Жіті бронхит

P-T-009

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Острый бронхит, вызванный другими уточненными агентами (J20.8)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Жіті бронхит
– бір айға созылатын, басым жағдайда инфекциядан туындаған бронхтардың қабынуы.


Хаттама коды: P-T-009 "Жіті бронхит"
Терапевтикалық саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): J20  Жіті бронхит

Жіктемесі


Жіктемесі

Жалпы қабылданған жіктеме жоқ.

Этиология бойынша:
- жиі жағдайда 
вирусты;
- бактериалды;
- уытты жəне күйіктік – сирек жағдайда.

Бөледі:
- қарапайым жіті 
бронхит;
- жіті обструктивті бронхит;
- острый бронхиолит;
- рецидивті бронхит.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар
Тұмау, басқа респираторлы вирусты аурулар, маскүнемдік, 
аллергиялық аурулар, ауалық поллютанттар, мұрынжұтқыншақ жəне таңдай бадамшаларының гипертрофиясы, иммунтапшылық ахуалдар, темекі тарту (оның ішінде пассивті), трахеостоманың болуы, егде немесе балалық жас, рефлюкс-эзофагит, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, созылмалы, мұздау.

Диагностикасы


Диагностика критерийлері:
«Жіті бронхит» диагнозы 3 аптадан көпке созылған, жіті 
туындаған жөтел болған кезде, пневмония немесе өкпенің созылмалы ауруларының белгілері болмаған кезде қақырықтың болуымен қойылады.

Шағымдар мен анамнез: жөтел, алғашында құрғақ, сонан соң қақырықпен; жалпы əлсіздік, терлегіштік.
 
Физикалық зерттеулер: негізгі клиникалық көріністер: уыттану симптомдары (шаршау, қалтырау, субфебрилитет, арқа мен бұлшықеттердегі ауыру); жөтел, алғашында құрғақ, сонан соң сілемейлі іріңді қақырықпен продуктивті; ентікпе жиі жағдайда өкпе мен жүректің фондық патологиясымен шартталған; фарингит жəне конъюнктивит симптомдары; аускультация кезінде – шашыранды құрғақ немесе өкпедегі сулы сықырлар.

Инструменталдық зерттеулер: дифференциалды диагностика үшін: кеуде клеткаларының рентгенографиясы (өкпелік тіндердің өзгерістері жоқ).
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: көрсетімдер бойынша.

Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның жалпы анализі.
2. Зəрдің жалпы анализі.
3. Микрореакция.
4. Флюорография.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қақырықтың жалпы анализі.
2. Қақырық цитологиясы.
3. Микробтардың антибиотиктерге, БК сезімталдылық анализі.
4. Қызбаның жоғары кезінде гемокультураны бактериемяға зерттеу.
5. Кеуде клеткалары ағзаларының рентгенографиясы.
6. Отоларинголог консультациясы.
7. Фтизиатр консультациясы.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер
Жалпы қан анализінде лейкоцитоз, эритроциттердің тұну жылдамдығының артуы анықталу мүмкін. Жалпы зəр анализінде аздаған протеинурия анықталуы мүмкін немесе өзгерістер жоқ. Қақырық болған кезде, өкпе туберкулезін алып тастау үшін, БК ға үш реттік зерттеу жүргізу.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз

Диагноз немесе ауру себебі
Диагноз пайдасына
Жіті бронхит
- Тыныс алу жиіленуінсіз жөтел
- Мұрын бітелу
- Температураның жоғарылауы, қызба
Пневмония
- Жөтел жəне жиілеген тыныс:
     жасы < 2 ай > 60/мин;
     жасы 2 – 11 ай > 50/мин;
     жас 1 – 5 жас > 40/мин.
- Көкірек клеткасы төменгі бөлігінің ішке тартылуы
- Қызба
- Аускультациялық белгілер – əлсіздеген тыныс, ылғалды сырылдар
- Мұрын қанатының кебуі
- Уһілеген тыныс (ерте жастағы нəрестелерде)
Стеноздаушы ларинготрахеит
(жалған бітелу)
- Үрмелі жөтел
- Тыныс жеткіліксіздігі
- Бəсеңсіген дауыс
- Егер қызылша салдарынан болса – қызылша белгілері
Көкжөтел
- Дірілді өзіне тəн ысқырмалы тыныспен, құсумен, цианоз немесе апноэмен қатар жүретін пароксизмальді жөтел
- Жөтел ұстамалары арасында өзін-өзі жақсы сезіну
- Қызбаның болмауы
- Анамнезінде АКДС вакцинасының болмауы
Обструктивный бронхит
- Анамнезде демікпелік тыныс салқындаумен байланысты
- Нəрестеде жəне жанұя мүшелерінде демікпенің/экземаның/поллиноздың болмауы
- Ұзарған тыныс шығару
- Аускультативті – құрғақ сырылдар, əлсіздеген тыныс (егер анық болса – тыныс жолдарының түйілуін алып тастау)
- Бронхолитиктерге жақсы реакция
- Демікпе кезіндегіден көріністер аз айқын
 

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: уыттануды, бас ауыруды жою, өзін-өзі сезінуді жақсарту, тəбет жəне дене температурасын қалпына келтіру; сауығу жəне асқынулардың болмауы.

Дəрі-дəрмексіз ем
Дене қызуының жоғарылауында – төсек режимі. Көлемді жылы сұйықтық. Бронхтардың бактериалды зақымдану белгілерінсіз, 38С жоғары гипертермия кезінде ыстық түсіретін заттарды қысқа уақыт қабылдау (парацетамол). Сыртқы тітіркендіргіштердің элиминациясы.
Емделушілерді оқыту: тыныстық 
жаттығулар, постуральді дренаж, темекіні тоқтату.

Дəрі-дəрмектік ем:
Қажытатын жөтел кезінде жөтелді басатын заттар (декстрометорфан, кодеин, тусупрекс), бронходилататорлар (сальбутамол - бронхиалды гиперреактивтілік белгілері кезінде) қолданылуы мүмкін. Қақырық болған кезде муколиттік заттар (амброксол, карбоцистеин, ацетилцистеин) көрсетілген.

Антибиотикотерапия асқынбаған жіті бронхит кезінде, олар вирусты болмағандықтан көрсетілмеген. Антивирусты терапия (амантадин, римантадин, рибавирин). 

Антибиотикотерапия бронхтардың анық инфекциялық зақымдану белгілері кезінде көрсетілген: іріңді қақырықтың бөлінуі мен оның көлемі көбейгенде, уыттану белгілерінің туындауы мен өршуінде (пероралды амоксициллин 0,5-1г əр 8 сағатта, цефуроксим ацетил 0,5 г əр 12 сағатта, кларитромицин 0,5 г əр 12 сағатта, азитромицин 0.5 г тəулігіне 1 реттен 3 күн бойы).
 
Микоз туындауының профилактикасы жəне емі үшін, ұзақ массивті антибиотикотерапия кезінде, итраконазол оралдық ерітіндісі 200 мг 2 рет/тəулігіне, 7 күн бойы.

Тұрақты жəне ұзақ уақыт дене қызуының жоғарылауы кезінде, гемокультураны қызбаның жоғарылауында флораның антибиотиктерге сезімталдылығын анықтаумен зерттеу.

Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
 
Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:
1. **Парацетамол сироп 2,4% флаконда; суспензия; суппозитории 80 мг.
2.   *Амоксициллин 500 мг, табл.
3. **Амоксициллин+клавуланды қышқыл табл, оның қабықшасын жабу 500 мг/125мг, 875 мг/125 мг; флаконда 500мл/100мг, 1000мг/200мг дайындауға арналған ұнтақ
4. **Амброксол сироп 15 мг/5 мл; 30мг/5 мл; ерітінді 7,5 мг/мл.
5.   *Итраконазол оралды ерітінді 150 мл – 10 мг/мл.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Цефуроксим 750мг, 1.5 гр флаконда иньекциялық ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ.
2. *Цефтазидим 500 мг, 1 гр, 2г флаконда иньекциялық ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ.
3. *Азитромицин 500 мг, капс.
4. *Сальбутамол аэрозоль 100 мкг/доза; таблетка 2 мг, 4 мг; небулайзер үшін ерітінді 20 мл.

Ем тиімділігінің индикаторлары: уыттануды, бас ауыруының жойылуы, өзін-зі жақсы сезіну, тəбет жəне дене температурасын қалыпқа келтіуі; сауығу жəне асқынулардың болмауы.

* - Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар
 
** - Амбулаторлық ем кезіндегі рецепт бойынша дəрілік заттар тегін жəне жеңілдікпен берілетін ауру түрлерінің тізіміне кіреді.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау үшін көрсетімдер: асқынулардың дамуы, уыттанудың жоғарылауы, тыныс алу жеткіліксіздігі байқалған кезде, 3 күннен артық дене қызуының түспеген жағдайында.

Алдын алуы


Біріншілік профилактика:
1. Науқастар жəне вирустасымалдағыштармен қатынасты шектеу, əсіресе жоғары респираторлық аурушаңдық мезгілінде.
2. Бетперде таңу жəне ЖРВИ ауруы бар жанұя мүшелерінің қол жууы.
3. Бөлмедегі оптималды ауа режимін ұстап тұру.
4. Белсенді жəне пассивті темекі тартуды жою, отынды ошақтарда мұнай өнімдерін пайдаланбау, үйде гипоаллергендік жағдай жасау.
5. Шынығу шараларын жүргізу, ЕДШ.
6. Адекватты тамақтану.
7. Тұмауға қарсы вакцинация.

Əрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері: тоқсан сайын диспансерлік бақылау.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Bronchitis. National Guideline Clearinghouse. www. guideline.gov. 2005 2. Клинические рекомендации. Фармакологический справочник. Изд-во «ГЕОТАР-МЕД», 2004. 3. Практическое руководство по антиинфекционной химиотерапии. Под ред Страчунского Л.С., БелоусоваЮ.Б., Козлова С.Н.. Москва, 2002 г. 4. Федеральное руководство по использованию лекарственных средств (формулярная система) под редакцией А.Г.Чучалина, Ю.Б.Белоусова, В.В.Яснецова. Выпуск VI. Москва 2005

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Семенова Р.И., ҚазҰМУ пульмонология кафедрасы

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх