Пневмония

P-T-010

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Пневмония неуточненная (J18.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Ауруханадан тыс пневмония – ауруханадан тыс жағдайда туындап, төменгі тыныс алу жолдары инфекцияларының симптомдарымен (қызба, жөтел, қақырықтық бөлінуі, мүмкін іріңді, кеудедегі ауру сезім, ентікпе) жəне қарапайым 
диагностикалық альтернативалардың болмауы кезінде, өкпедегі «жаңа» ошақтық-инфильтраттық өзгерістерді рентгенологиялық куəландырумен қатар жүретін жедел инфекциялық ауру.

 
Хаттама коды: P-T-010 "Пневмония"
Терапевтикалық саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
J18 Қоздырушысы анықталмаған пневмония
J15 Басқа бөлімдерде жіктелмеген бактериалды пневмония
J12 Басқа бөлімдерде жіктелмеген вирустық пневмония

Жіктемесі


Жіктемесі 

Жіктемесі негізіне аурудың даму жағдайы мен науқастың иммунологиялық статусы кіреді.

Мынандай түрлерін бөледі:
1. Ауруханадан тыс пневмония (емдеу мекемесінен тыс жерде пайда болған, синонимдер: үй, амбулаторлық).
2. Нозокомиалды пневмония (емдеу мекемесінде пайда болған, синонимдер: госпиталдық, ауруханаішілік).
3. Аспирациялық пневмония.
4. Ауыр иммунитет тапшылығы бар тұлғалардағы пневмония (тупайда болған иммунтапшылығы, ВИЧ-инфекция, ятрогендік иммуносупрессия) жəне 
орналасуын анықтау мен асқынулардың болуы.
 
Пневмония ағымының ауырлық критерийлері:
 
1. Жеңіл ағым – уыттанудың айқын емес симптомдары, дене қызуы субфебрильді, тыныс алу жеткіліксіздігі мен гемодинамика бұзылыстары жоқ, өкпелік инфильтрация 1 сегмент шеңберінде, лейкоциттер 9,0-10,0 х 109/л, қосарланған аурулар жоқ.
 
2.  Ауырлық ағымының орташа дəрежесі: уыттанудың айтарлықтай айқын симптомдары, дене қызуының 38°С дейін жоғарылауы, өкпелік инфильтрат 1-2 сегмент шеңберінде, ТАЖ 22/мин дейін, ЖЖЖ 100 соғу/мин дейін, асқынулар жоқ.
 
3. Пневмонияның ауыр ағымы: науқастың ауыр жағдайы, уыттанудың айқын симптомдары, дене қызуы > 38,0°С, тыныс алу жеткіліксіздігі II - III ст, гемодинамика бұзылыстары (АҚ<90/60 мм с. б, ЖЖЖ 100 соғу/мин артық, септикалық шок, вазопрессорларға қажеттілік), лейкопения 4,0 х 109 /л аз немесе лейкоцитоз 20,0 х 109/л 10% аса жетілмеген нейтрофилдер санымен, көпбөлінгіш, екіжақтық пневмониялық инфильтрация, процесстің тез үдеуі (инфильтрации аумағының 50% ке өсуі жəне 48 сағаттан көп бақылауда, плевралды дөңес, абсцедерлету, мочевина азоты >10,7ммоль/л, ДВС-синдром, сепсис, басқа ағзалар мен жүйелер жеткіліксіздігі, сананың бұзылуы, қосарланған аурулардың асқынуы.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар: темекі тарту, иммунитет бұзылыстары (мысалы, терапия ГКС), анамнезде пневмония мен бірқатар кəсіби факторлардың, наркомания, маскүнемдіктің болуы, жасы >65 жас, қосарланған аурулар (өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ХОБЛ), жүрек-қантамыр аурулары, қант диабеті, созылмалы бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі), кедейшілік.

Диагностикасы


Диагностика критерийлері
 
Шағымдар мен анамнез: аурудың жедел басталуы, дене қызуының көтерілуі, шырышты-іріңді қақырықпен жөтел, ентікпе, көкірек клеткасының ауруы.
 
Физикалық тексеру: перкуторлық дыбыстың қысқаруы, əлсізденген, ауыр/бронхиалды тыныс, крепитация, дымқыл ұсақтүйіршікті сырылдар.
 
Инструменталдық зерттеулер: өкпелік инфильтрацияның болуы (рентгенологиялық).
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: көрсетімдер бойынша.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Тікелей проекциядағы кеуде клеткалары ағзаларының рентгенографиясы.
2. Қанның жалпы анализі.
3. Қақырықтың жалпы анализі.
4. Грам бойынша бояумен қақырықты бактериоскоптық жағу.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қан мочевинасы, креатинині.
2. Қан электролиттері.
3. Қақырықты себу.
4. МБТ-ға қақырық анализі.
5. Антибиотикограмма.
6. Бүйірлік проекциядағы кеуде клеткалары ағзаларының рентгенографиясы.
7. Қан газдары.
8. Спирометрия.
9. Фтизиатр консультациясы.
10. Онколог консультациясы.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер: лейкоцитоз жəне/немесе таяқшаядролы қозғалыс, ЭТЖ жоғарылауы.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз

Белгілер Пневмония
Милиарный туберкулез легких
Түнгі профузды тер Аздап тəн Өте тəн
Айтарлықтай жүдеу Тəн емес Тəн
Көкірек клеткасындағы ауырсыну
Тəн Тəн емес
Жөтел
Бастапқыда құрғақ, ауырсынулы, сонан соң сілемейлі-іріңді қақырық, кейде «тат басқан»
Құрғақ, ауырсынусыз, сілемейлі қақырық шығуы мүмкін
Физикалық деректер
Зақымдалу аумағында тұйық перкуторлық дыбыс, бронхиалдық тыныс, аурудың басында жəне аяқталу фазасында крепитация
Перкуторлық дыбыс өзгермеген, бронхиалды дыбыс естілмейді, крепитация тəн емес, құрғақ сырылдар болуы мүмкін
Рентгенологиялық өзгерістер
Өкпенің бөлігінде немесе көп бөлігінде қараюлар
Барлық өкпе алаңында көптеген ұсақ ошақтар (1-2 мм), ошақтар симметриялы орналасқан
Туберкулиндік сынамалар Теріс Оң
 

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы
 
Ем мақсаты: клиникалық симптомдар мен окпелік инфильтрацияның регрессі.

Дəрі-дəрмексіз ем: науқастарға көп мөлшерде сұйықтық ішу, тыныс алу жаттығулары, фитотерапия ұсынылады.
 
Дəрі-дəрмектік ем: пневмония ағымының ауырлығына байланысты эмпириялық антибактериалды терапия.
 
Амбулаторлық жағдайда пневмонияны емдеу үшін антибиотиктерді таңдау
 
Клиникалық жағдай Таңдау препараттары
Жастарда қосымша патологиясыз ауыр емес пневмония
1000 мг күніне 4 рет амоксициллин, макролидтер (спирамицин 3 млн күніне 2 рет, азитромицин 500 мг күніне 1 рет, кларитромицин 250 мг күніне 2 рет)
Қатер факторларымен (темекі тарту, иммунитет бұзылыстары жəне т.б.) орта жəне егде жаста қосымша аурулардың болуы, қолайсыз əлеуметтік факторлар (кедейшілік, маскүнемдік жəне басқалар.)
II-III буындағы цефалоспориндер (цефалексин 1 г тəулігіне 3 рет), макролидтер ципрофлоксацин 500 мг күніне 1 рет, доксициклин немесе респираторлы фторхинолондармен монотерапия, левофлоксацин 500 мг күніне 1 рет Амоксициллин/клавулан қышқылы 375 мг күніне 3 рет Парацетамол сироп, суспензия, суппозитории

Терапия ұзақтығы 7-10 күнді құрайды. Микоплазмалық немесе хламидиялық инфекциялар туралы эпидемиологиялық немесе клиникалық деректер болған кезде емдеу ұзақтығы 14 күнді құрайды.
Антибактериалды препараттарды ауыз арқылы қабылдау жолы таңдалады. 
Дренаждық функцияны жақсарту үшін  1 таблеткадан күніне 3 рет карбоцистеин, амброксол қабылданады.
Микоздың пайда болуын емдеу жəне алдын алу үшін, ұзақ массивті антибиотикотерапия кезінде, ауыз арқылы қабылдау үшін итраконазол 200 мг 2 р/тəулігіне 14 күн бойы.

Госпитализациялау үшін көрсетімдер: жалпы ауыр жағдай жəне пневмония ағымы, айқын тыныс алу жеткіліксіздігі, гемодинамика бұзылыстары, пневмонияның асқынуы (плеврит, абсцедтелу), дифференциалды диагностика жүргізу қиындықтары, ауыр қосарланған ауру, иммуносупрессия, қанағаттанарлықсыз үй жағдайы.


Əрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері: Диспансерлік бақылауға клиникалық тексеру, жалпы қан анализі, С-реактивті белокқа қанды, сиал қышқылын, фибриноген, серомукоид, гаптоглобинді зерттеу кіреді.
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. **Амоксициллин, ауыз арқылы қабылдау үшін суспензия 250 мг/5 мл.
2 . *Спирамицин 3 млн фл.
3. **Ципрофлоксацин, таблетка 250 мг; 500 мг; инфузия үшін ерітінді, құтыда 200 мг/100 мл.
4.   *Амоксициллин+клавулан қышқыл табл, оның қабықшасын жабу 500 мг/125мг, 875 мг/125 мг; флаконда 500 мл/100 мг дайындауға арналған ұнтақ.
5.   *Цефуроксим 750мг, 1.5 гр флаконда иньекциялық ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ.
6.   *Цефтазидим 500 мг, 1 гр, 2г флаконда иньекциялық ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ.
7.   *Кларитромицин 250 мг табл.
8.   *Цефалексин таблетка, капсула 250 мг-нан, 500 мг; суспензия и сироп 125 мг, 250 мг/5 мл.
9. **Парацетамол, сироп құтыда 2,4%; суспензия; суппозитории 80 мг
10.**Амброксол сироп 15 мг/5 мл; 30мг/5 мл; ерітінді 7,5 мг/мл.
11. *Доксициклин немесе респираторлы фторхинолонмен монотерапия, левофлоксацин 500 мг-нан.
12. *Итраконазол ауыз арқылы қабылдау үшін ерітінді 150 мл – 10 мг\мл.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: рентгенологиялық жəне лабораторлық деректерді қалыпқа келтіру.

* - Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар
 
** - Амбулаторлық ем кезіндегі рецепт бойынша дəрілік заттар тегін жəне жеңілдікпен берілетін ауру түрлерінің тізіміне кіреді

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Клинические рекомендации. Фармакологический справочник. Изд-во “ГЕОТАР-МЕД”, 2004. 2. Доказательная медицина. Ежегодный справочник. Вып. 3. Медиа Сфера. 2004. 3. Eur Respir J 1998; 11: 986–991. Guidelines for management of adult community-acquired lower respiratory tract infections. 4. BTS Guidelines for the Management of Community Acquired Pneumonia in Adults Thorax 2001; 56; 1-64 http://thorax.bmjjournals.com/cgi/content/full/56/suppl_4/iv1 5. Community Management Of Lower Respiratory Tract Infection in Adults. A national clinical guideline. Scottish Intercollegiate Guideline Network. 2002. 6. Update of Practice Guidelines for Management of Community-Acquired Pneumonia in Immunocompetent Adults. CID 2003. 7. Доказательная медицина. Клинические рекомендации для практических врачей, основанные на доказательной медицине. 2 изд. ГЕОТАР, 2002. 8. BRITISH NATIONAL FORMULARY, September 1997, number 34. British Medical Association and Royal Pharmaceutical Society of Great Britain. 9. http:///media/consilium/index.shtml /media/consilium/02_12/620_1.shtml :: Thursday, 27- Feb- 2003 22:26:24 MSK

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Семенова Р.И., ҚазҰМУ пульмонология кафедрасы

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх