Кольпит
PN-O-002
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)
Другие уточненные воспалительные болезни влагалища и вульвы (N76.8)
Анықтамасы
Анықтамасы
Анықтамасы: Кольпит – түрлі микроорганизмдер туындатқан іншек сілемейлі қабығының қабынбасы.
Хаттама коды: PN-O-002 "Кольпит"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы медициналық пункттер үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): N 76 Іншек пен сарпайдың өзге қабынбалы аурулары
Жіктемесі
Жіктемесі:
- Кандидозды вагинит
- Бактериалды вагиноз
- Атрофиялық вагинит
- Трихомониаз
Қауіп-қатерлі факторлар
Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Жастық шақ.
2. Жыныстық жұптарын жиі ауыстыру.
3. Жыныстық жұптардың көптілігі.
4. Нашар əлеуметтік-экономикалық ахуал.
5. Білімінің төмендігі.
6. Жыныстық өмірді ерте бастау.
7. Іншектік спринцтелу.
8. Жатырішілік контрацепция асқынулардың мүмкін көзі ретінде.
Диагностикасы
Диагностика критерилері:
1. Қышу, күйдіру, ауырсынулар, іншектен іріңді, көпіршікті шығарылымдар;
2. Иіс.
3. Гиперемия, ісіну, іншек пен жатыр мойнағының сілемейлі қабатындағы петехиялы бөртпелер;
4. Лейкоциттер санының артуы (көру аумағында 20 астам) жəне іншектен алынған жағындыдағы өзге де патологиялық микрофлора.
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
Калий гидрооксидімен тест: іншектік айнаға бірнеше тамшы калий гидрооксидін тамызу, бактериалды вагиноз болған жағдайда, өткір балық иісі пайда болады.
Жағындыны микроскоптық зерттеу (лейкоциттер құрамы көру аумағында 20 астам).
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ
Емдеу тактикасы
Емдеу тактикасы
Жиі жағдайда кольпитті саңырауқұлақтық қоздырғыштар, трихоманада, гарднераллалар туындататыны анықталған. Осыған байланысты 5-7 күн бойы кең спектрлі препараттармен емдеу қажет (тинидазолдар - метронидазол). Емдеу тиімділігі екі жыныстық жұптарды бірге емдеген кезде артады. Жүктіліктің I-ші триместрінде тератогендік эффекттің болуына байланысты тинидазолдарды қолдану қарсы көрсетілген. Жүктілік кезінде (12 аптадан соң) – жергілікті аппликациялар, 2% клиндамицин қосылған крем.
Жиі жағдайда кольпитті саңырауқұлақтық қоздырғыштар, трихоманада, гарднераллалар туындататыны анықталған. Осыған байланысты 5-7 күн бойы кең спектрлі препараттармен емдеу қажет (тинидазолдар - метронидазол). Емдеу тиімділігі екі жыныстық жұптарды бірге емдеген кезде артады. Жүктіліктің I-ші триместрінде тератогендік эффекттің болуына байланысты тинидазолдарды қолдану қарсы көрсетілген. Жүктілік кезінде (12 аптадан соң) – жергілікті аппликациялар, 2% клиндамицин қосылған крем.
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі: дəрігер акушер-гинекологтың тағайындауы бойынша:
1. *Метронидазол 250 мг табл.
2. Клотримазол (іншектік таблеткалар) 100 мг табл.
3. *Итраконазол оралды ерітінді 150 мл – 10 мг\мл
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
Клиндамицин 10 мг сыртқы пайдалану үшін гель.
Ем тиімділігінің индикаторлары: жағынды көрсеткіштерін қалыпқа келтіру.
* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар
Ауруханаға жатқызу
Госпитализациялау үшін көрсетімдер: 7 күн бойы ем тиімсіздігі.
Ақпарат
Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
-
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
- Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. National Guideline Clearinghouse: Common Gynecologic Problems: a Guide to Diagnosis and Treatment 2002.- www.guideline.gov 2. National Guideline Clearinghouse: 2002 National Guideline on the Managment of Trichomonas Vaginalis.- www.guideline.gov 3. Инфекционные заболевания в акушерстве и гинекологии.- Ярославль.- 2003.- с.31 4. Инфекции, передающиеся половым путем.- Ярославль.- 2000.- с.51 5. Institute for Clinical Systems Improvement. Health Care Guideline. Rutine Prenatal Care, 2005, p.80 6. National Collaborating Center for Women’s and Children’s Health. Antenatal Care: Rutine Care for the Healthy Pregnant Women. Clinical Guideline, 2003, p.286
Ақпарат
Əзірлеушілер тізімі: Өтеғалиева Г.Н., республикалық медициналық колледж
Қазықтаулы файлдар
Назар аударыңыз!
- Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
- Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
- Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
- Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
- Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.