Аменорея

P-O-002

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Аменорея неуточненная (N91.2)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы:
Аменорея – екіншілік жыныстық белгілерде немесе етеккір ерте келетін əйелдерде, сондай-ақ, қалыпты жастағы жəне 16 жас шамасындағы жеткіншектерде 6 ай бойы етеккірдің болмауы.

 
Хаттаманың коды: P-O-002 "Аменорея"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
N91.0. Біріншілік аменорея
N91.1 Екіншілік аменорея
N91.2 Айқындалмаған аменорея

Жіктемесі


Жіктемесі:
1. Физиологиялық аменорея;
2. Жасөспірімдік кезеңге дейінгі
3. Жүктілік кезінде;
4. Сүттену кезінде;
5. Етеккір тоқтағаннан кейінгі кезең;
6. Дерттік аменорея;
Біріншілік аменорея – екіншілік жыныстық белгілерінің болмауынан 14 жастағы жеткіншектерде етеккірдің келмеуі немесе екіншілік жыныстық белгілердің болуынан 16 жастағы жеткіншектерде етеккірдің болмауы.
Екіншілік аменорея – етеккір оралымы басынан қалыпты əйелдерде 6 ай бойы етеккірдің келмеуі.
3. Бұзылу деңгейі: аналық, жатырлық, орталық генеза

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:

Біріншілік аменорея Екіншілік аменорея
Екіншілік жыныстық белгілердің бар болу кезінде;
Дене күші дамуының кідіруі;
Зəр жыныс жүйесінің қалыптан ауытқуы (қыздық перденің
артезиясы, іншектегі көлденең қалқа, іншектің, жатырдың
дамымауы); 
Андрогендік сезімсіздік (ХУ тектік түр, əйел
пішінді еркек); 
Төзімді анабездер синдромы. Екіншілік жыныстық белгілердің болмауы;
Гипоталамус міндетінің бұзылуы (сүлде аурулары, тəбетсіздік, салмағын жоғалтуы, күйзеліс);
Жыныстық бездерге əсер ететін қызметтің жетіспеушілігі
Гидроцефалия (су мый)
Гипоталамустың питиуитарлық аумақтағы жаңа құрылымдары;
Гипофиздің қызметінің төмендеуі;
Гиперпролактинемия;
Жыныстық бездердің (гонад) жеткіліксіздігі (ұрық дамуының
бұзылуы, анабездердің дамымауы, анабездің уақытынан бұрын қартаюы);
Гипотерердизм.
Экстрагениталды аурулар: Туа біткен адреналды гиперплазия (артық даму).
Маскулинденген (ер келбеттену) ісіктер;
5-альфа редуктоздың жеткіліксіздігі.
Андрогендердің қалыптаспаған кезінде;
Физиологиялық (жүктілік кезінде, сүттену кезінде, етеккірдің
тоқтауынан кейінгі кезі);
Емқателік (ятрогенді) аменорея (жүктіліктен сақтану мақсатында
ағзаға инемен медроксиппрогестерон ацетатын енгізу, сəулемен
емдеу, химиотерапия (дəрі-дəрмектермен) емдеу);
Жүйелік аурулар созылмалы аурулар, гипо немесе гипертиреодизм);
Жатырлық себептер (цервикалды жолдардың тарылуы,
Ашерман синдромы (жатыраралық тұтасу);
Анабездік себетер (анабездің уақытынан бұрын қартаюы, төзімді
анабез синдромы);
Гиоталомикалық себептер (салмақтың азаюы, күш-қуаттық жүктеме,
ауыртпалықтар, созылмалы арулар, идиопатикалық (өзіндік)
аменорея.
Гипофиз аурулары (гипофиз қзыметінің төмендеуі, гиперпролактинемия,
Шихан синдромы);
Гипоталамо/гипофизарлы себептер (жаңа құрылымдар, сəулелік
терапияның зардабы, бас зақымдары, саркоидоз, туберкулез).
Андрогендердің көп мөлшерде қалыптаспаған кезінде Поликистоздық анабездердің синдромы;
Кушинг синдромы/дерті;
Кеш байқалған туа біткен адреногенитальды гиперлазия (артық даму):
Анабездердің немесе бүйрек үсті бездердің ер келбеттенген өспелері.

Диагностикасы


Диагностика критерилері
Жасөспірімдік кезеңге дейін, жүктілік кезінде, сүттену кезінде жəне етеккір тоқтағаннан кейін етеккірдің болмауы.
Біріншілік аменорея - екіншілік жыныстық белгілерінің болмауынан 14 жастағы жасөспірмдерде етеккірдің келмеуі немесе екіншілік жыныстық белгілердің болуынан 16 жаста бар болуы.
Екіншілік аменорея - етеккір оралымы бұрыннан қалыпты əйелдерде 6 ай бойы етеккірдің келмеуі.

Анамнез жинағы: Ана мен əпкелерінің алғашқы етеккірінің келген уақыты, ұқымда тектік аурулардың болуы, олармен байланысты белгілердің болуы (сүт ағу, əйелдерде сақал, мұрт өсу, ыстықтық сезімі, іншектің құрғауы, қалқанша безі ауруларының белгілері, құрсақ астында оралымды аурулардың пайда болуы – іншектің қанға толуына күдік тудырады, гипотиреоидизмдық белгілер, иіс сезімінің болмауы – гонадотропты қызметінің жеткіліксіздігі), созылмалы аурулардың болуы (қантты диабет, ішек-қарын жолының аурулары, созылмалы бүйрек немесе жүрек дерті), көңіл-күйдің бұзылуы, дене салмағының өзеруі, сыртатқыдағы химиотерапия, күш түсу, алдында болған етеккірлік жəне ұрпақ өрбіту қызметінің түрі, жылдам килігудің жолын ашушы (жатыр қуысының қабырғасын қырып тазалау, анабез өспесін алып тастау), құрсақ қуысы мүшелерін, жамбас астауын, бас сүйегін сəулемен немесе химиямен емдеудің алдындағы жағдайлар, жанұялық анамнез (етеккірдің ерте тоқтауы), дəрі-дəрмектерді пайдалану. Жүктілік қатерінің болуына назар аудару.

Физикалық тексеру:  Екіншілік жыныстық белгілердің дамуына назар аудару, дене салмағының көрсеткіші, Тернер синдромы белгілері, сыртқы жыныс мүшелерінің құрылысы, көңіл-күйдің қызбалығы. Тексеру кезінде келесі жағдайларға назар аудару қажет: герсутизм, безеу, дыбыс тембрінің төмендеуі, шүртекейдің кеңеюі, қалқанша бездерінің паталогиялық белгілері, терінің əсіресе қышқылдануы, сүт ағу.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:

 
Біріншілік аменорея  Екіншілік аменорея
Жүктілікті анықтайтын сынама немесе қанда хориондық
гонадотропиннің болуы (əйелдердің жүктілігін сақтайтын
гармонның болуы);
Кішкене жамбас астауын ультродыбыспен зерттеу (жатырдың,
анабездің болмауы немесе бар болуы), жыныс жолдарының тар
болуы, поликистоздық анабездердің синдромдық белгілері;
45х0 Тернер синдромының көрсеткіші бойынша хромосомалар
жиынтығы (кариотипирование) немесе текстикулярлы
əйелдену (феминизация) 46хУ);
Фолликулинсергітетін жəне сары зат дамытатын гармондардың
қоюлануы (аурудың жоғарғы деңгейін көрсететін бегі –
Тернер синдромы немесе тестикулярлы феминизация);
Гармондардың деңгейі төмен болған жағдайда күйзелісті,
физикалық күшті, салмақты азайтуды тоқтату керек.
Қалқанша безі гармондарының қоюлануы (қалқанша бездерінің
қызметі көтерілуі);
Пролоктиннің деңгейі (гиперпролактинемия);
Тестостеронның деңгейі (жатырдың дамымауы немесе анабездің
белгілері).
Жүктілікті анықтайтын сынама немесе қанда хориондық
гонадотропиннің болуы (əйелдердің жүктілігін сақтайтын
гармонның болуы);
Фолликулинсергітетін жəне сары зат дамытатын гармондардың,
сонымен қатар пролактиннің, қалқанша без гармондарының
қоюлануы;
Герсутизмнің (əйелдерде сақал, мұрт өсуі) пайда болуымен
науқастағы тестостеронның деңгейі;
Жыныстық гармондарды байланыстыратын нəруыздың деңгейі.
Экстрадиолдың деңгейі;
Кішкене жамбас астауын ультродыбыспен зерттеу;
Магниттік-ядролық резонанс немесе бас сүйегін компьютерлі
томографияға түсіру;
Көз шалымын (поле зрения) зерттеу;
Зəрдегі 17-кетостероидтың қоюлануы;
Жатыр ішін құралмен қарау (гистероскопия);
Көрсетілім бойынша дескаминтоз супрессиясына сынама;
Көрсетілім бойынша хромасомаларды жинақтау (кариотипирование).

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: Емнің өзіндік дертін анықтау үшін аменорея ауруларының себептерін айқындау, емдеу процесі кезінде асқынудың минимизациясы, ұрпақ жаңғырту (өрбіту міндеттемесі) мен етеккір қызметінің қалпына келуі.

Дəрі-дəрмексіз ем: жоқ
 
Дəрі-дəрмектік ем:
Аменореяны емдеу мына себептердің пайда болуына ықпал етеді:
Гиперпролактинемия бромокриптинмен емделеді. Күніне 5-7,5 мг мөлшерде қабылдау қажет. Аз мөлшердегі пролактиномды дəрі-дəрмектермен емдейді, бірақ көру функциясының нашарлауынан болған үлкен ісіктер хирургиялық жолмен емделеді.
Гипоталамус, гипофиз (ми астындағы без), анабез жəне бүйрек үсті бездері ісіктері хирургиялық жолмен емделеді;
Поликистозды анабездерінің белгілерін емдеу науқастың салмағының азаюымен басталады, одан инсулинге сезімтал факторлар: Метформин 850 мг (1 кесте) таңертең тамақпен бірге, 2-3 аптада күніне 1700 мг нан мөлшерін көбейтіп (таңертең жəне түсте екі уақыт) қолданады.
Адам қатты күйзелгенде, күш түскенде емдəм тағайындалады.
Зəржынысты мүшелерінің қалыптан ауытқу кезінде хирургиялық коррекция (орнына келтіру) жүргізіледі.
Анабездердің уақытынан бұрын қартаю кезіне арнайы ем тағайындалмаған.
Көру функциясының нашарлауымен болған үлкен ісіктер, гипоталамус, гипофиз (ми астындағы без, анабездер, бүйрек үсті бездері) ісіктері хирургиялық жолмен емделеді.
Зəр жынысты жолдары мүшелерінің қалыптан ауытқу кезінде хирургиялық коррекция (орнына келтіру) жүргізіледі.

Негізгі дəрі-дəрмектердің тізімі:
1. Левотироксин 2,5 мкг, 50 мкг, 75 мкг, 100 мкг, 125 мкг, 150 мкг таблетка.
2. Бромокриптин 2,5 мг таблетка
3. Метформин 500 мг, 850 мг таблетка
4. *Темір сульфат моногидраты 325 мг, таблетка
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізбеcі: жоқ

Ем тиімділігінің индикаторлары: аменореяны емдеу жəне диагностиканың инвазивті əдісін өткізу қажет.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Amenorrhoea. PRODIGY Guidance. www.prodigy.nhs.uk 2. Collaborative Centre for Women’s and Children’s Health. FERTILITY Assessment and Treatment for People with Fertility Problems. Clinical Guideline, 2004, p.216 3. Нарушение менструальной функции.- Ярославль.- 2002. с.35 4. AACE Medical Guidelines for Clinical Practice for Diagnosis and Treatment of Hyper androgenic Disorders. Endocr Pract.- 2001 Mar; 7(2):120-134

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Исина Г.М., м.ғ.к., Ана мен баланы қорғау Республикалық Ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх