Гастроэнтерит

PN-T-003

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Энтерит, вызванный campylobacter (A04.5)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Гастроэнтерит -  жиі дәретпен жəне бір немесе бірнеше симптомдармен мінезделеді: жүрек айну, құсу, температура, анорексия, түйілулер, эпигастрий жəне кіндік айналасындағы ауырсынулар, метеоризм немесе іштің кебуі.. Ауырсыну синдромына құсу мен жүрек айну қосылады. Құсу жеңілдік алып келеді, ауыр жағдайларда көп реттік, əр сұйықтық қабылдағаннан соң пайда болады. Пальпация кезінде эпигастрий қатты ауырсынады.
 
Энтерит- ішектің қабынуы, жіті жəне созылмалы болып екіге бөлінеді. Іштің шұрылдауымен жəне кейде алыстан естілетін «құйылуымен», іштің барлық аумағының
немесе тек кіндік айналасының ауыруымен, дəретке барғысы келумен, көлемді сұйық дәретпен қатар жүреді.
 
Диарея - 24 сағат ішінде кем дегенде 3 рет жиі сұйық немесе сулы дəретпен анықталады. Нəжістің мінезі патологиялық процесстің орналасуныбайланысты: еюнитте – күніне 1-3 рет, ботқа тəрізді, полифекалия, стеаторея-майлы диарея. Илеит кезінде - 6-8 рет, сулы-көпіршікті, құрамында өт ышқылдары көп - «өттік диарея».

Ауыр жағдайларда нəжіс жартылай мөлдір ақшылдау мақта тəрізді болуы 
мүмкін. Ішті пальпациялау кезінде шұрылдайды.  Науқас үшін ауыр симптом болып метеоризм табылады, рл кейде ентікпемен, экстрасистоламен, жүректегі ауырсынумен қатар жүреді.

Ересектерде диарея жағдайының себебі болып Campylobacter, Salmon,nella, 
Shigella, Escherichia coli, Yersinia туыстығындағы микроорганизмдер, қарапайымдылар, вирустар табылады. Жартысынан көп жағдайда диарея себебін анықтау мүмкін емес. Диареямен ауырып келген саяхатшылардың 50% энтероуыттық жəне энтеропатогенді E.Coli, Salmonella, Shigella, Campylobacter, Vibratos, Yersinia, Aeromonas штаммдардың бактериясы себіледі.

 
Хаттама коды: PN-T-003 "Гастроэнтерит"
Терапевтикалық саладағы медициналық пункттар үшін
АХЖ-10 бой ынша коды (кодтары):
А04.5 Campylobacter туындатқан энтерит
А04.6 Yersinia туындатқан энтерит

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп қатерлі факторлар
 
Тамақтану режимінің бұзылуы, қанағаттандырылмаған санитарлық-тұрмыстық жағдай, ішек инфекциялары, дисбактериоз, антибиотиктер мен өзге дəрілік заттарды ретсіз пайдалану, макүнемдік, тағамдық аллергия, кейбір химиялық қосылыстармен улану – қорғасын, сынап, фосфор, мышьяк жəне басқалар.

Диагностикасы


Диагностика критерилері: жиі сұйық дəрет, дəрет көлемі 200 мл көп, əлсіздік, шаршау, эпигастридегі ауырсыну, жүрек айну, құсу.
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Анамнез жинау.
2. Объективті тексеру.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: диагноз қою, дезинтоксикация, регидратация.

 
Регидратациялық терапия:
Жеңіл дəрежедегі сусыздану (5% аз) біріншілік деңгейде емделеді. Оралды регидратациялық терапия барлық жағдайда қолданылады. Лимонад, кола сияқты  тəтті сусындарды ішуге болмайды, олар осматикалық диареяға алып келеді.

Ересектер 
алғашқы 24 сағатта 2 литр оралды регидратациялық терапия алуы қажет, одан əрі əр дəрет немесе құсуға 200 мл ден шектеусіз сұйықтық қабылдауы қажет. Сусызданумен күресу үшін құрамында ас тұзы жəне қант бар, пероралды препарат дайындау үшін сулы ерітінді қолданылады, күніне 3 рет. Смектит – 1/2 стакан суға араластырылып, тəулігіне 3 пакет.
 
Антибиотиктер ауыр симптомдар кезінде тағайындалады: ауыр бұзылыстардың даму қауіпінде; созылмалы қосарланған аурулары бар науқастарға (диабет жəне басқа), олар үшін инфекциялық диарея қауіпті болуы мүмкін. Таңдау препараты - ципрофлоксацин 500 мг 3 күн бойы тəулəгіне 2 рет.
 
Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:
1. *Панкреатин құрамында 4 500 БІР ке емес липаза бар таблетка, капсула.
2. *Смектит ішке қабылдауға суспензия дайындау үшін ұнтақ.
3. *0,9% натрий хлориді, инфузия үшін.
4. *Пероралды глюкоза-электролиттік ерітінді дайындау үшін тұздар, ұнтақ ішке.
5. *5% глюкоза 200-400 мл инфузия үшін.
 
Қосымша дəрі дəрмектер тізімі: *Ципрофлоксацин 500 мг, табл.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: диагноз қою, дезинтоксикация, регидратация.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Prodigy guidance/Management of acute infective gastroenteritis. October 2003. 2. Доказательная медицина. Ежегодный краткий справочник. Выпуск 3 за 2004 год. 3. Клинические рекомендации для практикующих врачей, основанные на доказательной медицине, 2002 4. Practice guidelines for the management of infectious diarrhea, IDSA guidelines. 2001. 5. Diarrhea in adults (acute).Clinical evidence, 2004. 6. Внутренняя медицина. Руководство для врачей. В.И.Шулутко 7. Справочник фельдшера Ростов –на –Дону 2000

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Сүлейменова З.И., АМДБЖИ ересектер инфекциялық ауруы кафедрасының меңгерушісі.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх