Болжалды инфекция туындатқан диарея жəне гастроэнтерит

PN-T-004

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Другие уточненные бактериальные пищевые отравления (A05.8)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Диарея
– 24 сағат ішінде үш немесе одан да көп, жиі сұйық дәрет немесе 
сулы дәрет, көлемі 200 мл/тəулігіне асады.
 
Инфекциялық гастроэнтерит – жиі сұйық дәрет бір немесе бірнеше симптоматикамен қосылған: жүрек айну, құсу, дене температурасының жоғарылауы, анорексия, іштегі ауыру (түйілулер), үштің шұрылдауы немесе кебуі. Жіті кезең ұзақтығы 14 күнге дейін.

 
Хаттама коды: PN-T-004 "Болжалды инфекция туындатқан диарея жəне гастроэнтерит"
Терапевтикалық саладағы медициналық пункттар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
А09 Болжалды инфекция туындатқан диарея жəне гастроэнтерит.
А02 Өзге сальмонеллезді инфекциялар.
А03 Шигеллез.
А08 Вирустар жəне өзге анықталған ішек инфекциялары.
А05 Өзге бактериалдық тамақтық уланулар.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар: Salmonella, Shigella, Esherichia coli, Vibrio cholerae, Yersinia, Campilobacter, Rotavirus and etc., Lamblia intestinalis.

Диагностикасы


Диагностика критерилері
 
1. Инфекциялы диареяның клиникалық симптомдары:
- диареяның кенеттен жіті басталуы;
- қызба;
- жүрек айну, құсу;
- іштің ауыруы;
- сыңғырлы жəне қысқа ішектік шулар;
- нəжістің мінезі.
 
2. Инфекциялы диареяның клиникалық көріністерін бағалау:
- жалпы жағдай (дәретпен құсу жиілігі, жүрек айнудың айқындылығы, қызба, іштегі айқын ауыру);
- сусыздану дəрежесі (тіл сілемейінің жағдайы, тері тургоры мен түсі, көз алмасының тығыздық дəрежесі, дауыс тембрі, шөлдің айқындығы, диурездің төмендеуі);
- тамыр соғу жиілігі мен мінезі;
- артериалдық қысым жоғарылылығы;
- ішті сипау, ішек шуын аускультациялау (шұғыл хирургиялық жағдайларды алып тастау: жіті аппендицит, ішек түйілуі, мезентериалды қантамырлар тромбозы).
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Анамнез жинау (нəжіс, құсық мінезі, жиілігі).
2. Объективті тексеру (науқастың ахуалы, сусыздану дəрежесі).
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы
 
Кезеңдік ем мақсаты:
1. Дезинтоксикация.
2. Регидратация.
3. Ремиссияны қамтамассыз ету.
4. Асқынулар профилактикасы.

Алғашқы 24 сағатта 2 литр регидратациялық сұйықтықпен оралды регидратация. Келесі тəулікте 200 мл əр кезекті дәретпен құсудан кейін.

Аурудың айқын симптомдары (егер диарея, қызбамен қоса жүрсе, 6-24 сағат ішінде басылмаса, антибактериалды терапия көрсетілеген, ципрофлоксацин 500 мг бес күн бойы күніне 2 рет.

Құсуға қарсы препараттар тек қана жүрек айну жəне ауыр құсулар кезінде: метаклопромид 10 мг бұлшықетке 1 т (10 мг).
 
Ауыр колит, тоқ ішектің уытты дилятациясы (мегаколон), ащы ішектің бактериалды обсеменениясының даму қаупі болғандықтан, ішек перистальтикасын басатын препараттарды қабылдамау (лоперамид).
 
Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:
1.**Глюкозалық-электролиттік ерітінді дайындау үшін оралды регидратациялық тұз (пакеттер, ұнтақ).
2.**Сульфаметоксазол+триметоприм 120 мг, табл, сироп 240 мг/5 мл.
3.  Фурамаг 50 мг, капс.
 
Қосымша дəрі дəрмектер тізімі:
1. *Смектит, ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға ұнтақ.
2. *Дротаверин 40 мг, табл.
3. *Панкреатин, таблетка, 4 500 БІРЛІК аз емес құрамында липаза бар капсула.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: 
1. Ремиссиянің қамсыздандыруы.
2. Асқынудын алдын алу.


* - Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.
 
** - Амбулаторлық ем кезіндегі рецепт бойынша дəрілік заттар тегін жəне жеңілдікпен берілетін ауру түрлерінің тізіміне кіреді.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялауға көрсетімдер: амбулаторлық ем тиімсіздігі (тұрақты құсу; 24 сағаттан астам уақытқа созылатын қызба; сусыздану дəрежесінің үдеуі).

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Prodigy guidance\management of acute infective gastroenteritis October2003 2. Practice guidelines for the management of infectious diarrhea IDSA guidelines 2001 3. Diarhoea in adults, Clinical evidens 2004 4. Доказательная медицина. Ежегодный справочник.2004г. 5. Клинические рекомендации для практикующих врачей, основанные на доказательной медицине.2002г. 6. Справочник фельдшера Ростов-на –Дону 2001г.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:  Сүлейменова З.И., АМДБЖИ ересектер инфекциялық ауруы кафедрасының меңгерушісі.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх