Бұрын кесарь операциясы жасалғандардың іншек арқылы босануы

H-O-022

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Роды через влагалище после предшествовавшего кесарева сечения (O75.7)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы:  Алдында жасалған кесар тілігінен кейін табиғи туу жолдары арқылы босану.


Хаттама коды: H-O-022  "Бұрын кесарь операциясы жасалғандардың іншек арқылы босануы"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): О75.7  Алдыңғы кесар тілігінен кейін іншек арқылы босану

Жіктемесі


Жіктемесі:  жоқ

Диагностикасы


Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез:  жатырда кесар тілігінен кейін тыртықтың болуы, іштің төменгі жағының толғақ тəрізді ауыруы.

Физикалық тексеру: жатырдың ретті жиырылуы, гинекологиялық тексеруде – жатыр аңқасының ашылуы, жыныс жолдарынан қаншымақ ақпауы.

Инструменталдық зерттеулер: босану мониторингінің қалыпты көрсеткіштері – жалпы жағдайының, гемодинамикасының нашарламауы, босанудың жеткілікті қарқыны, нəрестенің  КТГ-сы өзгеріссіз болуы.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: терапевтің тексеруі, оперативті босандыру мүмкіндігін ескеріп, анестезиологқа қарату.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
- Динамикалық бақылау – тамыр соғуының жиілігі, АҚ, дене қызуы, жатыр жиырылуының жиілігі,нəрестннің жүрек соғуын тыңдау, партограмма жүргізу.
- Босанғаннан кейінгі 
кезеңде – белсенді бақылау – тамыр соғуының жиілігі, АҚ, жыныс жолдарынан шығындыларды бақылау, жатырды УДЗ.
- Іншектік тексеру əр 4 сағат сайын (партограммаға сай).
Инструменталдық зерттеулер: ЭКГ, босану мониторингі, кардиотокография, жатыр УДЗ. Допплерометриялық тексеру көрсетілімге қарай.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:  жоқ

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық тексеру
Қан тобы мен резус ықпалын анықтау, қанның жалпы 
анализінде: ұю уақыты мен тромбоциттерді анықтау. Зəрдің жалпы анализі, қанның глюкозасын, билирубинді, калий мен натрийді, зəржыныс мүшесінің  деңгейін жəне қалдық азотты, КОС жəне қанның газын анықтау.  Жолдасты гистологиялық тексеру.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагностика:

Белгілер
Жатырда тыртығы
бар асқынусыз босану
Жатыр жыртылу қаупі
Жатырдың жыртылуы
Толғақтың тоқтау - +/- ++
Іштің жіті ауыруы - +/- +
Жыныс жолдарындағы
қаншымақ
- +/- +
Нəресте жағдайының нашарлауы
(патологиялық КТГ )
- +/- +
Сипағанда тыртық аймағының
ауырсынуы
- + ++
“ниша” белгісі - +/- +
Босанушы гемодинамикасы
көрсеткіштерінің нашарлауы
- + ++

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Емдеу мақсаты: сау баланың тууы, босанудан кейінгі кезеңде асқынулардың болмауы.

Дəрі-дəрмексіз ем: психопрофилактика, босануды ауырсындырмау мақсатында нүктелік массаж. Амниотомия, толғақ шақыру немесе босануды белсендіру – қауіпті факторларды ескере отырып, акушерлік көрсетілімдерге қарай. Босанудың екінші кезеңінде – нəрестенің келуіне қарай акушерлік жəрдем, босанудың үшінші кезеңінде белсенді көмек – кіндіктен тарту, қан кетуден сақтандыру. Жатыр қабырғаларының бүтіндігін анықтау мақсатында босанғаннан кейін жатыр қуысын қолмен тексеру – көрсетілімге қарай.

Дəрі-дəрмектік ем:
Окситоцин 10 БІРЛІК бұлшық етке
Буторфанол 1мл.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
Окситоцин 10 БІРЛІК бұлшық етке

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:  жоқ
 
Емдеу тиімділігінің индикаторлары:
- мерзімі жеткен тірі нəрестенің тууы,
- босанудан кейінгі кезеңде асқынулардың болмауы

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялауға көрсетімдер:
Жоспарлы – жатырда кесар тілігінен кейін тыртықтың болуы, жүктіліктің 37-38 аптасы.
Шұғыл - жоқ.

Алдын алуы


Профилактикалық шаралар (асқынулардың алдын алу):
1. Нəресте гипоксиясынан сақтандыру
2. Қан кетуден сақтандыру
 
Әрі қарай бақылау (жүргізу):
Босанудан кейінгі кезеңде – белсенді бақылау (тамыр соғуыні,  АҚ,  жыныс жолдарынан шығындыларды бақылау,  жатырды УДЗ).

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Recommendations for the Evaluation and Managment of Nausea and Vomiting in Early Pregnancy. University of Texas at Austin, School of Nursing, Family Nurse Practitioner Program.- 2002, p.9 2. PRODIGY Guidance - Nausea and Vomiting in Pregnancy 3. The Managment of Nausea and Vomiting of Pregnancy. SOGC Clinical Practice Guidelines #120, 2002, p.1-7 4. Institute for Clinical Systems Improvement. Health Care Guideline. Rutine Prenatal Care, 2005, p.80 5. National Collaborating Center for Women’s and Children’s Health. Antenatal Care: Rutine Care for the Healthy Pregnant Women. Clinical Guideline, 2003, p.286 6. Клинические рекомендации для практикующих врачей, основанные на доказательной медицине, Издание «ГЭОСТАР-МЕД», 2003 7. Guidelines for Vaginal Birth After Previous Caesarean Birth. SOGC clinical practice guidelines. No 155, February 2005.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
Исенова С.Ш., м.ғ.к., Ана мен бала денсаулығын қорғау республикалық ғылыми-зерттеу орталығы босану физиологиясы жəне патологиясы бөлімшесінің жетекшісі.
Исина Г.М., м.ғ.к., Ана мен бала денсаулығын қорғау республикалық ғылыми-зерттеу орталығының бас дəрігері.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх