Қан кетумен асқынған асқазан ойықжарасы

H-S-033

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Язва желудка. Острая с кровотечением (K25.0)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы:

«Асқазан жарасы», «асқазанның жаралы ауруы», «пептидтік жара ауруы» терминдері тұз қышқылы мен пепсин əсерінен шырышты қабықта деструкция аймақтарының пайда болуымен сипатталатын АІЖ аурулары тобына қолданылады, асқазанның қабырғасында əртүрлі факторлардың (H.Pylori) əсерінен деструкция аймақтарының пайда болуымен сипатталады.

Хаттама коды: H-S-033 "Қан кетумен асқынған асқазан ойықжарасы"
Хирургиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
K25 Асқазан жарасы
K28 Гастроеюналдық жара
K28.0 Қан кетумен болатын жіті гастроеюналдық жара
K28.1 Тесіліп кеткен Жіті гастроеюналдық жара
K28.2 Қан кеткен жəне тесілген гастроеюналдық жара
K28.4 Қан кеткен созылмалы немесе анықталмаған гастроеюналдық жара
K28.5 Созылмалы немесе анықталмаған тесілген гастроеюналдық жара
K28.6 Қан кеткен жəне тесілген созылмалы немесе анықталмаған гастроеюналдық жара
 

Жіктемесі

 
Жіктемесі 

Орналасуы бойынша - кардиалдық, субкардиалдық, денесінде, алдыңғы жəне артқы қабырғасында, үлкен жəне кіші иіндерінде.

Пішіні бойынша - жіті жəне созылмалы.

Қауіп-қатерлі факторлар

 
Қауіп-қатерлі факторлар

Жара пайда болуына əкелетін генетикалық факторлар:
- тұз қышқылының максималді жоғары деңгейі;
- париеталді жасушалар санының көбеюі жəне олардың гастринге жоғары сезімталдылығы;
- трипсин ингибиторының жетіспеушілігі;
- фукомукопротеидтердің жетіспеушілігі;
- қан сарысуы мен несепте пепсиногеннің жоғары деңгейде болуы;
- стимуляцияға жауап ретінде гастриннің артық өндірілуі;
- гастродуоденалдық дисмоторика - асқазанда тамақтың ұзақ тұрып қалуы;
- пепсиноген түзілуінің жоғарылауы;
- секреторлық Ig А жəне простагландиндердің өндірілуінің жетіспеушілігі;
- қанның серологиялық маркерлері: қан тобы 0(1) асқазанның шырышты қабығының төзімділігін төмендетеді, оң резус-фактор;
- тұқым қуалайтын гистосəйкестілік ЯБ ДПК - HLA В5 маркерлері үшін;
- туа пайда болған антитрипсин жетіспеушілік;
- асқазан сөлімен бірге АВО жүйесі факторларының бөлінбеуі (жара пайда болу қаупі 2,5 есе өседі).

Жағымсыз əсерлердің салдарынан: психоэмоционалдық стресс, тамақтану тəртібін дөрекі бұзу, зиянды əдеттер (шылым шегу, алкоголді шектен тыс қолдану, кофені көп мөлшерде ішу) тұқым қуалайтын бейімділік қалыптасады. Жара пайда болуына тұқым қуалайтын бейімділіктің алдын алу үшін стероидты емес қабынуға қарсы заттар қолданылады.

Диагностикасы

 
Диагностика критерилері: анамнезінде жара, терісі мен шырышты қабығы бозарған, тілі құрғақ, тамыр соғысы жиі, жұмсақ, АҚ аздаған қан кетуде алдымен жоғары, сосын қалыпты. Көп мөлшерде қан кеткенде тамыр соғысы қарқынды жиілей түседі, АҚ төмендейді. ЦВД басынан-ақ төмендейді. Ректалді тексергенде - қара май тəрізді нəжіс.
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы қан анализі (6 параметрі).
2. Жалпы несеп анализі.
3. Глюкозаны анықтау.
4. Капиллярлық қанның ұю уақытын анықтау.
5. Қан тобы мен резус-факторды анықтау.
6. Тінді гистологиялық зерттеу.
7. Микрореакция.
8. Жалпы белокты анықтау.
9. Белок фракцияларын анықтау.
10. Коагулограмма 1 (протромбин уақыты, фибриноген, тромбиндік уақыт, ачтв, плазманың фибринолитикалық белсенділігі, гематокрит).
11. АЛТ анықтау.
12. АСТ анықтау.
13. Билирубинді анықтау.
14. Радионуклидтік зерттеу (қан кету жалғаса берсе).
15. Эзофагогастродуоденоскопия.
16. HbsAg, Anti-HCV.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Іш қуысы ағзаларын УДЗ.
2. ЭКГ.
3. Тінді гистологиялық зерттеу.

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: қан кетуді тоқтату жəне тұрақты ремиссия.

Емі: қанды консервативтік жолмен тоқтатуға тырысу, геморрагиялық шокпен күресу.

Кешенді гемостатикалық ем:
1. Инфузиялық: е-Аминокапрон қышқылы 5% - 200 мл, дицинон 250 мг, 2 мл в/в, кальций хлориді немесе глюконаты 10% - 10 мл, фибриноген 1-2 г 250 мл натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісіне, гемофобин 3% - ішке, викасол 1% - 3 мл б/і.

2. Жергілікті. Қатал төсектік режим, қарын үсті аймағына салқын басу, асқазанды мұздай сумен жуу, асқазандық гипотермия, асқазанға зонд арқылы адреналин немесе норадреналин енгізу 0,1% ерітіндісі - 4 мл +100-150 мл 5% е-аминокапрон қышқылы (немесе осы қоспаны 1 ас қасықтан əрбір 15 минут сайын ішуге береді).

3. Емдік эндоскопия. Жараға 0,1% адреналин немесе норадреналин ерітіндісін жағу, электрокоагуляция, тамырды металл қысқыштармен қысу, лазерлік коагуляция, МК № 6,7,8 медициналық желімімен аппликация.

4. Қанталап тұрған тамырға сан артериясымен суперселективті жасанды эмбол енгізу арқылы тамырішілік эмболизация жасау.

Қан көлемі өзгеру бұзылыстарын қалпына келтіру:
1. ЦҚК (ОЦК) орнын толтыру. Қан немесе оның құрам бөлшектерін құю: 60-80% ЦҚК жетіспеушілігінен, табиғи плазма, құрғақ жаңа тоңазытылған - 200-800 мл, декстрандар, альбумин, протеин, кристаллоидтар.
2. Гемодинамиканы тұрақтандыру. Жүректік, тамырлық, тыныс алуға əсер ететін заттар.
3. Метаболиттік ацидозды қалыпқа келтіру - натрий гидрокарбонаты 4% - 200 мл.
4. Микроциркуляцияны қалпына келтіру. Реополиглюкин 400 мл в/і, трентал 5,0-15,0 мл 250 мл физиологиялық ерітіндіге.
5. Қан кетуді тоқтатқан кезде таблетка түрінде жараға қарсы ем: пилобакт.
 
Қан кетуді тоқтату мəселесін ФГДС немесе зондпен сынама жасау арқылы шешеді, науқасқа асқазандық зонд жібереді, асқазанды таза су болғанша жуады. Егер тұрақты жуғанда таза су алу мүмкін болмаса жəне жуған суда жаңа қан көрінеді, бірақ бұл қан кетудің жалғасып жатқанын көрсетеді. Егер асқазанды жуу мүмкін болса, онда жіңішке зондты динамикада бақылау үшін қалдырып қояды. Қан кетудің жаңарып отыруын зонд арқылы жаңа қанның шығуынан біледі.

Операция: асқазан резекциясы.
Операцияның басқа түрлері: 44.41 асқазан жарасын тігу.
Операция жасауға көрсеткіштер: қан кетудің жалғасуы, қан кетудің рецидиві, көп қан жоғалту, жараның мол қанмен қамтамасыз етілетін қауіпті аймақтарда орналасуы, науқастың жасының үлкендігі.
Операцияның мақсаты: жараны алып тастау немесе асқазан резекциясы жолымен сенімді гемостаз орындау.

Операция əдісі. Науқастың жағдайы ауыр болған сайын операция соғұрлым жеңіл болуы тиіс. Науқастың жағдайы өте ауыр болғанда асқазанның қанталап тұрған жарасын алдыңғы қабырғасында болса кесіп алып тастайды, артқы қабырғасында болса тігіп тастайды. Егер науқастың жағдайы көтерсе (АҚ 100 мм сынап бағанасынан артық), асқазанның қанталап тұрған жарасын ваготомия жасай отырып кесіп, пилоропластика салады.

Науқасты операциядан кейінгі күту қан кету ауырлығына, операция көлеміне жəне қосымша аурулардың болуына байланысты.

Инфузиялық ем ЦҚК (ОЦК) мөлшеріне байланысты (көбіне алғашқы тəуліктерде 3000-4000 мл, кейін азая отырып 5-күні 1,5-2 л-ге жетеді). Гематрансфузия саны қан аздықтың дəрежесіне байланысты. Күн сайын плазма, протеин, альбумин, альвезин 200-400 мл-ден, реополиглюкин 400 мл, трентал 5 мл, кристаллоидтар (5% глюкоза, Рингер-Локк ерітіндісі, С, В, витаминдері, викасол). ОЦК, ЦВД жетіспеушілігі, қанның, несептің биохимиялық көрсеткіштері инфузиялық емнің құрамы мен көлемінің критериі болып табылады.

Антибиотикотерапия. Мейленграхт диетасы қан кетулері ауруханаға түскеннен кейін бір тəуліктен соң тоқтаған операция жасалмаған науқастарға тағайындалады. Операциядан соң 3 күні стол 0, 4-5 күні - стол 1б жəне 2 аптаның соңында - стол 1.

Асқазан зондын асқазанды жуғаннан кейін жəне тұрып қалған массаларды алып тастағанан кейін 2-3 күні алып тастайды. 3 күні тазартатын клизма қояды. Тігістерді алады: біреуден кейін - 4-5 күндері, қалғандары - 10 күні.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Тримепиридин гидрохлориді инъекцияға арналған ерітінді ампулада 1% 1 мл
2. *Цефуроксим 250 мг, 500 мг табл.
3. *Амоксициллин+клавулонды қышқыл табл., оның қабықшасын жабу 500 мг/125 мг, 875 мг/125 мг; флаконда 500 мл/100 мг, 1000 мг/200 мг дайындауға арналған ұнтақ
4. *Цефтазидим 500 мг, 1 гр, 2 г флаконда иньекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ
5. *Метронидазол ерітінді 5 мг/мл 100 мл
6. *Глюкоза инфузияға арналған ерітінді 5%, 10% флаконда 400 мл, 500 мл; 40% ерітінді ампулада 5 мл, 10 мл
7. *Инсулин еритін, инъекцияға арналған ерітінді 100 МЕ/мл
8. *Натрий хлориді 0.9% -500 мл
9. Поливидон 400 мл, фл.
10. *Аскорбин қышқылы инъекцияға арналған ерітінді 5%, 10% ампулада 2 мл, 5 мл
11. *Тиамин инъекцияға арналған ерітінді 5% ампулада 1 мл
12. *Пиридоксин 10 мг, 20 мг табл.; инъекцияға арналған ерітінді 1%, 5% ампулада 1 мл
13. *Ранитидин таблетка 150 мг, 300 мг; инъекцияға арналған ерітінді ампулада 25 мг/мл
14. *Қаннан алынатын препараттар (эритроциттік масса, жаңа тоңазытылған плазма)
15. *Аминометилбензол қышқылы инъекцияға арналған ерітінді 50 мг/5 мл ампулада
16. Этамзилат 250 мг табл.
17. *Неостигмин инъекцияға арналған ерітінді 0,05% ампулада 1 мл; таблетка 15 мг
18. *Дифенгидрамин инъекцияға арналған ерітінді 1% 1 мл
19. *Бриллиант көгі жасыл спирттік ерітінді 1%, 2% флаконда 10 мл, 20 мл
20. *Аминкапрон қышқылы, 5% ерітінді-100 мл

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.

Ем тиімділігінің индикаторлары: қан кетуді тоқтату, сауығу.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу

 
Госпитализациялау үшін көрсетімдер:
- жүргізелетін эррадикациялық терапия тиімсіздігі;
- асқынған ойықжаралар (қатерлі, асқазан тесігінің стеноздануы, пенетрация, тесілуі жəне қан ағуы);
- стероидтық емес қабынуға қарсы препараттар қолдануды қажет ететін қосарланған аурулардың болуы;
- қосарланған рефлюкс - эзофагит;
- эррадикациялық терапия фонында рецидивті аурулармен 60 жастан үлкен науқастар.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Хирургия: пер. с англ., доп./Под ред. Лопухина Ю.М., Савельева В.С. М.: ГЭОТАР МЕДИЦИНА, 1998, с 335-338; 2. http://www.rusmg.ru/, Язвенная болезнь желудка и 12-перстной кишки; 3. Лапина Т.Л., Язвенная болезнь желудка и 12-перстной кишки, 2004.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Ерманов Ж.С., ҚР ДСМ Хирургия ҒО.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх