Омыртқа остеохондрозы

H-Т-034

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Остеохондроз позвоночника неуточненный (M42.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Омыртқа остеохондрозы – омыртқа аралық диск шеміршегі дегенеративті зақымдалуының жəне омыртқаның аралас денелері мен айналасындағы 
тіндер тарапынан реактивті өзгерістердің дамуымен мінезделетін ауру.
 
 
Хаттама коды: H-Т-034 "Омыртқа остеохондрозы"
Терапевтикалық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): M42. Омыртқа остеохондрозы

Жіктемесі


Жіктемесі
 
Синдромды принцип – қандай нерв түзілулеріне патологиялық əсер етуіне байланысты, омыртқаның зақымдалған құрылымын – рефлекторлық жəне коммпрессиондық деп бөледі.
 
Рефлекторлық – иннервацияланатын бұлшықеттердің рефлекторлы ширығуы, бұлшықет - тонустық бұзылулар, қантамырлық, вегетативтік, дистрофиялық.

Компрессиондық түбіршек, нерв, жұлыны немесе қантамырдың тартылуы, жаншылуы (тиісінше радикулопатия, нейропатия, миелопатия, радикулоишемиялық синдром).

Ауру  жіті 3 - аптаға дейін, жітілігі 3-12 апта, созылмалы 12 аптадан көп өтуі мүмкін.
 
Компрессионды синдромның дамуы кезінде келесі кезеңдерді бөледі:
- Жіті кезең (экссудативті қабыну стадиясы) 5-7 тəулік;
- Жітілеу кезең 2-3 апта продуктивті фаза;
- Ерте қалпына келу кезеңі 4-6 апта;
- Кеш қалпына келу кезеңі 6 аптадан  6 айға дейін.

Қауіп-қатерлі факторлар

 
Қауіп қатерлі факторлар:
- Омыртқа аномалиясы;
- Люмбализация немесе сакрализация;
- Омыртқааралық буындар қуыстарының асимметриялы орналасуы;
- Омыртқалық каналдың 
туа біткен тарлығы;
- Спондилогенді соматикалық жəне бұлшықеттік ауыру;
- Физикалық 
зорығу;
- Жарақат;
- Вибрация, мысалы, транспорт жүргізу кезінде; 
- Психоэмоционалдық 
факторлар;
- Аз қозғалысты өмір салты;
- Темкі тарту;
- Семіздік.

Диагностикасы


Диагностика критерилері:
1. Ауыру. 
2. Тартылудың оң симптомдары.
3. Қозғалыстық 
жəне сезімталдылық бұзылулары.
4. Мануальді тестілеу .
5. екі проекциядағы 
рентгенография .
6. КТ жəне /немесе МРТ.

 
Шағымдар мен анамнез
 
Бел деңгейіндегі зақымданулар (Люмбаго. Люмбалгия. Люмбоишалгия. Алмұрттəрізді бұлшықет синдромы. Кокцигодиния. Компрессиондық синдром.)

Люмбаго: физикалық ширығу, ыңғайсыз қозғалыс, ұақ ширығу, мұздау кезіндегі, кейде анық себепсіз бел ауыруы. Кенеттен немесе бірнеше минут немесе сағат ішінде, жиі жағдайда оқ тəрізді. Ауыру қозғалыс кезінде ауыр көтергенде күшейеді. Тыныштық жағдайында ауыру кетеді.

Люмбалгия жіті басталмайды, ал бірнеше күннің ішінде.

Люмбоишалгия: арқа, бел аумағындағы ауырсыну, бөксеге жəне санның артқы бетімен табанға жетпей таралып ауыруы.
 
Кеуде деңгейіндегі зақымдалулар: кеуде бөлімінің диск жарықтары барлық омыртқааралық дисктердің 1% азын құрайды.
 
Мойын деңгейіндегі зақымданулар: цервикобрахиалгия, цервикалгия. Иық-жауырындық периартроз. Иық жəне қол синдромы. Эпикондилит. Алдыңғы сатылық бұлшықет синдромы. Кіші кеуде бұлшықеті синдромы. Артқы мойындық симпатикалық синдром. Компрессионды синдромдар.

Цервикобрахиалгия, цервикалгия: мойындағы шүйдеге, иық алдына таралатын ауыру, Қозғалу кезінде немесе бір қалыпта ұзақ уақыт тұрғанда күшейеді.

Физикаллық тексерулер
 
Люмбаго. Қалыпты қозғалыс белсенділігі, сезімталдылық пен рефлекс өзгермеген. Бел аумағындағы қозғалыс көлемі төмендеген, бел аумағы пальпация кезінде ауырады, негізінен паравертебральді мускулатура спазмы байқалады, бел лордозының қалыңдауы немесе кифоз, жиірек сколиозбен.

Люмбалгия.  Клиникасы дəл люмбаго кезіндегідей.
 
Люмбоишалгия. Вазомоторлық бұзылулар, қантолулардың бұзылулары, бояудың жəне аяқ терісі температурасының өзгеруі.

Цервикобрахиалгия, цервикалгия. Мойын бұлшықеттерінің ширығуы, басты мəжбүрлеп бір қалыпта ұстау, мойын лордозының түзелуі. Терең пальпация кезінде жеке сүйектік өсінділерде ауыру байқалады. Омыртқаның алдында жəне артында орналасқан бұлшықеттерді қоса, рефлекторлық тониялық реакциялардың қалыптасуы мінезді.

Компрессионды синдромдар. Омыртқааралық дисктің протрузиясы – компрессионды синдромның жиі себебі. Радикулопатия кезіндегі ауырудың орналасуы 1,2 зақымдалған түбіршекпен нервтелетін дерматом шекарасымен сəйкес. Айналып кету симптомдары тəн.

Белдік компрессионды синдромдар. Түбіршек, ат құйрығы, конуса, эпиконус компрессиясыа. Компрессияға кез келген түбіршек шалдығуы мүмкін, бірақ жиірек бел - сегізкөз бөліміндегі түбіршектер қысылады: L4; L5; S1. Оқ тəрізді ауырулар, дерматомды гипалгезия, перифериялық парез, терең рефлекстердің əлсіреуі мен айналып кетуі тəн. Түбіршектік ауырулар қозғалыс кезінде күшейеді.
 
Мойын деңгейіндегі зақымданулар. Түбірше, жұлын, артерия компрессиясы. Түбіршектердің бірі жаншылғанда ауыру қолға, жауырынға немесе кеуде клеткасының алдыңғы бетіне беріледі. Компрессияға тек қана түбіршектер ғана емес, сонымен қатар артериялар, жұлын (қантамырларымен бірге) жəне омыртқа артериясы шалдығады.
 
Инструменталдық зерттеулер:
- рентгенологиялық зерттеулер, аталған сегмент 
конфигурациясының өзгеруі, шеткі пластинкалар деформациясы. Омыртқааралық дисктердің қалыңдауы;
- КТ диск жарығын жəне омыртқа каналының стенозын диагностикалауға жол береді;
- МРТ протрузия немесе пролапстың бар екендігін диагностикалауға жол береді жəне де əсіресе диагностика үшін ең маңыздысы жұлын мен ат құйрығының жаншылуы.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:
- емнің физиотерапялық əдісін түзету – физиотерапевт консультациясы;
- миелопатиялар, радикулоишемиялар көрінісі – нейрохирург консультациясы;
Рентгенологиялық, КТ, МРТ белгілер:
- жаңа түзілістер - онколог консультациясы;
- туберкулезді спондилит – фтизиатр консультациясы;
- инфекциялы спондилит – инфекционист;
- ревматоидтық артрит, анкилдеуші спондилит – ревматолог немесе терапевт жəне басқалар консультациясы.
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
- қанның жалпы анализі; 
- зəрдің жалпы 
анализі;
- ЭКГ;
- екі проекцияда омыртқа сегменттерін рентгенологиялық зерттеу.

Қосымша диагностикалық шаралар:
- омыртқа КТ жəне/немесе МРТ;
- қандағы кальций, 
фосфат, глюкоза;
- сілтілік фосфатаза белсенділік деңгейін, метаболиттік спондилопатияны 
алып тастау мақсатында анықтайды.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Ем ауруды туындатқан себептерге байланысты, жəне зиянды факторлар əсерін тоқтатқаннан кейін басталады.

 
Қатаң төсек режимі, омыртқааралық диск жарығы кезінде.
Матрац астына щит.
Анальгетиктер.
Транквилизаторлар немесе түнге ұйықтататын препараттар (диазепам, зопиклон).
Стероидты емес қабынуға қарсы – жаңа буындағы циклооксигеназа (ЦОГ) селективті ингибиторларына көңіл бөлінеді, лорноксикам 8 ден 16 мг/тəулігіне дейін, мелоксикам 7,5 тен 15 мг/тəулігіне дейін.
Миорелаксанттарды паравертебральді бұлшықеттердің айқын ширығуында, ишиалгиялық кифосколиоз кезінде тағайындаған дұрыс (диазепам, мидокалм).
Жергілікті əсердегі препараттар, маздер: хонроксид 5%, диклофенак жəне т.б.
Радикулопатия немесе нейропатия кезінде жұлын түбіршектерінің функциясын қалпына келтіру үшін микроциркуляцияны жақсарту қажет (трентал, реополигюкин).

Декомпрессия жүргізу үшін дегидратциялық терапия қажет.

Айқын ауыру, түбіршектік синдром кезінде емдік дəрі-дəрмектік блокадалар қолданған жөн. Емдік дəрі-дəрмектік блокадаларды кортикостероидтармен жүргізеді, мейлінше ұзақ əсердегі формасын қолдану қажет. Физиотерапиялық емшаралар, жылулық емшаралар, иглорефлексотерапия, емдік физкультура, тарту.

Перифериялық нерв жүйесіның аурулары кезінде патогенді маңызды болып «В» тобындағы витаминдерді тағайындау табылады. Соңғы уақыттарда инъекциялық формалармен қатар «В» тобындағы витаминдер кешенінің пероралдық формасы да қолданылап жүр (нейромультивит, магний лактаты пиридоксинмен бірге).

Емдік дəрі-дəрмектік блокадаларды кортикостероидтармен жүргізеді, мейлінше ұзақ əсердегі формасын қолданған жөн. Микроциркуляцияны жақсартатын препараттар тағайындайды, осмостық диуретиктер тиімді
.
Паравертебральді бұлшықеттерінің айқын ширығуында, ишиалгиялық кифосколиоз кезінде миорелаксирлі əсердегі препараттарды тағайындаған жөн, диазепам, мидокалм.

Түбіршектік ауыру кезінде, консервативті терапиямен қоса стероидтық емес қабынуға қарсы препараттарды (СЕҚҚП) тағайындайды, жаңа буындағы циклооксигеназа (ЦОГ) селективті ингибиторларына көңіл бөлінеді, лорноксикам 8 ден 16 мг/тəулігіне дейін, мелоксикам 7,5 тен 15 мг/тəулігіне дейін. 

Перифериялық нерв жүйесіның аурулары кезінде патогенді маңызды болып «В» тобындағы витаминдерді тағайындау табылады, себебі олар тотығулық энергетикалық механизмдер жəне нерв құрылымы мен функциясын қалыпты ұстап тұру қызметі үшін қажет. Соңғы уақыттарда инъекциялық формалармен қатар «В» тобындағы витаминдер кешенінің пероралдық формасы да қолданылап жүр (нейромультивит, магний лактаты пиридоксинмен бірге).
 
Жергілікті əсердегі препараттар, маздер: хонроксид 5%, диклофенак жəне т.б.

Физиотерапиялық емшаралар, тарту (суастылық, құрғақ, Глиссон тұзағы, қажет болса корсет кию), жылулық емшаралар, иглорефлексотерапия, емдік физкультура тиімді.
 
Ем мақсаттары: жоғалған функцияларды қалпына келтіру.
 
Дəрі-дəрмексіз ем:
- физикалық жүктемелерді шектеу;
- суасты немесе құрғақ тарту.

 
Дəрі-дəрмектік ем -  ҚР МНН тіркелген заттар көрсетіледі, курстық немесе тəуліктік дозаны көрсетіп, шығарылу формасын көрсетусіз:
1. Амбене (шприц-ручка) күрделі препарат, оның құрамында:
- дексаметозан 
(глюкокортикостероид) жергілікті қабынуға қарсы, дегидратациялы, нальгетикалық əсер етеді;
- фенилбутазон (стероидты емес қабынуға қарсы);
- натрий салициламиді 
(анальгетикалық əсер);
- цианкобаламид (витамин В) нерв функциясына қолайлы əсер етеді; 

- лидокаин жергілікті ауырсыздандыру əсеріне ие.
2. Дипроспан 1 мл.
3. Прокаин 0,5%; 2% - 5-10 мл.
4. Лорноксикам 16мг/тəулігіне.
5. Мелоксикам 15 мг/тəулігіне.
6. Диазепам 2 мл – 10 мг.
7. Диазепам 0,5% - 2 мл – 10 мг.
8. Метамизол натрий 50% – 1 мл.
9. Дифенгидрамин 1%-1мл.
10. Зопиклон 7,5 мг/тəулігіне 4 аптадан аса (басқа препараттармен əрекеттестігін ескеріп, антидепрессантармен, транквилизатормен қоса тағайындауға болмайды).
11. Хондроитин сульфат 5% нейромультивит.
12. Маннит 10-20% вена ішіне тамшылатып 0,5 –1,5 г/кг дозасында.
13. Толперизон от 50 до 150 мг/тəулігіне.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Прокаин 0,5%; 2% - 5-10 мл.
2. Лорноксикам 16 мг/тəулігіне.
3. Мелоксикам 15 мг/тəулігіне.
4. Диазепам 0,5% - 2 мл – 10 мг.
5. Натрий метамизолы 50% – 1 мл.
6. Дифенгидрамин 1%-1мл.
7. Хондроитин сульфат 5%.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Амбене (шприц-ручка).
2. Дипроспан 1мл.
3. Толперизон от 50 до 150 мг/тəулігіне.
4. Диазепам 2 мл – 10 мг.
5. Зопиклон 7,5 мг/тəулігіне 4 аптадан көп емес (басқа препараттармен əрекеттестігін ескеріп, антидепрессантармен, транквилизатормен қоса тағайындауға болмайды).
6. Нейромультивит.
7. Маннит 10-20% вена ішіне тамшылатып 0,5 –1,5 г/кг дозада.
8. Пентоксифиллин 5 мл.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: ауыру синдромының болмауы, қозғалыс көлемінің ұлғаюы, қозғалыстық жəне сезімталдылық бұзылыстардың болмауы, жұмысқа
жарамсыздықтың қалпына келуі.

Алдын алуы

 
Профилактикалық шаралар: физикалық жүктемелерді шектеу, бұлшықеттік корсетті қалыптастыру үшін іш пен арқаның бұлшықеттерін нығайтуға жаттығулар кешені.

Әрі қарай жүргізу: диспансерлік бақылау, консервативтік ем тиімсіздігінде операция. Хирургиялық емдеу əдісіне, консервативтік емге көнбейтінмүгедектендіретін ауыр жағдайларда көшеді. Шұғыл хирургиялық араласулар ат құйрығы компрессиясы, миелопатияларда көрсетілген.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Англо-русский медицинский энциклопедический словарь (дополненный перевод 26-го издания Стедмана). ГЭОТАР МЕДИЦИНА, М., 2000 2. Справочник врача общей практики. Дж. Мерта. Практика, М., 1998 3. Внутренние болезни. Кн. 10. Т.Р. Харрисон. “Медицина”, М., 1997 4. Acute low back problems in adults. Clinical practice guideline no. 14 (AHCPR publication no. 95-0642). 5.Неврология. Под ред. М. Самуэльса. Пер. с англ.-М., Практика, 1997.-640с. 6.Маркин С.П.Лечение больных с неврологическими проявлениями остеохондроза позвоночника. Метод. рекомендации – М.: ИД Медпрактика-М.-2005, 40с.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
Каменова С.У. –  АМДБЖИ неврология кафедрасының меңгерушісі
Кужибаева К.К. – АМДБЖИ неврология кафедрасының доценті

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх