Псориаз

P-T-013

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Псориаз неуточненный (L40.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Псориаз - аяқ қолдың бүгу беттерінде, бастың түкті бөлігінде, симметриялы орналасқан, тырнақ пен буындардың зақымдануы мүмкіндігімен эпидермалды папулалардың симметриялы орналасумен, мультифакториалды табиғаттағы рецидивті созылмалы генотиптік дерматоз.

 
Хаттама коды: P-T-013 "Псориаз"
Терапевтикалық саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
L40     Қарапайым псориаз
L40.3  Алақан-табандық пустулезі
L40.4  Тамшытəрізді псориаз
L40.9  Анықталмаған псориаз

Жіктемесі


Жіктемесі:
1. Қарапайым псориаз (вульгарлы).
2. Экссудативті псориаз.
3. Себореялы псориаз.
4. Рупиоидты псориаз.
5. Экзематоидты псориаз.
6. Сүйелді псориаз.
7. Фолликулярлы псориаз.
8. Алақан мен табан псориазы.
9. Тырнақ псориазы.
10. Пустулезді псориаз.
11. Артропатиялық псориаз.
12. Псориаттық эритродермия.
 
Ағым бойынша (стадиялар): үдемелі, стационарлық, регрессті.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар: бай жанұялық анамнез, жарақат (физикалық, химиялық), эндокриндік бұзылыстар (жүктілік, менопауза), психогенді факторлар (психо-эмоционалды стресс), метаболиттік бұзылулар, инфекциялар (мысалы: бадамшадағы гемолиттік стрептококктар), кейбір дəрілік заттарды қолдану (мысалы: β- андреноблокаторлар, безгекке қарсы заттар), алкогольді жиі пайдалану.

Диагностикасы


Диагностика критерилері
 
Шағымдар мен анамнез
 
Шағымдар: қышу үнемі тəн емес, бірақ процесстің шашты бөлікте жəне бұтаралықта орналасуы кезінде интенсивті болады; терінің тартылу сезімі; буындардағы ауырсынулар (артропатиялық псориаз кезінде).
 
Ауру анамнезі: ауру ағымы тез басталады: кезекті қатпарлар ай бойы болуы мүмкін. Тамшы тəрізді жəне пустулезді псориаз үшін кенеттен басталу тəн, жиірек болған инфекциялардан, ЖРА кейін.
 
Физикалық тексеру:
1. Перифериялық өсуге жəне түрлі көлем мен сызықтағы бляшкаларға қосылуға бейімді, борпылдақ күмісті-ақ қатпарлармен жабылған, қызғылт түсті папулалар. Бляшкалар оқшауланған, үлкен емес немесе ірі, тері жабындыларының көлемді жерін алып жатады.
2. Басым жағдайда орналасуы – аяқ пен қолдың бүгу беттерінде, (əсіресе шынтақ пен тізе), бастың түкті бөлігі, бел айналасы.
3. Псориаттық үштік:
-  «стеариндік дақ» феномені -  қырнау кезінде қабыршақтанудың күшеюімен мінезделеді, папула бетінің стеарин тамшысымен ұқсастығы;
- «терминалды пленка» феномені - қатпарларды толық алып тастаған соң, барлық элементтерді жауып тұратын жұқа үлпершек пленка түседі;
- «қанды шық» феномені (Ауспитц феномені): əрə қарай қырнау кезінде;
- «терминалды пленка» түскеннен кейін, сулы жалаңаштанған бетте нүктелік қанағулар (тамшылық) пайда болады.
4. «Оймақ» симптомы – тырнақ пластинкаларындағы нүктелік тереңдіктер. Мұнымен қоса тырнақтың борпылдауы, шеттерінің сынуы, түсінің өзгеруі, көлденең жəне ұзынша сайлар, деформациялар, қалыңдаулар, тырнақасты гиперкератоз.

Лабораторлық зерттеулер: тəн емес.
 
Инструменталдық зерттеулер: тəн емес.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер
Көрсетімдер болса (қосарланған патологиялар):
- терапевт;
- невропатолог;
- психотерапевт.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Микрореакция.
2. Қанның жалпы анализі (6 параметр).
3. Зəрдің жалпы анализі.
4. Глист жүмыртқасына нəжіс.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. АЛТ анықтау.
2. АЛТ анықтау.
3. Билирубина анықтау.
4. Қанның қантын анықтау.
5. Құрсақ қуысыны ағзаларын УДЗ.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз

Себореялы дерматит
Қызыл жалпақ
теміреткі
Парапсориаз
Розовый лишай
Жибера
Папулезді
(псориазформалы)
сифилид
Терінің себореялық
учаскелерінде эритематоздық
ошақтар, беткейдегі майлы
лайлы-сарғыш
қабыршақтармен.
Жиірек сілемейдің
зақымдануы. Орналасуы
жиірек аяқ-қолдың
бүгілетін беттерінде.
Полигональді формадағы
папулалар, көкшіл-қызыл
түсті, жалпақ, ортасында
кіндіктік басылумен,
түбітті. Папула бетін
маймен сүрткен кезде
Уикхем торы.
Орналасуы-дене мен аяқ
қол терісі. Тырнақтық
пластинкалар зақымдалмайды.
Папулалар лентикулярлы,
домалақ, қызғылт түсті,
жалпақ айқын полигональді
алаңдармен. Қабыршақтар
домалақ, ірі, «облатка»
түрінде. Теріс
микологиялық зерттеу.
Орналасуы: мойын, дене
терісі. Шаш, тырнақтар
зақымдалмайды. Дақ
пайда  болады,
перифериялық өседі,
«медальон» тəрізді. Теріс
микологиялық зерттеу.
Орналасуы: дене терісі,
көбінесе шеткі беті.
Қызғылт түсті папулалар,
негізінен милиарлы
көлемде, аздаған
қабыршақтану. Оң КСР.





















Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: регресс кожных высыпаний (значительное уменьшение инфильтрации, шелушения).

Дəрі-дəрмексіз ем:
-  
Режим 2;
-  
Стол №15 (диета, көмірсусыз жəне майсыз, блыққа, көкөністерге бай).

Дəрі-дəрмектік ем:
1. Десенсибилиздеуші терапия (30% натрий тиосульфаты 10,0 венаішіне, күнделікті – курстық доза 10-15 инъекция; 10% кальций глюконаты 10,0 венаішіне, күнделікті – курстық доза 10-15 инъекция; 10% кальций хлориді 10,0 венаішіне, күнделікті – курстықдоза 10-15 инъекция) - көрсетімдер бойынша.
 
2. Антигистаминдік терапия (айқын қышуда): хлоропирамин 25 мг, цетирезин 10 мг, кетотифен 1 мг.
 
3. Жергілікті глюкокортикоидтарды қолдану: бетаметазон 0,1 % мазь, метилпреднизолон 0,1 % мазь, триамцинолон ацетониді 0,1 % мазь, гидрокортизон 1 % мазь. Бетке жəне тері қатпарларына тек қана əлсіз глюкокортикостероидтарды жағу. Басқа локализациядағы тері зақымдалуын емдеу үшін, аса тиімді зат есебінде тек қана күшті жəне өте күшті жергілікті қолданудағы глюкокортикостероидтар болып есептеледі (классы ...-IV).
Үдемелі псориаз кезінде жүйелік глюкокортикостероидтарды тағайындамау қажет, себебі бұл дəрілік терапияға нашар берілетін, эритродермиялық немесе пустулезді формалардың дамуына дейін алып келеді.

4. Салицил қышқылы (мазь). Салицил қышқылының 0,5 тен 5% дейін концентрациядағы мазьдерді пайдаланады. Ол антисептикалық, қабынуға қарсы, кератопластикалық жəне кератолиттік əсерге ие, дегть пен кортикостероидтар комбинациясымен қолданылуы мүмкін. Салицил қышқылы, псориаздық элементтердің қабыршақталған қабаттарын жұмсартады, сонымен қатар жергілікті стероидтар əсерін, олардың сіңірілуін күшейту арқылы арттырады, сондықтан да олармен бірге комбинацияда қолданады. Салицил қышқылының өзі теріге жеңіл кіреді, оны кең беткейде жəне 2% артық концентрацияда қолданбайды, ал балаларда 2-проценттік мазьді терінің шектелген жерлеріне ғана жағады. Көтере алмау сирек кездеседі, салицил қышқылы жанама əсер ретінде тері қабынуын үдетуі мүмкін.
 
5. Нафталан мұнайы. Шайыр мен көмірсулар қосындысы, құрамында күкірт, фенол, магний жəне басқа көптеген заттар бар. Нафталан мұнайының препараттары қабынуға қарсы, сіңірулік, қышуға қарсы, антисептикалық, қабыршақты түсіру, репарациялық қасиеттерге ие. Псориазды емдеу үшін 5–10% нафталан мазі мен пастасын қолданады. Жиірек нафталан мұнайын күкіртпен, ихтиолмен бор қышқылы, цинк пастасымен комбинацияда қолданады.
 
6. Сіңірушілік қасиетке ие, 5% күкірт-дегтярь мазі.
 
7. Цинк пиритионаты. Аэрозоль, крем жəне шампунь түріндегі активті зат. Антипролиферативті əсерге ие — гиперпролиферация жағдайындағы эпидермис клеткаларының патологиялық өсуін басады. Соңғы қасиеті псориаз кезінде препарат тиімділігін анықтайды. Препарат қабынуды басады, инфильтрация мен псориаздық элементтердің қабыршақтануын төмендетеді. Ем орташа бір ай жүргізіледі. Бастың түкті бөлігінің зақымдануы бар науқастардың терапиясы үшін аэрозоль мен шампунь қолданылады (аптасына 3 рет), тері зақымдалуы кезінде— аэрозоль мен крем (тəулігіне 2 рет жағады). Препарат жақсы сіңіріледі, үш жастан бастап қолдануға рұқсат.

8. Кальципотриол, D3 витаминінің аналогы, бастың түкті бөлігіне жағу үшін мазь, крем, ерітінді түріндегі дəрілік зат ретінде тіркелген. Кальципотриол кератиноциттердің пролиферациясын тежеуді шақырады, олардың морфологиялық дифференциациясын тездетеді, клетка пролиферациясын реттейтін тері иммундық жүйесінің факторларына əсер етеді, қабынуға қарсы əсерге ие. Бет пен гениталияға жағу ұсынылмайды. Күнделікті максималды түрде 100 гр. мазь, крем немесе ерітінді түрінде қолданылады.
 
9. Ретинол ацетаты (114 мг, драже) бір ай бойы əр 12 сағат сайын 1 дражеден.
 
10. Артропатиялық, пустулездік псориаздың тұрақты ағымында, жүргізілген терапияның тиімсіздігінде метотрексат тағайындалады – клеткалық митозды басатын фоль қышқылының антагонисттері. Таблетка түрінде тағайындалады: 5 мг əр 8 сағат сайын (тəулігіне 15 мг)- аптасына 1 рет, 2-3 курс; инъекция түрінде 25-50 мг аптасына 1 рет – қарсы көрсетімдерді ескеріп, емдеу курсына 3-4 инъекция.

11. Псориаздың айқын формасында ем ретінде фототерапия қолданылады. Ұзақтолқынды УФ сəулелер фотосенсибилизаторлар қосылған комбинацияда, псориаздың емінде маңызды орын алады (стационарлық стадияда).
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
 
Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:
1. 30% натрий тиосульфаты, амп.
2. 10% кальций глюконаты, амп.
3. 10% кальций хлориді, амп.
4. Хлоропирамин 25 мг, табл.
5. Цетирезин 10 мг, табл.
6. Кетотифен 1 мг, табл.
7. Бетаметазон 0,1% мазь.
8. Метилпреднизолон 0,1% мазь.
9. Триамцинолон ацетониді 0,1% мазь.
10. Гидрокортизон 1% мазь..
11. Салицил қышқылы 2% мазь.
12. Ретинол 114 мг, драже.
13. Активті көмір 0,25 г, табл.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. 5% күкірт-дегтяр мазі.
2. 5–10% нафталан мазі мен пастасы.
3. Аэрозоль, крем, шампунь түріндегі цинк пиритионаты.
4. Кальципотриол (мазь, крем, ерітінді).
5. Метотрексат, таб 2,5 мг; фл. 0,005; 0,05 и 0,1 г.
6. Преднизолон 5 мг амп, табл.
7. Дексаметазон 4 мг амп.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: өспеген папулалар мен қатпарлар, жалған атрофиялық Воронов шеңбері, инфильтрацияның, қабыршақталудың айтарлықтай азаюы, регрессия стадиясы – бөртпе элементтерінің ашылуы.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялауға көрсетімдер: баяу динамика жəне терілік бөртпелер регресінің болмауы, жүргізілген терапиядан тиімділік болмау.

Алдын алуы

 
Профилактикалық шаралар:
- көмірсулар мен майсыз, балық, көкөністерге бай диета;
- қауіп-қатерлі факторларды жою;
- қосарланған патологияны емдеу;
- витаминотерапия, фитотерапия курстары, адаптогендер, липотропты заттар;
- гидротерапия;
- саноторлық-курорттық ем.
 
Əрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері
Тұрғылықты жері бойынша дерматологта Д-есепте тұру, профилактикалық рецидивке қарсы ем, санаторлық-курорттық ем.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. British Association of Dermatologists guidelines for use of biological interventions in psoriasis 2005 C.H. Smith, A.V. Anstey, J.N.W.N. Barker, A.D. Burden, R.J.G. Chalmers, D.Chandler, A.Y. Finlay, C.E.M. Grifitths, K. Jackson, N.J. McHugh, K.E. McKenna, N.J. Reynolds and A.D. Ormerod (Chair of Guideline Group). 2. Psoriasis. Snellman E. Psoriasis. In: EBM Guidelines. Evidence – Based Medicine. (CDROM). Helsinki, Finland: Duodecim Medical Publication Ltd.; 2004 Jun 18 (various). (74 references) www.prodigy. Nhs. UК 3. Доказательная медицина. Ежегодный справочник. Часть 6. М.Медиа Сфера, 2003г. с. 1865-1867.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Альменова Л.Т., ҚР ДСМ ТВҒЗИ

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх