдеу тактикасы


ОҢАЛТУ ӘДІСТЕРІ МЕН ЕМШАРАЛАРЫ
 
Оңалту мақсаты:
-зақымданған ағзаның немесе жүйенің бұзылған функцияларын толық немесе ішінара қалпына келтіру және (немесе) жоғалтқан функцияларын теңгеру (компенсация);
-ағзаның функцияларын ұстап тұру;
-зақымданған мүшелер немесе ағза жүйелері функцияларының мүмкін болатын бұзылыстарының алдын алу, ерте диагностикалау және түзету;
-ықтимал мүгедектіктің алдын алу және дәрежесін төмендету;
-өмір сүру сапасын жақсарту;
-пациенттің еңбекке жарамдылық қабілетін сақтау;
-пациенттің қоғамға әлеуметтік интеграциясы.
 
Балалардағы тірек-қимыл аппаратының бұзылыстарын медициналық оңалту үшін көрсетімдер :
«Оңалту ІІ А» үшінші кезеңі
 

Нозологиялық нысаны (АХЖ-Х бойынша коды) Халықаралық критерийлер
(БӘФ бұзылу дәрежесі және (немесе) аурудың ауырлық дәрежесі)
1 Аяқ-қолдар сүйектерінің сынықтарынан кейін: 
S 42; S52; S 72.0-9; S 82;
T 92; Т93;
Z92.4
Barthel индексі > 45 балл
MRC- scale – 2-3 балдан бастап
Карновский индексі –40-60 балл
Гониометрия – қалыпты мөлшердің 30%-нан кем
2 Ортан жіліктің туа біткен шығуы мен туа біткен маймақтық кезіндегі операциядан кейін
Z 92.4;
Q 65.0-9; Q 66
Barthel индексі > 45 балл
MRC- scale – 2-3 балдан бастап
Карновский индексі –40-60 балл
Гониометрия – қалыпты мөлшердің 30%-нан кем
3 Омыртқа бағанының туа біткен және жүре пайда болған деформациялары мен сынықтарын оперативті емдеуден кейін: 
S 22.0-1; S 32;
M 41.0-8
Barthel индексі > 45 балл
MRC- scale – 2-3 балдан бастап
Карновский индексі –40-60 балл
 
4 Қаңқаның тұқым қуалайтын, жүйелік аурулары мен қаңқа дамуының ауытқулары
Q 67; Q 68; Q 71; Q 72; Q 74; Q 77; Q 78
Barthel индексі > 45 балл
MRC- scale – 2-3 балдан бастап
Карновский индексі –40-60 балл
Гониометрия – қалыпты мөлшердің 30%-нан кем
 
Оңалту үшін қарсы көрсетімдер:
-шығу тегі әртүрлі, жиі қайталанатын немесе мол қан кетулер, гемоглобин деңгейі 80 г/л-ден кем болатын айқын қаназдық;
-әртүрлі этиологиядағы жайылған жиі құрысулар;
-жіті инфекциялық аурулар;
-туберкулездің барлық нысандарының белсенді сатысы (A 15.0–1; A 15.5; A 15.7–9);
-қатерлі жаңа өспелер (III-IV сатылары);
-III дәрежеден жоғары тыныс алу функциясының жеткіліксіздігі (пульмонологиялық оңалту бөлімшелерінен басқа);
-шығу тегі белгісіз қызулық (фебрильді) қызба немесе субфебрильді қызба;
-күрделі ілеспелі аурулардың болуы;
-декомпенсация сатысындағы аурулар, нақты айтқанда, түзетілмейтін метаболизмдік сырқаттар (қант диабеті, микседема, тиреотоксикоз және басқалары), бауырдың, ұйқы безінің III дәрежелі функционалдық кемістігі;
-жыныстық жолмен берілетін аурулар (мерез, соз ауруы, трихомоноз және басқалары);
-терінің іріңді аурулары, терінің жұқпалы аурулары (қышыма, зеңді аурулар және басқалары);
-тұлғаны қоғамнан алшақтатын (әлеуметсіздендіретін) психологиялық аурулар (F 00; F 02; F 03; F 05; F 10–F 29; F 60; F 63; F 65; F 72–F 73);
-жүрек ырғағының асқынған бұзылыстары, NYHA жіктемесі бойынша IV ФК сәйкес ЖК;
-айтарлықтау улану кезіндегі әртүрлі іріңді (өкпенің) аурулар (J 85; J 86);
-кез келген орналасудағы таспақұрт (эхинококк) және басқа да паразиттер (B 67);
-жіті остеомиелит;
-терең веналардың жіті тромбозы;
-оңалту бағдарламасына күніне 2-3 сағат бойына белсенді қатысуға кедергі келтіретін өзге де ілеспелі аурулар болған кезде;
-өзіне-өзі қызмет көрсетуге және жүріп-тұруға қабілеттілікті жоғалту кезіндегі тірек-қимыл аппаратының қатты айқын қайтымсыз бұзылыстары;
-2 және одан жоғары дәрежедегі ревматизмдік үдерістің белсенділігі, гормондық терапияның болуы;
-жамбас ағзалары функцияларының бұзылуы;
-шорбуындар және тұрақты қайтымсыз сіресімдер (контрактуралар).
 
Медициналық оңалту көлемдері, 10 жұмыс күні ішінде бір науқасқа ұсынылатын қызметтер:
Оңалтудың негізгі әдістері:
-емдік дене шынықтыру:
белсенді кинезитерапия – 15 емшара;
пассивті кинезотерапия – 15 емшара;
сараланған массаж – 10 емшара;
механотерапия – 10 емшара;
-Физиотерапия (емшаралардың үйлесімділік кестесіне сәйкес бүкіл курс бойына 2-3 емшара түрінен көп емес):
жылумен емдеу (парафинді және  озокеритті ем, жылумен, балшықпен емдеу пакеті) – 10 емшара;
жарықпен емдеу (ультракүлгін және инфрақызыл сәулелендіру, өрістендірілген (поляризацияланған) жарықпен сәулелендіру, лазерлік әсер ету) – 10 емшара;
электрлік емдеу – 10 емшара;
сумен емдеу (ванналар, душтар) – 10 емшара;
магнитті терапия – 10 емшара;
ультрадыбыстық терапия, соққылы-толқынды терапия – 10 емшара;
омыртқа бағанын созу – 10 емшара;
лифодренаж – 10 емшара;
рефлекстік терапия (корпоральді акупунктура, магнитті пунктура, лазерлі пунк-
тура, вакуумпунктура) – 10 емшара;
артромот-терапия – 10 емшара.

Оңалтудың қосымша әдістері *:
-оңалту үдерісіне белсенді қатысуға нұсқауларды (белгілеулерді) әзірлеу, балалар ұжымында өзара қарым-қатынастарды қалыптастыру, өзін-өзі бағалауды көтеру, білім беру және оқу дағдыларын жаттықтыру және дамыту мақсатымен психотерапия бойынша сабақтар (музыкамен емдеу, арт - терапия);
-өсімдіктермен емдеу – 10 емшара;
-оттекті коктейль – 10 емшара;
-слим-жүйесі – 10 емшара;
-кинезиотейпирлеу -10 емшара;
-БОБ-терапия – 10 емшара.
*Осы талаптарда көрсетілген бір пациент үшін қызмет көрсету саны пациенттің жай-күйін, жасын және көрсетімдерді ескере отырып ұлғайтылуы немесе азайтылуы мүмкін.
 
Кесте – «Амбулаториялық оңалту ІІ» үшінші кезеңіндегі балалардағы тірек-қимыл аппаратының бұзылыстарын медициналық оңалтудың ұзақтығы
 

Нозологиялық нысаны (АХЖ-Х бойынша коды) Халықаралық критерийлер
(биоәлеуметтік функциялардың бұзылу дәрежесі және (немесе) аурудың ауырлық дәрежесі)
Оңалтудың ұзақтығы/
мерзімдері (күндерде)
1 Аяқ-қолдар сүйектерінің сынықтарынан кейін: 
S 42; S52; S 72.0-9; S 82;
T 92; Т93;
Z92.4
Barthel индексі > 45 балл
MRC- scale – 2-3 балдан бастап
Карновский индексі –40-60 балл
Гониометрия – қалыпты мөлшердің 30%-нан кем *
20
2 Ортан жіліктің туа біткен шығуы мен туа біткен маймақтық кезіндегі операциядан кейін Z 92.4;
Q 65.0-9; Q 66
Barthel индексі > 45 балл
MRC- scale – 2-3 балдан бастап
Карновский индексі –40-60 балл
Гониометрия – қалыпты мөлшердің 30%-нан кем
20
3 Омыртқа бағанының туа біткен және жүре пайда болған деформациялары мен сынықтарын оперативті емдеуден кейін: 
S 22.0-1; S 32;
M 41.0-8
Barthel индексі > 45 балл
MRC- scale – 2-3 балдан бастап
Карновский индексі –40-60 балл
 
20
4 Қаңқаның тұқым қуалайтын, жүйелік аурулары мен қаңқа дамуының ауытқулары
Q 67; Q 68; Q 71; Q 72; Q 74; Q 77; Q 78
Barthel индексі > 45 балл
MRC- scale – 2-3 балдан бастап
Карновский индексі –40-60 балл
Гониометрия – қалыпты мөлшердің 30%-нан кем **
20
 
 
* - Баяулаған консолидация, бұлшықеттердің гипотрофиясы анықталған, көршілестерінің сіресімдері (контрактуралары) бар (көрсетілген асқынулардың кемінде біреуі болған кезінде)
** - Бұлшықеттердің гипотрофиясы, бұлшықет күшінің төмендеуі, анықталған, буын сіресімдері (контрактуралары) болған кезде (көрсетілген асқынулардың кемінде біреуі болған кезінде)

Оңалту іс-шаралары тиімділігінің индикаторлары
 
Кесте - Оңалту іс-шаралары тиімділігінің индикаторлары
 

Нозологиялық нысаны (АХЖ-Х бойынша коды) Бағалардағы балдар санының ұлғаюы
1 Аяқ-қолдар сүйектерінің сынықтарынан кейін: 
S 42; S52; S 72.0-9; S 82;
T 92; Т93;
 Z92.4
Barthel индексі > 50 балл
MRC- scale – 3-4 балдан бастап
Карновский индексі – 65-80 балл
Гониометрия – 15%-ға ұлғаю (Бастапқы деңгейінен 20-25 градусқа көп)
2 Ортан жіліктің туа біткен шығуы мен туа біткен маймақтық кезіндегі операциядан кейін Z 92.4;
Q 65.0-9; Q 66
Barthel индексі > 50 балл
MRC- scale – 3-4 балдан бастап
Карновский индексі – 65-80 балл
Гониометрия – 15%-ға ұлғаю
3 Омыртқа бағанының туа біткен және жүре пайда болған деформациялары мен сынықтарын оперативті емдеуден кейін: 
S 22.0-1; S 32;
M 41.0-8
Barthel индексі > 50 балл
MRC- scale – 3-4 балдан бастап
Карновский индексі – 65-80 балл
 
4 Қаңқаның тұқым қуалайтын, жүйелік аурулары мен қаңқа дамуының ауытқулары
Q 67; Q 68; Q 71; Q 72; Q 74; Q 77; Q 78
Barthel индексі > 50 балл
MRC- scale – 3-4 балдан бастап
Карновский индексі – 65-80 балл
Гониометрия –15%- ға ұлғаю
 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Баиров Г.А. Детская травматология. - СПб.: Питер, 2000. 2. Горяная Г.А. Лечебная физкультура при сколиозе.- Москва, 2012. 3. Епифанов В.А., Епифанов А.В. Восстановительное лечение при повреждениях опорно-двигательного аппарата.- М.:Авторская академия, 2009. 4. Епифанов В.А., Епифанов А.В. Реабилитация в травматологии.– М.:ГЭОТАР –Медиа, 2010. 5. Иванов С.М. Лечебная физическая физкультура при заболеваниях в детском возрасте.- Москва, 2012. 6. Карачевцева Т.В. Руководство по физиотерапии в педиатрии.- Москва. 7. Лечебная физкультура в системе медицинской реабилитации: Руководство для врачей /Под редакцией А.Ф. Каптелина, И.П. Лебедевой.-М.: Медицина,1995.- 400 с. 8. Медицинская реабилитация (руководство).- Том 1,ΙΙ,Ш /Под ред. В.М. Боголюбова.- М.: Смоленская обл.типография, 2007. 9. Носков С.М. Болезни суставов: Учебное пособие /С.М. Носков.- Ростов н/Д: Феникс, 2006.- 603 с. 10. Разумов А.Н., Хан, Л.А., Кривцова М.А., Демченко В.И. Физиотерапия в педиатрии.- Москва-Омск, 2003. 11. Руководство по реабилитации больных с двигательными нарушениями: Том 1 /под редакцией А.Н.Беловой, О.Н.Шепетовой.-М.,1998.-224 с. 12. Справочник по детской физической культуре /по ред. М.И. Фонарева.-Л: Медицина,1983.- 360 с. 13. Улащик B.C. Физиотерапия. Универсальная медицинская энциклопедия / B.C. Улащик. - Мн.: Книжный Дом, 2008.-640 с. 14. Физиотерапия: Пер. с польск. /Под ред. М.Вейсса, А.Зембатого.-М.: Медицина,1986.-495 с. 15. Частная физиотерапия: Учебное пособие /Под ред. Г.Н.Пономаренко.-М.:ОАО «Издательство: «Медицина», 2005.-744 с. 16. Шевелева Н.И. Лечение магнитными полями (учебно-практическое пособие). – Караганда, 2001. 17. http://onlinelibrary.wiley.com/subject/ ... iveLette 18. Kjar M.,Krogsgaard M., Magnusson P.,Engebretsen L., Roos H., Takala T Savio L-Y Woo S. L-Y. Textbook of Sports Medicine: Basic Science and Clinical Aspects of Sports Injury and Physical Activity «Blackwell», 2003. 19. Walter R. Frontera Rehabilitation of sports injuries: Scientific basis «Blackwell», 2003.

Ақпарат

Хаттаманы әзірлеушілердің біліктілік деректері көрсетілген тізім:
1) Сәтжанов Азат Бикенұлы, «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ балалар травматолог-ортопеді;
2) Нұрмұханов Ардақ Мақсұтұлы, «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ балалар травматолог-ортопеді;
3) Дүйсембаева Назігүл Қуандыққызы, м.ғ.к., «Астана медицина университеті» АҚ жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының доценті, жоғары санаттағы дәрігер-терапевт,клиникалық фармаколог. 
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензент: Шевелева Н.И. – м.ғ.д., профессор, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, ДКҮДФ медициналық реабилитология және спорт медицинасы кафедрасының меңгерушісі 
 

Қазықтаулы файлдар

Мобильное приложение "Doctor.kz"

Ищете врача или клинику? "Doctor.kz" поможет!

Бесплатное мобильное приложение "Doctor.kz" поможет вам найти: где принимает нужный врач, где пройти обследование, где сдать анализы, где купить лекарства. Самая полная база клиник, специалистов и аптек по всем городам Казахстана.


Запишитесь на прием через приложение! Быстро и удобно в любое время дня.


Скачать: Google Play Market | AppStore

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement, не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement является исключительно информационно-справочным ресурсом. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх