Стоматит
P-P-013
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)
Другие формы стоматита (K12.1)
Анықтамасы
Анықтамасы
Анықтамасы: Стоматит – ауыз қуысы шырышты қабығының қабынулық ауруы.
Хаттама коды: P-P-013 "Стоматит"
Педиатрия саладағы поликлиникалар үшін.
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
K12 Стоматит жəне ұқсас зақымданулар.
K12.0 Ауыз қуысындағы қайталанбалы афталар (бөртпелер).
K12.1 Стоматиттің басқа түрлері.
K13 Ерін жəне ауыз қуысы шырышты қабығының басқа аурулары.
Жіктемесі
Жіктемесі:
1. Кандидозды стоматит (уылу).
2. Афтозды стоматит (нақты себебі анықталмаған, бірнеше қоздырғыш болуы мүмкін).
3. Герпестік стоматит (жəй герпестің қоздырғышы).
Қауіп-қатерлі факторлар
Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Кандидоз кезінде – бұл 1-2 айлық нəрестелер; иммунды тапшылығы бар балалар, иммундық супрессиясы бар балалар; ортопедиялық аппаратураны киетін балалар, фондық патология.
2. Афтозды стоматит кезінде – 6 айдан 3 жасқа дейінгі балалар; иммундық тапшылығы бар балалар; нашар санитарлық жағдай, фондық патология.
3. Герпестік стоматитте – ерте жастағы балалар.
Диагностикасы
Диагностика критерилері
Шағымдар мен анамнез:
- ұрт, қызыл иек, кейде таңдай жəне тілдің сілемей қабатындағы ауырсынулы, гиперемиялы, ісінулі, жаралы учаскелер;
- сілекей ағу;
- тамақтан жəне сұйықтықтан бас тарту;
- дене температурасының жоғарылауы.
- тамақтан жəне сұйықтықтан бас тарту;
- дене температурасының жоғарылауы.
Физикалық тексеру:
1. Афтозды стоматит – шырышты қабықтың кез келген жерінде орналасқан, əсіресе, қозғалмалы бөлігінде (ұрттың шырыштысы) домалақ, ауыру сезімін тудыратын, терең ойық жаралар. Бірен-саран немесе көптеген зақымданулар, сұр үлбірмен жабылған, көтеріңкі қабынған білікпен қоршалған.
2. Герпестік стоматит – ұрт, қызылиек, таңдай мен тілдің шырышты қабығында ауырсындыратын, қан кернеген, ісінген жəне ойық жараланған аймақтар. 40,6 С дене қызуы жəне қызба.
3. Кандидозды стоматит – ауыз қуысы шырышты қабығында ақ ірімшік тəрізді өңез. Бұл көріністер жиі ауыз қуысы бүкіл шырышты қабығының диффуздық эритемасымен қосарланады, оның құрғақтығы байқалады.
Инструменталдық зерттеулер: көрсетілмеген.
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер - стоматолог.
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі: стоматолог консультациясы.
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: гастроэнтеролог консультациясы.
Лабораторлық зерттеулер
Лабораторлық зерттеулер: қанның жалпы анализі (қабынбалық өзгерістер, ЭТЖ жоғарылауы).
Дифференциалды диагноз
Дифференциалды диагноз
Диагноз немесе ауру себебі | Диагноз пайдасына |
Кандидозды стоматит | - ауыз қуысы сілемейіндегі ақ, сүзбелі жабындылар. |
Афтозды стоматит |
- ауыз сілемейінің ауырулы жаралары, афт – папул орнында түбі лас жəне эритематоздық шеңбермен ұсақ жаралар.
|
Герпестік стоматит |
- жоғары қызба;
- сарғыш жабындылармен жабылған көпіршіктік элементтер мен жаралар;
- регионарлы лимфаденит.
|
Қышқылмен немесе сілтімен химиялық күю
|
- ауыз қуысы сілемейіндегі ауырсынулы жаралар. |
Емдеу тактикасы
Емдеу тəсілі
Ем мақсаты:
1. Қабыну процесі, ауру сезімі синдромын тоқтату, жараны жазу.
2. Ауыз қуысының толық тазартылуы.
Дəрі-дəрмексіз ем:
1. Науқасты оңашалау (жеке ыдыс-аяқ, гигиениалық заттар).
2. Механикалық аялаушы сүтті - өсімдікті диета.
3. Сұйықтықты мол ішу (қайнаған су, жеміс пен көкөніс шырындары).
Дəрі-дəрмектік ем:
1. Саңырауқұлақты стоматитте – метилен көгі сулы 1% ерітіндімен ауыз қуысын өңдеу, 1% май мен клотримазол кремі - күніне 2 рет (таңертең жəне кешке) жағады. Таралған процесте - 5 жастан жоғары балаларға ауыз арқылы берілетін *итраконазол ерітіндісі 5 мг/кг бастапқыда ауыз қуысын 20 сек ішінде шайқау керек, содан кейін ерітіндіні жұту керек, флуконазол 6мг/кг/тəу дозада емнің бірінші күні, содан кейін 3мг/кг/тəу, 2 апталық нəрестелерге – арасы 72 сағат, 2- ден 4 аптаға дейін – ара қашықтығы 48 сағат.
2. Афтозды жəне герпестік стоматитте – ауыз қуысын 3% сутегі тотығымен, калий перманганаты ерітндісінің 1: 10.000 қатынасында езіп, 0,02% фурациллин ерітіндісімен тамақ ішер алдында жəне тамақ ішкеннен соң өңдеу. Тамақтану алдында тұтқыр жəне ауруды бастын дəрі-дəрмекті - 10% анестезин эмульсиясы, 1-2% танинді* қабылдау. Интерферон майын күніне 4 рет əр 2 сағат сайын қабылдау керек. 0,25% оксолин майын күніне 4 рет қабылданады.
3. Дененің жоғары қызуында - парацетамол:
- 3 айға дейін, 10 мг/кг;
- 3 ай – 1 жыл , 60-120 мг;
- 1 – 5 жас, 120-250 мг;
- 6 – 12 жас, 250-500 мг;
- 12 жастан жоғары (дене салмағы 60 кг-нан жоғары), 500 мг.
Бұл бір реттік дозалар.
- 3 айға дейін, 10 мг/кг;
- 3 ай – 1 жыл , 60-120 мг;
- 1 – 5 жас, 120-250 мг;
- 6 – 12 жас, 250-500 мг;
- 12 жастан жоғары (дене салмағы 60 кг-нан жоғары), 500 мг.
Бұл бір реттік дозалар.
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. * Метилен көгі ерітіндісі 1% 10 мл, спирттік ерітінді.
2. **Клотримазол майы, 1% крем; 1% ерітінді, флаконда.
3. * Сутегі тотығы 3% ерітінді 25 мл, 40 мл, флаконда.
4. Пропофол 10 мг/мл, венаға енгізуге арналған эмульсия.
5. * Калий перманганаты 1:10 000 сулы ерітіндісі.
6. **Оксолин майы 0,25%.
7. * Итраконазол ауыз арқылы берілетін ерітнді 150 мл – 10 мг\мл.
8. Соруға арналған грамицидин табл. 1,5 мг.
Қосымша дəрі-дəрмек тізімі:
1. *Флуконазол 50 мг, 150 мг, капс.; 100 мл венаға енгізуге арналған ерітінді, флаконда.
2. *Танин 1% ерітінді; 2%, 10% май.
3. *Парацетамол 200 мг, 500 мг, табл.; 2,4% сироп, флаконда; 80 мг, суппозиториялар.
4. Интерферон майы.
Ем тиімділігінің индикаторлары:
- дене температурасының қалыпқа келуі;
- тəбеттің қалпына келуі, өзін өзі жақсы сезіну;
- сілемейді тазарту;
- асқынулардың болмауы.
* - Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.
** - Амбулаторлық ем кезіндегі рецепт бойынша дəрілік заттар тегін жəне жеңілдікпен берілетін ауру түрлерінің тізіміне кіреді.
Ауруханаға жатқызу
Госпитализациялауға көрсетімдер:
1. Ойық жара - өлеттену процесіне ұласатын ауырудың ауыр түрі.
2. Вирусты стоматиттердің ұзақ мерзімді ағымы.
Алдын алуы
Біріншілік профилактика:
- табиғи тамақтандыру;
- гигиеналық шараларды сақтау;
- рационалды антибактериалды терапия (кандидозды стоматит);
- науқастар жəне вирустасымалдағыштармен қатынасты шектеу.
Профилактикалық шаралар:
1. Егер баланың ахуалы нашарласа немесе ол емшек сора алмаса, қызба пайда болса, тыныс алу жиілесе немесе қиындаса, 2 күннен кейін немесе одан ерте учаскелік дəрігеріне қаралуы.
2. Қандай жағдайда қайтадан дəрігерге тез арада қаралу керек екендігін анасына үйрету.
Ақпарат
Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
-
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
- Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Доказательная медицина. Ежегодный справочник. Часть 7. Москва. Медиа Сфера, 2003,с 2305-2307. 2. EBM Guidelines 11.8.2005 Stomatitis in Children. 3. American Academy of Pediatric Dentistry. Clinical guideline on infant oral health care. Chicago (IL): American Academy of Pediatric Dentistry; 2004. 4 p. 4. University of Texas at Austin, School of Nursing, Family Nurse Practitioner Program. Recommendations for the diagnosis and management of recurrent aphthous stomatitis. Austin (TX): University of Texas at Austin, School of Nursing; 2003 May. 12 p. 5. Клинические рекомендации, основанные на доказательной медицине: Пер. с англ. / Под реЮ.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова. – 2-е издание, исп. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2002. – 1248 стр.: ил 854-855.
Ақпарат
Əзірлеушілер тізімі: Идрисова Р.С., АМДБЖИ балалар инфекциясы кафедрасының меңгерушісі.
Қазықтаулы файлдар
Назар аударыңыз!
- Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
- Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
- Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
- Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
- Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.