Уақытша және тұрақты тістердің созылмалы периодонтиті (педиатрия)

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Хронический апикальный периодонтит (K04.5)
Педиатрия, Стоматология детская

Анықтамасы

Анықтамасы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігінің
«Денсаулық сақтауды дамыту
республикалық орталығы» ШЖҚ РМК
Сараптама кеңесі ұсынған
2014 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 9 хаттама

 
Созылмалы периодонтит – бұл пульпаның қабынуы мен пульпаның өлуі себеп болған периодонттың созылмалы қабынуы. Пульпаның өлуі және периодонттағы патологиялық өзгерістердің нәтижесінде азудың өсуі мен қалыптасу процестері бұзылады, азулардың патологиялық резорбциясы болуы мүмкін. [1,4].

АХЖ-10 кодтары:
К04.5 Созылмалы апикалды периодонтит

Хаттаманың әзірленген күні: 2014 жыл

Пациенттер санаты: балалар.
Хаттаманы пайдаланушылар: балалар стоматологтері.

 

Жіктемесі


Клиникалық жіктемесі: [1].

Этиология бойынша:

инфекциялық;
жарақаттық;
дәрі-дәрмектік;

Орналасуы бойынша:

маргиналды;
апикалды;

Клиникалық ағымы бойынша:

жіті
созылмалы;
ушыққан;

Тіндегі патоморфологиялық өзгерістері бойынша:

сірнелі;
іріңді;
фиброзды;
түйіршіктік;
гранулематозды.

Диагностикасы


Негізгі және қосымша диагностикалық іс-шаралардың тізбесі:

Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексеріп-қарау:

шағымдар мен анамнездерді жинау;
физикалық тексеріп-қарау.

Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексеріп-қарау:
рентгенологиялық зерттеулер,
электроодонтометрия,
тісті зондтау.

Жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдау кезінде жүргізілуі қажет тексеріп-қараудың ең аз тізбесі: Жүргізілмейді.


Диагностикалық критерийлер:

Шағымдар: тістеген кезде қолайсыздықты сезінуге.
Анамнез:  бұрын жіті немесе қақсайтын ұзақ ауыру.


Физикалық тексеріп-қарау. Жегілі қуыста жұмсартылған дентиннің көп мөлшері. Тісті қоршап тұрған сілемейлі қабық өзгеріссіз, тістің перкуссиясы ауырмайды.


Зертханалық зерттеулер.
Аспаптық зерттеулер:
Тісті зондтау: ауыртпай зондтау.
Электроодонтометрия:  электрооднометрия көрсеткіштерінің деңгейі 100  -  200 мкА.

Рентгенологиялық зерттеу:

азудың қалыптасу дәрежесін;
азудың физиологиялық резорбциясының дәрежесін – тұрақты тістің фолликулы үстіндегі кортикалды жай-күйін;
периодонттың, тіс айналасындағы сүйек тінінің жай-күйін анықтауға мүмкіндік береді.
 

Мамандардың консультациясы үшін көрсетімдер. Жүргізілмейді.

Дифференциалды диагноз

 

1-кесте. Сараланған диагноз орташа жегімен, созылмалы қарапайым пульпитпен жүргізіледі.
Диагноз Шағымдар Анамнез Объективті дәрежесі
Созылмалы периодонтит тістеген кезде қолайсыздықты сезіну. бұрын жіті немесе қақсайтын ұзақ ауру. тамақ қалдықтары толып қалған орташа немесе терең өлшемдегі жегілі қуыс, тістің қуысы ашылған. Ауыртпай зондтау.
Орташа жегі қышқылдан, тәттіден және тұздыдан болатын ауырсынуға, тітіркендіргіштерді жойғаннан кейін тез басылатын ауруға. балансталмаған тамақ;
көміртегілі тамақтың басым болуы;
ауыз қуысының нашар гигиенасы.
 
ұсақталған, пигменттелген дентитпен толтырылған орташа өлшемдегі жегілі қуыс,           
эмальді-дентинді біріктіргішті ауыртып зондтау.
 
Созылмалы қарапайым пульпит Қатты тамақ түскен кезде не суықтан, ыстықтан болатын тіс ауруы, тітіркендіргіштерді жойған кезде ауру біртіндеп басылады.
 
Профилактикалық тексеріп-қарау кезінде анықталады. жұлған кезде тіс қуысының ашылғаны табылатын жұмсартылған дентині бар жегілі қуыс
 
 

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаттары:

ауырсыну синдромын жою;
қабыну ошағын жою;
тістің анатомиялық пішіні мен функциясын қалпына келтіру.


Емдеу тактикасы:

Қайта жасалған ГКС пульс-терапиясы жіті ажыратылуды емдеуде нәтижелі болуы мүмкін, бірақ антиденелерді қолдану алдында пульс-терапияны екі курстан артық тағайындамаған жөн. Көптеген хаттамалар қайталанған бүкіл ажыратылулар кезінде ағымы қолайлы немесе кем дегенде бірінші эпизодтан кейін бірнеше апта өткен соң дами бастағандарды есептемегенде, антиденелермен емдеуді ұсынады.
Егер пульс-терапияға тез арада жауап болмаса, антиденелермен емдеуді бірден бастап кеткен жақсы, басқа хаттамалар бірнеше күн тосуды жөн көреді. Пульс-терапияға қарамастан, бүйрек функциясы жылдам нашарлай бастаса, тез арада антитимоцитті иммуноглобулинмен емдеуді бастау керек.
Ажыратылуды емдеуде антитимоцитарлы иммуноглобулиннің дозасы индукциялықпен салыстырғанда жоғары болуы мүмкін, ал емдеу ұзақтығы 5-7 күннен кем болмауы тиіс. Емдеу курсы бойы гематологиялық көрсеткіштерді бақылап, профилактика үшін 2-3 апта ганцикловирді қолдану қажет. Сондай-ақ циклоспориннен такролимусқа ауысу немесе микофенолаттарды қосу, бұған дейін оларды алып көрмеген пациенттерге ажыратылудың қайталанған эпизодтарында да көрсетілуі мүмкін.
 
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
балансталған және ұтымды тамақтану;
  гигиеналық тәрбие, ауыз қуысы гигиенасына оқыту.
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу:[1,2,3]

Уақытша және тұрақты тістердің созылмалы периодонтитін емдеу:

Жергілікті ауырсынуды басу (инфильтрациялық, өткізгіштік);
жегілі қуысты препарациялау;
ауыз қуысын ашу;
азу каналдарының ұрттарын кеңейту;
азу каналдарынан сынықтарды және түйіршіктерді алу;
каналдарды аспаптық және антисептикалық тазалау;
азу каналдарын пломбалау;
оқшаулайтын төсеме;
тұрақты пломба.

Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем:
негізгі дәрілік заттар тізбесі (100% қолданылу мүмкіндігі бар):

Анестезиялайтын заттар:
Инъекцияға арналған 2%-2мл лидокаин ерітіндісі;
Инъекцияға арналған мепивакаин ерітіндісі;
10% лидокаин ерітіндісі аэрозоль;
Анестезиялайтын гелдер 20%.  Антисептикалық заттар:
хлоргексидин 0,05%-100мл;
су тегі тотығы 3%-100мл;
Пломбалау материалдары:
Оқшаулайтын төсеме:
висцин - ұнтақ 50 г, сұйықтық 30 г. Шыныиономерлі цементтер:
Кетак моляр - 12,5 г ұнтақ, 8,5 мл сұйықтық;
Глассин рест - 10 г ұнтақ, 8 мл сұйықтық;
Цемион – ұнтақ 20г, сұйықтық 10 мл, кондиционер 10 мл, лак 10 мл;
Химиялық қатайту композиттері:
КомпоЛайф Плюс:
базалық паста - 14 г;
катализациялайтын паста 14 г;
бонд 6 мл;
дәрілейтін гель- 7 мл. Харизма ППФ:
12г базалық паста;
12г катализациялайтын паста;
6 мл бонд;
2,5 мл дәрілейтін гель.
 
Стационарлық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем: Жүргізілмейді.
Жедел кезек күттірмейтін көмек кезеңінде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем:
 
Емдеудің басқа түрлері: Жүргізілмейді
 
Хирургиялық араласу: Жүргізілмейді

 
Диспансерлік байқау: жегінің белсенділігі дәрежесіне қарай жылына 1-3 рет тексеріп-қарау.


Ем тиімділігінің индикаторлары.

патологиялық процесті тоқтату;
асқынулардың дамуының алдын алу.
тістің анатомиялық түрі мен функциясын қалпына келтіру;

Алдын алуы


Профилактикалық іс-шаралар:

ұтымды тамақтану – құрамында жеңіл ферменттелетін көміртегілер, бірінші кезекте қант бар өнімдерді рационда азайту;
нәруыз қуысының өз бетінше тазаруына ықпал ететін шикі көкөністер мен жемістерді күн сайын тұтыну;
гигиеналық тәрбие және ауыз қуысы гигиенасына оқыту;
құрамында фтор бар тіс пасталарын (суда фтор тапшы болған кезде) қолдану;
фиссурларды және көрінбейтін шұңқырларды профилактикалық бітеу. 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Хаттаманың дайындау кезінде пайдалынылған әдебиеттер: 1) Лекции по стоматологии детского возраста. авт. проф.Т.К. Супиев г Алматы 2013г 2) Терапевтическая стоматология детского возраста Л.А.Хомченко.г.Москва,2007г 3) Терапевтическая стоматология детского возраста Н.В.Курякина Новгород,2004г 4) Стоматология детского возраста. Л.С.Персин, В.М.Елизарова, С.В.Дьякова, Москва, 2003 г. 5) Терапевтическая стоматология. Е.В. Боровский, Ю.Д. Барышева, Ю.М. Максимовский и др. Москва 1997 г. 6) Профилактика стоматологических заболеваний. Т.К.Супиев, С.Б.Улитковский, О.М.Мирзабеков, Э.Т.Супиева.гАлматы, 2009 г.

Ақпарат

Әзірлеушілер:
1. Негаметзянов Нурислам Гарифзянович – м.ғ.д., ҚР ДСӘМ штаттан тыс бас балалар стоматологы. Алматы қаласы ДСБ «Балалар стоматологиялық емханасы» ШЖҚ МҚК бас дәрігері.
2. Сұршанов Ертай Қызырұлы - Алматы қаласы ДСБ «Балалар стоматологиялық емханасы» ШЖҚ МҚК бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары.
3. Ахмадьяр Нұржамал Садырқызы - м.ғ.д., «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ клиникалық фармаколог-дәрігері.

Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.

Рецензенты:
Супиев Тұрған Құрбанұлы - м.ғ.д., «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» ШЖҚ РМК, ДБИ стоматология және ЖБХ кафедрасының профессоры.
 

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх