Гастрит және дуоденит (педиатрия)

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Гастродуоденит неуточненный (K29.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясында
2014 жылғы «4» шілдедегі
 № 10 хаттамасымен бекітілген


Cозылмалы гастрит - асқазанның шырышты қабықшасының таралған немесе ошақты түрде қабыну үдерісі, нәтижесінде асқазанның шырышты қабықшасының морфологиялық өзгерістерімен бірге оның атрофиясына және регенерациялық, моторлық-тасымалдау және секреторлық қызметтерінің бұзылуына әкеп соғады.
Созылмалы гастродуоденит - асқазан және ұлтабардың қайталанатын ошақты немесе шырышты қабықшасының құрылымды өзгерістерімен тараған асқынуы және секреторлық және моторлық-тасымалдау қызметтерінің бұзылуларын қалыптастыратын әкеп соғатын қайталана беретін ошақты немесе таралған созылмалы қабынуы [3]. 

Хаттаманың атауы: Гастрит және дуоденит
 
Хаттаманың коды  -
 
ХАЖ-10 бойынша коды:
 
K29.3   Созылмалы үстіртін  гастрит
K29.4   Созылмалы атрофиялы гастрит
K29.5   Анықталмаған созылмалы гастрит
K29.6    Басқа гастриттер
К29.7  Анықталмаған гастрит
K29.8   Дуоденит
K29.9   Анықталмаған гастродуоденит
 
Хаттамада қолданылатын қысқартулар:
АЛТ - аланинаминотрансфераза
АСТ - аспартатаминотрансфераза
Ұ - ұлтабар
БР - бірліктер
АІЖ - асқазан-ішек жолы
ППИ - протон помпасының ингибиторы
ИФС - иммуноферментті талдау
Лор - оториноларинголог
ЕДШ - емдік дене шынықтыру
ХБ - халықаралық бірліктер
ЖҚТ - жалпы қан талдау
ЖНТ - жалпы несеп талдау
ПТР - полимеразды тізбекті реакциясы
АШҚ - асқазанның шырышты қабықшасы
УДЗ - ультрадыбыстық  зерттеу
ФЭГДС - фиброэзофагогастродуоденоскопия
СГД - созылмалы гастродуоденит
Экг - электрокардиография
H. pylori, НР - Helicobacter pylori (хеликобактер пилори)
Ig G - G иммуноглобулины
 
Хаттаманы дайындау  күні: 2014 жыл.
 
Пациенттердің санаты: балалар.
 
Хаттаманы пайдаланушылар: педиатрлар, балалар гастроэнтерологтары, жалпы тәжірибе дәрігерлері, жедел жәрдем көмек дәрігерлері, фельдшерлер.

Жіктемесі


Клиникалық жіктелуі. ("Сиднейлік жүйе", 1996 түр өзгертушілікте)
 
1-кесте. Созылмалы гастриттің Хьюсттон бойынша жіктелуі.

Гастриттің түрі Этиологиялық факторлары Синонимдер
(алғашқы жіктелулер)
Бейатрофиялық Helicobacter pylori
Басқа факторлар
Жеңіл түрде
Созылмалы
В  тобындағы гастрит
Гиперсекреторлы гастрит
Атрофиялық аутоимунды Иммундық тетіктері
 
А тобындағы гастрит
Асқазан денесінің таралған гастриті
В12-тапшылық анемиясы мен секрецияның төмендігімен байланысты асқазан денесінің гастриті
 
Атрофикалық мультифокальды Helicobacter pylori
Дұрыс тамақтанбаудан
Сыртқы ортаның әсері
А мен В топтарындағы аралас гастрит
Ерекше түрлері    
Химиялық Химиялық қоздырғыштар
Өт
Стероидты емес суыққа қарсы препараттарды қолдану
С тобындағы реактивті  гастрит
 
Реактивті рефлюкс-гастрит
 
Радиациялық Сәулемен зақымдану  
Лимфоцитарлы Идиопатикалық
Иммундық тетіктері
Глютен
Helicobacter pylori
 
 
Целиакиямен байланысты гастрит
 
Гранулемататозды Крон ауруы
Саркоидоз
Вегенер гранулематозы
Бөгде заттар
Идиопатикалық
Оңашаланған гастрит
Эозинофильді Тағам аллергиясы
Басқа да аллергендер
Аллергиялық
Басқа инфекциялық Бактериялар "рН-тан басқасы)
Зеңдер
Паразиттер
 
Алып гипертрофикалық Менетрие ауруы  
 
Созылмалы гастродуодениттің  жіктелуі
Педиатрлық тәжірибеде А.В Мазурин және қосалқы авторлардың  жіктелуі қолданылады. 1994 толықтыруларлармен [10].

Шығу тегі бойынша:  алғашқы және қайталама

Жұқпалы Н. pylori бар болуына байланысты (НР-байланыстырылған, байланыссыз)

Патологиялық үдерістің таралғандығына байланысты:
Гастрит: шектеулі (антральды, фундальды), кең таралған
Дуоденит: шектеулі (бульбит), кең таралған

Асқазан мен ұлтабардың зақымдануының морфологиялық түрлеріне қарай:
Эндоскопиялық: жеңіл түрде, гипертрофиялы, эрозиялық, геморрагиялық, субатрофиялық, аралас.
Гистологиялық: жеңіл түрде, диффузиялық (атрофиялық емес, субатрофиялық, атрофиялық)

Асқазанның секреторлық қызметіне және қышқылтүзуіне қарай: артық деңгейдегі қызметімен, бірқалыпты қызметімен, төмен деңгейдегі  қызметімен.

Дуоденогастральды рефлюкс (бар, жоқ)

Ауруға шалдығудың фазалары: асқыну, аурудың клиникалық жартылай қалпына келуі, аурудың  толық клиникалық жазылуы, аурудың клиникалық-эндоскопиялық-морфологиялық жазылуы (сауығу).

Ескерту: гистологиялық деректер болмаған жағдайда гастродуодениттің морфологиялық мінездемесі ескерілмейді.

Диагностикасы


 
Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі:

Негізгі (міндетті түрде) амбулаториялық деңгейде жүргізілетін  диагностикалық тексерулер:
- ЖҚТ (6 параметрле);
- НЖТ;
- қанның биохимиялық сараптамасы (билирубинін анықтау, АЛТ, АСТ);
- инвазиялық емес тәсілмен Helicobacter pylori (ХЕЛИК-тест) анықтау;
- ИФТ-әдісімен қанның сарсуында Helicobacter pylori (HP) -ге қарсы антиденелердің сандық мөлшерін анықтау;
- ФЭГДС;
- іш қуысы ағзаларының УДЗ
- нәжістегі жасырын қанды экспресс-әдіспен анықтау (гемокульт-тест);
- Нәжісті зерттеу (копрограмма).
 
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер:
- ПТР әдісімен Helicobacter pylori -ді биологиялық материалдан табу;
- АШҚ және ОЕІ биоптарында H.pylori -дің бар болуына гистологиялық зерттеу жасау;
- қанның биохимиялық талдауы (сарысудағы темірді анықтау);
- экг;
- Нәжісті зерттеу (копрограмма).
- Нәжісті гельминттер мен паразиттерге тексеру;
- перианальды қырындыны зерттеу.
 
Жоспарлы госпитальдауға жіберудегі жүргізуге  кажетті тексерудің минимальды тізімі
- ЖҚТ (6 көрсеткіш);
- ЖНТ;
- қанның биохимиялық сараптамасы (билирубинін анықтау, АЛТ, АСТ);
- Нәжісті гельминттер мен паразиттерге тексеру;
- перианальды қырындыны зерттеу.
 
Негізгі (міндетті түрде) стационарлық деңгейде жүргізілетін диагностикалық зерттеулер:
- ЖҚТ (6 параметрде);
- ЖЗТ;
- қанның биохимиялық сараптамасы (билирубинанін анықтау, АЛТ, АСТ);
- ФЭГДС;
- инвазиялық емес  тәсілмен Helicobacter pylori (ХЕЛИК-тест) анықтау;
-  ИФТ- әдісімен қанның сарсуында Helicobacter pylori (HP) -ге қарсы антиденелердің сандық мөлшерін анықтау;
- іш қуысы ағзаларының УДЗ
- дуоденальды зондпен анықтау
- нәжістегі жасырын қанды экспресс-әдіспен анықтау (гемокульт-тест);
- Нәжісті зерттеу (копрограмма).
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық  зерттеулер (жедел госпитальдау кезінде амбулаториялық деңгейде жүргізілмеген диагностикалық тексерулер жүргізіледі):
- ПТР әдісімен Helicobacter pylori -ді биологиялық материалдан табу;
- АШҚ және ОЕІ биоптарында H.pylori -дің бар болуына гистологиялық зерттеу жасау;
- қанның биохимиялық сараптамасы (жалпы ақуызды, ақуызды фракцияларын, альфа-амилазаны табу)
- иммунохемилюминисценция әдісімен фолаттарды (В 12 дәруменін) табу
- экг
- эндоскопиялық әдіспен тәулік pH метрия анықтау
- Helicobacter pylori-ді бактериологиялық әдіспен анықтау, олардың антибиотикке төзімділігі мен дәрілерге сезімталдығын анықтау.
 
Жедел шұғыл жәрдем көрсетудегі жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар: жүргізілмейді.
 
Диагностикалық  критерийлер:

Шағымдар мен анамнез:
Шағымдар:
- аурудың сипаты: ерте (гастрит кезінде) немесе кеш (дуоденит кезінде);
- аурудың орны - эпигастральды және пилородуоденальды  аймақтарда, сол жақ қабырға астына, кеуде қуысының сол жақ бөлігіне және қолға ауырсыну берілу мүмкін.
- диспепсиялық синдром (кекірік, қыжыл, лоқсу, тәбеттің төмендетуі, сирек жағдайда - құсу).

Анамнез:
- гастродуоденальды паталогия бойынша ауырланған тұқым қуалаушылық;
- тамақтану сипаты (тамақтану тәртібінің бұзылуы, ащы, сүрленген, қуырылған асты шамадан тыс жеу, газдалған сусындарды және құрғақ тамақтарды көп қолдану);
- дәрі ішу (глюкокортикостероидты, стероидты емес суық тиюге қарсы препараттар, анальгетиктер);
- баланың айналасындағы стрестік жағдайларды анықтау;
- созылмалы инфекциялық ортаның бары: тонзиллит, гаймориттер, холециститтер, кариозды тістер, туберкулез.
 
Физикальды зерттеулер:
- созылмалы интоксикацияның шамалы байқалатын  белгілері және вегетативті бұзушылықтар: әлсіздік, шаршағыштық, бастың ауруы, ұйқының бұзылуы, жергілікті гипергидроз;
- аурудың сипаттамасы:
гастрит кезінде: ерте ауыруы;
 дуоденит кезінде: кеш, аш қарынға, тамақ ішкеннен соң 1,5-2 сағаттан кейін немесе түнде ауырады;
- ауырсыну эпигастралды, пилородуоденалды және кіндік айналасында болады;
- метеоризм, гүрілдеу және іште "құйылып тұруды"сезілуі.

Атрофиялық гастрит жиі түрде автоиммунды генезистегі АШҚ атрофиясына, анацидтік, гипергастринемиялық және пернициоздық қаназдықпен байқалады, балаларда іс жүзінде кездеспейді және/немесе ешқандай белгілерсіз өтеді. Атрофиялық (автоиммунды) гастрит Кастл және В12 дәрімен әсеріне қарай қанның сарысуындағы айрықша антипариеталді аутоантидененің болуымен расталады.
 
Зертханалық зерттеулер [9,10]:

Копрограмма: ас қорытудың бұзылу белгілері (бейтарап майлардың, қорытылмаған бұлшықет талшықтың бар болуы), нәжістегі жасырын қанды экспресс- әдіспен (гемокульт-тест) нәтиже расталуы мүмкін;
 
Аспаптық зерттеулер:

ФЭГДС: ісіну, гиперемия, қанкету, эрозиялар, атрофия, асқазанның шырышты қабықшаларының гипертрофиясы;
геморрагиялы гастрит: асқазанның шырышты қабықшасына кан кету;
• рефлюкс-эзофагит: дуоденогастральды рефлюкс.

Созылмалы гастриттің топографиялық көріністері:
• антральды гастрит;
• фундальды гастрит;
• пангастрит.

Дуоденальды сүңгімен зерттеу: асқазан сөлінің рН і төмендеуі/көтерілуі, лямблияны  табу ықтимал [6,10].

Мамандардың кеңесі үшін көрсетімдер:
- ЛОР - созылмалы инфекция ошағын анықтау және оны  емдеу;
- стоматолог - созылмалы инфекция ошағын анықтау және оны  санациялау;
- невролог - айқын көрінетін  психосоматикалық бұзылуларда;
- психолог/психотерапия - баланың және әке-шешенің психологиялық сүйеніші; баланың тұратын жеріндегі психологиялық микроклиматты қалпына келтіру;
- дәрігер-физиотерапевт - кешенді емдеу кезінде құрамында физиоемдеуді тағайындау үшін;
- хирург – іштегі айқын байқалатын ауырсыну синдромы кезінде.

Дифференциалды диагноз


Ауру Клиникалық критерийлері Зертханалық көрсеткіштері
Созылмалы холецистит Оң жақ қабырға астының ауыруы, өтқабы айналасын қолмен ұстағанда ауыруы,
субфебрилитет немесе фебрильді санға дейін температураның жүйелі мерзімді  көтерілуі, улану.
 
Қанда - лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ артуы, УДЗ - өтқабы қабырғасының жуандауы, онда шырышты жармалардың болуы, өттің тұрып қалуы, периваскулярлы реакция.
 
Созылмалы панкреатит Ауыру сезімінің кіндіктен жоғары сол жақта орналасуы және сол жаққа берілуі, белдің       айнала ауыруы. Амилазаның қанда және зәрде көбеюі, нәжісте трипипсин белсенділігі, стеаторея,
УДЗ де - без көлемінің ұлғайуы және оның эхологиялық тығыздығының өзгеруі.
Созылмалы энтероколит Кіндік айналасында немесе іштің барлық жері ауыру белгілерінің болуы, үлкен дәреттен кейін қайтуы, іштің кебуі, сүт және сүтті тағамдардың, көкөністердің, жемістердің жақпауы, тұрақсыз дәрет, газдың бөлінуі Копрограммада - амилорея, стеаторея, креаторея, шырыш, лейкоциттер, эритроциттер болуы мүмкін, дисбактериоз белгілері
Жара ауруы Аш қарында пайда болатын ауырсыну, "әсіресе" кешкі, тамақтанудан кейін 2-3 сағаттан соң. Ауыру кенеттен, қатты болады, колмен ұстағанда ауыруы бірден байқалады, құрсақ бұлшықеттерінің, тері гиперестезия айналасының  қатайуы анықталады, Мендель симптомы расталады Эндоскопияда - гиперемириялы үймекпен қоршалған шырышты қабықтың терең ақауы, көптеген жаралар болуы мүмкін.

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаттары:
• Helicobacter Pylori эрадикациясы;
• асқазанның сөл бөлу-моторлы жұмысын қалпына келтіру;
• АШҚ және ОЕІ тің репаративті қасиеттерін және морфологиялық жағдайын қалпына келтіру
 
Емдеу тәсілі [1,2, 4-11]
Гастрит және дуоденит кезіндегі терапияның тиімді әсері Нelicobacter pylori инфекциясының эрадикациясына байланысты. [1, 2, қ. клиникалық хаттама «Балалардағы асқазан мен ұлтабар жарасы»].

Дәрі-дәрмексіз емдеу

Диета:
•  №1А  5-7 күнге диета: сүт (жақпаған болса), жаңа ірімшік; кисель, желе, жармадан және сүттен жасалған шырышты және үгітілген көжелер, балық суфлесі, тұзды шектейді.
•  №1Б 14 күнге диета: емдәмнің ауқымын кеңейте отырып – қытырлақ нан, ет, балық, езілген ботқалар, сүтке пісірілген жарма көжелері, тұз аз мөлшерде.
•  №1 диета: механикалық және химикалық қорытылу  қағидаларын ұстана отырып.
•  №4 диета (сүтсіз диета) – егер бала трикалий дицитратының  коллоидты  висмутын қабылдап жатса
•  №2 диета – СГД секреторлы ақауларында
•  қышқылдылық жоғары болған жағдайда буферлігі жоғары тағамдар қолданылады (сүт, сұлыдан жасалған тағамдар, қайнатылған сиыр, бұзау еті).
     Сілтілік диетаның ұзақтағы терапияның әсеріне байланысты, халі түзелген жағдайда диетаның ауқымын ұлғайтады. Клиникалық-зертханалық ремиссия сатысында  аса жағымды емес тамақтарды шектей отырып №5 және  №15 диеталарды кезектестіріп ұстауға ұсыныс беріледі.
    Тамақтану аз мөлшерден тәулігіне 5-6 рет. Астың үлесіне тағамдық талшықтарды еңгізу жақсы әсерін тигізеді (бидай жармасы тәуліктік (жасы+5г) мөлшерде 1 ай бойы).
Емдік-күтіну тәртібі.
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу  [1,2,3,4,6].

Бірінші желі эрадикационды терапия  препараттары:
• ППИ+амоксициллин+имидазол (метронидазол, тинидазол);
• ППИ+амоксициллин+кларитромицин;
• висмут тұздары+амоксициллин+имидазол.
Үшкомпонентті терапияның ұзақтығы – 10 күн.
 
ППИ:
• Омепразол – нәрестелер 700мкг/кг күніне 1 рет, қажет жағдайда 1,4 мг/кг дейін, 7-14 күн. 1 айдан 2 жасқа дейін 700мкг/кг күніне 1 рет, қажет жағдайда 3 мг/кг дейін, (максимальды 20мг); дене салмағы 10-20кг балалар 10мг-нан күніне 1 рет, қажет жағдайда 20мг дейін  күніне 1 рет ; дене салмағы 20 кг-нан асатын балаларға 20 мг-нан күніне 1 рет, қажет жағдайда 40мг. Helicobacter pylori-мен байланысты Жара ауруы кезінде 1-12 жас аралығындағы балаларға 1-2мг/кг (макс 40мг) күніне 1 рет. 12-18 жас аралығындағы балаларға 40 мг-нан күніне 1 рет
• Лансопразол балаларға омепразолды қолдануға болмайтын жағдайда тағайындалады.
• Эзомепразол балаларға омепразолды қолдануға болмайтын жағдайда тағайындалады.
 
Үшкомпонентті терапия:
Омепразол 20 мг-нан (немесе лансопразол 30мг, или эзомепразол 20мг) + кларитромицин 7,5мг/кг(max-500 мг) + амоксициллин 20-30мг/кг (max 1000 мг) немесе метронидазол 40мг/кг (max500 мг);
 
Терапияны бұзбау және жағымсыз әсерлері қадағалануы тиіс.
Бірінші желі препататтардың пайдасы болмаған жағдайда, екінші желі терапияны (квадротерапия) қосымша коллоидты висмут  субцитратын (трикалий дицитрат висмуты) еңгізе отырып тағайындайды:
• 4-8 мг/кг (max120 мг) күніне 3 рет тамаққа дейін 30 минут бұрын және 4-ші рет тамақтан кейін 2 сағаттан соң, ұйықтар алдында. 12 жастан үлкен балаларға - 120 мг-нан тәулігіне 4 рет (тамақ алдында 30 мин бұрын және ұйықтар алдында) немесе 240 мл тәулігіне 2 рет; 8 жастан 12 жас аралығында - 120 мг тәулігіне 2 рет; 4-8 жас аралығында - 8 мг/кг/тәулік мөлшерін 2 ретке бөліп ішу. Қабылдау ұзақтығы – 4-8 апта, келесі 8 аптада құрамында висмут бар препараттарды қолдануға болмайды; келесі қабылдау – 8 аптадан кейін.
 
Цитопротекторлерді (сукральфат, трикалий дицитрат висмуты, субгаллат висмуты) енгізу антибиотиктердің хеликобактерияға қарсы әсерінің әлеуетін арттырады.
 
Прокинетиктер (ұлтабарлардың, өт жолының қозғалу функциялырын қалпына келтіру мақсатында):
• домперидон 0,25-1,0 мг/кг күніне 3-4 рет тамақ алдында 20-30 мин. бұрын, емдеу ұзақтығы 2 аптадан кем емес.
 
М-холинорецепторлардың блокаторы (Ішкі  мүшелердің біріңғай салалы бұлшықеттерінің тонусын және жиырылу белсенділігін төмендету, асқорыту бездерінің секрециясын азайту мақсатында):
• гиосцин бутилбромид 10 мг тәулігіне 3 рет тамақ алдында 20-30 минут бұрын немесе ауыру сондромдарын жоюдан бұрын бұлшықетішілік.
• ауру белгілерін жою үшін әсері аз болғанда 0,2% платифиллин ерітіндісі бір реттік мөлшерде қолданады: 1-5 жас – 0,015 мл/кг, 6-10 жас – 0,0125 мл/кг, 11-14 жас– 0,01 мл/кг.
 
Функциялық тыныштық жағдайын жасау және асқазан секрециясын азайту үшін:
 
Антацидтер
• алюминий гидроксид +магний гидроксиді: 2-5 жас аралығындағы  балаларға 5мл күніне 3 рет, 5-12 жас 5-10 мл күніне 3-4 рет, 12-18 жас 5-10 мл күніне 4 рет (тамақтан кейін және ұйықтар алдында);
 
Гистамин  Н2рецепторларының блокаторлары – 10 күн
• ранитидин ішке  2-4 мг/ кг тәулігіне 2 рет (максимальды -300 мг /тәулік),
• фамотидин ішке дене салмағы 10 кг артық балаларға 1-2 мг/кг  тәулігіне 2 рет; 12 жастан үлкен балаларға 20 мг тәулігіне 2 рет.
 
Вегетотропты препараттар: Павлов микстурасы, валериан тамырының тұнбасы. Емдеу ұзақтығы – 4 аптадан кем емес.
 
Панкреатикалық ферменттер (ұйқы безінің эксекреторлы жеткіліксіздігінде, үдерістің күші басылғаннан кейін): 10 000 липазадан  тамақпен бірге 3 рет, 2 апта бойы.
Әбден емделгеннен соң бір жылдан кейін науқас ағзасында НР-бактерияның болуын реинфекция емес, керісінше, инфекцияның рецидиві ретінде қабылдау керек. Инфекцияның рецидиві болған жағдайда емдеудің одан да тиімді жолын қолдану керек.
Дуоденогастральды рефлюкс бар болған жағдайда адсорбенттер енгізіледі: диоктаэдрикалық смектит күніне 3 рет тамақтану алдында 40-60 мин. және ұйықтар алдында, басқа дәрілермен және тамақпен араластырылмайды. Ұзақтығы - 10-14 күн.
 
Амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен емдеу:

Негізгі дәрі-дәрмектер тізімі
• Омепразол 20мг таблеткалар;
• Лансопразол 15 мг, 30 мг капсулалар;
• Эзомепразол 20 мг, 40 мг таблеткалар;
• Кларитромицин, 250мг, 500мг таблеткалар;
• Метронидазол 250 мг таблеткалар; инфузияға арналған 0,5% ерітінді 100мл шишада;
• Амоксициллин, 500мг, 1000мг таблеткалар; 250мг, 500 мг капсула; 250 мг/ 5 мл ішуге арналған суспензия;
• Домперидон, 10мг, 20мг таблеткалар;
• Ранитидин, 150мг, 300мг таблеткалар;
• Фамотидин 20мг , 40 мг таблеткалар;
• Висмут трикалий дицитрат 120мг, таблеткалар;

Қосымша дәрі-дәрмектер тізімі
• Гиосцин бутилбромид 10 мг драже, 20мг/мл инъекцияға арналған ерітінді; 10 мг суппозитарийлер;
• Платифиллин 2 мл, инъекцияға арналған 0,2% ерітінді;
• Павлов микстурасы, 200 мл;
• Панкреатин 10000, 25000 ЕД капсулалар;
• Ретинол пальмитаты, драже 3300МЕ; капсулалар 3300, 33000 МЕ майдағы ерітінді;
• Токоферол ацетат, 100 мг капсулалар;
• Пиридоксин гидрохлориді 5%, ампула 1мл;
• Тиамин бромиді 5%, ампула 1мл;
• Дротаверин 2% ампула 2 мл; таблеткалар 40мг, 80мг;
• Фолий қышқылы 1мг таблеткалар;
• Алюминий гидроксид+Магний гидроксиді, суспензия, шиша 170 мл, таблеткалар, қалталардағы суспензия (1 қалта – 15 мл); шиша 250 мл;
• Валериана сығындысы, таблеткалар 200 мг.
 
Стационарлық деңгейде дәрі-дәрмектермен емдеу:

Негізгі дәрі-дәрмектердің тізімі
• Омепразол 20мг таблеткалар;
• Лансопразол 15 мг, 30 мг капсулалар;
• Эзомепразол 20 мг, 40 мг таблеткалар;
• Кларитромицин, 250 мг, 500 мг таблеткалар;
• Метронидазол 250 мг таблеткалар; инфузияғы арналған 0,5% ерітінді 100 мл шишада;
• Амоксициллин, 500 мг, 1000 мг таблеткалар; 250мг, 500 мг капсула; 250 мг/ 5 мл ішуге арналған суспензия;
• Домперидон, 10мг, 20мг таблеткалар;
• Ранитидин, 150мг, 300мг таблеткалар;
• Фамотидин 20мг , 40 мг таблеткалар;
• Висмут трикалий дицитрат 120мг, таблеткалар;

Қосымша дәрі-дәрмектердің тізімі:
• Гиосцин бутилбромид 10 мг драже, 20мг/мл инъекцияға арналған ерітінді; 10 мг свечалар;
• Платифиллин 2 мл, 0,2% инъекцияға арналған ерітінді;
• Павлов микстурасы, 200 мл;
• Панкреатин 10000, 25000 ЕД капсулалар;
• Ретинол пальмитаты, драже 3300МЕ; капсулалар 3300, 33000 МЕ майдағы ерітінді;
• Токоферол ацетат, 100 мг капсулалар;
• Пиридоксин гидрохлориді 5%, ампула 1мл;
• Тиамин бромиді 5%, ампула 1мл;
• Дротаверин 2% ампула 2 мл; таблеткалар 40 мг, 80мг;
• Фолий қышқылы, 1мг таблеткалар;
• Алюминий гидроксиді +Магний гидроксиді, суспензия, шиша 170 мл, таблеткалар, қалталардағы суспензия (1 қалта - 15 мл); шиша 250 мл;
• Валериан сығындысы, таблеткалар 200 мг
 

Алдын алуы


Профилактиканың алғашқы шаралары асқорыту жүйесінің жұмысын толығымен қалпына келтіруге бағыттылған: емдік және тәртіппен тамақтану, зиянды әдеттерден бас тарту, гельминтоздарға қатысты тексеруден өту, ауыз қуысын жөнге келтіру.
Екіншілік профилактиканың кейінгі шаралары қарсы рецидивті терапияны қарастырады. Ықтимал асқынуларды алдын алу кезінде жүргізіледі және  АШҚ мен ОЕІ қабынуының клиникалық-эндоскопиялық сатысына сәйкес  диеталық тамақтану, емдік дене шынықтыру, шомылу емшараларын, физикалық белсенділікті арттыру, үй және мектептегі жағдайларды жақсарту туралы ата-аналарға кеңес беру шараларын қамтиды [8,9].

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Қолданылған әдебиеттер тізімі 1. Evidence-based Guidelines from ESPGHAN and NASPGHAN for Helicobacter pylori infection in children //JPGN. – 2011.-vol. 53, №2.-р. 230-243. 2. Щербаков А.П., Щербаков П.Л. Ведение хеликобактерной инфекции у детей: научно обоснованные рекомендации ESPGHAN и NASPGHAN //Лечащий врач.-2011.-№6.-с. 5-15. 3. Практическое руководство по детским болезням. Под общей редакцией проф. В. Ф. Коколиной и А. Г. Румянцева. Том II. Гастроэнтерология детского возраста. Под ред. С. В. Бельмера, А. И. Хавкина, П. Л. Щербакова. Изд. 2-е, перераб. и доп. М.: Медпрактика-М. 2010. 4. Хавкин А.И., Жихарева Н.С., Дроздовская Н.С. Медикаментозная терапия язвенной болезни у детей //Лечащий врач.-2006.-№1.-с.26-29. 5. Koletzko S., Richy F., Bontems P. et al. Prospective multicenter study on antibiotic resistance of Helicobacter pylori strains obtained from children living in Europe //Gut.2006; 55 (12):1711-1716. 6. Malfertheiner P., Megraud F., O’Morain C. et al. Current concepts in the management of Helicobacter pylori infection: the Maastricht III Consensus Report //Gut. 2007.–Jun; 56 (6):772-781. 7. Корниенко Е.А. Лечение инфекции Helicobacter pylori у детей: лекция для врачей-педиатров //Санкт-Петербург, 2009. – с.39. 8. Мельникова И.Ю., Новикова В.П. Диспансеризация детей и подростков с патологией пищеварительной системы: учебно-методическое пособие//Санкт-Петербург, 2011– с.26-36. 9. Drumm B., Koletzko S., Oderda G. Helicobacter pylori infection in children: A consensus statement //J Pedatr Gastroenterol Nutr. 2000; 30:207-213. 10. Gold B., Colletti R. B., Abbott M., Czinn S., Elitsur Y., Hassall E. et al. Medical Position Paper: The North American Society for Pediatric Gastroenterology and Nutrition: Helicobacter pylori infection in children: Recommendations for diagnosis and treatment //J Pediatr Gastroenterol Nutr. 2000; 31: 490–497. 11. Маев И.В., Самсонов А.А. Современные стандарты лечения кислотозависимых заболеваний, ассоциированных с H.pylori (материалы консенсуса Маастрихт-3) //Consilium Medicum. Гастроэнтерология. – 2006. – Том 08. – № 1.

Ақпарат


Әзірлеушілердің тізімі.
1. Орынбасарова К.К. – м.ғ.д., доцент, «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті» ШЖҚ РМК «Балалар аурулары» кафедрасының меңгерушісі;
2. Оспанова З.М. – м.ғ.д., доцент, «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ «ИВБДВ» стратегиясының Ұлттық үйлестірушісі, ҚР ДМ штаттан тыс бас маман.
3. Мырзабекова Г.Т. – м.ғ.д., доцент, «АМДЖИ» ШЖҚ РМК «Педиатрия» кафедрасының меңгерушісі .
4. Құдайбергенова М.С. –АҚ «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» клиникалық фармакологы
 
Мүдделер  қақтығысының  жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Пікір иесі:
Аталықова Г.Т. – м.ғ.д,  «Астана медицина университеті» АҚ «Жалпы  тәжірибе дәрігерлері» кафедрасының профессоры.
 
Хаттаманы қайта қарау шарттары:
Хаттаманы 3 жылдан кейін және/немесе диагностиканың және /немесе емдеу істерінің одан да тиімді жаңа тәсілдері пайда болған жағдайда.  

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх