Омыртқа бағанасының бел – сегізкөз аймағының жəне жамбас сүйегінің сынықтары

E-018

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Переломы других и неуточненных частей пояснично-крестцового отдела позвоночника и костей таза (S32.8)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Омыртқа бағанасы бел
– сегізкөз аймағының сынығы – механикалық энергия əсерінен омыртқалардың жұлын зақымдануымен немесе зақымдануынсыз қосарласа сынуы.


Жамбас сүйегінің сынығы - ірі қан тамырлардың, нервтердің, ішкі ағзалардың (қуықтың, тікішек, жатыр. т.б.) зақымдануынан жамбас сақинасының бұзылуы.

 
Хаттама коды: Е - 018 "Омыртқа бағанасының бел –сегізкөз аймағының жəне жамбас сүйегінің сынықтары"
Жедел медициналық көмек
Кезең мақсаты: Барлық өмірге маңызды, қажетті ағзалардың қызметін қалпына келтіру
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
S 32 Омыртқа бағанының бел – сегізкөз аймағының жəне жамбас сүйегінің сынықтары
Енгізілді: бел – сегізкөз бөлім деңгейіндегі сынық:
- омыртқа доғасы;
- тік өсінділері;
- омыртқа;
- көлденең өсінді.
S 32.0  Бел омыртқа бағанасының сынығы
S 32 .1 Сегізкөз аймағының сынығы
S 32.7  Омыртқа бағанасының бел – сегізкөз аймағының жəне жамбас сүйегінің көпшілік сынығы
S 32.8  Омыртқа бағанасының бел – сегізкөз аймағының жəне жамбас сүйегінің анықталмаған басқада сынығы

Жіктемесі


Жабынды бүтіндігінің жіктелуі:
1. Ашық.
2. Жабық.
 
Сүйек жəне жұмсақ тіндер бүтіндігінің бұзылысы:
1. Омыртқа сынығы.
2. Бұлшық еттер жəне дискілер, буындардың зақымдануы.
 
Таралуына байланысты зақымдану:
1 Омыртқа бағанасының бел аймағы.
2 Омыртқа бағанасының сегізкөз аймағы.
3 Омыртқа бағанасының құйымшақ аймағы.
 
Горизонтальды ығысуы бойынша тенденциясы:
1. Тұрақты.
2. Тұрақсыз (шығу, шығуасты, сынық шығулар).

Неврологиялық симтоматикамен бірге:
1. Асқынбаған.
2. Асқынған жұлын миының зақымдануымен:шайқалулар, жарақат, қысылулар (ми затына қан құйылулар гематологиямя ) сүйек бөліктерімен, шыққан омыртқамен, немесе гематорохис.

Диагностикасы


Жарақаттың диагностикалық критерийлері:
- зақымдану аймағындағы ауыр сынықтар;
- басты, қол – аяқты қимылдатқанда ауыр сынықтар;
- сезімталдықтың бұзылуы (ауырсынулар немесе тактильді) жұлынның зақымдану деңгейіне тəуелді;
- омыртқа қызметінің əсіресе бүгілу қасиетінің бұзылысы;
- парездер/параличтер;
- науқасқа тəн қалып – омыртқаны тікейту, ұзартуға тырысу, осыдан тағы емес тік сызық болады («аршын жұтқандай»). Отырайын десе арқасы ауырады, сондықтан науқас қолымен кушеткаға жабысып, омыртқасын түзетуге жəне де жамбасын көтеруге тырысады. Осылайша отырғыш денесі емес, қолын тіреп отырады (Томсон позасы);
- омыртқасы бағанасының сынық аймағында тік өсінділеді басқанда ауырсынулар. Ауырсыну ешқашанда жергілікті шектелген болмайды, ол 3-4 омыртқаны қамтитынын ескеру керек. Ол омыртқа бағанасы, омыртқа аралық дисклер, буындардың біріккен зақымдануына байланысты.
 
Тұрақты жарақат критерийлері:
- науқас есі анық;
- омыртқа ауырсуына шағымы жоқ;
- неврологиялық симптомдар байқалмайды;
- арқа бұлшық еттерінің ригидтілігі жоқ;
- науқас қозғалады.
 
Тұрақсыз жарақат критерийлері:
- есі жоқ;
- омыртқа бағанасында ауырсынулар;
- арқа бұлшық еттерінің ригидтілігі;
- ауырсынулардың немесе тактильді сезімталдықтың төмендеуі;
- параличтер мен парездердің болуы;
- жамбас ағзалары қызметінің бұзылысы.
 
Жұлынның көлденең зақымдану белгілері:
- қозғалмайды, аяқтарда сезімталдық пен тонустың жойылуы;
- қатты ауырсыну тітіргендіргіштерге, қорғаныш реакциясының болмауы;
- кей жағдайларда естің бұзылысы, еріксіз кіші дəретін, яғни физиологиялық бөлінділерін ұстай алмау;
- артериальды қан қысымының төмендеуі.
 
Омыртқа бағанасының сынықтары:
- кифозды деформация (тік өсіндінің зақымданулары, омыртқа өсінділерінің зақымдануы);
- арқаның ұзын бұлшықеттерің керілуі;
- сынық аймағында орнықты ауырсынулар, аяқты , басты көтергенде, жөтелгенде, отырғанда омыртқа осі бойынша ауырсынулар;
- төсекте мəжбүр қалыпта отырады (арқасына).

Өсінділер мен доғалар сынығы (көлденең, буындық, тік):
- шектелген қозғалыс;
- сынық аймағындағы ісінулер жəне локальді (жергілікт) ауырсынулар: ортаңғы сызық бойынша (тік өсінді)немесе паравертебральді (өсінді, доға сынығы);
- тік өсінді сынығы кезінде –омыртқаны бүгіп, жазу кезінде ауырсынудың үдеуі;
- көлденең өсінді сынығы кезінде – бүгілу кезінде, сау жаққа бұрғанда ауырсынудың күшеюі, кейде зақымданған жақта сколиоз;
- буын өсінділерінің сынығы кезінде – зақымдалған жаққа қарай қисайған сколиоз;
- доға сынығы кезінде – сынық аймағында гематома жəне қозғалыс кезінде ауырсыну.
 
Жамбас сүйегі сынығының диагностикалық критерийлер:
- сегізкөз жəне аралық аймағындағы ауырсыну;
- мықын сүйектері мен симфиз аймағын басып көргенде, ауыру сезімі;
- төсекте мəжбүр қалып, аяқтары жартылай бүгілген («құрбақа» жатысы);
- аяғын көтере алмау, отыра алмау, жүре алмау, тұра алмау («жабысқақ табан» симптомы);
- сынық аймағындағы ісінулер, гематома, ауырсынулар.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Глазго шкаласы бойынша ес деңгейін бағалау. Глазго шкаласы бойынша максимальді баға -15 балл (есі өзгермеген), минимальді - 3 балл (мидың өліу).
2. Өмірге қажетті ағзалар 
жағдайының бағасы.
3. Неврологиялық тексеру жүргізу: қол – аяқтың сенсорлы, жəне 
моторлы қызметін бағалау, қалыпты жəне патологиялық рефлекстер.

Емдеу тактикасы


Медициналық көмек көрсету тактикасы
 
Омыртқа бағанасының сынығы кезінде шұғыл көмек көрсету алгоритмі:
1. Науқасты тегіс, қатты жерге арқасына жатқызу. Омыртқа денесінің сынығында арқасына жатқызып, ал омыртқа доғасы мен өсіндісінің зақымдануында – ішімен жатқызып тасымалдау.
2. Жоғарғы тыныс жолдарының санациясы.
3. Артериялды қан қысымы мен тамыр соғысын қадағалау, науқасты жылыту.
4. Қажет болса өкпенің жасанды желдендіру жəне кеңірдек интубациясын жасау.
5. Көктамырға дəрі енгізу үшін жағдай жасау.
6. Оксигенатерапия.
7. Лорносикам 8 -16 мг көктамыр ішіне болюсты енгізу.
8. 0,9 % - 1000 -1500 мл. натрий хлориді ерітіндісін тамыр ішіне тамшылатып енгізу.
9. Диазепам 5 -10 мг көктамыр ішіне.
 
Жамбас сүйектері сынығында шұғыл көмек көрсету алгоритмі:
1. 1 -2% тримеперидин гидрохлорид ерітіндісі 1 -2 мм.
2. Тасымалдау иммобилизациясы 
«құрбақа» тəрізді (тізе буын астына жастықша қою). Ауырсынуды жəне қан кетуді азайту үшін, жамбас астына домалақ валик, немесе Крамер шинасын қою.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Оттегі,м3
2. Лорноксикам 8 мг
3. Натрий хлориды 0,9 % - 400 мл
4. Диазепам 10 мг - 2 мл
5. Тримиперидин гидрохлориді 2% -1,0 мл
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:  тримиперидин гидрохлориді 1% - 1,0 мл.

Ем тиімділігінің индикаторлары: науқас жағдайының тұрақтылығы.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

Ауруханаға жатқызу


Шұғыл госпитализация көрсеткіштері: жамбас сүйектері сынығы мен арқаның барлық жарақаты – зақымданушыны шұғыл госпитализациялау көрсеткіші болып табылады.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Клинические рекомендации, основанные на доказательной медицине: Пер. с англ. / Под ред. Ю.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова. — 2-е изд., испр. — М.: ГЭОТАР-МЕД, 2002. — 1248 с.: ил. 2. Биртанов Е.А., Новиков С.В., Акшалова Д.З. Разработка клинических руководств и протоколов диагностики и лечения с учетом современных требования. Методические рекомендации. Алматы, 2006, 44 с. 3. Приказ Министра Здравоохранения Республики Казахстан от 22 декабря 2004 года № 883 «Об утверждении Списка основных (жизненно важных) лекарственных средств». 4. Приказ Министра Здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2005 года №542 «О внесении изменений и дополнений в приказ МЗ РК от 7 декабря 2004 года № 854 «Об утверждении Инструкции по формированию Списка основных (жизненно важных) лекарственных средств». 5. Stang A., Hense H-W, Jцckel K-H et al. Is It Always Unethical to Use a Placebo in a Clinical Trial? PLoS Med. 2005 March; 2(3): e72. 6. Donald A. Evidence-Based Medicine: Key Concepts. Medscape Psychiatry & Mental Health eJournal 7(2), 2002. http://www.medscape.com/viewarticle/430709 7. Горюшкин И.И. Так ли доказательна "доказательная медицина" или почему статистическая обработка результатов не может заменить необходимости изучения патогенеза? Актуальные проблемы современной науки. 2003; 3:236-237.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел жəне шұғыл медициналық жəрдем, №2 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі - м.ғ.д., профессор Тұрланов Қ.М.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел 
жəне шұғыл медициналық жəрдем, №2 ішкі аурулар кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к,
доцент Воднев В.П.; м.ғ.к., доцент Дюсембаев Б.К.; м.ғ.к., доцент Ахметова Г.Д.; м.ғ.к., доцент Бедельбаева Г.Г.; Альмухамбетов М.К.; Ложкин А.А.; Маденов Н.Н.
Алматы мемлекеттік дəрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының меңгерушісі – м.ғ.к., доцент Рахымбаев Р.С.
Алматы мемлекеттік 
дəрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к., доцент СилачевЮ.Я.; Волкова Н.В.; Хайрулин Р.З.; Седенко В.А.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх