Гипотиреоз

P-T-004

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Гипотиреоз неуточненный (E03.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Гипотиреоз
– организмде қалқанша без гармондарының тұрақты 
тапшылығымен шартталған клиникалық синдром.

 
Хаттама коды: P-T-004 "Гипотиреоз"
Терапевтикалық саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
Е01    Йод жеткіліксіздігі мен оған ұқсас жағдайлармен байланысты қалқанша без аурулары.
Е02    Йод жеткіліксіздігі салдарынан субклиникалық гипотиреоз.
Е03.9 Анықталмаған гипотиреоз.
Е04    Уытты емес зобтың басқа формалары.
Е00    Туа біткен йод жеткіліксіздігі синдромы.

Жіктемесі


Жіктемесі
 
Гипоталамус-гипофиз-қалқанша без жүйесіндегі зақымдану деңгейі бойынша:
- біріншілік;
- екіншілік;
- үшіншілік;
- перифериялық (тіндік, транспорттық).
 
Ауырлық дəрежесі бойынша:
1. Субклиникалық (диагноз тиреоиодтық гармондар жəне ТТГ анықтау нəтижесі негізінде белгіленеді). 
2. Манифесттік (компенсацияланған, декомпенссацияланған).
3. Асқынған (полисерозит, жүрек функциясының жеткіліксіздігі, гипофиздің екіншілік аденомасы, кретинизм, микседематозды кома).
 
Гипотиреоз басым көп жағдайда (90% жəне жоғары) қалқанша безінің тікелей зақымдалуымен шартталған, яғни біріншілік гипотиреозбен көрсетілген.

Бұл кезде 
болатын құбылыстар:
 
1. Қалқанша бездің функционалды белсенді тіндерінің бұзылуы жəне жетіспеушілігі:
- созылмалы аутоиммунды тиреоидит;
- қалқанша безді операция арқылы алып тастау;
- радиоактивті I 131 терапия;
- жітілеу, босанудан кейінгі жəне ауырусыз тиреоидиттер кезінде ауысатын гипотиреоз;
- инфильтративті немесе инфекциялық аурулар;
- қалқанша безінің агенезиясы немесе дисгенезиясы;
- қалқанша безінің қатерлі ісіктері.
 
2. Тиреоидты гармондар синтезінің бұзылуы:
- тиреоидты гармондар биосинтезінің туа біткен ақаулары;
- ауыр тапшылық немесе йодтың көптігі;
- дəрі дəрмекті жəне уытты əсер (тиреостатиктерді, литий перхлораты жəне басқа).
 
Екіншілік жəне үшіншілік  гипотиреоздың орталық формасы деп те атайды, мыналардың салдарынан туындайды:
- ТТГ жəне/немесе ТРГ өндіретін жасушалардың бұзылысы мен жетіспеушілігі;
- ТТГ жəне/немесе ТРГ синтезінің бұзылуы.
 
Гипотиреоздың орталық формасы, мидың жəне/немесе гипофиздің гипоталамиялық құрылым жəне/немесе ТТГ жəне/немесе ТРГ өндірілуінің төмендеуімен байланысты.
 
Олардың себебі болуы мүмкін:
1. Гипопитуитаризм.
2. ТТГ оқшауланған тапшылық.
3. Гипоталамустың даму ақауы.
4. ОНЖ инфекциялары (энцефалит).
6. Бас миының ісіктері.
7. Саркоидоз.
 
Перифериялық гипотиреоз себептері:
1. Тиреоидтық гормондарға жинақталған тұрақтылық.
2. Тиреоидтық гормандарға жартылай жинақталған тұрақтылық.
3. Айналымдағы тиреоидты гормон немесе ТТГ инактивациясы.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Созылмалы аутоиммунды тиреоидит.
2. Қалқанша безін операция арқылы алып тастау.
3. Радиоактивті I 131 терапия.
4. Гипопитуитаризм.
5. Эндемиялық аудандарда йод тапшылығының профилактикасының болмауы.
6. Радиациялық зақымдану.

Диагностикасы


Диагностика критерилері

Гипотиреоз диагнозы тиісті клиникалық симптоматика мен 
гормоналдық зерттеу нəтижесінде қойылады. Мұнан басқа гипотиреоз себебін анықтау, асқынуларды анықтау үшін тексеру қажет.
 
Шағымдар мен анамнез:
- үдемелі жалпы жəне бұлшықеттік əлсіздік; шаршағыштық;
- сылбырлық;
- ұйқышылдық;
- дене салмағының артуы;
- есте сақтаудың төмендеуі;
- бет, қол, бүкіл дененің ісінуі;
- іш қатулар;
- сөйлеудің қиындауы;
- тері құрғақтығы;
- шаштың түсуі;
- жыныстық функциялардың бұзылуы;
- естудің төмендеуі.
 
Физикалық тексеру
 
Манифесттік гипотиреоздың жетекші клиникалық симтомдары болып табылады - тері құрғақтығы, іш қатулар, брадикардия, ұйқышылдық, естің бұзылуы, сөйлеудің баяулауы, естудің төмендеуі, дене салмағының артуы, жинақталған тығыз ісінулер, дене температурасының төмендеуі.

Орталық гипотиреоздағы симптоматика, біріншілік кезіндегіден аздау, ОНЖ зақымдану симптомдары анықталады.
 
Субклиникалық гипотиреоз кезінде науқас өзін өзі қанағаттанарлы сезінеді, левотироксин препараттарын тағайындағанда төмендейтін гипотиреоздың аздаған айқын көріністері болуы мүмкін. Диагноз гормондарға қан анализінің деректері негізінде қойылады.
 
Инструменталдық зерттеулер
 
Біріншілік гипотиреоз себебін анықтау үшін жүргізіледі: қалқанша безді УДЗ, көрсетімдер бойынша – қалқанша бездің пункциондық биопсиясы, қалқанша бездің сцинтиграфиясы, тиреоглобулин мен тиреопероксидазеға антидене титрін анықтау.
 
Екіншілік гипотиреоз себебін анықтау үшін жүргізіледі: невропатолог консультациясы, бас миының КТ немесе МРТ, көз түбін тексеру жəне басқа. ОНЖ тексеру невропатолог тағайындауы бойынша. 

Асқынуларды анықтау үшін (полисерозит, жүрек функциясының жеткіліксіздігі, гипофиздің екіншілік аденомасы, кретинизм, микседематозды кома) тиісті тексерулер жүргізіледі (ЭКГ, ЭхоКГ, кеуде клеткалары ағзаларының Р-графиясы, құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ, невропатолог консультациясы жəне басқа).

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: көрсетімдер бойынша.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның жалпы анализі (6 параметр) – диагнозды анықтау кезінде, қалыптағы көрсеткіштер кезінде – жылына 2 рет, гипотиреоидты анемия кезінде – 1-3 айда 1 рет (анемия ауырлығына байланысты көрсетімдер бойынша).
2. Қандағы ТТГ деңгейін анықтау – таңдау кезеңінде 4-8 аптада 1 рет, ұстап тұрушы терапия кезінде 6 айда 1 рет, көрсетімдер бойынша жиі (өмір бойы).
3. Қандағы Т3 пен Т4 бос фракциялары деңгейін анықтау.
4. Қандағы жалпы холестерин жəне триглицеридтер деңгейін анықтау – диагнозды қою кезінде, жоғарылаған деңгей кезінде  3  айда 1 рет, қалыпты жағдайда– жылына 2 рет.
5. ЭКГ – диагноз қою кезінде, жүрек патологиясымен науқастарда – дозаны таңдау кезеңінде 2-4 аптада 1 рет (жүрек зақымдануының ауырлығына байланысты көрсетімдер бойынша), ұстап тұрушы терапия кезінде 6 айда 1 рет, жүрек функциясының жеткіліксіздігі пайда болған кезде көрсетімдер бойынша – жиі.
6. Эндокринолог консультациясы.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қалқанша безді УДЗ.
2. Қалқанша бездің пункциялық биопсиясы.
3. Тиреоглобулин мен тиреопероксидазаға антидене титрін анықтау.
4. Бас миының КТ немесе МРТ (орталық гипотиреоз кезінде).
5. Невропатолог консультациясы, көрсетімдер бойынша – нейрохирург.
6. Кардиолог консультациясы.
7. Анемия кезінде гематолог консультациясы.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер:
- біріншілік гипотиреоз кезінде, қандағы Т3 жəне Т4 деңгейі төмендеген, ТТГ артқан (ТТГ қалыпты 0,5 тен 4,0 МБ/мл, орташа мəні 2,0 ден 3,0 МБ/мл дейін);
- екіншілік жəне 
үшіншілік гипотиреоз кезінде Т3, Т4 жəне ТТГ қандағы деңгейі төмендеген.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз

Белгілер Гипотериоз
Созылмалы гломерулонефрит
Сылбырлық Тəн Тəн емес
Тежелу Тəн Тəне емес
Ұйқышылдық Тəн Тəне емес
Бас ауыру Тəн емес Тəн
Есте сақтау Төмендеген Қалыпты
Шаштың түсуі Тəн Тəн емес
Тері
Тығыз, құрғақ, қабыршақтанады,
түбіт тəрізді, бозғылт-сарғыш, мұздай
Бозғылт, мұздай емес,
қабыршақтанған
Ісінулер
Тəуліктің барлық уақытында
жалпы тығыз ісінулер
Жұмсақ ісінулер, басым
жағдайд бетте
Артериалдық қысым
Төмендеген, қалыпты немесе
артуы мүмкін
Артқан
Зəрдің жалпы анализі Протеинурия мүмкін
Протеинурия, цилиндрурия,
микрогематурия
Қандағы тироксиннің,
трийодтиронин құрамының
төмендеуі
Тəн Тəн емес
Бүйрек УДЗ Қалыпты көлемде Көлемнің кішіреюі
 

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы
 
Ем мақсаты: диагнозды қою, тиреиодты препараттармен орынбасарлық барабар терапиясын таңдау, гипотиреоз компенсациясын бақылау, өзін өзі бақылауға емделушілерді оқыту, профилактика, асқынуларды анықтау жəне емдеу.
 
Дəрі-дəрмексіз ем: жоқ.
 
Дəрі-дəрмектік ем
Левотироксин препараттарымен тұрақты терапия жүргізіледі. Бастапқы жəне ұстап тұрушы доза - жас, дене салмағы, жүрек қантамыр жүйесінің жағдайы ескеріліп анықталады.
Левотироксин препаратының бастапқы дозасы тəулігіне 50 мкг құрайды, мұнан əрі доза əрбір 1-2 апта сайын 12,5 – 25 мкг тамыр соғуы, ТТГ бақылауында жоғарылатылады, көрсетімдер бойынша - ЭКГ. Ересектер үшін орташа ұстап тұрушы доза 1,6 мкг/кг, доза қарт адамдар мен жүрек патологиясы бар науқастарда аз. Қарт адамдар мен жүрек патологиясы бар емделушілерде тəулігіне 12,5 мкг дозасынан басталады, оны ЭКГ мен қандағы ТТГ деңгейін бақылаумен (əрбір 1- 3 айда) 12,5-25 мкг жоғарылатады.
Гипотиреозбен жүкті əйелдерде препаратқа қажеттілік артады. Левотироксин препаратын күніне 1 рет, таңғы асқа 30 минут алдын қабылдайды.
Терапия барабарлығын бақылау клиникалық түрде жүзеге асырылады жəне міндетті түрде қандағы ТТГ деңгейі бойынша, ол 0,5 тен 2,0 МБ/мл дейін, қарттарда 2,0 ден 4,0 МБ/мл. дейін болу қажет.
 
Негізгі дəрі дəрмектер тізімі: *Левотироксин 25 мкг, 50 мкг,75 мкг, 100 мкг, 125 мкг, 150 мкг, таблеткалар.

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Жүрек функциясының жеткіліксіздігі кезінде – «Жүрек функциясының жеткіліксіздігі» хаттамасын қара.
2. Орталық гипотиреоз кезінде – невропатологпен тағайындалған ем (нейрохирургпен).
3. Гипотиреоидты анемия кезінде – гематологпен тағайындалған ем.
4. Гиполипидемиялық препараттар.
 
Ем тиімділігінің индикаторлыры:
1. Декомпенсация жағдайы, амбулаторлық емнен тиімділік болмаған жағдайда.
2. Гипотиреоз асқынуларының болуы жəне үдеуі.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялауға көрсетімдер:
1. Декомпенсация жағдайы, амбулаторлық емнен тиімділік болмаған кезде.
2. Гипотиреоз асқынуларының болуы жəне үдеуі.
3. Гипотиреоздың ауыр ағымымен науқстар.
4. Гипотиреозбен ауырғандар, асқынған ауыр қосарланған аурулары бар науқастар.

Алдын алуы


Біріншілік профилактика: йод тапшылығы.

Профилактикалық шаралар: жоқ.
 
Əрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері: гипотиреозбен науқастар өмір бойы эндокринологта диспансерлік бақылауда болады.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Клинические рекомендации для практикующих врачей, основанные на доказательной медицине 2-е издание, 2002 г. 2. Русский медицинский журнал Том 13, №6 (230) 2005 г. 3. Clinical Evidence Endocrine and Metabolic Disorders Primary hypothyroidism Treating overt hypothyroidism Levothyroxine www.clinicalevidence.com 4. American Association of Clinical Endocrinologists medical guidelines for clinical practice for the evaluation and treatment of hyperthyroidism and hypothyroidism. www.guideline.gov 5. Серия “Зарубежные практические руководства по медицине” №8 Эндокринология. Под ред. Н.Левина. Пер с англ. – М., Практика, 1999 г. – 1128 с., илл.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:  Абубакирова Ш.С.,  АМДБЖИ ересектер эндокринологисы кафедрасы.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх