Алкоголь ішу нəтижесінде дамыған психикалық жəне мінез-құлықтық ауытқулар. 2-кезең

H-T-015

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением алкоголя. Пагубное употребление (F10.1)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы:

Алкоголизм (маскүнемдік) – спиртті ішімдікке қарсы тұруға шамасы келмейтін патологиялық құмарлықпен, организмнің төзімділігі өзгеруімен, алкогольдік абстиненттік («бас жазу») синдромы əйгіленістерімен жəне жеке тұлғаның алкогольдік азғындауы дамуымен сипатталатын ауру.

Хаттама коды: H-T-015 "Алкоголь ішу нəтижесінде дамыған психикалық жəне мінез-құлықтық ауытқулар. 2-кезең"
Терапевтиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
F10.1 Зардап (зиянды салдар) қалдырған алкоголь ішу.
F10.2 Алкоголь ішу (арақ ішу) нəтижесінде дамыған психикалық жəне мінез-құлықтық ауытқулар. Тəуелділік синдромы.

Жіктемесі


Жіктемесі: АХЖ-10 бойынша.

Диагностикасы

 
Диагностика критерилері:
1. Қашан жəне қанша ішуін қадағалай алмайтын, спиртті ішімдікке қарсы тұруға шамасы келмейтін патологиялық құмарлық.
2. Алкогольдік абстиненттік (тыйылу) синдромы болу.
3. Алкоголь ішуден дамыған жекетұлғалық деградация (азғындау).
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі

Клиникалық диагностика:
1. Консультация: нарколог (аддикция ауырлық индексін анықтаумен*).
2. Консультация: психотерапевт*.
3. Психологиялық консультация.
4. Консультация: терапевт.
5. Консультация: физиотерапевт.

Лабораторлық диагностика: 
1. Қанның жалпы анализі (7 параметр: лейкоциттер, эритроциттер, гемоглобин, эритроциттің орташа көлемі, тромбоциттер, лимфоциттер %, нейтрофилдер %).
2. Зəрдің жалпы анализі.
3. Мочевина мен қалдық азотты анықтау.
4. Жалпы белокты анықтау.
5. АЛТ мен АСТ анықтау.
6. ЛДГ* анықтау.
7. Қандағы қантты анықтау.
8. Билирубинді анықтау.
9. Тимол сынамасы.
10. Этанолдың зəрде болуына поляризациялық флуоресценттік иммуноанализ*.

Функционалды диагностика:
1. Электроэнцефалография (ЭЭГ).
2. Реоэнцефалография (РЭГ).
3. Эхоэнцефалография.

Психологиялық диагностика:
1. Сауалнама мини-мульт MMPI*.
2. Шульте кестесі*.
3. Лурии тесті. 10 сөзді жаттау əдісі*.
4. «Артығын алып тастау» əдісі*.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі

Клиниклық диагностика: мамандар консультациясы (хирург, гинеколог, инфекционист, невропатолог, фтизиатр, психиатр, СПИДолог, уролог, отоларинголог, окулист, стоматолог) – көрсетімдер бойынша.

Лабораторлық диагностика (көрсетімдер бойынша):
1. Диастазаны анықтау*.
2. Кортизол деңгейін анықтау*.
3. Цианокаболамин деңгейін анықтау (вит В 12)*.
4. Белок фракцияларын анықтау*.
5. В жəне С* вирусты гепатит маркерлерін анықтау.

Функционалдық диагностика (көрсетімдер бойынша):
1. Шақырылған потенциалдар (ШП)*.
2. Электронейромиография (ЭМГ)*.
3. Ультрадыбыстық доплерография (УДДГ)*.
4. Полисомнография*.
5. Аяқ реовазографиясы (РВГ)*.
6. ЭКГ.
7. Бүйрек, бауыр, өкпе реографиясы*.

Психологиялық диагностика (көрсетімдер бойынша):
1. Миннесоталық көп шкалалық жеке сауалнама MMPI*.
2. Р. Кеттелл тесті «Он алты тұлғалық фактор, 16PF*.
3. Айзенк жеке сауалнамасы EPI*.
4. Шмишек сауалнамасы*.
5. Т. Лири интерперсональді қатынастар сауалнамасы*.
6. Невротизация жəне психопатизация деңгейін анықтау əдістемесі (УНП)*.
7. Депрессияны өзіндік бағалау шкаласы*.
8. Ч. Спилбергердің реактивті жəне тұлғалық қатер шкаласы*.
9. Субъективті бақылау деңгейін анықтау əдістемесі УСК*.
10. Розенцвейг əдістемесі*.
11. Люшер тесті*.
12. Крепелин бойынша есептеу. «Корректурлық проба». «Пиктограмм» методикасы.
13. «Классификация». «Қарапайым аналогиялар», «Қиын аналогиялар», «Айтарлықтай белгілер», «Түсінікті салыстыру» əдістемелері*.
14. Векслер тесті WAIS*.

Сəулелік диагностика (көрсетімдер бойынша):
1. Құрсақ ағзаларына УДЗ (ультрадыбыстық зерттеу) жасау.
2. Рентгенография.

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы
Негізгі клиника-психологиялық нысаналар (есірткілік заттектерге тəуелділік қалыптасу тетіктері):
1. Соматикалық патологиялы статус (тəндік дертті ахуал).
2. Психикаға əсерлі заттектерге патологиялық құмарлық.
3. Жекетұлғалық патологиялық статус (жекетұлғалық дертті ахуал).
4. Жекетұлғалық нормативті статус (жекетұлғалық қалыпты ахуал).
5. Əлеуметтік кемістікті статус (ахуал).
6. Медициналық-əлеуметтік оңалтудан толыққұнды өтуге ынталылық деңгейі.

Ем мақсаты:
1. Постабстиненциялық жағдайды түзету.
2. Психологиялық денсаулықтың − есірткеге қарсы ұстамдылықтың жекетұлғалық жəне əлеуметтік қасиеттерін дамыту жəне тұрақтандыру.
3. Медициналық, əлеуметтік, психологиялық сауықтыру.

Дəрі-дəрмексіз ем

Негізгі емдік-оңалту шаралары:
- сауықтыру бөлімшесінде тұруға, оның шарттарына жəне жұмыс істеу кестесіне бейімдеу;
- емдік қауымдасу жағдайындағы сауықтыру бағдарламасына белсенді қатысу қажеттілігін дəлелдеуге бағытталған жұмыс жүргізу;
- кəсіптік бағыт беру бағдарламасын жүргізу;
- мəдени-сауық, көңіл көтеру бағдарламасы;
- спорттық сауықтыру бағдарламасы;
- волонтерлік қозғалыс.

Негізгі психотерапиялық шаралар
- топтық психотерапия – есірткіге қарсы ұстамдылықты (психологиялық денсаулық қасиетін) дамытуға бағытталады;
- əлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы;
- отбасылық кеңес беру;
- отбасылық психотерапия, елеулі басқа адамдар қатысуымен топтық психотерапия жасау;
- рецидивке қарсы психотерапия, рецидивке қарсы тренингтер;
- нормативті құндылықтар жүйесін қалыптастыру;
- өмір сүрудің позитивті сценариін жасау.

Бұл шаралар интегративті-дамытушы, топтық психотерапия тəсілі арқылы жүзеге асырылады. Гештальт-терапияның, трансактілік анализдің, логотерапияның, экзистенциялық терапияның адаптацияланған психотерапиялық əдістері қолданылады. Әлеуметтік-психологиялық тренингтер бағдарламасы арқылы, сондай-ақ емдік қауымдасу жағдайындағы қарым-қатынас арқылы жүргізіледі.

Зиянды салдар (зардап) қалдырған ішкіштікті (араққа салынуды) емдеудің алгоритмі:
- витаминдер (тиамин, пиридоксин, цианкобаламин, аскорбин қышқылы бұлшықетке немесе венаға жіберіледі, фолий қышқылы, ретинол беріледі);
- амин қышқылдары (эссенциале капсулада, гамма-аминомайлы қышқыл);
- ноотроптар (пирацетам);
- транквилизаторлар (жұбатқылар), ұйықтатқылар (диазепам 30-50 мг/тəу., нитразепам 5-10 мг жатарда).
Физиотерапия (электрұйықтатқы, акупунктура, массаж жəне т.б.).

Қазіргі уақытта демеуші ем алып клиникалық бақылауда жүрген тəуелділік синдромын емдеудің алгоритмі:
- алкогольге патологиялық құмарлықты басатын дəрі-дəрмектер – нейролептиктер (клозапин 100-200 мг/тəу.;
- рисперидон 1-4 мг/тəу. ерітінді түрінде);
- антидепрессанттар (үрейбасқылар) – кломипрамин, флувоксамин, амитриптилин орташа тəуліктік доза мөлшерінде;
- антиконвульсанттар (карбамазепин, вальпрой қышқылы);
- витаминдер (тиамин, пиридоксин, аскорбин қышқылы, никотин қышқылы);
- ноотроптар (пирацетам, гамма-аминомайлы қышқыл);
- гепатопротекторлар (бауырқорғауыштар) – холензим, эссенциале);
- транквилизаторлар (жұбатқылар) жəне ұйықтатқылар (нитразепам, феназепам).
Физиотерапия: ИРТ,электроұйықтатқы, массаж.

Қазіргі уақытта тыйылу кезеңінде (ішпей жүрген), бірақ араққа жеркеніш беретін дəрілердің көмегімен жүрген тəуелділік синдромын емдеу алгоритмі:
- витаминдер (тиамин, пиридоксин, аскорбин қышқылы, фолий қышқылы);
- амин қышқылдары (церебролизин, эссенциале, холензим);
- ноотроптар (пирацетам, гамма-аминомайлы қышқыл);
- алкогольге сенсибилизация дамытатын дəрі-дəрмектер (метронидазол, никотин қышқылы);
- алкогольге патологиялық құмарлықты басатын дəрі-дəрмектер – нейролептиктер (клозапин 100-200 мг/тəу.; рисперидон 1-4 мг/тəу. ерітінді түрінде);
- антидепрессанттар (үрейбасқылар) – кломипрамин, флувоксамин, (амитриптилин орташа тəуліктік доза мөлшерінде);
- антиконвульсанттар (карбамазепин, вальпрой қышқылы).

Интеллектуалдық-мнезиялық (ойлау, жадына сақтау) ауытқуларды емдеу алгоритмі. Негізгі когнитивтік функциялардың (жадында сақтау, назар аудару тұрақтылығы, тез ойлау процестерінің) аса ауыр емес бұзылыстарын емдеу үшін таңдаулы препараттар ретінде ноотроптар (пирацетам), амин қышқылдары (глютамин қышқылы), витаминдер (В1, В6, В12, аскорбин қышқылы, никотин қышқылы) қолданылады.
Физиотерапия (акупунктура (ине шаншып емдеу), электроұйықтатқы) тағайындалады.

Астениялық (неврастениялық) синдромды емдеу алгоритмі: аса тез шаршағыштықты, ашуланшақтықты, эмоциялық реакциялардың құбылмалылығын азайту үшін таңдаулы препараттар қатарына жататын имипрамин 25-150 мг/тəу., флуоксетин 20-40 мг/тəу., сондай-ақ ноотроптар, витаминдер (В1, В6, В12, жəне т.б.) амин қышқылдары, гепатопротекторлар беріледі.
Физиотерапия (электроұйықтатқы, акупунктура, массаж) тағайындалады.

Диссомниялық бұзылыстарды (ұйқы бұзылуды) емдеу алгоритмі: таңдаулы препараттар ретінде бензодиазепиндердің туындылары (диазепам 4-6 мл/тəу. 0,5% ерітінді түрінде), фенобарбитал, 3-ші лектегі ұйықтатқыларға жататын зопиклон (имован) ең азəсерлі дозасы 7,5 мг беріледі, емдеу курсын 5 күннен асырмайды, нəтиже болмаған жағдайда препарат беруді тоқтатқан жөн, оның орнына нейролептик дəрілер (клозапин 50 мг жатарда) тағайындайды.

Əрі қарай жүргізу: 2 кезеңдегі емдік шараларды өткеннен кейін (медициналық реабилитация) реабилитация бағдарламасына еңбек терапиясын қосып медициналық-əлеуметтік реабилитация жүргізуге болады*

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
-**Карбамазепин 200 мг, таб.
-**Рисперидон 2 мг, таб.
-**Флувоксамин 50 мг, таб.
-**Флуоксетин 50 мг, таб.
-**Оланзапин 10 мг, таб.

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
-**Амброксол 30 мг, таб.
-**Аминофиллин 2,4% -5,0 мл, амп.
-**Амитриптиллин 2,0% - 2 мл, амп.
-**Амитриптиллин 25 мг, таб.
-**Ампициллин 1,0 амп.
-**Бисакодил 5 мг, таб.
-**Венлафаксин 75 мг, таб.
-**Винпоцетин 2 мл, амп.
-**Винпоцетин 5 мг, таб.
-**Галоперидол 0,5% - 1 мл, амп.
-**Галоперидол 5 мг, таб.
-**Гамма-аминобутир қышқылы 250 мг, таб.
-**Гидрохлортиазид 25 мг, таб.
-**Гинкго Билоба 40 мг, таб.
-**Декстран-70 200 мл
-**Декстроза 5% - 400,0 мл, фл.
-**Диазепам 0,05% - 2 мл, амп.
-**Диазепам 10 мг, таб.
-**Дигоксин 0,025%- 1 мл, амп.
-**Диклофенак натрий 2,5% 3,0 мл амп.
-**Дротаверин 40 мг - 2 мл, амп.
-**Зопиклон 7,5 мг, таб.
-**Кетопрофен 50 мг, таб.
- *Аскорбин қышқылы 5% - 1,0 мл, амп.
-**Аскорбин қышқылы 50 мг, драже
-**Клозапин 25 мг, таб.
-**Алюминий жəне магний гидрототығы бар комбинирленген преп-тар, сусп., 70 мл
-**шошқа миынан алынған пептидтер кешені 5 мл, амп.
-**Ко-тримаксозол 480 мг, таб.
-**Лактулоза 500 мл, фл.
-**Левомепромазин 2,5% 1,0 мл, амп.
-**Лоперамид 2 мг, капс.
-**Метронидазол 250 мг, таб.
-**Милнаципрам 50 мг, таб.
-**Налтрексон 50 мг, таб.
-**Натрий хлориді 0,9% инфуз. үшін ерітінді 200 мл, фл.
-**Нистатин 500 мың бір., таб.
-**Панкреатин 10000 БІР таб.
-**Парацетамол 500 мг, таб.
-**Пирацетам 20% - 5,0 мл, амп.
-**Пирацетам 400 мг., таб.
-**Пиридоксин гидрохлориді 5% - 1,0 мл, амп.
-**Ранитидин 300 мг, таб.
-**Рисперидон 1 мг/мл, сусп.
-**Селимарин, фумарин капс.
-**Сертралин 50 мг, таб.
-**Спирт 70% 200 мл
-**Тиамина бромид 5% - 1,0 мл, амп.
-*Токоферола ацетат капс.
-**Тофазепам 50 мг, таб.
-**Тригексифенидил 2 мг, таб.
-**Активті көмір 0,25, таб.
-**Фуразолидон 50 мг, таб.
-**Фуросемид 1% - 2,0 мл, амп.
-**Хлоропирамин 20 мг -1,0 мл, амп.
-**Хлорпромазин 2,5% - 2 мл, амп.
-**Цефазолин 1,0 амп.
-**Цианокобаламин 0,05% 1,0 мл, амп.
-**Циннаризин 25 мг, таб.
-**Эналаприл 5 мг, таб.

Ем тиімділігінің индикаторлары: 
- алкоголь ішуден толық тиылу;
- физикалық жəне психикалық денсаулығы жақсаруы жəне нығаюы;
- алкогольге патологиялық құмарлықтың белгілері білінбеу;
- қалыпты қарым-қатынас шеңбері мен қызығушылық ауқымы кеңеюі;
- салауатты өмір сүруге жəне арақты татып алмауға мақсат қою.


* - берілген есеппен бірге бюджеттік қаржыландыру схемасына сəйкес кезде тек жоғары мамандандырылған мекеме жағдайында жасалады (НМƏП РҒПО, ППН РҒПО).

** - негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

*** - емделушіні 1 кезеңнен ауыстырғанда жүргізілмейді.

Ауруханаға жатқызу

 
Госпитализациялау үшін көрсетімдер:
1. Тəуелділік синдромы, тыйылу кезеңі.
2. Зардап қалдырған арақ ішу.

Жоспарлы госпитализация алдында жасалуға тиісті тексерулер:
1. Нарколог консультациясы мен қорытындысы.
2. Вассерман реакциясын (RW) тексеру.
3. Көкірек ағзаларының флюорографиясын жасау.
4. Флюорографиялық өзгерістер бар болса фтизиатр дəрігерге тексерту.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Алтынбеков С.А., Грузман А.В. Медикаментозная противорецидивная терапия при опийной наркомании. Методические рекомендации. Павлодар, 2005. -60 с. 2. Батищев В.В., Негериш Н.В. Методология организации программы психотерапии и реабилитации больных зависимостью от психоактивных веществ, имеющих низкий уровень мотивации на лечение. Программа «Решение»: теория и практика. – Москва, 2000. – 184 стр. 3. Блейхер В. М., Круг И. В. Клиническая патопсихология. -М.: 1997-с. 100-104 4. Валентик Ю.В. Современные методы психотерапии больных алкоголизмом. В кн.: Лекции по клинической наркологии под ред. проф. Н.Н.Иванца. – М.: «НАН», 2000. – С. 191-206 5. Головин С.А. Опыт применения оланзапина в процессе медико-социальной реабилитации больных в наркологической клинике 6. Иванец Н. Н. Современная концепция терапии наркологических заболеваний. Лекции по клинической наркологии. М, 1995, с.109 7. Карелин А. Большая энциклопедия психологических тестов.Эксмо, 2007 г. 416 стр. 8. Катков А.Л., Пак Т.В., Россинский Ю.А., Титова В.В. Интегративно-развивающая психотерапия больных наркоманией. Павлодар, 2003, 267 стр. 9. Катков А.Л., Россинский Ю.А. Новые подходы в лечении и реабилитации нар- козависимых // Вопросы наркологии Казахстана, 2002, Т. 2, № 2, С. 84-88. 10. Кордуэлл М. Психология от А до Я: Словарь-справочник, 2000г. 11. Ялтонский В.М., Сирота Н.А. Мотивационная терапия // Наркология, 2003, № 4, С. 41- 44. 12. Anton RF, Neurobehavioural basis for the pharmacotherapy of alcoholism: current and future directions. Alcohol, 1996, 31 Suppl1: 43-53 13. Havton et al, Deliberate self harm: systematic review of efficacy of psychosocial and pharmacological treatment in preventing repetition. BMJ, 1998 Aug, 15, 317: 441-7 14. Litten RZ, Allen JP, Pharmacotherapies for alcoholism: Promising agents and clinical issues. Alcohol Clin Exp Res, 1991, Vol.15, N4, p 620-33 15. Miller W.R. Motivation Enhancement Therapy: Description of Counseling Approach // Approaches to drug Abuse Counseling. NIDA. Rockville, 2000, p. 99-106. 16. O'Malley S.S; Jaffe A.J.; Chang G.; Rode S.; Schottenfeld R.; Meyer R.E.; Rounsaville B. // Archives Of General Psychiatry.-1992.- nov.-V.49.-р.881-887: " Naltrexone and coping skills therapy for alcohol dependence (a controlled study)" 17. S.Walen «Cognitive factors in behavior», 1980

Ақпарат

 
Əзірлеушілер тізімі:
Катков Александр Лазаревич, м.ғ.д., профессор, Наркомания медициналық-əлеуметтік проблемалары Республикалық ғылыми-практикалық Орталығының директоры (əрі қарай – НМƏП РҒПО).
Россинский Юрий Александрович, м.ғ.д., НМƏП РҒПО директорының ғылыми істер бойынша орынбасары.
Лаврентьев Олег Валерьевич, НМƏП РҒПО ақпарат жəне талдау бөлімінің меңгерушісі.
Рамм Александр Николаевич, НМƏП РҒПО кəсіби стандарттар бөлімінің меңгерушісі.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх