Анафилаксиялық шок

H-Т-001

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Анафилактический шок неуточненный (T78.2)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы: 

Анафилаксиялық шок (АШ) дегеніміз жалпы гемодинамика бұзылуымен сипатталатын жəне тіршілік үшін маңызды барлық ағзаларда қанайналым жеткіліксіздігін жəне гипоксия туындататын патологиялық жағдай. Анафилаксиялық шок адам организміне жақпайтын аллерген (қан препараттарын құйғанда енетін бөтентекті протеиндер; СИТ жасағанда енетін аллергендер; дəрілер; жарғаққанаттылардың жəне т.б. улары) түскеннен кейін дамиды.

Хаттама коды: H-T-001 "Анафилаксиялық шок"
Терапевтиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ 10 бойынша коды (кодтары):
Т78.0 Тағамға қарсы патологиялық реакциямен байланысты дамыған анафилакcиялық шок
Т85. Организмге қондырылған ішкі протез құрылғыларымен, имплантаттармен, трансплантаттармен байланысты дамыған асқынулар
Т63. Улы хайуанаттар тиюінен дамыған уыттану
W57. Улы емес жəндіктер жəне басқа да улы емес буынаяқтылар шағып алу немесе тістеп алу
Х23. Есек ара, сона, ара шағып алу
Т78. Басқа тарауларда классификацияланбаған қолайсыз жағдайлар
 

Жіктемесі

 
Жіктемесі

Анафилаксиялық шоктың ағымына қарай:

1.  Қатерсіз жіті АШ – клиникалық симптомдары күрт басталады, арнайы қарқынды ем жүргізілсе шок əйгіленістері толық басылады.

2. Қатерлі жіті АШ – клиникалық симптомдары күрт басталады, қазіргі деңгейдегі мамандандырылған ем-жəрдем жасалғанның өзінде науқас тез өліп кетуі мүмкін.

3. Ұзаққа созылған (ұзақағымды) АШ – бастапқы симптомдары күрт басталады, белсенді түрде жүргізілген ем-жəрдем уақытша жеңілдетіп, жартылай ғана нəтиже береді.
Одан кейінгі кезеңде клиникалық симптомдар бəсеңдеу болады, бірақ жасалатын емдік шаралардан толық басылмайды.

4. Қайтаөршімелі (рецидивті) ағымды АШ – ең алғашқы күрт басталған симптомдардың бетін қайтарғаннан кейін олар қайтадан өршіп бөлінеді, кейде салдарлық соматикалық бұзылыстар пайда болады.

5. Үзілмелі (абортивті) ағымды АШ – тез қайтымды, ешқандай дəрі-дəрмексіз тиылады.

Қауіп-қатерлі факторлар

 
Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Анамнезінде дəрі-дəрмекке аллергия болуы.
2. Анамнезінде аллергиялық аурулар болуы.
3. Дəрілік заттектерді ұзақ уақыт бойы, əсіресе қайталанған емдік курс түрінде қабылдау.
4. Депо-препараттарды пайдалану.
5. Полипрагмазия (бірнеше түрлі дəрілерді қатар қабылдау).
6. Дəрілік препараттардың сенсибилизациялағыш белсенділігінің жоғары болуы.
7. Ұзақ уақыт бойы дəрілермен кəсіби қатынаста болу (емшаралық кабинетте жұмыс істеу, аллергендермен жұмыс, қолғап жəне құрамыфнда латекс бар бұйымдармен жұмыс істеу).

Диагностикасы

 
Диагностикалық критерийлері

Шағымдар мен анамнез: қатерлі жіті АШ дамығанда шағым айтып үлгіретін уақыт болмайды. Науқас бірденнен есінен танып, жүрегі тоқтап қалып, клиникалық өлім белгілері байқалады.

Физикалық тексеру 

Шокқа тəн симптомдар:
- түсі өзгеріп (тері түсі қызарып немесе бозарып, көгеріп) кетеді;
- əр түрлі экзантемалар (бөртпелер) пайда болады;
- беті, қабақтары, мұрынның сілемейқабығы ісініп кетеді;
- жабысқақ мұздай тер басып кетеді;
- түшкіру, жөтел, қышыну пайда болады;
- көзден жас ағады;
- құсады;
- қол-аяғы тартылып қалады, кейде қалшылдап, құрысқақ талмасы байқалады;
- мазасыздану, мазасыз қозғалыс пайда болады;
- кіші дəреті ырықсыз шығып кету, еріксіз іші жүріп, ішектен жел шығып кету байқалады.

Объективті клиникалық көріністері:
- перифериялық тамыр соғуы (пульсі) жиілейді жəне «жіп тəрізді» жіңішке болып сезіледі;
- тахикардия, кейде брадикардия, аритмия байқалады;
- жүрек соғуының үні нашар естіледі;
- артериялық қан қысымы тез төмендеп кетеді (ауыр жағдайда диастолалық қысым үні естілмейді). Шамалы жеңілдеу жағдайда қан қысымы қималы деңгейден (90-80 мм сын. бағ.) төмен түспейді. Бастапқы минуттарда артериялық қысым кейде сəл жоғарылауы мүмкін;
- тыныс алу бұзылады (ентігу, ауыздан көбік ағып, қырылдап қиналып дем алу);
- көз қарашықтары үлкейген, жарық түсіргенде реакция бермейді.

Лабораторлық зерттеулер:

II дəрежелі шок. Қанда метаболиттік ацидоз, гипокалиемия, гипоксия.

III дəрежелі шок. Қанда айқын метаболиттік ацидоз, ауыр гипоксемия жəне олардың салдары – тіндер мен ағзалардағы екіншілік қайтымсыз өзгерістер.

Инструменталдық зерттеулер 
Шокты дифференциациялау стадиясында Альговер критериі айтарлықтай көмектеседі – пульс жиілігі мен артериалдық қысым арасындағы қатынас. Қалыпта Альговер критериі – 0,5; I дəрежелі шок кезінде – 1,0 дейін; II дəрежелі – 1,0 ден 1,5 дейін; III дəрежелі –1,5 жоғары.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: көрсетімдер бойынша.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның жалпы анализін жасау (6 көрсеткіш бойынша).
2. Горяев камерасында лейкоциттер санын анықтау.
3. Кальций деңгейін анықтау.
4. Хлоридтер деңгейін анықтау.
5. Калий/натрий деңгейін анықтау.
6. Электрокардиограммасын тексеру.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Несептің жалпы анализін жасау.
2. АЛТ, АСТ деңгейін анықтау.
3. Респираторлық жəне метаболиттік ацидоздың айқындығын анықтау мақсатында қышқылдық-сілтілік жағдайды, рН, РСО2, рО2 зерттеу.
4. Қан ұю жүйесін зерттеу.
5. Орталық веналық қысымды анықтау.

Дифференциалды диагноз

 
Дифференциалды диагноз: дифференциалды диагностиканы гипотониямен, тыныс пен естің бұзылуымын қатар жүретін барлық жіті дамитын аурулармен жүргізу қажет - жіті жүрек-қантамырлық жеткіліксіздік, миокард инфаркты, талмалар, өкпе артериясының тромбоэмболиясы, күндік жəне жылулық соққы, гипогликемия, дəрілік заттарды шектен тыс қабылдау, сепсистік шок жəне басқалармен.

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: тіршілік үшін маңызды барлық ағзалар мен жүйелердің функциясын қалпына келтіру.
 
Дəрі-дəрмексіз ем:
1. Науқастың жағдайы қаншалықты ауыр екендігін анықтау қажет. Ол үшін науқастың шағымдануына, есінің ауытқу деңгейіне, денесінің түр-түсіне, терлегеніне, тыныс алуына, тамыр соғуына назар аударып, тексеру керек.
2. Дəрі-дəрмек беруді тоқтату керек.
3. Клиникалық өлім диагнозы анықталған жағдайда алғашқы реанимациялық комплекс шаралары жүргізіледі.
4. Басқа жағдайларда:
- науқастың аяқ жағын биіктеу етіп жатқызу керек;
- венасы арқылы емшара жасалуын үзбей сақтау немесе мүмкіншілік жасау керек;
- жоғарғы тыныс алу жолдарының ауа өткізгіштігін жəне оттек жеткізілуін қамтамасыз ету қажет.

Дəрі-дəрмектік ем:
1. 1,0 мл 0,18% эпинефрин ерітіндісін 0,9% натрий хлорид ерітіндісіне араластырып салу (енгізу) керек. Эпинефринді қайталап салуды 3-5 минут өткеннен кейін барып жасайды.
2. Вена арқылы емшара жасалуын үзбей сақтау үшін жəне салыстырмалы гиповолемияны кетіру үшін венаға 500-1000 мл 0,9% натрий хлорид ерітіндісін құю керек.
3. 20 мл - 0,9% натрий хлорид ерітіндісіне қосылған преднизолонның 90-120 мг венаға жəне 30 мг бұлшықетке жіберу керек, немесе 20 мл 0,9% натрий хлорид ерітіндісіне қосылған дексаметазонның 8-16 мг венаға жəне 4 мг бұлшықетке немесе гидрокортизонның 125-250 мг венаға жəне 50 мг бұлшықетке жіберу керек. ГКС қайталап салуды 4 сағат өткеннен кейін жасайды. Гемодинамиканы (қанайналымды) тұрақтандыру (жүйелік артериялық қысым деңгейін көтеру) үшін преднизолонның бірінші салынатын дозасы 500 мг. 5000 бірлік гепарин қосылған 100 мл 0,9% натрий хлорид ерітіндісіне араластырып венаға шүмектете құйып «кіші пульс-терапия» емі жүргізіледі. Преднизолонның бір рет салуға арналған бірреттік демеуші дозасы 250 мг.
4. Қанайналым (гемодинамика) тұрақтанғаннан кейін Н1-гистаминрецепторлардың бірінші лекке жататын антагонистері беріледі.
5. Аллерген енген жердің айналасындағы бұлшықетке, тері астына немесе тері арасына піскілеп 0,5 мл 0,18% эпинефрин ерітіндісін салу керек.

Аурудың клиникалық көрінісінде:
Гемодинамикалық бұзылыстар басым болса:
1. 1%-2,0-4,0 мл мезатонды немесе 200 мг допаминді 400,0 мл - 0,9 % натрий хлорид ертіндісіне, немесе 5% глюкоза ертіндісіне араластырып салу керек. Препаратты венаға тамызғы арқылы құяды, артериялық қысымды бақылап өлшей отырып, дəрі құю жылдамдығын біртіндеп көбейтеді.
2. 500 мг преднизолонды 5000 бірлік гепарин қосылған 100,0 мл - 0,9 % натрий хлорид ертіндісіне араластырып венаға шүмектетіп құяды («кіші пульс-терапия»).

Демікпелік (бронхобструкциялық) синдром басым болса:
1. 2,4% - 10,0 мл аминофиллинді 20,0 мл физиологиялық ерітіндіге араластырып венаға баяулатып құю керек.
2. 90-120 мг преднизолонды немесе 8-16 мг дексаметазонды немесе 125-250 мг гидрокортизонды венаға шүмектетіп құю керек.

Квинке ісіну дамыған жағдайда:
1. Адреномиметик - 0,18% -1,0 мл эпинефрин ерітіндісін венаға жіберу керек.
2. ГКС - 90-120 мг преднизолонды немесе 8-16 мг дексаметазонды немесе 125-250 мг гидрокортизонды венаға шүмектетіп құю керек.
3. Венаға антигистамин препараттар (Н-1 жəне Н-2 гистаминблокаторлар) 1%-1,0 мл дифендирамин құю керек.
4. Венаға 40-80 мг фуросемид құю керек.
5. Консервативтік емшаралар нəтиже бермеген жағдайда, көрсетілімдерді ескере отырып, трахеостомия жасалады.
 
Соңғы 20-30 минут аралығында оң өзгерістер байқалмаса препараттар құюды қайталайды:
1. Преднизолонның 90-120 мг венаға шүмектетіп құяды жəне 30 мг бұлшықетке салады немесе дексаметазонның 8-16 мг венаға шүмектетіп құяды жəне 4 мг бұлшықетке салады немесе 125-250 мг венаға шүмектетіп құяды жəне 50 мг бұлшықетке салады. Преднизолонның тəуліктік дозасы 480-1200 мг жəне одан да артығырақ болуы мүмкін. Осыған дейін «кіші пульс-терапия» жүргізілмеген болса, жағдаятқа қарай бұл емшараны да жасауды қарастыру керек.
2. 1%-2,0-4,0 мл мезотонды немесе 200 мг допаминді 400 мл - 0,9% натрий хлорид ерітіндісіне немесе 5% глюкоза ертіндісіне араластырып венаға тамшылатып құяды. Артериялық қысымды өлшей отырып, препарат құю жылдамдығын біртіндеп көбейтеді.

Профилактикалық шаралар: жоқ.

Әрі қарай жүргізу: жоқ.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1.* Эпинефрин 0,18% - 1,0 мл, ампулада
2.* Декстроза 5% - 400 мл, флаконда
3.* Натрий гидрокарбонаты 10 г, пакеттелген ұнтақ
4.* Фуросемид 20 мг,ампулада
5.* Преднизолон 30 мг,ампулада
6.*Аминофиллин 2,4-5,0,ампулада
7.*Дифенгидрамин 1%-1,0 мл, ампулада
8.* Натрий хлориді 500 мл, флаконда
9.* Гепарин 2500 ХБ, флаконда
10* Доксазозин 2 мг,4 мг, таблетка
11. Мезатон 1% ерітінді -1,0, 10 ампул.
12. Супрастин (2%) ампулада (№ 10), сонымен қатар парентеральді қолдану үшін антигистаминдік препараттар.

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1.* Дексаметазон 1 мл, ампулада
2.* Фенилэпинефрин 1% - 1,0-2,0 мл
3.* Допамин 200 мг 400 мл ерітінді
4.* Гидрокортизон 2,5% - 2,0 мл,ампулада

Ем тиімділігінің индикаторлары: науқастың хал-жағдайы тұрақтану.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау үшін көрсетімдер: шұғыл.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Anaphylaxis/Allergic Reactions. guidelines reflect the current Resuscitation Council UK Guidelines. June 2004 2. Anaphylaxis guideline/ Guideline team James Thomas, Melanie Darwent, Helen Carter, Sally Bateman, Liza Keating/ Date of publication January 2004, version 1.0, review date January 2006 3. Клинические рекомендации, основанные на доказательной медицине: Пер. с англ. / Под ред. Ю.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова. — 2-е изд., испр. — М.: ГЭОТАР-МЕД, 2002. —1248 с.: ил.

Ақпарат

 
Əзірлеушілер тізімі: Жұмашева Б.Б., ҚР ДСМ Кардиология жəне ішкі аурулар ҒЗИ.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх