Тоқпан жіліктің иық тұсынан сынуы

H-S-023

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Перелом нижнего конца плечевой кости (S42.4)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы:


Тоқпан жілік айдаршығының сынуы - жарақат немесе патологиялық процесс əсерінен тоқпан жілік айдаршығының сүйек тінінің бүтіндігі бұзылуы.
 
Хаттама коды: H-S-023 "Тоқпан жіліктің иық тұсынан сынуы"
Хирургиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): S42.4 Тоқпан жіліктің төменгі шетінің сынығы
 

Жіктемесі

 
Жіктемесі:
1. Ашық (инфекцияланған сынық).
2. Жабық сынық.

Жіктемесі АО:
А - буыннан тыс сыну.
В - толық емес буынішілік сынық.
С - толық буынішілік сынық.

Əрбір пункт сынықтың сипаты бойынша бөлінеді (мысалы: А1 - латералдық айдаршықтың сынығы, немесе С3 - тоқпан жіліктің толық буынішілік жарықшақтық метафиздік күрделі сынығы).

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
- шынықпағандық;
- байқаусыз оқыс қимылдар жасау;
- кəрілік.

Диагностикасы

 
Диагностика критерилері:
1. Жарақат алған қолда ауыру синдромы болуы.
2. Шынтақ буынында қозғалыстың шектелуі немесе мүлдем болмауы.
3. Сынық болған жердегі жұмсақ тіннің өзгеруі (ісіну, гематома, деформация жəне т.б.).
4. Иықтың жарақат алған аймағын шамамен пальпация жасағанда сүйек сынықтарының сықырлауы.
5. Тоқпан жілік диафизінің тайып сынуының рентгендік белгілері.
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Науқасты клиникалық тексеру (диагностика критерилерін қараңыз).
2. Жарақат болған сегментті 2 проекцияда рентгендік тексеру.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Электрокадиография.
2. Жалпы қан анализі.
3. Жалпы несеп анализі.
4. Коагулограмма.
5. Биохимия.

Қосымша патология болғанда - мамандар ұсынған сəйкес тексерулерді жүргізу.

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: тоқпан жіліктің иық тұсынан тайып сынуын дер кезінде анықтап диагноз қою, емдеу əдісін анықтау (консервативтік, операциялық), мүмкін болатын
асқынулардың алдын алу, қалпына келтіру шараларын жүргізу, қолдың қызметін қалпына келтіру.

Емі
Кез-келген емдеу əдісі талапқа сай жансыздандыруды қолдану арқылы жүргізіледі.
Анальгетиктер жəне стероидты емес қабынуға қарсы препараттар 2 апта бойы қолданылады.

Консервативті ем:
1. Таймаған сынықтар гипстік лонгетаны 3-6 аптаға салу арқылы консервативті емделеді.
2. Рентгенографиялық тексеру репозициядан кейін жəне репозициядан соң бір аптадан кейін жасалады.

Ашық сынықта операция алдында міндетті түрде сіреспеге қарсы анатоксин енгізіледі.

Операциялық ем: тайып кеткен айдаршықтық сынығы операцияға көрсеткіш болып табылады (тоқпан жілікке Y-пішінді пластина, Киршнер сымдары, болт-тартқыш, т.б. көмегімен металлоостеосинтез жасау). Негізгі мақсат сынықты тұрақтандыру жəне бастапқы кезеңдерде-ақ шынтақ буынындағы қозғалыстарды қамтамасыз ету. Жасы үлкен науқастарда остеопороздық сүйектердің ауыр жарықшақты сынықтарына қарамастан қозғалыстарды ерте бастау керек. Кейде мұндай жағдайда буынға біріншілік эндопротез салынады. Сынықтың бітісіп кетуін репозициядан кейін 21 күннен соң рентгендік əдіспен тексереді, кейін ай сайын тексеріп тұрады.

Көптеген зерттеулер нəтижесі көрсеткендей, ашық сынығы бар науқастарға антибиотикпен алдын алу шараларын жүргізсе, іріңді-қабынулық асқынулар болу қаупінің барынша азаятыны анықталған.

Науқастарды 3 қауіп-қатер тобына бөлуге болады [3]:
1. Терісі мен жұмсақ тіндерінің зақымдалуы 1 см-ден кем, жарасы таза ашық сынық.
2. Жақын жатқан тіндердің зақымдалуы жəне орнынан таюы айқын емес, терісінің зақымдалуы 1 см-ден жоғары ашық сынық.
3. Кез-келген сегменттік сынық, жақын жатқан тіндері айқын зақымдалған немесе жарақаттық ампутациясы бар ашық сынықтар.

1-2 қауіп-қатер тобындағы науқастарға негізінен грамоң микроорганизмдерге əсер ететін антибиотиктердің операцияға дайындық дозасын енгізеді (жарақаттан кейін барынша ертерек). 3 қауіп-қатер тобындағы науқастарға қосымша грамтеріс микроорганизмдерге əсер ететін антибиотиктер де тағайындалады.

Антибиотикпен алдын-алу кестесі:
1. 1-2 топтағы науқастарға - 3-4 ұрпақтағы цефалоспориндер б\і 1,0-2,0.
2. 3 топтағы науқастарға - 3-4 ұрпақтағы цефалоспориндер б\і 1,0-2,0 12 сағаттан кейін (тəулігіне 2 рет), 7 күн + метронидазол 100 мл. в/і 8 сағаттан кейін (тəулігіне 3 рет), 3-5 күн.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Метронидазол таблетка 250 мг инфузияға арналған ерітінді 0,5 флаконда 100 мл
2. *Цефтриаксон инъекциялық ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 250 мг, 500 мг, 1000 мг флаконда
3. *Цефуроксим 750 мг, 1.5 гр флаконда иньекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ
4. *Цефтазидим 500 мг, 1 гр, 2 г флаконда иньекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ
5. *Надропарин кальция - иньекциялық ерітіндісі 2850 МЕ анти-Ха/0,3 мл; 3800 МЕ анти-Ха/0,4 мл; 5700 МЕ анти-Ха/0,6 мл; 7600 МЕ анти-Ха/0,8 мл, 9500 МЕ анти-Ха/1,0 мл
6. *Цефазолин инъекциялық ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 1000 мг

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.

Ем тиімділігінің индикаторлары 
Келесі кезеңге ауыстыру критерилері:
- 1, 2, 5 аптадан кейін рентгендік көрсеткіштер бойынша сыныққа дұрыс репозиция жасау;
- 2 ай бойы сынықтың тұрақты болуы;
- репозициядан кейін 2-3 аптадан соң қолды пассивті əкету жəне тербету мүмкіндігі болуы;
- репозициядан кейін 6 аптадан соң белсенді қимылдар жасай алу;
- қолдың қызметін қалпына келтіру;
- емнен кейін асқынулардың болмауы.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау үшін көрсетімдер: жедел.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Work Loss Data Institute. Shoulder.- 2005.- 137 p. 2. Доказательная медицина. КЛИНИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ для практикующих врачей.- Москва, «Геотар-Мед».- 2002.- с.523-524 3. National Guideline Clearinghouse. Practice Managment for Prophylactic Antibiotic Use in Open Fracture: Eastern Association for the Surgery of Trauma.- 2000.- p.28 4. Хирургия. Руководство для врачей и студентов.- Москва, «Геотар-Мед».- 2002.- с.576- 577 5. National Guideline Clearinghouse. Preoperative Test: the Use of Routine Preoperative Tests for Elective Surgery: Evidence, Methods&Guidance. London.-NICE.- 2003. 108p. 6. National Guideline Clearinghouse. Elbow. Work Loss Data Institute.- 2004.- p.110

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Мəлік Б.К., ҚР ДСМ Травматология жəне ортопедия ҒЗИ.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх