Остеоартроз (полиартроз, коксартроз, гонартроз)

H-S-014

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Другой уточненный артроз (M19.8)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы:

Остеоартроз (ОА) - буындық шеміршектердің тозып, субхондралдық сүйектердегі өзгерістер мен жиектік остеофиттер болуымен сипатталатын буындардың созылмалы күшейіп отыратын дегенеративтік ауруы, оның салдарынан шеміршек жоғалып, буындардың басқа көмекші құрам бөліктері зақымданады (синовиалдық қабық, байламдар).

Хаттама коды: H-S-014 "Остеоартроз (полиартроз, коксартроз, гонартроз)"
Хирургиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
M15 Полиартроз
M16 Коксартроз (ұршық буынының артрозы)
M17 Гонартроз (тізе буынының артрозы)
M19 Басқа артроздар
 

Жіктемесі

 
Жіктемесі: (Насонова В.А., Астапенко М.Г. бойынша жіктелу, 1989 ж.)

1. Патогенетикалық варианттар:
- біріншілік (себебі белгісіз, идиопатиялық);
- екіншілік.

2. Клиникалық түрлері:
- полиартроз;
- олигоартроз;
- моноартроз;
- омыртқа ОА-мен, спондилоартрозбен қосарланған.

3. Негізгі орналасу аймақтары:
- бунақаралық буындар (Геберден, Бушар түйіндері);
- ұршық буындары (коксартроз);
- тізе буындары (гонартроз);
- басқа буындар.

4. Рентгендік кезең (kellgren J.H., Lawrence J.S. бойынша): I, II, III, IV, V
Синовит:
- болады;
- болмайды.

5. Буынның қызметтік қабілеті:
- қызметтік қабілеті шектелген (ҚЖ-1);
- жұмысқа қабілеті жоғалған (ҚЖ-2);
- басқа жақтан күтімді қажет етеді (ҚЖ-3) (ҚЖ – қызметтік жетіспеушілік).

Қауіп-қатерлі факторлар

 
Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Тұқым қуалайтын бейімділік.
2. Механикалық зақымдану.
3. Физиологиялық артық күш түсіру.
4. Зат алмасу мен қан айналым бұзылыстары.
5. Эндокриндік дисбаланс.
6. Шеміршектің қоректенуінің бұзылуы.
7. Шеміршектің жасқа байланысты кері дамуы (инволюциясы).
8. Кəрілік.
9. Дененің артық салмағы.
10. Буындар мен сүйектер дамуының бұзылуы жəне жүре пайда болған аурулары.
11. Мамандыққа байланысты ерекшеліктер жəне жұмысқа байланысты еңбек жүктемесі.

Диагностикасы

 
Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез:
1. Еңбек жүктемесінде немесе тыныш жағдайда, түнде, буынды пальпациялағанда ауыру сезімі.
2. Зақымдалған буынның таңертең немесе кез келген демалыс түрінен кейін 30 мин-қа дейін қозғалмай қалуы.
3. Буындардағы қозғалыстың шектелуі немесе ондағы тұрақсыздықты сезіну.

Физикалық тексеру: сіңірлердің буын қапшықтарына бекінетін жерлерінде ауырсыну нүктелері, қозғалған кезде буындардың сықырлауы (крепитация).

ОА-дың жеке түрлерінің клиникалық ерекшеліктері

Ұршық буынының ОА-зы (коксартроз) 
Ұршық буынының ОА-зы - аурудың ең жиі таралған варианттарының бірі. ОА еркектерде де, əйелдерде де бірдей жиілікте кездеседі, бірақ əйелдерде ауыр өтеді. Егер коксартроз 40 жасқа дейін дамыса, бұл көбінесе буын дисплазиясымен байланысты екені байқалған (ұршық буынының туа болған дисплазиясы). ОА-дың негізгі сиптомы буын аймағындағы механикалық сипаттағы ауыру сезімі, ерте байқалатын жүрістің бұзылуы (ақсаңдап жүру) болып табылады. Кейбір жағдайда ауыру сезімі алдымен тізе буынында, сосын шапта, бөкседе, санда, бел аймағында сезіледі.

Ауыру синдромы жүрген кезде пайда болып, тыныш кезде басылады. Алғашқы клиникалық симптомдар (ауыру, қозғалыс көлемінің шектелуі) буындағы бұзылыстардың рентгендік өзгерістері болмай тұрып байқалады, олар бұлшықеттік спазммен байланысты. Біртіндеп буындардағы қозғалыс көлемінің шектелуі өсе түседі, кейбір науқастарда буын “блокадасы” симптомы пайда болады (сəл қозғалса буыны қатып қалады). Науқасты тексергенде буын аймағына пальпация кезінде ауыру сезімі болады, экссудативтік көріністер жоқ, аурудың ұзақ ағымында сан бұлшықеттерінің атрофиясы байқалады.

Аяқ еріксіз қалыпқа келеді - ротация мен əкетуді бұзып ұршық буынын сəл бүгеді, сөйтіп компенсаторлық бел лордозы, жамбастың зақымдалған буын жаққа еңкеюі жəне сколиоз байқалады. Мұның бəрі арқада ауыру сезімінің пайда болуына, сан, шонданай жəне жапқыш нервтердің жаншылуына əкеледі. Коксартроз жүрістің өзгеруіне əкеледі - алдымен ақсаңдап жүреді, кейін аяқ қысқарып ақсақ болады. Екі жақтық коксартроз кезінде "үйрек жүріс" пайда болады. 

Тізе буынының ОА-зы (гонартроз) 
Тізе буыны - деформациялаушы ОА-дың орналасу жиілігі бойынша екінші орын алады. Гонартрозбен көбінесе əйелдер ауырады, оған семіздік жəне аяқтағы қан айналымның бұзылуы себепші болады. Алғашқы симптомдар көбінесе 40-50 жаста көрінеді. Ауру туғызатын ең жиі этиологиялық факторларға тұлға бітімінің бұзылуы, жиі жарақат алу жатады. Негізінде гонартроз екі жақтық болады, бірақ науқас ұзақ уақыт бойы бір буындағы ауыру сезіміне шағымданып жүреді.

Гонартроздың негізгі симптомы механикалық ауыру сезімі болып табылады. Ауырсыну жүрген кезде, əсіресе сатымен жүргенде пайда болады. Ауыру ұзақ тұрғанда, ұзақ еңбек жүктемесінде, кейде түнде пайда болады. Ауыру сезімі буынның алдыңғы немесе ішкі бөлігінде пайда болып, сираққа қарай жайылады. Науқастарда "подкашивания ног" сезімі пайда болады. Тізе буынындағы қозғалыс негізінен бүгу кезінде азаяды, ауру ағымында бүгу шектеледі.
Науқастар ауыру сезімінің əсерінен аяқтарын толық бүге алмайды, бірақ бүгу толық тежелмейді. Тізе буынындағы қозғалыстардың шектелуі аурудың ұзақ ағымында күшейе береді. Пальпация кезінде ауырсыну, сықырлау байқалады. Біртіндеп остеофиттер пайда болуынан, буын беттерінің қайта құрылуы, кейін буынның шала шығуынан буын деформациясы күшейе береді, аяқ бұлшықеттерінің атрофиясы да күшейеді.

Науқастардың жартысына жуығында тізе буынының ауытқуы (девиация) байқалады (genu varum жəне genu valgum), бүйір жəне кресттəрізді байламдардың əлсіреуінен латералді қозғалыстар кезінде буындардың тұрақсыздығы, немесе “алынып-салынатын жəшік” симптомы пайда болады. Аурудың бастапқы кезінде жиі пателлофеморалдық артроз болып, буынды жазған кезде, əсіресе сатымен жүргенде, тізе тобығын соққылағанда буынның алдыңғы бөлігінде ауыру сезімі пайда болады. Тізе буынының зақымдалуы қосылған кезде буын саңылауын пальпациялағанда ауырсыну, варустық немесе вальгустық ауытқулар, гиперқозғалғыштық байқалады. Тізе буынының ОА-зы жиі екіншілік синовитке асқынады.
Ұзақ уақытқа созылған гонартроз кезінде кезеңімен буынның "блокадасы" болуы мүмкін. Тізе буынының зақымдалуы ортан жілік айдаршығының остеонекрозымен асқынуы мүмкін, бұл жағдай вирустық ауытқулар кезінде болады.

Лабораториялық тексеру: жоқ.

Инструменталдық зерттеулер: буын зақымдануының рентгенологиялық көрінісі, диагнозды растайтын - буындық қуыстың тарылуы, буын беткейінің шеттері бойынша сүйектің өсуі, дөрекі дефоромацияланған буындар.

Мамандар консультациясы үшін көрсеткіштер: жоқ.

Дифференциалды диагноз: жоқ.
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Буынды рентгендік зерттеу.
2. Буындарға компьютерлік томография жасау.
3. Буындардың ядролық-магниттік резонансы.
4. Ішкі ағзаларды УДЗ.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ.

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: буындардағы қызметтік жетіспеушілікті азайту, емді коррекциялау.

Дəрі-дəрмексіз ем 
Остеоартрозды емдеу алгоритмі.

I кезең:
- механикалық факторларды жою (ортопедиялық аяқ киім кию, корсет немесе ұстап тұратын белдік, трост қолдану);
- дене салмағының төмендеуі;
- зақымдалған буынға жүктемені азайту;
- физиотерапия (жылумен, сумен емдеу);
- емдік дене шынықтыру (негізгі мақсаты - буынға түсетін жүктемені азайту жəне бұлшықеттерді бекіту): тұлғаның жəне аяқтың ұзындығын қалпына келтіру, изометриялық жүктемемен жаттығу, жеке бұлшықет топтарына жаттығу жасау;
- жергілікті анальгетиктер жəне СЕҚҚП (жақпа май, гель, крем).

Дəрі-дəрмекті ем

II кезең:
- манифестік остеартроз жəне қабыну белгілері пайда болғанда жүйелік СЕҚҚП;
- пероралдық жəне ректалдық СЕҚҚП: ибупрофен, диклофенак, кетопрофен, лорноксикам, прироксикам, целекоксиб;
- хондропротекторлар;
- тұрақты синовитте: глюкокортикоидтарды буын ішіне енгізу.

III кезең:
- консервативтік емнен нəтиже болмағанда - ортопедиялық операциялар: ұршық немесе тізе буынына эндопротез салу, абразивтік хондропластикамен артроскопия жасау.

Анальгетиктермен жəне қабынуға қарсы ем:
1. Жергілікті анальгетиктер (тітіркендіретін жəне аударатын əсері бар препараттар): финалгон.
2. Жергілікті СЕҚҚП: диклофенак, ибупрофен, кетопрофен, пироксикам.
3. Жүйелік СЕҚҚП: диклофенак (100-150 мг/тəулігіне), ибупрофен (1200-2400 мг/тəул.), кетопрофен (200-300 мг/тəул.), напроксен (500-100 мг/тəул.), пироксикам (20 мг/тəул.), лорноксикам (8–16 мг/тəул.).
4. Арнайы ингибиторлар ЦОГ-2: целекоксиб (200-400 мг/тəул.).
 
Хондропротекторлар:
1. Хондроитин сульфаты (500 мг 2 рет тəулігіне).
2. Буын ішіне енгізуге арналған гиалурон қышқылының дериваттары (3 апта сайын қолданылатын буынішілік инъекциялар).

Зат алмасу процестерін жақсарту үшін метаболикалық ем тағайындалады. Фосфаден ішке 0,05 г 3 рет күніне, 4 апта бойы, В/і 2-4 мл 2% ерітінді 2-3 рет күніне, 2-4 апта бойы. Микроциркуляцияны жақсарту үшін антикоагулянттар тағайындалады. Пентоксифиллин қан айналымы бұзылған аймақтардағы микроциркуляцияны жақсартады. 250 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісін в/і тамшымен 5 мл-ден тағайындайды. Таблеткалар 0,1 г 3 рет күніне, бір ай бойы.

Профилактикалық шаралар: буынжарақаттануларының профилактикасы, артриттерді уақытылы емдеу.

Əрі қарай жүргізу:
- механикалық факторларды жою (ортопедиялық аяқ киім, корсет, немесе ұстаушы белдеу кию немесе таяқ ұстау);
- дене салмағын төмендету;
- зақымдалған сүйекке жүк түсірмеу.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Ибупрофен 200 мг, 400 мг табл.
2. *Диклофенак натрий 25 мг, 100 мг, 150 мг табл., гель 1%
3. Диклофенак калия 12,5 мг табл.
4. Кетопрофен инъекцияға арналған ерітінді 100 мг/2 мл, амп.
5. Лорноксикам 4 мг, 8 мг табл.
6. Целекоксиб 100 мг, 200 мг капс.
7. Напроксен 250 мг табл.
8. Пироксикам 10 мг табл.
9. Хондроитин сульфаты жақпа май 30 г
10. Фосфаден 0,05 г табл., 2% инъекцияға арналған ерітінді, амп.
11. Пентоксифиллин 100 мг, драже, инъекцияға арналған ерітінді 100 мг/5 мл амп.
12. *Надропарин кальция - иньекциялық ертіні 2850 МЕ анти-Ха/0,3 мл; 3800 МЕ анти-Ха/0,4 мл; 5700 МЕ анти-Ха/0,6 мл; 7600 МЕ анти-Ха/0,8 мл, 9500 МЕ анти-Ха/1,0 мл.

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.
Ем тиімділігінің индикаторлары: буындардағы қызметтік жетіспеушілікті азайту.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу

 
Госпитализациялау үшін көрсетімдер: айқын ауыру синдромы, амбулаторлық емнен нəтиже болмаса, буын синовиті.

Жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу алдындағы қажетті тексеру көлемі:
1. Зақымдалған сегменттің жəне симметриялық буындардың 2 проекциядағы рентгенографиясы.
2. Жалпы қан анализі (6 параметрі).
3. Жалпы несеп анализі.
4. С-реактивті белокты анықтау.
5. Біріктіріліп жасалған Райт, Хеддельсон реакциялары.
6. ЭКГ.
7. Нəжісті құрттарға тексеру.
8. Микрореакция.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Насонова В.А., Остеоартроз. 2001; 2. Дроздов В.Н., Остеоартроз, 2004; 3. Насонова В.А., Муравьев Ю.В., Цветкова Е.С., Беленький А.Г., Остеоартроз коленного сустава, 2003; 4. Насонова В.А., Насонов Е.Л., Алексеева Л.И., Муравьев Ю.В., Остеоартроз тазобедренного сустава, 2004; 5. Насонова В.А., Современный взгляд на проблему остеартроза, 2004; 6. Поворознюк В.В., Остеоартроз: современные принципы лечения, 2003.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Мəлік Б.К., ҚР ДСМ Травматология жəне ортопедия ҒЗИ.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх