Катаракта

P-S-013

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Катаракта неуточненная (H26.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Катаракта – көру жітілігінің төмендеуіне немесе толық жойылуына алып келетін көзбұршақ затының немесе қапшығының толық емес немесе толық бұлыңғырлануы.


Хаттама коды: P-S-013 "Катаракта"
Хирургия саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
H25    Қарттық катаракта
H26    Басқа катаракталар
H28.0 Диабеттік катаракта
Q12.0 Туа біткен катаракта

Жіктемесі


Жіктемесі
 
Даму уақытына байланысты: туа біткен, жүре пайда болған.
 
Этиологиялық фактор бойынша:
- жастық;
- асқынған (увеит, глаукома, миопиялық ауру 
салдарынан);
- жарақаттық (контузиялық, тесіп өткен жарақаттан кейін (проникающие));
- сəулелік;
- жүйелік патология кезінде катаракталар (диабеттік, тетаниялық, миотониялық);
- уытты заттармен контакт салдарынан дамыған катаракталар (спорынья, нафталин, таллий, тринитротолуол, динитрофенол, нитробояғыштар) немесе ДЗ қолдану (ГКС, сульфаниламидтер, аллопуринол, бисульфан, алтын тұздары, галоперидол, тиоридазин);
- екіншілік (көзбұршақтың операция кезінде сақталған артқы камерасының фиброздық өзгеруі мен субкапсулярлық эпителийдің шектен тыс өсуіне байланысты операциядан кейінгі бұлыңғырлануы) туа біткен катаракта.
 
Орналасуы бойынша:
- алдыңғы жəне артқы полярлық;
- ұршықтəрізді;
- аймақтық;
- ядролық;
- қыртыстық;
- тұтас (тоталдық);
- артқы тостағантəрізді;
- полиморфты;
- тəждік.

Кезеңі бойынша (жастық катаракта):
- бастапқы;
- жетілмеген;
- жетілген;
- аса жетілген.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
- глюкокортикостероидтар (жүйелік немесе жергілікті) 
қабылдайтын науқастар;
- қанттық диабетпен науқастар;
- тұқым қуалайтын патология 
(Марфан синдромы, Уилсон-Коновалов ауруы, миотониялық дистрофия (Штейнерт ауруы), Даун синдромы, хромосомалардың 13 немесе 15 жұптары бойынша трисомия);
- гипопаратиреоидтық жағдайлар;
- артериялық гипертониямен науқастар;
- жүкті əйел - мерез, 
токсоплазмоз, цитомегаловирустық инфекциямен ауырса туа біткен катарактаның даму қауіпі өседі;
- көздің жарақаты;
- шылым шегу.

Диагностикасы


Диагностика критерилері
 
Шағымдар мен анамнез: көру жітілігінің біртіндеп, ешқандай ауырсынусыз үдемелі төмендеуі, көз алдында бұлыңғырлану, заттар пішінің өзгеріп көрінуі.
 
Физикалық тексеру: көру жітілігін бағалау, саңылаулық шам көмегімен биомикроскопия, КІҚ өлшеу.
 
Инструменталдық зерттеулер: саңылаулық шам көмегімен тексергенде көзбұршақ бозғылт, сұр немесе жасыл-қоңыр түсті болады. Офтальмоскопия кезіндегі көз түбінің көрінісі айқын емес, əлсіз немесе мүлде болмайды.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: ЛОР, стоматолог, невропатолог, педиатр.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Офтальмолог консультациясы.
2. Көру жітілігін тексеру.
3. Қанның жалпы талдау (6 көрсеткіш).
4. Көздің биомикроскопиясы.
5. Гониоскопия.
6. Периметрия.
7. Офтальмоскопия.
8. Көзді УДЗ.
9. Тонометрия.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Терапевт консультациясы.
2. Педиатр консультациясы.
3. Эндокринолог консультациясы.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер: зəрдің жалпы анализі, қанның жалпы анализі, (Er, Hb, L, лейкоформула, ЭТЖ, тромбоциттер, ұюшылдық), глист жұмыртқасына нəжісті зерттеу, қан құрамындағы қантты анықтау, АЛТ, АСТ, конъюнктивальді қуыстан бак. анализ.

Дифференциалды диагноз


Дифференциальный диагноз

Ісіктер (ретинобластома)
Көзбұршақ мөлдір, көзбұршақтың артында ақ түсті васкуляризирленген түзілістер анықталады
Торқабықтың сыпырылуы, шала туылғандардың ретинопатиясы
Көзбұршақ мөлдір, офтальмоскопия кезінде – торқабық сыпырылған, фиброзды өзгерген, қысқарған.
Персистирлеуші біріншілік шыны дене
Шыны денеде витреоретинальді ауырлық анықталады, ДЗН фиксирленген
Коатс ауруы
Макулярлы зонада субретинальді дистрофиялық ошақ, торқабықтың экссудативті сыпырылуымен
Қантамырлық қабаттың көлемді колобомасы
Артқы кесіндіде түрлі дəрежелі ұзақтықтағы қантамырлық қабаттың ақауы
Көзішілік қабынба (токсокароз, метастатикалық эндофтальмит)
Артқы кесіндегі анық шекаралармен хориоретинальді ошақ, қабыну кезінде қалыңдаған, перифокальді қабынумен жəне шыны денедегі экссудациямен

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы
 
Ем мақсаты: катарактаның əрі қарай дамуын алдын алу, көру жітілігін сақтау. Катаракта үдеген кезде – хирургиялық емге уақытында жолдау.

Дəрі-дəрмексіз ем: жоқ.
 
Дəрі-дəрмектік ем:
Дəрі-дəрмектік терапияны көзбұршақтың бұлыңғырлануының бастапқы сатыларында ғана тіндердегі заталмасу үрдістерін жақсарту үшін жүргізген тиімді. Ол көзбұршақтың артқы бөлімдеріндегі үрдіс кезінде онша тиімді болмаса да, ұзақ уақыт қолданғанда жəне үрдіс алдыңғы бөлімдерде жүрсе айтарлықтай қолайлы əсер көрсетеді.
Тауринді 
конъюнктивалық қапқа күніне 3 рет ұзақ уақыт бойы тамызады.
Витаминдік тамшылар, 
сонымен қатар құрамында азапентацен бар көз тамшыларын күніне 3-5 рет тамызады.
Алыстан жəне жақыннан көруді түзету үшін афакия түзетуін айқындау, жанаспалық түзету.
Амблиопияны емдеудің курстарын қайталау.

 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:  *Таурин ерітінді 4% (көз тамшылары) амп. 1 мл.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: катарактаның əрі қарай дамуының алдын алу, көру жітілігін сақтау.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялауға көрсетімдер: екіншілік катаракта жəне асқынулар (екіншілік глаукома, торлық қабықтың сылынуы).

Алдын алуы


Профилактикалық шаралар: көру жітілігі төмендеген катаракта дамуы бойынша қауіп-қатер тобындағы 40 жастан асқан науқастарды скринингтен өткізу қажет.
 
Әрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері: 3 жыл бойы жылына 2 рет, əрі қарай жылына 1 рет тексеруден өткізу.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. American Academy of Ophthalmology. Guideline. Cataract in the Adult Eye. 2001 2. ICO International Clinical Guidelines. Cataract (Initial evaluation) 2005. 3. EBM Guidelines. Cataract. 2004. 4. Alberta Medical Association. Clinical Practice Guideline. Surgical and Non-Surgical Management of Cataract in the Otherwise Healthy Adult Eye. 2005. 5. American Academy of Ophthalmology. Cataract (Initial and follow-up evaluation). 2003. 6. National Guideline Clearinghouse. Clinical Practice Guideline for the Management of Cataract Among Adults. 2005.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Краморенко Ю.С.,  ҚР ДСМ Көз аурулары ҒЗИ.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх