Простатаның қабынбалы аурулары

H-S-002

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Воспалительная болезнь предстательной железы неуточненная (N41.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы:

Созылмалы простатит - қуықасты безінің инфекциялық жəне іркілу салдарынан болатын қабынуы.


Хаттама коды: H-S-002 "Простатаның қабынбалы аурулары"
Хирургиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): N41.1 Созылмалы простатит

Жіктемесі


Жіктемесі (Ұлттық Денсаулық Институты, АҚШ):
1. Созылмалы бактериялық простатит.
2. Созылмалы бактериялық емес простатит (созылмалы жамбас астауы ауруы синдромы):
А тип - қуықасты безінің сөлінде лейкоциттер санының көп болуы.
Б тип - қуықасты безінің сөлінде лейкоциттер санының көп болмауы.
3. Қуықасты безінің симптомсыз қабынуы.
4. Катаралді, фолликулдық (түйіншіктік).

Диагностикасы


Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез:
1. Несеп шығарудың жиілеуі, іштің төменгі жағы күйіп ауыруы.
2. Несеп шығарғанда ауырсыну.
3. Несепқуық толық босамаған сияқты сезіну.
4. Шатта, артқы өтісте жəне оның алдыңғы бөлігінде қысымды сезіну.
5. Атабездердің жəне жыныс мүшесінің бас жағы ауыруы.
6. Гематоспермия, ауыру сезіммен эякуляция, тез эякуляция.
7. Жыныстық құмартуының төмендеуі, аурудың ұзақ ағымы кезінде жартылай эрекциялық белсіздік.
8. Қызба жəне жалпы жағдайының қиындауы.
9. Іштің төменгі жағын пальпациялағанда ауырсынудың болуы.
10. Қуықасты безінің пальпациясы кезінде айқын ауыру сезімінің болуы.

Физикалық тексеру: ректальды тексергенде простата ауырсынады, тыртықты фиброзды аймақтар простатаның қабынуымен жүруі мүмкін

Лабораториялық тексеру: лейкоцитурия, несепте шырыш пен бактериялардың болуы.

Инструменталдық зерттеулер: УДЗ-де тыртықтық, фиброздық учаскелердің эхографиялық белгілері, кальцинаттар, гипоэхогенді учаскелер болуы мүмкін, простата көлімі қалыпты. Урофлоуметрияда төменгі зəр жолдарының уродинамика бұзылыстары.

Мамандар консультациясы үшін көрсеткіштер: жоқ.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы қан анализі (6 параметрі).
2. Жалпы несептің анализі.
3. Биологиялық сұйықтықты егу, сонымен бірге колония бөліп алу.
4. Микробтардың антибиотиктерге сезімталдық анализі.
5. Несепқуықты УДЗ.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. ИФА Хламианитиген.
2. ИФА хламидиоз IgA.
3. ИФА уреаплазмоз IgM.
4. ИФА трихомониаз IgG.
5. ИФА герпес IgM.
6. ИФА гарднереллез.
7. ИФА цитомегаловирус.
8. Кандида тобының саңырауқұлақтарын морфологиясымен бірге зерттеу.
9. ИФА микоплазмоз.

Дифференциалды диагноз



Белгілер Созылмалы Простата туберкулезі
Объективті деректер
Қабынудың  жергілікті айқын
симптоматикасы
Жергілікті симптоматикадан
өзге, шаршаудың жалпы
симптоматикасы, өзге
ағзалардың туберкулездік
зақымдану ошақтары болуы
мүмкін
Простата секреті Лейкоциттер санының, сілемейдің,
спецификалық емес қоздырғыштардың көптігі
Лимфоциттердің болуы, 
флораның болмауы, Кох
бациласы табылуы мүмкін
Простата биопсиясы Спецификалық емес қабынба
Спецификалық деструктивті
процесс
Компьютерлік
томография, УДЗ
Тыртықтық өзгерістер белгісі,
гипоэхогенді учаскелер болуы мүмкін
Простатаның диссеминирленген
зақымдалу белгілері, деструкция
ошақтары болу мүмкін
 

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: симптомдарды азайту жəне кері əсері барынша аз болатындай жағдайда инфекцияның көзін жою, жыныстық қатынасқа жəне ұрықтану қабілетін қалпына келтіру.

Дəрі-дəрмексіз ем: стол №15, физиоем, простата массажы, отыру ванналары, биологиялық қайтымды байланысты қалыптастыру (жамбас түбі бұлшықеттерін шынықтыру).

Дəрі-дəрмекті ем:
1. Этиологиялық факторды жою (микрофлораның сезімталдығына байланысты антибиотикотерапия) фторхинолондар (норфлоксацин 400 мг 2 рет күніне, ципрофлоксацин 250-500 мг 2 рет күніне), цефалоспориндер 2,3 кезеңдегі, амоксициллин+клавулан қышқылы жəне клиндамицин, макролидтер (кларитромицин, сумамед, азивок, рокситромицин), тетрациклиндер жəне т.б.).
2. Ұзақ уақыт күшті антибиотиктермен емдегеннен кейін микоз болмау үшін итраконазол ауыз арқылы берілетін ерітінді 400 мг\тəул. 7 күн бойы.
3. α-блокаторлар (тамсулозин, теразозин 1-2 немесе 2,5 1 рет тəул. немесе альфузозин 2,5 мг 1-2 рет тəул.) антибактериялық препараттармен бірге беріледі (1,2).
4. Органотропты препараттар (простакор, витапрост балауыздары (свеча).
5. Қуықасты безіне массаж жасау, отыру ванналары, биологиялық кері байланыс түзу əдістері (жамбас астауы түбінің бұлшық еттерін жаттықтыру).
6. Иммунотерапия (тимоген, циклоферон).

Созылмалы бактериялық емес простатит. Нəтижесі бекітілмеген: α-блокаторлар, 5-редуктаза ингибиторлары, қабынуға қарсы препараттар (пентозан натрий полисульфаты), трансуретралді (несепағар арқылы) микротолқынды термотерапия, аллопуринол (5,6,7).

Несепқуықтың қысқышының немесе мойнының босаңсуы бұзылғанда несепқуық мойнын несепағар арқылы кесуге болады.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Гентамицин инъекцияға арналған ерітінді 40 мг/мл, 80 мг/2 мл ампулада
2. *Цефуроксим 250 мг, 500 мг табл.; инъекциялық ерітінді дайындау үшін ұнтақ 750 мг флаконда
3. *Амоксициллин+клавулонды қышқыл табл., оның қабықшасын жабу 500 мг/125 мг, 875 мг/125 мг; флаконда 500 мл/100 мг, 1000 мг/200 мг дайындауға арналған ұнтақ
3. Итраконазол ауыз арқылы берілетін ерітінді 150 мл – 10 мг\мл
4. Нитроксолин 200 мг табл.
5. Кетопрофен тік ішек арқылы берілетін балауыз
6. *Метронидазол инфузия үшін ерітінді флаконда, 250 мг табл.
7. *Ампициллин таблетка 250 мг; капсула 250 мг, 500 мг; инъекциялық ерітінді дайындау үшін ұнтақ 500 мг, 1000 мг; суспензия 125/5 мл флаконда

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Ацикловир 200 мг табл.; ұнтақ флаконда 205 мг
2. Алоэнің сұйық сығындысы 1 мл амп.
3. *Левофлоксацин 250 мг, 500 мг табл.

Ем тиімділігінің индикаторлары: аурудың клиникалық көріністері туралы шағымның болмауы, өзін жақсы сезінуі, қуықасты безі сөлінің бақылау анализдері.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау үшін көрсетімдер: шат аймағындағы ауырсыну, дизурия, асқынулар (жыныс қатынасына жəне ұрықтануға қабілетсіздігі, амбулаторлық емнің нəтижесіздігі).

Ауруханаға жоспарлы түрде жатқызу алдындағы қажетті тексеру шаралары: ЖНА, микрореакция, флюорография, қуықасты безінің сөлі, қуықасты безіне массаж жасалғаннан кейінгі несептің порциясы, 2-стаканмен сынақ жасау, массаждан кейінгі несепті бактериологиялық тексеру, ПСАг, ПЦР концентрациясы, ИФА, РИФ, ПИФ, спермограмма, гормондық тексеру.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Chronic prostatitis. Thomas Jang and Anthony Schaeffer. Search date July 2004. BMJ; 2. Barbalias GA, Nikiforidis G, Liatsikos EN. Alpha-blockers for the treatment of chronic prostatitis in combination with antibiotics. J Urol 1998; 159: 883-887; 3. Prodigy Guidance - Prostatitis 4. Hanus PM, Danzinger LH. Treatment of chronic bacterial prostatitis. Clin Pharm 1984; 3: 49- 55; 5. McNaughton, C.M. and Wilt, T. (2001) Allopurinol for chronic prostatitis (Cochrane Review). The Cochrane Library (Issue 1). Oxford: Update Software; 6. Collins M, MacDonald R, Wilt T. Diagnosis and treatment of chronic abacterial prostatitis: a systematic review. Ann Intern Med 2000; 133: 367-368; 7. McNaughton Collinns M, MacDonald R, Wilt T. Interventions for chronic abacterial prostatitis. In: The Cochrane Library, Issue 3, 2001.

Ақпарат


Хусаинов Т.Э. ҚР ДСМ Урология ҒО.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх