Балалардың уыттық энцефалопатиясы

H-P-016

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Токсическая энцефалопатия (G92)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Уыттық энцефалопатия əр-түрлі сырқаттың ауыр ағымынан пайда болған нервтік-психикалық бұзылыстарға ұласатын кешенді білдіреді.

 
Хаттама коды: H-P-016 "Балалардың уыттық энцефалопатиясы"
Педиатрия саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
G 92 Уыттық энцефалопатия

Жіктемесі

 
Жіктемесі

Уыттық энцефалопатия (УЭ), энцефалопатияның бір түрі ретінде, 3 түрге жіктеледі:

1. Ауыр түрі - комамен сипатталады (Глазго шкаласы бойынша 2-4 саты), қайталанатын генерализацияланған тырыспалар мен тырыспалық статуспен (3 күннен аса), делириймен жəне ошақтық неврологиялық симптоматикамен сипатталады. Көпшілік авторлардың мен неврологтардың кəсіби кеңестерінің пайымдауынша (National Institute of Neurological diseases and stroke, Sugaya N.,2002, Kurihara Meta., 2005) жоғары өлім-жітімдікпен байланыстырылған УЭ, (20-50%) жиі түрде тұмаудың əсерінен болады.

2. Орташа-ауыр түрі - сананың қысқа уақытқа жоғалуы, Глазго бойынша 1-2 сатыдағы кома, бір реттік немесе қайталанатын тырыспалармен, қысқа уақыттық делириймен (ес ауысу), қайтымды ошақтық сиптоматикамен сипатталады. Сананың бұзылу ұзақтығы 3 күнге дейін.

3. Жеңіл түрі - қысқа уақыттық делирий, есін жоғалтпайды, бір реттік тырыспалар, ошақтық неврологиялық симптоматиканың болмауымен сипатталады.

Сонымен қатар, диагнозда аурырлық түрімен бірге, негізгі неврологиялық белгіні көрсетеді, ал УЭ тудыруға себеп болған этиологиялық диагноздан кейін көрсетіледі.

Клиникалық диагноздың мысалы: А тұмауы, ауыр ағымды, уыттық энцефалопатия, орта дəрежедегі ауырлық, қайталамалы (екі мəрте) генерализацияланған тоникалық-клоникалық тырыспалар.

Диагностикасы

 
Диагностика критерийлері

Шағымдар мен анамнез: сананың бұзулуы.

Физикалық тексеру:
- делирийлер;
- тырыспалар - генерализацияланған, тоникалық-клоникалық;
- тремор (діріл);
- миоклониялар.

Негізі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы қан анализі.
2. Жалпы зəр анализі.
3. Невропатолог кеңесі.
4. Электроэнцефалография.
5. Педиатр кеңесі.
6. Психиатр кеңесі.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қандағы қантты анықтау.
2. Электрокардиограмма.
3. Мидың компьютерлік томографиясы.
4. Офтальмолог кеңесі.
5. Эндокринолог кеңесі.
6. Жұлын миын зерттеу.

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты
- витальдық қызметтер бұзылыстары қауіптері (сана, жүрек қызметін қалыпқа келтіру);
- асқыну профилактикасы;
- жағдайды тұрақтандыру;
- тырыспаларды тоқтату.

Дəрі-дəрмексіз ем: жоқ.

Дəрі-дəрмектік ем:
1. Дезинтоксикациялық ем - инфузиялық ем: 5%, 10% глюкоза* - 10 мл/кг; реополиглюкин* - 10 мл/кг; тұз ертінділері (күндізгі стационарда).
2. Негізгі ауруды жəне оның белгілерін емдеу (тұмау кезіндегі гипертермия, метаболикалық бұзылыстар жəне т.б.).
3. Диазепам* - 3 жасқа дейін 5 мг, тəулігіне 2 рет; 3-5 жасқа 5 мг, тəулігіне 2-3 рет; 5 жастан жəне одан жоғарыда 5-10 мг, тəулігіне 2 рет қабылданады. Бұлшықетке 0,5% ертіндіні 1 мл-ден (5 мг), тəулігіне 2-3 рет егеді. Таблетка түрінде тіптен қолданбайды десе болады, карбамазепин* немесе вальпроат натрийге* ауыстырады.
4. Натрий вольпроаты * - 20-60 мг/кг, тырыспалар мен делирийлер кезінде.
5. Дифенин* (тырыспа статусында) - балаларға 5 жастан 0,025 г, күніне 2-3 рет (1/4 тб, 1 тб - 0,1), 5-8 жаста - тб күніне 2 рет, 8-ден жоғарыда - 0,1 (1 тб) күніне 2 рет.
6. Карбамазепин* 10-20 мг/кг (тб 200 мг).

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Глюкоза 5%, 10% 400 мл, 500 мл, инфузияларға арналған ертінді, флаконда; 40% 5 мл, 10 мл, амп.
2. *Реополиглюкин 200 мл, 500 мл, инфузияларға арналған ертінді, флаконда 
3. *Тұзды ертінділер
4. * Диазепам 10 мг/2 мл, амп.; 5 мг, 10 мг, табл.

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Вольполь қышқылы 150 мг, 300 мг, 500 мг, табл.
2. *Дифенин 250 мг, табл.
3. *Карбамазепин 100 мг, 200 мг, табл.

Ем тиімділігінің индикаторлары:
- жағдайды тұрақтандыру;
- тырыспалық синдромды тоқтату.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Перинатальные поражения центральной нервной системы. Библиотека ИМС Невронет. 2. Дамулин И.В. Деменции: дифференциальная диагностика и терапия. Кафедра нервных болезней Московской медицинской академии им И.М. Сеченова. 3. Гипоксически-ишемическая энцефалопатия новоржденных: руководство для врачей. СПб: «Питер», 2000 г. 4. Medical Masterclass. Neurology, Ophthalmology and psychiatrii. Royal College of Physicans of London. Blackwell Science, London, 2001 г. 5. NINDS Encephalopathy Information page National institute of neurological disorders and stroke (сетевой ресурс).

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Идрисова Р.С., АМДБЖИ, балалар инфекциясы кафедрасы.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх