Глаукома
P-S-011
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)
Глаукома неуточненная (H40.9)
Анықтамасы
Анықтамасы
Анықтамасы
Глаукома – көзден ылғалдың ағып кетуінің бұзылуына байланысты көзішілік қысымның (КІҚ) тұрақты немесе оқтын-оқтын көтерілуімен, соның салдарынан көру алаңдарының арнайы дефекттерінің жəне көру жүйкесінің атрофиясының (экскавациясына) дамуымен сипатталатын аурулар тобы.
Хаттама коды: P-S-011 "Глаукома"
Хирургия саладағы поликлиникалар үшін
Хирургия саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
H40 Глаукома
Q15.0 Туа біткен глаукома
Жіктемесі
Жіктемесі
Глаукомалар пайда болуына, науқас жасына, көзішілік қысымның жоғарылау механизмі, КІҚ деңгейі, көру алаңдарының өзгеру жəне көру жүйесінің дискі зақымдалуы дəрежесі, ағымы бойынша ажыратылады.
Пайда болуы бойынша: біріншілік, екіншілік, көздің жəне организмнің басқа да құрылымдарының даму ақауларымен қатар жүретін.
Науқас жасы бойынша: туа біткен, ювенилдік (жасөспірімдік), ересектер глаукомасы.
КІҚ жоғарылау механизмі бойынша: ашықбұрыштық, жабықбұрыштық, алдыңғы камера бұрышының дисгинезімен жүретін глаукома, претрабекулярлық шығыршықты глаукома.
КІҚ жоғарылау деңгейі бойынша: гипертензивтік, нормотензивтік, КІҚ қалыпты, орташа жəне жоғарғы.
КІҚ жоғарылау деңгейі бойынша: гипертензивтік, нормотензивтік, КІҚ қалыпты, орташа жəне жоғарғы.
Көру алаңдарының өзгеру жəне көру жүйесінің дискі зақымдалуы дəрежесі, емдеу түрі бойынша: бастапқы, дамыған, соңғы.
Ағымы (көру қызметінің динамикасы) бойынша: тұрақты, тұрақты емес.
Қауіп-қатерлі факторлар
Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Көзішілік қысымның жоғарылауы.
2. Жас өскен сайын даму қауіпі күшее түседі.
3. Жақын туыстарының анамнезінде глаукома жағдайларының болуы.
4. Катаракта.
5. Қантты диабет.
Диагностикасы
Диагностика критерилері
Шағымдар мен анамнез: жабықбұрышты глаукома кезіндегі ауырсыну бастың тиісті бөлігіне берілуі мүмкін, тұмандану, көру жітілігінің төмендеуі, көру аумағының тарылуы, ашықбұрышты формада ағым көбінесе симптомсыз өтеді.
Физикалық тексеру:
КІҚ жорғарылауы, көру алаңдарының тарылуы, көру жітілігінің төмендеуі, көру жүйкесіні дискісінің экскавациясы.
Нұрлы шеңберлерге, көру жітілігінің үдемелі төмендеуіне, аккомодацияның əлсіреуіне байланысты астенопиялық шағымдары, бас ауру, лоқсу жəне құсуға жүйелі түрде шағымданатын науқастарда глаукомаға күдік туып, оларда міндетті түрде көру ағзасын тексеруден өткізеді.
Бұл тексеруге: көру жітілігін анықтау, КІҚ өлшеу, биомикроскопия, офтальмоскопия және периметрияны өткізу кіреді. Глюкокортикостероидтар (дексаметазон, преднизолон жəне т.б. ), холиноблокаторлар (атропин, метацин, пирензепин, ипратропий бромиді) немесе адреномиметиктер (сальбутамол, формотерол, тербуталин) қабылдайтын науқастарда КІҚ жоғарылау мүмкіндігін естен шығармау қажет.
40 жастан асқан науқастарға КІҚ жəне көздің 1 жылда кемінде 1 рет тексерту қажет.
КІҚ жорғарылауы, көру алаңдарының тарылуы, көру жітілігінің төмендеуі, көру жүйкесіні дискісінің экскавациясы.
Нұрлы шеңберлерге, көру жітілігінің үдемелі төмендеуіне, аккомодацияның əлсіреуіне байланысты астенопиялық шағымдары, бас ауру, лоқсу жəне құсуға жүйелі түрде шағымданатын науқастарда глаукомаға күдік туып, оларда міндетті түрде көру ағзасын тексеруден өткізеді.
Бұл тексеруге: көру жітілігін анықтау, КІҚ өлшеу, биомикроскопия, офтальмоскопия және периметрияны өткізу кіреді. Глюкокортикостероидтар (дексаметазон, преднизолон жəне т.б. ), холиноблокаторлар (атропин, метацин, пирензепин, ипратропий бромиді) немесе адреномиметиктер (сальбутамол, формотерол, тербуталин) қабылдайтын науқастарда КІҚ жоғарылау мүмкіндігін естен шығармау қажет.
40 жастан асқан науқастарға КІҚ жəне көздің 1 жылда кемінде 1 рет тексерту қажет.
Лабораторлық зерттеулер: спецификалық өзгерістер жоқ.
Инструменталдық зерттеулер:
1. Визометрия: көру жітілігінің төмендеуі.
2. Периметрия: көру шекарасының тарылуы.
3. Тонометрия: КІҚ жоғарылауы.
4. Офтальмоскопия: көру нервінің дискісінде экскавацияның кеңеюі жəне тереңдеуі.
5. Оптикалық когеренттік томография (глаукоматозды экскавацияның болуы нерв талшықтары көлемінің төмендеуі).
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Визометрия.
2. Биомикроскопия.
3. Офтальмоскопия.
4. Тонометрия.
5. Периметрия.
6. Орталық көру алаңын анықтау.
7. Көру жітілігін анықтау.
8. Компьютерлік томография (оптикалық).
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Тонография.
2. Гониоскопия.
Дифференциалды диагноз
Дифференциалды диагноз: глаукоманың жіті ұстамасымен жəне иридоциклитпен жүргізеді.
Жіті иридоциклит |
Глаукоманың жіті
ұстамасы
|
|
Ауыру | Аздаған | Күшті |
Инъекция | Терең цилиарлы | Терең цилиарлы |
Қарашық | Дұрыс емес формалы тарылған | Кеңейген, овалды |
КІҚ |
Қалыпты, төмендеген, алғашқы бірнеше сағаттарда м/б жоғарылаған
|
Жоғары |
Көз ортасы | Преципитаттар, қарашық маңындағы экссудат | Мүйізді қабат ісінуі |
Көру | Аздап төмендеген | Кенет төмендеген |
Секреция | Жас ағу | Жас ағу |
Басталуы | Негізінен біртіндеп | Кенеттен |
Жалпы асқынулар
|
Аздаған айқын | Прострация жəне құсу |
Емдеу тактикасы
Емдеу тактикасы
Ем мақсаты: көру қызметінің төмендеу үрдісінің үдеуіне алып келетін көзішілік қысымды төмендету, хирургиялық емге уақытынды жіберу.
Дəрі-дəрмексіз ем: жалпы режим, диета – стол №15.
Дəрі-дəрмектік ем:
Біріншілік ашықбұрышты глаукома кезінде тиімділігі болжанады: дəрілік препараттарды жергілік қолдану, лазерлік трабекулопластика. Артықшылықтары мен кемшіліктерін сəйкестендіру - хирургиялық трабекулэктомия.
КІҚ қалыпты глаукома кезінде тиімділігі болжанады: КІҚ төмендету, трабекулоэктомияның катаракта тудыратын жанама əсерін мүмкіндігінше жою. Жедел жабықбұрыштық глаукоманы дəрілік емдеудің тиімдлігі анықталмады.
Туа біткен глаукома. Негізгі принцип – біріншілік туа біткен глаукома медикаментоздық емінің тиімділігі аз, ол тек операция жүргізгенге дейін ғана қолданылады. Бұл мақсатпен сулы ылғал өндірілуін азайтатын препараттар (β-адреноблокаторлар): 0,25-0,5% тимолол ерітіндісі күніне 2 рет немесе тимололдың (0,5%) əсері ұзартылған түрлері күніне 1 рет.
Егер КІҚ қажетті деңгейге дейін түспесе (таңертең көзге тамшы тамызбай тұрып КІҚ өлшегенде сын. бағ. бойынша 25 мм артық болса) – карбоангидраза ингибиторлары жергілікті тағайындалады. Егер КІҚ мүлде төмендемесе – карбоангидраза ингибиторлары мен осмостық диуретиктерді жүйелік түрде тағайындайды. Медикаментоздық ем тиімді болмаса (КІҚ қалыпты сандарға дейін түспесе) – оперативтік ем.
Біріншілік ашықбұрыштық глаукоманы емдеу
Бірінші кезектегі дəрілік заттар:
- Тимолол 0,5% (1 тамшыдан тəулігіне 2 рет);
- Простагландины (1 тамшыдан тəулігіне 1 рет кешке);
- Пилокарпин 2% (1 тамшыдан тəулігіне 3 рет);
Екінші кезектегі дəрілік заттар:
- Бетаксолол 0,25%, 0,5% (1 тамшыдан тəулігіне 2 рет);
- Дорзоламид 2% (1 тамшыдан тəулігіне 3 рет);
- Дипивефрин 0,1% (1 тамшыдан тəулігіне 2 рет);
- Клонидин 0,125-0,25 (по 1 капле 3 раза/сут).
Біріншілік жабықбұрыштық глаукома
Жедел ұстаманы емдеу:
- Тимолол 0,5% ерітіндісінің 1 тамшысын əр көзге тамызады. Қарсы көрсеткіштер – бронхтық демікпе немесе жүректік өткізгіштің бұзылыстары (өліммен аяқталған жағдайлар белгілі);
- 2% пилокарпин ерітіндісін инстилляциялап, 15 минуттан кейін тағы да қайталап, кейіннен 1-2 тамшыдан тəулігіне 4 рет қолданады. Науқаста жетілген катаракта немесе ирит болса пилокарпинді қолдануға болмайды;
- бұлшықет ішіне литикалық қосынды (смесь) салынады: хлорпромазин 2,5% ерітіндісінің 1-2 мл мен дифенгидраминнің 2% ерітіндісінің 1 мл (бір шприцте);
- КІҚ төмендету үшін ацетазоламидті (500 мг б/і, т/і немесе ішке), анальгетиктерді қолдануға болады. Қарсы көрсеткіштер – сульфаниламидтерге аллергия. Препаратты тамыр ішіне енгізген тиімді. ДЗ құсу кезінде ішке тағайындамайды;
- Жабықбұрышты глаукоманың жедел ұстамасы дамыған науқасты лазерлік шеткі иридэктомия немесе негізгі иридэктомиямен трабекулоэктомия жүргізу үшін офтальмологиялық бөлімшеге шұғыл түрде жолдайды;
- КІҚ басқа əдістердің көмегімен түсіру мүмкін болмаса, қанның осмостық қысымын көтеретін препараттар тамыр ішіне (маннитол 2 г/кг 20% ерітінді түрінде 30 минут ішінде). Бұл препараттарды қолдану жүректік жедел жетіспеушілік ұстамасын тудыру мүмкіндігін естен шығармау керек.
Жеделдеу ұстаманы емдеу:
- пилокарпиннің 1% ерітіндісінің бірнеше сағат ішінде 3-4 инстилляциясы;
- тимололдың 0,5% ерітіндісін күніне 2 рет тамызады;
- ацетазоламид 0,25 г күніне 1-3 рет ішке тағайындайды;
- ұстаманы тоқтату немесе ұстамалардың қайталануын алдын алу үшін лазерлік шеткі иридэктомия немесе негізгі иридэктомиямен трабекулоэктомия екі көзге де жасалуы шарт.
Жоғарыда аталған əдістемелердің қайсымен болса да «толеранттық қысымға» қол жеткізілсе ғана нейропротекторлық терапия жүргізуге болады. Толеранттық қысым – нақты адам қауіпсіз КІҚ диапазоны.
Ферменттік антиоксиданттар: супероксиддисмутаза.
Ферменттік емес антиоксиданттар:
- метилэтилпиридинол гидрохлоридінің 1% ерітіндісі субконъюнктивалдық немесе парабульбарлық жолмен енгізіледі;
- метилэтилпиридинол гидрохлоридінің 1% ерітіндісі субконъюнктивалдық немесе парабульбарлық жолмен енгізіледі;
- пентагидроксиэтилнафтохинонның 0,02% ерітіндісін субконъюнктивалдық жəне парабульбарлық жолмен енгізіледі;
- ретинол 35 мг + токоферол 100 мг ішке 1 капсуладан күніне 2-3 рет;
- липой қышқылы ішке 0,025-0,05 г күніне 2-5 рет;
- ретинол 35 мг + токоферол 100 мг ішке 1 капсуладан күніне 2-3 рет;
- липой қышқылы ішке 0,025-0,05 г күніне 2-5 рет;
Спазмолитиктер:
1. Пуриндер туындылары:
- Теофилин – ішке 250 мг күніне 3 рет 2 апта бойы;
- Ксантинол никотинаты – ішке 150 мг күніне 3 рет тағам қабылдағаннан кейін 2 ай бойы немесе бұлшықет ішіне 2 мл 15% ерітіндісін күніне 1 рет 10 күн бойы.
- Теофилин – ішке 250 мг күніне 3 рет 2 апта бойы;
- Ксантинол никотинаты – ішке 150 мг күніне 3 рет тағам қабылдағаннан кейін 2 ай бойы немесе бұлшықет ішіне 2 мл 15% ерітіндісін күніне 1 рет 10 күн бойы.
2. Индолдық алкалоидтар:
- Винпоцетин –5 мг күніне 3 рет 1 ай бойы, əрі қарай 5 мг күніне 1 рет ұзақ.
- Винпоцетин –5 мг күніне 3 рет 1 ай бойы, əрі қарай 5 мг күніне 1 рет ұзақ.
3. Пуриндік алкалоидтар:
- Пентоксифиллин – 400 мг күніне 3 рет тамақпен бірге немесе одан кейін 2 апта бойы, əрі қарай күніне 2 рет 2 апта бойы.
- Дипиридамол – 75-600 мг/тəул. Бірнеше мөлшерге бөліп тамақтың алдында 1 сағат бұрын қабылдайды.
Ангиопротекторлар: Этамзилат –0,25 г күніне 3 рет 2-3 ай.
Ноотроптық препараттар:
- Пирацетам – ішке 30-160 мг/кг/тəул 6-8 апта бойы;
- Никотиноил Y- аминой қышқылы – ішке 1 табл. (10 мг) күніне 3 рет.
Гипотензивтік препараттарды 1-3 күн ішінде таңдап-тағайындайды (подбор). КІҚ қалыпты сандарға жеткен кезде – қолдаушы терапия 1 ай жүргізіледі.
Бір айлық қолдаушы терапияның курстары жылына 2 рет жүргізіледі: тамыркеңейтетін препараттар, ангиопротекторлар, антиоксиданттар, милық жəне шеткі қанайналымды жақсартатын препараттар, витаминдер мен антиоксиданттардың түрлі жұптасулары (эмоксипин 0,5 мл парабульбарлық - 10 күн; таурин 0,5 мл парабульбарлық - 10 күн. милдронат парабульбарлық - 0,5 - 10 күн, 1 тб х күніне 3 рет 30 күн немесе 1,0 б/і - 10 күн).
Бір айлық қолдаушы терапияның курстары жылына 2 рет жүргізіледі: тамыркеңейтетін препараттар, ангиопротекторлар, антиоксиданттар, милық жəне шеткі қанайналымды жақсартатын препараттар, витаминдер мен антиоксиданттардың түрлі жұптасулары (эмоксипин 0,5 мл парабульбарлық - 10 күн; таурин 0,5 мл парабульбарлық - 10 күн. милдронат парабульбарлық - 0,5 - 10 күн, 1 тб х күніне 3 рет 30 күн немесе 1,0 б/і - 10 күн).
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Тимолол көздік тамшылар.
2. *Пилокарпин ерітінді (көздік тамшылар) (гидрохлорид) 2% 5 мл, 4% 10 мл.
3. Бетаксолол 0,25% көздік тамшылар.
4. Дорзоламид май.
5. Дипивефрин көздік май.
6. Клонидин 0,075 мг, 0,3 мг, 0,15 мг табл.
7. *Хлорпромазин инъекцияға арналған ерітінді 2,5% амп. 2 мл; таблетка 25 мг, 100 мг
8. Дифенгидрамин сыртқа жағуға арналған гель 20 г.
9. *Винпоцетин 5 мг, 10 мг табл.
10. Пентоксифиллин 100 мг драже.
11. Этамзилат 250 мг табл.
12. Пирацетам 30 мг табл.
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.
* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.
* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.
Ауруханаға жатқызу
Госпитализациялауға көрсетімдер:
- ЖБГ жедел немесе жеделдеу ұстамасы;
- Жоғары КІҚ;
- КІҚ қалыпты болғанымен, көру қызметінің төмендеуі;
- Тұрақсыз глаукома.
Ақпарат
Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
-
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
- Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. American Academy of Ophthalmology. Guideline. Primary Angle Closure. 2000. 2. American Academy of Ophthalmology. Guideline. Primary Open-Angle Glaucoma. 2003. 3. American Academy of Ophthalmology. Guideline. Primary Open-Angle Glaucoma Suspect. 2002. 4. Prodigy Knowledge. Prodigy Guidance-Glaucoma. 2004. 5. EBM Guidelines. Glaucoma. 2004. 6. American Academy of Ophthalmology. Primary Open-Angle Glaucoma Suspect (Initial and Follow-up Evaluation). 2003. 7. ICO International Clinical Guidelines. . Primary Open-Angle Glaucoma (Initial and Follow-up Evaluation). 2005. 8. Rossetti L., Marchetti I., Orzalesi N. Randomised clinical trials on medical treatment of glaucoma: are they appropriare to guide clinical practice? // Arch. Ophalmol/ - 1993, 111: 96-103. 9. Glaucoma Laser Trial Group. The glaucoma laser trial (GLT) and glaucoma laser trial followup study: results. Am.J.Ophtalmol 1995, 120: 718-731. 10. Migdal C, GregoryW., Hitchins R., Kolker AE. Long-term functional outcome after early surgery compared with laser and medicine in open angle glaucoma. Ophthalmology 1994, 105: 1651-1657 11. Collaborative normal-tension glaucoma study group. The effectiveness of intraocular pressure reduction in the treatment of normal0tension glaucoma. Am.J.Ophtalmol 1998, 126: 498-505. 12. Edwards RS. A comparative study of Ocuset Pilo 40, intensive pilocarpine and low-dose pilocarpine in the initial treatment of primary acute angle-closure glaucoma. Curr Med Res Opin 1997, 13: 501-509. 13. Evidence-Based Medicine Guidelines. DUODEMECUM Medical Publications. 2001.
Ақпарат
Əзірлеушілер тізімі: Кобцева В.Ю., ҚР ДСМ Көз аурулары ҒЗИ.
Қазықтаулы файлдар
Назар аударыңыз!
- Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
- Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
- Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
- Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
- Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.