Көз жəне көзұя жарақаттары. Көзалма жəне көзұя тіндерінің III-IV дəрежелі соғылуы

H-S-028

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Ушиб глазного яблока и тканей глазницы (S05.1)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы:

Көз алмасының жəне көзұяның доғал затпен жарақат алуы.

Хаттама коды: H-S-028 "Көз жəне көзұя жарақаттары. Көзалма жəне көзұя тіндерінің III-IV дəрежелі соғылуы"
Хирургиялық саладағы тационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): S05.1 Көз алмасының жəне көзұя тіндерінің соғылуы
 

Жіктемесі

 
Жіктемесі 

Ауырлық дəрежесі бойынша:
1 дəрежесі - жеңіл.
2 дəрежесі - орташа ауырлықта.
3 дəрежесі - ауыр.
4 дəрежесі - өте ауыр (ақ қабықтың жарылуымен).

КІҚ жағдайы бойынша: нормотония – TN, гипертензия – Т+, гипотония – Т-.

Екіншілік иммунжетіспеушілік типі бойынша: транзиторлық, супрессорлық, эффекторлық.

Контузияның сипаты 
3-ші дəрежелі - терең, эрозия, ісіну, десцеметит, ақ қабық жарылулары, қан құйылу, гифемалар 3 мм-ден артық, ауқымды иридодиализдер, мидриаз, алдыңғы камера бұрышының рецессиясы, аниридия. Көзбұршақтың шала шығуы, орнынан таюы, көзбұршақ қапшығының жарылуы, оның бұлыңғырлануы, шынытəрізді дененің жарығы, жартылай немесе диффуздық гемофтальм.
Көз түбінде - торлы қабықтың айқын ісінуі, хориоид пен тор қабықтың орталық жарылулары, тор қабықтың сылынып түсуі. Көру өткірлігі 0,1-ден жарықтың дұрыс проекциясында жарықты сезінуге дейін. КІҚ қалыпты, бірақ гипо- немесе гипертензия болуы мүмкін.

4-дəрежелі контузиялар: ақ қабықтың субконъюнктивалық жарылулары, тоталдық гемофтальм, мөлдір қабықтың жарақатқа түсіп қалуы, көзбұршақтың алдыңғы камераға, шынытəрізді денеге немесе конъюнктиваға шығып кетуі, көру нервінің жұлынуы. Көру өткірлігі дұрыс емес жарық проекциясында жарықты сезуден соқырлыққа дейін төмендеген. КІҚ - көбінесе гипотония, бірақ гипертензия болуы да мүмкін. Контузияның 3-4 дəрежелерінде екіншілік иммунжетіспеушілік дамиды.

Диагностикасы

 
Диагностика критерилері: көздегі ауырсыну, көрудің төмендеуі, субконъюнктивалық қан құйылу, көз алмасы аймағына қан құйылу, ақ қабық жарақатының болуы.
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Лампа көмегімен биомикроскопия жасау.
2. Офтальмоскопия.
3. Көзді УДЗ.
4. Рентгенография.
5. Периметрия.
6. Тонометрия.
7. Көзжас жолдарын жуу.
8. Жалпы несеп анализі.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Электрофосфен.
2. Электроретинография.
3. Скиаскопия.
4. Тор қабықты инфрақызыл сканерлеу.
5. Шақырылған потенциалдарды тіркеу.
6. Тор қабыққа компьютерлік томография.
7. Гониоскопия.
8. Ұшқындар бірігуінің критикалық жиілігін зерттеу.

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: операциялық жараның жазылуы, бірқалыпты ағымы, көру өткірлігінің жоғарылауы, офтальмотонустың қалпына келуі, көз алмасының ағза ретінде сақталуы, көздің алдыңғы камерасындағы жəне шынытəрізді денедегі қан құйылулардың сіңіріліп кетуі.

Емі
Қабынуға қарсы, антибактериялық, гемостатикалық ем жүргізу: хлорамфеникол 0.25% 2 тамшы х 6 рет күніне, 12 күн; дексаметазон ерітіндісі 0,1% 2 тамш. х 6 рет күніне, 12 күн; п/бульбарлық инъекциялар дексаметазон ерітіндісі 0,5 этамзилатпен бірге 0,5 - 7 күн; б/і этамзилат 1,5 мл, 7 күн; ішке индометацин 0,01 т х 3 рет күніне, 12 күн, жарақат болған кезде - сіреспеге қарсы сарысу.
Көз алмасының жарылуы болғанда - жарылуды хирургиялық жолмен қалпына келтіру. Жансыздандыру жергілікті жəне жалпы.

Операция жасауға көрсеткіштер: көз алмасының жарылуы, көзбұршақтың шығып кетуі гипертензиямен бірге, кірпікті дененің жұлынуы, қабақтың жарақаты, дəрі-дəрмекпен кетпейтін тор қабықтың айқын ісінуі, шынытəрізді денеде ауқымды қан құйылулар болуы.

Операция: көз алмасы мен көзұяның зақымдалуларын орнына келтірудің басқа түрлері.

Операцияның басқа түрлері:
16.82 Көз алмасының жарылуын қалпына келтіру.
08.81 Қабақтың немесе қастың жыртылуын сызықты түрде орнына келтіру.
08.82 Қабақтың жыртылуын бүкіл тереңдігін есепке алмай орнына келтіру.
08.83 Қабақтың жыртылуын бүкіл тереңдігін есепке алмай орнына келтірудің басқа түрлері
08.84 Қабақтың жыртылуын бүкіл тереңдігін есепке ала отырып орнына келтіру
14.74 Механикалық витрэктомияның басқа түрлері
14.90 Тор қабықтағы, тамырлы қабықтағы жəне артқы камерадағы басқа шаралар
13.19 Көзбұршақтың қапшықішілік экстракциясының басқа түрлері
13.71 Катаракта экстракциясын жасағанда көзұяға бір мезгілде жасанды көзбұршақ қондыру
14.71 Алдыңғы жету жолы бойынша шынытəрізді денені алып тастау
12.98 Кірпікті денеге жасалатын басқа шаралар
14.87 Хориоидтың қан тамырларын қалпына келтірумен қатар жүретін супрахориоидтық кеңістіктің декомпрессиясы
14.72 Шынытəрізді денені алып тастаудың басқа түрлері (ретинорексис)
14.75 Шынытəрізді денені алмастырушыны енгізу

Қабынуға қарсы, антибактериялық, гемостаздық, дезинтоксикациялық ем (маннитол-вена ішіне - 3 күн); операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу үшін сіңіру емі: п/бульбарлық инъекциялар - дексаметазон ерітіндісі 0,5 этамзилатпен 0,5 - 7 күн, гентамицин п/б б/і 7 күнге дейін; ішке диклофенак 1 т х 3 рет күніне, 12 күн; глюкоза аскорбин қышқылымен - 10 күн, В тобының витаминдері, фуросемид схема бойынша - 3 күн, көзге арналған гель (торпақ қанынан алынған депротеинделген дериват) парабульбарлық, бұлшықет ішіне, церебролизин п/б жəне б/і, пентоксифилин б/і немесе вена ішіне - 5,0, көрсеткіштер бойынша: милдронат парабульбарлық, бұлшықет ішіне, немесе 1 тб 3 рет күніне, винпоцетин 5 мг 1 тб 3 рет күніне.

Реактивтік синдромды тежеу үшін б/і преднизолон схема бойынша, метронидазол в/і 3-5 күн.
Көзбұршақтың босауы кезінде босаған көзбұршақты алып тастау, жасанды көзбұршақ имплантациясы моделі сулькустық Cristal жəне басқалары. (вискоэластиктер қолданыла отырып).
Тоталдық гемофтальм кезінде витреотом жиынтығын қолдана отырып жабық субтоталдық витрэктомия жасау, көрсеткіштер бойынша - жабысқақ сұйықтықтар инъекциясына арналған жиынтықтар, перфлюорон, силикон қолданылады.
Тор қабықтың айқын ісінуінде хориоид тамырларын қалпына келтіре отырып супрахориоидтық кеңістікке дренаж жасау операциясы жүргізіледі.
 
Дұрыс ағымда - емдеу 10 күн, дұрыс емес ағымда - емдеу 16 күнге дейін.
Операция алдында дəрімен емдеу қажет болса операцияға дейінгі уақыт ұзарады.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Дексаметазон ерітіндісі (көз тамшылары) 0,1% 10 мл
2. Этамзилат инъекцияға арналған ерітінді 125 мг, 250 мг/2 мл, амп.
3. *Гентамицин инъекцияға арналған ерітінді 40 мг/мл, 80 мг/2 мл ампулада
4. Диклофенак натрий 25 мг, 100 мг, 150 мг табл., сыртқы пайдалану 1% гель
5. Декстроза көз тамшылары
6. *Аскорбин қышқылы инъекцияға арналған ерітінді 5%, 10% ампулада 2 мл, 5 мл
7. *Тиамин инъекцияға арналған ерітінді 5% ампулада 1 мл
8. *Цианокобаламин инъекцияға арналған ерітінді ампулада 1 мл (500 мкг)
9. *Фуросемид инъекцияға арналған ерітінді 20 мг/2мл ампулада
10. Шошқа миынан алынған пептидтер кешені инъекцияға арналған ерітінді 5, 10 жəне 20 мл
11. *Винпоцетин 5 мг, 10 мг табл.
12. *Преднизолон инъекцияға арналған ерітінді 30 мг/мл
13. *Метронидазол инфузияға арналған ерітінді 0,5 флаконда 100 мл

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.

Ем тиімділігінің индикаторлары: операциялық жараның жазылуы, көру өткірлігінің жоғарылауы, офтальмотонустың қалпына келуі.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау үшін көрсетімдер: жедел.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. National Guideline Clearinghouse. Guideline. Eye Injuries. 2005 2. DUODEMECUM Medical Publications. Eye Injuries. 2001

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Краморенко Ю.С., ҚР ДСМ Көз аурулары ҒО.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх