Ревматизм

P-T-015

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Ревматизм неуточненный (M79.0)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Ревматизм – генетикалық бейімді адамдарда туындайтын, А тобының гемолиздік стрептокогымен шақырылған, патологиялық процесске жүрек пен буындарды 
қосумен дəнекер тінінің жүйелік қабынбалы ауруы.

 
Хаттама коды: P-T-015 "Ревматизм"
Терапевтикалық саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
I00  Жүректің зақымдалуын ескертпейтін ревматизмдік қызба
I01  Жүректің зақымдалуымен ревматизмдік қызба
I02  Ревматизмдік хорея
I05  Митраль қақпақшасының ревматизмдік аурулары (ақаулары)
I06  Аорта қақпақшаларының ревматизмдік ауруы (ақаулары)
I07  Үшжармалы қақпақшаның ревматизмдік ауруы (ақаулары)
I08  Жүректің бірнеше қақпақшаларының зақымдануы
I09  Жүректің басқа ревматизмдік аурулары
M79.0  Анықталмаған ревматизм

Жіктемесі


Жіктемесі
Ресей ревматологтар Ассоциациясының жіктемесі (2003 ж.):
1. Клиникалық варианттары: жіті ревматизмдік қызба, қайталама ревматизмдік қызба.
2. Клиникалық көріністер.
3. Негізгілері: кардит, артрит, хорея, сақинатəрізді эритема, тері асты ревматизмдік түйіндер.
4. Қосымша: қызба, артралгия, абдоминалды синдром, серозиттер.
5. Аяқталуы: сауығу; жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы (жүрек ақауынсыз, жүрек ақауы).
6. Жеткіліксіздік стадиясы.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар: дымқыл климат, нашар əлеуметтік-экономикалық жағдай, генетикалық бейімділік.

Диагностикасы


Диагностика критерилері
В-гемолиттік стрептококкты инфекция туындататын, екі үлкен немесе бір үлкен жəне 2 кіші критерилердің болуы (аңқадан алынған позитивті А- стрептококкты культура немесе А-стрептококкты антигенді анықтауға оң тест, жоғары немесе жоғарылап жатқан стрептококкқа қарсы АСЛ-О, анти-ДНК-аза В антитденелерінің титрі аурудың жоғары ықтималдылығын дəлелдейді.
 
Аурудың басы, бұрынғы стрептококкты мұрынжұтқыншақ инфекциясымен байланысты, уыттану симтомымен бірге жүреді, активті жəне пассивті қозғалыстардың шектелуімен артралгиялар, жиірек ірі буындар зақымдалады, зақымдалудың ұшпалылығы, симметриялылығы тəн. Жіті ревматизмдік қызба кезінде: қызба 90% науқастарда, тері асты түйіндері, сақинатəрізді эритема, хорея, ревмокардит кардиалгиялармен, ентікпемен, ортопноэмен, аритмиямен көрініс табады, аускультация кезінде – жүректің белгілі ақауы үшін мінезді шулық көрініс.
 
Шағымдар мен анамнез: жүрек тұсындағы ауырсынулар жəне қолайсыздық, ентікпе, жүректің қағуы, тахикардия.
 
Физикалық тексеру:
1. Үлкен критерилер - кардит, полиартрит, хорея, сақинатəрізді эритема, тері асты ревматизмдік түйіндер.
2. Кіші критерилер - клиникалық: артралгиялар, қызба.
 
Инструменталдық зерттеулер:
1. ЭКГ: өтімділіктің баяулауы, прекордиальді бөліктерде Т амплитудасының жəне S-T интервалының төмендеуі, аритмиялар.
2. Допплер-ЭхоКГ кезінде митралды жəне аорталық регургитации белгілері.
3. Жүрек рентгенографиясы: жүрек көлемінің ұлғаюы, жиырылғыштық қасиеттің төмендеуі.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: көрсетімдер бойынша.

Дифференциалды диагноз: жоқ.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның жалпы анализі.
2. Зəрдің жалпы анализі.
3. Ле-клеткаларды анықтау - көрсетімдер бойынша.
4. Коагулограмма көрсетімдер бойынша.
5. Жалпы ақуыздарды анықтау.
6. Ақуыздық фракцияларды анықтау.
7. С-реактивті ақуызды анықтау.
8. Электрокардиография.
9. Стрептокиназаны анықтау.
10. Контрасттық өңешпен 3 проекциядағы жүрек рентгенографиясы.
11. ЭХОКГ (ДОППЛЕР ЭХОКГ).
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: аңқадан жағындыны бактериологиялық зерттеу.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер:
1. ҚЖА: ЭТЖ жоғарылауы, лейкоцитоз, лейкоцитарлық формуланың солға жылжуы.
2. ҚБА: α2- жəне γ-глобулиндер, серомукоидтар, гаптоглобин, фибоин деңгейінің артуы.
3. Қан ИИ: Т-лимфоциттер санының төмендеуі, Т-супрессорлар функциясының төмендеуі, иммуноглобулиндер деңгейінің жəне антистрептококкты антидене титрінің артуы.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы
Ревматизмдік қызбаны, ревматизмді емдеу стационарда 
жүргізіледі. Амбулаторлы кезеңде жедел ревматизмдік қызбаның (ЖРҚ) екіншілік профилактикасы жүзеге асырылады - бензатин - бензилпенициллинмен:
1. Кардитсіз ЖРҚ ауырған науқастар үшін (полиартрит, хорея) – 5 жыл.
2. Кардитпен ЖРҚ ауырған науқастар үшін, профилактиканы 5 жылдан астам жүргізу қажет (ең болмағанда науқасқа 25 жас толғанша).
3. Жүректің қақпақшалық ақауымен науқастарға жəне жүрек ақауын хирургиялық түзету орындалған науқастарға - өмір бойы.

Ем мақсаты:
1. Жіті ревматизмдік қызбаның қайта шабуылы мен жүрек ревматизмдік ақауының алдын алу жəне (диспансерлік бақылау).
2. Медициналық емшараларды орындау кезінде туындайтын бактериемияны қайтару.

Дəрі-дəрмексіз ем: № 10 емдік стол.

Дəрі-дəрмектік ем:
1. Антибактериалды терапия.
2. Антибиотиктер жіті тонзиллиттен кейін, жіті ревматизмдік қызбаны қайтаруға тиімді (А нұсқамасының градациясы).
3. Ауыз қуысында, өңеште, тыныс жолдарындағы емшаралар кезінде.
4. Амоксициллин* 2 г емшараға дейін 1 сағат пероралды. Ішке қабылдауға мүмкіндің болмағанда вена ішіне немесе бұлшықетішіне ампициллин 2 г емшараға дейін 30 мин алдын.
5. Пенициллинге аллергия кезінде - азитромицин* 500 мг немесе кларитромицин* 500 мг немесе клиндамицин 600 мг.
6. Пенициллинге аллергия кезінде жəне ішке қабылдау мүмкін болмағанда вена ішіне клиндамицин* 600 мг немесе цефазолин* вена ішіне немесе вена ішіне 1 г.
7. Асқазан ішек жəне урогениталия жолдарындағы емшаралар кезінде.
8. Амоксициллин* 2 г емшараға дейін 1 сағат алдын пероралды. Ішке қабылдау мүмкін болмағанда вена ішіне немесе бұлшықетішіне ампициллин* 2 г емшараға дейін 30 мин алдын.
9. Пенициллинге аллергия кезінде ванкомицин* 1 г вена ішіне 1-2 сағат бойы, енгізуді емшараға дейін 30 мин алдын аяқтау.
10. Стероидтық емес қабынуға қарсы препараттар (СЕҚҚП): натрий диклофенак*.
11. Глюкокортикоидтарды тағайындау ауыр кардит, əсіресе жүрек функциясының жеткіліксіздігі симптомдары кезінде: преднизолон* (0,5-2 мг/кг салмаққа) əрбір 6-12 сағ., сонан соң 2 күннен кейін тəуліктік дозаны 120-160 мг дейін арттырады. Сонан соң эритроциттердің тұну жылдамдығының қалыпты көрсеткішінде бір апта бойы əр 2 күн сайын 5 мг азайтады. Преднизалонды тоқтатудың алдында асқынудың алдын алу үшін жəне тоқтатқаннан кейін 2 аптадан соң аспириннің емдік дозасын тағайындайды.
12. Инфекция ошағын санациялау.
13. Симптоматикалық терапия.
14. Ырғақ бұзылуын емдеу: жыпылықтағыш аритмия кезінде: дигоксин, кальций немесе амиодарон антагонистері*, көрсетімдер бойынша - кардиоселективті В-адреноблокаторлар: жүрек жиырылуын, АҚ, ЭКГ бақылауында*.
15. Жүрек функциясының жеткіліксіздігі: зəр айдағыштар: фуросемид – доза жүрек декомпенсациясының дəрежесіне байланысты таңдалады, ісіну синдромы кезінде – верошпирон* 100-300 мг/тəулігіне.
16. Калий препараттары: аспаркам*, панангин*.
17. Жасанды митралды немесе аорталы протезбен науқастарды жүргізу: тікелей емес антикоагулянттар – фенилин *– доза ПТИ байланысты таңдалады (75% аз), варфарин* 2,5-5 мг/тəулігіне – бастапқы доза, МНО деңгейін бақылау (2,8-4,4) - айына 1 рет.
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
 
Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:
1. *Бензатин-бензилпенициллин құтыдағы инъекция үшін ұнтағы 1 200 000 ЕД, 2 400 000 ЕД.
2. *Амоксициллин+клавулонды қышқыл табл, оның қабықшасын жабу 500 мг/125мг, 875 мг/125 мг.
3. *Калий диклофенагы 12,5 мг, табл.
4.  Натрий диклофенагы 25 мг, табл, сыртқы пайдалану 1% гель.

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Преднизолон 5 мг, табл.
2. *Дигоксин 0,025 мг, табл.
3. *Амиодарон 200 мг, табл.
4. *Фуросемид 40 мг, табл.
5. *Аспаркам 0,5 г, табл.
6. *Варфарин 2,5 мг, табл.

Ем тиімділігінің индикаторлары:
1. ОРЛ қайта шабуылын жəне жүректің ревматизмдік ақауының үдеуін алдын алу.
2. Медициналық емшараларды орындау кезінде туындаған бактериемияның алдын алу.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялауға көрсетімдер: жіті ревматикалық қызбаның асқынуы. Жіті ревматикалық қызбаның асқынуы кезінде барлық науқастарды ауруханаға жатқызады, 2-3 ст. белсенділік, 2 апта бойы 1 ст. белсенділік кезінде емнің тиімсіздігі, асқынулардың пайда болуы.

Алдын алуы


Біріншілік профилактика:
- біріншілік аурушаңдықтың алдын алуға бағытталған жеке, қоғамдық шаралар кешені (организмді шынықтыру, өмір деңгейінің артуы, тұрмыстық жағдайының жақсаруы);
- ревматизмнің біріншілік шабуылын алдын алу мақсатында жоғарғы тыныс жолдарының өзге жіті стрептококктық аурулар жəне баспаны ерте жəне тиімді емдеу.

Профилактикалық шаралар:
Науқаста жүректің ревматизмдік ақауы болған кезде, бірнеше рет бактериалды эндокардиттің екіншілік профилактикасы жүргізіледі.
Профилактика:  бензатин бензилпенициллин* 2,4млн бұлшықет ішіне 3 аптада 1 рет.
Екіншілік профилактика: D бензатин-бензилпенициллинмен – 2,4 млн БІРЛІК 3 аптада 1 рет – жыл бойы.
 
Əрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері: ОРЛ қайта шабуылын жəне жүректің ревматизмдік ақауының үдеуін алдын алу.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1 Клинические рекомендации. Фармакологический справочник. Изд-во «ГЕОТАР-МЕД», 2004. 2 Б.С. Белов Острая ревматическая лихорадка: современное состояние проблемы. РМЖ, Том 12 № 6, 2004 3. Reactive arthritis and rheumatic fever. EBM Guidelines. 20.6.2004. www.ebm-guidelines.com

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
Жұмашева Б.Б.,  ҚР ДСМ Кардиология жəне ішкі аурулар ҒЗИ

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх