Альгодисменорея

P-O-001

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Другие уточненные состояния, связанные с женскими половыми органами и менструальным циклом (N94.8)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы:

Альгодисменорея (альгоменорея, дисменорея) етеккір күндері құрсақ 
асты ауруымен қатар эмоционалды психикалық  вегетативтік, вегетативтік-түтікшелі жəне эндокриндік алмасу белгілері бар циклдік патологиялық процесс.

Ауырып келетін етеккір ауруларының белгілері:
1. Жан дүниелік-көңіл-күйлік - тітіркену, тəбеттің болмауы немесе мешкейлік, тежелу немесе əлсіреу,  ұйқысыздық,  ұйқышылдық, əр түрлі иістерді көтере алмау, дəм сезудің (талғамның) бұрмалануы жəне т.б.
2. Дербес жүйелік – жүрегі айну, кекіру, ықылық тию, ыстықтау, терлеу, асқын қызыну, ауыздың құрғауы, жеңіл дəретке көп шығу, үлкен дəрет сындыруға күшену, іштің кебуі жəне т.б.
3. Дербес жүйелік-тамырлы – толықсу, бас ауыру, бас айналуы, жүрек қағуы, жүрек соғуының сиреуі, кезектен тыс жүректің жиырылуы, жүректің ауыруы, қол-аяғы ұйып қалу жəне мұздау, қабақтың жəне беттің ісуі т.б.
4. Ішкі сөлденістік алмасу – құсу, аяқтың ылғалдануын сезіну, тез әлсіреу, терінің қышуы, буындардың ауруы, ісіктер, шыжың яғни зəрдің көп шығуы т.б.
 
Хаттама коды: P-O-001  "Альгодисменорея"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
N94 Етеккір циклы мен əйелдердің жынсытық мүшелерімен байланысты аурулар жəне басқа да жағдайлар.
N94.0 Етеккір оралымы кезіндегі аурулар
N94.1 Диспареуния.

Жіктемесі


Жіктемесі:
 
- Алғашқы (функционалды) етеккірдің ауырып келуі жас жеткіншек қыздарда овуляциялық айналым қалыптасқан сəттен бастап алғашқы етеккірден кейін 6-12 айдан соң пайда болады, жыныс мүшелерінің патологиялық өзгерістері болмайды.
- Екінші (органикалық) етккірдің ауырып келуі гинекологиялық аурулардың клиникалық көрінісіне байланысты, мысалы: эндометриоз (тіндердің өсіп кетуі), жатырдағы бұлшықет өспесі, кішкене жамбас астауы мүшесінің қабынған аурулары, ішкі жыныс мүшелерінің дамуының қалыптан ауытқуы, жамбас, іргелік тамырлар немесе анабез жылауығының, анабез байламы айналасындағы тамырларының керіліп кеңеюі жəне т.б.
- Икемделген пішін патологиялық үрдістің сипаты мен айқындылық кезінде етеккір күндеріне уақыт ағысына қарай өзгертілмейді. Икемделген пішін – аурудың қарқындылығының жыл сайын өсіп отыруы.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Алғашқы етеккірдің ерте басталуы
2. Етеккірдің ұзақтығы
3. Темекі шегу (белсенді, енжар)

Диагностикасы


Диагностика критерилері:
Аурудың белгілері: толғақ түріндегі өзгешеліктер, сыздап ауыруы мүмкін, кейде ауру жел ішекке таралуы мүмкін, қуық, қосалқы айналасының ауруы мүмкін.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Анамнез шағым
2. Гинекологиялық тексеру
 
Қосымша диагностикалық шаралар қосымша тізімі:
1. Кішкене жамбас астауы мүшесін УДЗ-еу.
2. Жалпы қанды талдау
3. Жалпы зəр анализі
4. Көрсетілім бойынша функционалды нақнамалық сынақ өткізу
5. Терапевтің консультациясы
6. Хирургтің консультациясы

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы:
 
Ем мақсаты: себебін анықтау, ауру белгілерін шешу, рецидивтің алдын алу.

Дəрі-дəрмексіз ем: жоқ

Дəрі-дəрмектік ем:
Стероидтық емес қабынуға қарсы дəрі-дəрмектер:
· Индометацин 25 мг күніне 3 рет 5-7 күн.
· Мелоксикам (СЕҚҚП сұрыпталған бəсеңсіткіш ЦОГ-2) 15 мг күніне . рет 5-7 күн
Анальгетиктер: метамизол+питофенон+финпевирин бромиді 0,5;
Жиырылуда босаңситын дəрілер (спазмолитиктер): гиосцин бутилбромиді (10 мг драже, инемен енгізуге арналған ерітінді).
Витаминдер:
Тиамин 1 таблеткадан күніне 1 рет қолдану ұзақтығы 3-6 ай;
Е витамині 1 таблеткадан күніне 1 рет қолдану ұзақтығы 3-6 ай;
Магнии дəрі-дəрмектері 1 таблеткадан күніне бір уақыт, қолдану ұзақтығы 5-6 ай;
Көңіл-күйін басатын емдеу дəрілері: валериана сығындысы 1 табл. Күніне 3 реттен 10 күн қабылдау.
Физиотерапия – тері арқылы жоғары-жиілік электронейростимоляция жасау.
Ауырған жерді қыздыру (шамамен 39 мөлшерде жылытқы қолдану)
3 етеккір айналым барысында көрсетілген емнің нəтижесіздігіне гармонотерапия (гармонмен емдеу) көрсетілген.
* прогистиндермен (дорогистерон) етеккір циклінің 2-ші фазасында 10 мл-нан күніне 1 рет қабылдау қажет.
Қабаттастырылған эстрогендер – гестагенді препораттармен (дəрі-дəрмектермен) емдеу.
*Кіші жамбас астауы ағзада органикалық потологиялық анықталған жағдайда салдарлық дисмонореяны емдеу алдымен осы зақымдарды жоюға бағытталуы керек.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. метамизол+питофенон+финпевирин бромиді 500 мг табл.;
2. гиосцин бутилбромид домалақ дəрі 10 мг, инемен енгізуге арналған 1 мг флакондағы ерітінді.
3. Индометацин 25 мг табл.
4. Мелоксикам 15 мг табл.

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Қабаттастырылған эстрогендер – гестагенді дəрі-дəрмектер, прогистиндер (дорогистерон).
2. Инемен енгізуге арналған 1 мг ампуладаға 5%-тік тиамин
3. Токоферола ацетат 1 мл ампуладағы 5%, 10%, 30%-тік майлы ерітінді жəне 50 % флакондағы майлы ерітінді.
4. Инемен енгізуге арналған 20 мг ампуладағы 25 %-тік магний сульфаты.

Ем тиімділігінің индикаторлары:
Оралым барысында ауру белгілерін емдеудің нəтижесіздігі.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. PRODIGY Guidance - Amenorrhoea Clinical Practice Guidelines, 2005 2. Dysmenorrhoea Search date July 2004. Clinical Evidence is a website owned by BMJ Publishing Group Limited, incorporated in the United Kingdom, company registration number 3012371. Their registered office is situated at BMA House, Tavistock Square, London WC1H9JP. VAT Number 674738491. 3. Non-steroidal anti-inflammatory drugs (other than aspirin). Search date July 2004. Clinical Evidence is a website owned by BMJ Publishing Group Limited, incorporated in the United Kingdom, company registration number 3012371. Their registered office is situated at BMA House, Tavistock Square, London WC1H 9JP. VAT Number 674738491. 4. Ежегодный краткий справочник по доказательной медицине. Издательство Медиа Сфера, выпуск №3 2004 год. 5. Практическая гинекология под редакцией В.И.Кулакова и проф. В.Н.Прилепской, Москва «МЕДпресс-информ», 2002 год.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Рослякова А.В., Алматы қаласы Адам репродукциясы орталығының дəрігер акушер-гинекологы.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх