Эндометриоз

P-O-018

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Эндометриоз неуточненный (N80.9)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы:
Эндометриоз – жатыр қуысынан тыс аймақта морфологиялық жəне 
қызметтік (функциялық) сипаттары бойынша эндометрияға ұқсас тіндер өсіп-өнетін патологиялық үрдіс.


Хаттама коды: P-O-018  "Эндометриоз"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы поликлиникалар үшін.
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): N 80 Эндометриоз

Жіктемесі


Жіктемесі:
I. Патологиялық үрдістің орналасуына қарай:
1.  Жыныс мүшелерінен тыс (экстрагениталдық) эндометриоз (ішектерде, шарбыда, қуықта, бүйректе, отадан кейінгі тыртықта, кіндікте, өкпеде).
2.  Жыныс мүшелеріндегі эндометриоз:
-  Ішкі (жатыр денесіндегі эндометриоз( оның ішінде аденомиоз), жатыр түтіктерінің интрамуралдық бөліктеріндегі эндометриоз);
- Сыртқы (анабездегі, іншектік ретроцервикалық, жатыр түтікшелеріндегі, жатыр мойнының іншектік бөліміндегі, жатырдың жұмыр байлымындағы, сыртқы жыныс мүшелеріндегі, шаптағы эндометриоз).
II. Клиникалық əйгіленімдерінің айқындығына қарай:
1.  Əйгіленімсіз эндометриоз,
2.  Клиникалық көріністері бар эндометриоз:
-  Етеккір оралымына байланысты ауыру белгілерінің айқындылығы түрлі дəрежеде;
-  Етеккір қызметінің гиперполименоррея, альгодисменоррея типімен бұзылуы жəне етеккір алдында жəне соңында қаншымақ бөлінуі;
-  Бедеулік – 45-50%

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Гормондық бұзылыстар.
2. Эндометрияның жатыр қуысынан 
басқа орынға ауысуы.
3. Иммунологиялық бұзылыстар.
4. Эндометрияның метаплазиясы.
5. Г
енетикалық патология.

Диагностикасы


Диагностика критерилері
 
Шағымдар мен анамнез: етеккір алдында немесе кейін жағылмалы шығындылар.

Физикалық тексеру:
1. Альгодисменоррея.
2. Етеккір алдында жəне соңында ұзақ уақыт қаншымақ бөлінуі.
3. Қан кету.
4. Бедеулік.
 
Лабораторлық зерттеулер:  тəн емес.
 
Инструменталдық зерттеулер:
1. УДЗ бойынша – миометрияда, анабезде құрылымдық өзгерістер.
2. Кольпоскопияда – эндометроидты ошақтар .

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:  қосарланған патологияларға байланысты.

Дифференциалды диагноз:  жоқ.
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Іншектік тексеру (е.о. 5-7 жəне 18-22 к.)
2. Кіші жамбас ағзаларын УДЗ (е.о.5-7 жəне 18-22 к.)
3. Кольпоскопия (е.о.5-7 жəне 18-22 к.)
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі : МСГ көрсетіліміне қарай.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы:  ауыру айқындылығын басу, етеккір оралымының бұзылуы мен диспареунияны жою, жанама əсерлердің минималды даму жиілігі кезінде ұрықтандыруға қабілеттілікті арттыру.

Дəрі-дəрмексіз ем:  жоқ.

Дəрі-дəрмектік ем:
Ем белгілерінің айқындығы азайғанша жүргізіледі (көбінесе 6 ай бойы). 
Ауыруды азайту үшін ең тиімдісі прогестиндер мен андрогендерді қолдану.
Емді гинеколог анықтайды.

Тағайындалатыны:
-  Медроксипрогестерон 5 мг тəулігіне 1-2 рет;
-  Даназол 400-800 мг/тəул;
- Гонадолиберин агонистері (бусерелин, нафарелин, гозерелин) анабез қызметін тежейді жəне белгілердің айқындығын азайтады. Жанама əсер ретінде аталатыны етеккір тоқтау белгісі мен өтпелі остеопороз.

Емді гинекологтың бақылауымен жүргізу керек. Мөлшер əр адамға жеке таңдалады, мысалы бусерелин 200-400 мкг/тəул. (800 мкг/тəул. дейін) мұрын арқылы 3-6 ай бойы (артық емес).
Жанама əсерлер гормонның орнын толықтырушы еммен емделеді.
Ауыз арқылы қабылданатын контрацептивтерді тағайындауға болады.
Сонымен қоса СЕҚҚП ауру белгілерінің айқындығын азайтады.

Əдетте хирургиялық ем бедеулік қаупінде немесе оны емдеуге жүргізіледі.
Эндометриоздың таралған түрінде – анабезді (немесе жатырды) алып тастау.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Медроксипрогестерон ацетаты, инъекцияға арналған суспензия 150 мг/мл 1 мл флаконда.
2.  Даназол 100 мг, 200 мг.табл.
3.  Бусерелин 500 мкг, амп.
4.  Құрамында гестогендер көп КОК

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:  жоқ.

Ем тиімділігінің индикаторлары:
-  Эндометриоздың жиі рецидив беруі;
-  Ем арасындағы мерзімдер жəне рецидивтің дамуы;
-  Жанама əсерлердің даму жиілігі.
 
Ауырсыну болған кезде:
-  Ауыру интенсивтілігінің төмендеуі;
-  Ахуалдың субъективті жақсаруы.

Ұрықтандыруға қабілеттің төмендеуі кезінде:
-  Жүктіліктің жалпы жиілігі;
-  Дені сау туылған балалардың жиілігі.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялауға көрсетімдер:
-  Ауруды анықтау жəне инвазиялық  диагностика əдістерін қолдану үшін (жатыр қуысы қабырғаларын диагностикалық қырнау, гистероскопия, лапароскопия);
- Хирургиялық ем жүргізу (анабездегі, отадан кейінгі тыртықта іншектік ретроцервикалық эндометриоз, гормондық  дəрілерді көтере алмау, эндометриоздың басқа гинекологиялық аурулармен қабаттасуы);
-  6 ай ішінде клиникалық ремисияның болмауы;
-  Бедеулік.

Алдын алуы


Біріншілік профилактика: ауру дамуына əсер ететін қауіп-қатерлі факторларды жою бойынша профилактикалық шаралар.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. PRODIGY Guidance – Endometriosis, Last revised in February 2003 2. American College of Obstetricians and Gynecologists (ACOG). Medical management of endometriosis. Washington (DC): American College of Obstetricians and Gynecologists (ACOG); 1999 Dec. 14 p. (ACOG practice bulletin; no. 11). 3. Endometriosis EBM Guidelines 7.12.2004 Author: Paivi Harkki Article ID: ebm00545 (025.042) © 2005 Duodecim Medical Publications Ltd 4. Сметник В.П., Тумилович Г.Д. Неотложная гинекология, 2003.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Сұлтанова Ж.У. м.ғ.к., Ана мен баланы қорғау Республикалық ғылыми-зерттеу Орталығының жетекші ғылыми қызметкері.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх