Жіті жəне жітілеу ирридоциклит

P-S-017

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Острый и подострый иридоциклит (H20.0)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Иридоциклит (ИЦ) -
көздік алманың тамырлық қабығының алдыңғы 
бөлімдерінің (нұрлы қабық пен кірпіктік дене) қабынуы. Оны ирит жəне меншікті ИЦ деп бөледі. Созылмалы ИЦ 6 аптадан астам, тамырлық қабықтың ұзақ қабынуы, əдетте симптомсыз, бірақ қайталануға бейім.

 
Хаттама коды: P-S-017 "Жіті жəне жітілеу ирридоциклит"
Хирургия саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): H20.0 Жедел жəне жеделдеу иридоциклит

Жіктемесі


Жіктемесі: инфекциялық, инфекциялық-аллергиялық, жүйелік жəне синдромдық, жарақаттан кейінгі, этиологиясы анықталмаған.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар: жоғарғы тыныс алу жолдарының, ас қорыту жолдарының, ауыз қуысының инфекциялары, синуситтер. Жүйелік жəне синдромдық аурулар. Көз жарақаты.

Диагностикасы


Диагностика критерийлері
 
Шағымдар мен анамнез: жарықтан қорқу, жас ағу, блефароспазм, көздегі ауыру сезімі, көру жітілігінің төмендеуі.
 
Физикалық тексеру:
1. Перикорнеалдық инъекция, қарашықтың тарылуы.
2. Алдыңғы камера ылғалының опалесценциясы, фибрин немесе гипопион, сирек - гифема.
3. Қасаң қабықтық немесе көзбұршақтық преципитаттар.
4. Нұрлы қабық стромасының гиперемиясы мен ісінуі, нəтижесінде оның түсі өзгереді.
5. Синехиялардың, көбінесе артқы синехиялардың, пайда болуы.
6. Гипертензия немесе гипотония.
 
Лабораторлық зерттеулер: тəне емес.
 
Инструменталдық зерттеулер: көзішілік қысымның төмендеуі.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: қосарланған патологияларға байланысты.
 
Дифференциалды диагноз: жоқ.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Визометрия.
2. Биомикроскопия.
3. Офтальмоскопия.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Тонометрия.
2. Периметрия.
3. Эхография.
4. Бассүйекті шолу рентгенографиясын екі проекцияда орындау.
5. Қанның жалпы талдуы.
6. Микрореакция.
7. Стоматолог консультациясы.
8. Отоларинголог консультациясы.
9. Терапевт консультациясы.
10. Фтизиатр консультациясы.
11. ИФА.
12. Қарапайым герпес, цитомегаловирус, токсоплазмоз, бруцеллез, хламидияға ПТР.

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: қабыну үрдісін тоқтату, ауыру синдромын жою.
 
Дəрі-дəрмексіз ем: қорғаушылық режим, диета стол №15, №16.

Дəрі-дəрмектік ем:

70% жағдайда этиологиялық факторларды анықтау мүмкін болмағандықтан, келесі ем кешені қолданылады.

Кортикостероитар мен стероидтық емес қабынуға қарсы көз тамшылары түріндегі заттардың тиімділігі анықталмады. Бірақ мамандар оларды қолдануды негізді деп санайды.
 
1. Ұзақ циклоплегия, мысалы, атропиннің 1 тамшысынан тəулігіне 2-3 рет.
2. Антибактериялық терапия (мысалы, ципрофлоксацин 1 кап х күніне 6 рет), көрсеткіштер бойынша (қайталанулар немесе ауруханаға жатудан бас тартқан жағдайда) – жалпы бактерияға қарсы терапия, мысалы, ципрофлоксацин 500-1000 мг күніне 2 рет, гентамицин 80 мг күніне 2 рет жəне/немесе параорбиталдық инъекциялар түріндегі антибиотиктер.
3. Арнайы емес қабынуға қарсы терапия, мысалы, индометацин 1 табл (25 мг) күніне 3 рет.
4. Жергілікті стероидтық терапия, мысалы, дексаметазон тамшылары (1 тамшыдан əр 1-2 сағат сайын емнің басында, одан кейін тəулігіне 4-6 рет), құрамында гормондар бар майды түнге қою жəне/немесе дексаметазонды 0,2-1,0 мл/тəул. мөлшерде параорбиталдық инъекциялар түрінде қолдану. Құрамында антибиотиктер мен стероидтары бар жұптастырылған тамшыларды қолдануға болады.

Көрсетілген емді бір апта жүргізеді, əрі 
қарай – жауапқа байланысты.

Ауыр иридоциклит жағдайларында ауруханаға жатқызу 
жəне/немесе глюкокортикоидтарды (мөлшерлеуді аурухана жағдайында жүргізген дұрыс) параорбиталдық инъекциялар түрінде немесе ішке қабылдау.
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Ципрофлоксацин 250 мг, 500 мг табл.
2. *Гентамицин инъекцияға арналған ерітінді 40 мг/мл, 80 мг/2 мл амп.
3. *Индометацин 25 мг табл.
4. *Дексаметазон ерітінді (көз тамшылары) 0,1% 10 мл.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: қабынуды басу, көру функциясын арттыру.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Алдын алуы


Біріншілік профилактика: жоғарғы тыныс жолдары, асқазан - ішек жолдары, ауыз қуысын санациялау.

Профилактикалық шаралар:
1. Біріншілік қаралғанда - преципитаттар, фибрина немесе гипопион, артқы синехиялардың болшуы.
2. Амбулаторлық емнің 5 күн ішінде нəтиже бермеуі, əлсіз əсер беруі.
 
Алғашқы белгілерде профилактикалық қабынуға қарсы ем жүргізу.
 
Әрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері: қажет жағдайда, тұрғылықты жері бойынша окулист бақылауында қабынуға қарсы емді жалғастыру, жылына 2 рет ұстап тұрушы ем курсын жүргізу.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. EBM Guidelines. Iridocyclitis. 2004 2. Dunne JA. Travers JP. Topical steroids in anterior uvetis. Trans Ophthalmol Soc UK 1979, 99: 481-484. 3. Foster CS, Alter G, Debarge RL, et al. Efficacy and safety of rimexolone 1% ophthalmic suspension vs prednisolone acetate in the treatment of uveitis. Am J Ophthalmol 1996; 122: 171-182. 4. The Loteprednol Etabonate US Uveitis Study Group. Controlled evaluation of Loterpredol etabonate and prednisolone acetate in the treatment of acute anterior uveitis. Am J Ophthalmol 1999; 127: 537-544. 5. Yang BJ, Cunningham WF, Akingbehin T. Double-masked controlled clinical trial of 5% tolmetin versus 0,5% prednisolone versus 0,9% saline in acute endogenous nongranulomatous anterior uveitis. Br J Ophthalmol 1982, 66: 389391.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Кобцева В.Ю., НИИ глазных болезней МЗ РК.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх