Алкоголь ішу нəтижесінде дамыған психикалық жəне мінез-құлықтық ауытқулар. 1-кезең

H-T-014

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением алкоголя. Острая интоксикация (F10.0)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы: 

Алкоголизм (маскүнемдік) − спиртті ішімдікке қарсы тұруға шамасы келмейтін патологиялық құмарлықпен, организмнің төзімділігі өзгеруімен, алкогольдік абстиненттік («бас жазу») синдромы əйгіленістерімен жəне жеке тұлғаның алкогольдік азғындауы дамуымен сипатталатын ауру.


Хаттама коды: H-T-014 "Алкоголь ішу нəтижесінде дамыған психикалық жəне мінез-құлықтық ауытқулар. 1-кезең"
Терапевтиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
F10.1 Зардап (зиянды салдар) қалдырған алкоголь ішу
F10.2 Алкоголь ішуден туындаған психикалық жəне мінез-құлықтық ауытқулар. Тəуелділік синдромы
F10.3 Алкоголь ішуден туындаған психикалық жəне мінез-құлықтық ауытқулар. Тыйылу кезеңіндегі жағдай

Жіктемесі


Жіктемесі: АХЖ-10 бойынша.

Диагностикасы

 
Диагностика критерийлері:
1. Қашан жəне қанша ішуін қадағалай алмайтын, спиртті ішімдікке қарсы тұруға шамасы келмейтін патологиялық құмарлық.
2. Алкогольдік абстиненттік (тыйылу) синдромы болу.
3. Алкоголь ішуден дамыған жекетұлғалық деградация (азғындау).
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі

Клиникалық диагностика:
1. Консультация: нарколог (аддикция ауырлық индексін анықтаумен*).
2. Консультация: психотерапевт*.
3. Психологиялық консультация.
4. Консультация: терапевт.
5. Консультация: физиотерапевт.

Лабораторлық диагностика:
1. Қанның жалпы анализі (7 параметр: лейкоциттер, эритроциттер, гемоглобин, эритроциттің орташа көлемі, тромбоциттер, лимфоциттер %, нейтрофилдер %).
2. Зəрдің жалпы анализі.
3. Мочевина мен қалдық азотты анықтау.
4. Жалпы белокты анықтау.
5. АЛТ мен АСТ анықтау.
6. ЛДГ* анықтау.
7. Қандағы қантты анықтау.
8. Билирубинді анықтау.
9. Тимол сынамасы.
10. Этанолдың зəрде болуына поляризациялық флуоресценттік иммуноанализ*.

Функционалды диагностика:
1. Электроэнцефалография (ЭЭГ).
2. Реоэнцефалография (РЭГ).
3. Эхоэнцефалография.

Психологиялық диагностика:
1. Сауалнама мини-мульт MMPI*.
2. Шульте кестесі*.
3. Лурии тесті, 10 сөзді жаттау əдісі*.
4. «Артығын алып тастау» əдісі*.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі

Клиниклық диагностика: мамандар консультациясы (хирург, гинеколог, инфекционист, невропатолог, фтизиатр, психиатр, СПИДолог, уролог, отоларинголог, окулист, стоматолог) – көрсетімдер бойынша.

Лабораторлық диагностика (көрсетімдер бойынша):
1. Диастазаны анықтау*.
2. Кортизол деңгейін анықтау*.
3. Цианокаболамин деңгейін анықтау (вит. В 12)*.
4. Белок фракцияларын анықтау*.
5. В жəне С* вирусты гепатит маркерлерін анықтау.

Функционалдық диагностика (көрсетімдер бойынша):
1. Шақырылған потенциалдар (ШП)*.
2. Электронейромиография (ЭМГ)*.
3. Ультрадыбыстық доплерография (УДДГ)*.
4. Полисомнография*.
5. Аяқ реовазографиясы (РВГ)*.
6. ЭКГ.
7. Бүйрек, бауыр, өкпе реографиясы*.

Психологиялық диагностика (көрсетімдер бойынша):
1. Миннесоталық көп шкалалық жеке сауалнама MMPI*.
2. Р. Кеттелл тесті «Он алты тұлғалық фактор, 16 PF*.
3. Айзенка жеке сауалнамасы EPI*.
4. Шмишек сауалнамасы*.
5. Т. Лири интерперсональді қатынастар сауалнамасы*.
6. Невротизация жəне психопатизация деңгейін анықтау əдістемесі (УНП)*.
7. Депрессияны өзіндік бағалау шкаласы*.
8. Ч. Спилбергердің реактивті жəне тұлғалық қатер шкаласы*.
9. Субъективті бақылау деңгейін анықтау əдістемесі УСК*.
10. Розенцвейг əдістемесі*.
11. Люшер тесті*.
12. Крепелин бойынша есептеу. «Корректуралық проба». Методика «Пиктограмм».
13. «Классификация», «Қарапайым аналогиялар», «Қиын аналогиялар», «Айтарлықтай белгілер», «Түсінікті салыстыру» əдістемелері*.
14. Векслер тесті WAIS*.

Сəулелік диагностика (көрсетімдер бойынша):
1. Құрсақ ағзаларына УДЗ (ультрадыбыстық зерттеу) жасау.
2. Рентгенография.

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы
Негізгі клиника-психологиялық нысаналар (есірткілік заттектерге тəуелділік қалыптасу тетіктері):
1. Соматикалық патологиялы статус (тəндік дертті ахуал).
2. Психикаға əсерлі заттектерге патологиялық құмарлық.
3. Жекетұлғалық патологиялық статус (жекетұлғалық дертті ахуал).
4. Жекетұлғалық нормативті статус (жекетұлғалық қалыпты ахуал).
5. Əлеуметтік кемістікті статус (ахуал).
6. Медициналық-əлеуметтік оңалтудан толыққұнды өтуге ынталылық деңгейі.

Ем мақсаты:
1. Физикалық (тəндік) тəуелділікті тыю жəне психикалық тəуелділікті шектеу.
2. Психикалық жəне мінез-құлықтық ауытқуларды түзету.
3. Сауықтыру бағдарламасына қатысу ынтасын қалыптастыру.

Негізгі емдік-оңалту шаралары
- алкоголь ішуден тиылуды қамтамасыз ету;
- оңалу потенциалының деңгейін (жоғары, орташа, төмен) анықтау;
- медициналық-əлеуметтік сауықтыру бағдарламасына қатысу ынтасын қалыптастыру;
- алкогольге патологиялық құмарлықтың орталықтық жəне перифериялық тетіктерінің қайта өршуіне қарсы шаралар жүргізу.

Негізгі психотерапиялық шаралар: мотивациялық сұхбат, мотивациялық консультатция беру, мотивациялық психотерапия. Алкогольге патологиялық құмарлықты бөгеу. Алкогольге тəуелділіктің ауырлық индексін анықтау.

Аталған шаралар жеке-дара консультатция жəне психотерапия тəсілдері арқылы, топтық консультатцияның жəне топтық мотивациялық психотерапияның, гештальт-терапияның, трансактілік талдаудың адаптацияланған əдістері арқылы жүзеге асырылады.

Алкогольден жіті уыттанудың (арақтан мас болудың) ауыр дəрежелі түрін емдеудің алгоритмі: 
- асқазанды жуу;
- аналептиктер жəне психотониктер (дигоксин, строфантин инъекция түрінде, кордиамин);
- детоксикация (уытты қайтару) − полиионды қоспалар, физиологиялық ерітінді, глюкозаның 5% ерітіндісі, натрий тиосульфаты венаға);
- ноотроптар (пирацетам 20% ерітінді 5-15 мл бұлшықетке немесе венаға);
- гепатопротекторлар (эссенциале ерітіндісі).

Алкогольдік абстиненттік синдромды емдеу алгоритмі: 
- 3-5 күн (қажет жағдайда 5-7 күн) бойы детоксикация (уытты шығару) − полиионды қоспалар, физиологиялық ерітінді, глюкозаның 5% ерітіндісі венаға, натрий тиосульфаты венаға; витаминдер (пиридоксин 5%-10 мл бұлшықетке, никотин қышқылы бұлшықетке, аскорбин қышқылы);
- транквилизаторлар (жұбатқылар) жəне ұйықтатқылар (диазепам 30-50 мг/тəу., нитразепам 5-10 мг жатарда, натрий оксибутираттың 20% ерітіндісі 10 мл/тəу); - антиконвульсанттар (карбамзепин 400-600 мг/тəу.);
- натрий вальпроаты 450-900 мг/тəу.);
- нейролептиктер (клозапин, рисперидон, галоперидол);
- антидепрессанттар (үрейбасқылар) – амитриптилин, серталин);
- глюкокортикоидтар (преднезолон);
- дегидратациялауыштар (фуросемид);
- ноотроптар (парицетам 20% ерітінді 5-15 мл бұлшықетке немесе венаға);
- гепатопротекторлар (эссенциале, холензим).
Физиотерапия (электроұйықтатқы, акупунктура, массаж жəне т.б.).

Диссомниялық бұзылыстарды (ұйқы бұзылуды) емдеу алгоритмі: таңдаулы препараттар ретінде бензодиазепиндердің туындылары (диазепам 4-6 мл/тəу. 0,5% ерітінді түрінде), фенобарбитал, 3-ші лектегі ұйықтатқыларға жататын зопиклон (имован) ең азəсерлі дозасы 7,5 мг беріледі, емдік курсын 5 күннен асырмайды, нəтиже болмаған жағдайда препарат беруді тоқтатқан жөн, оның орнына нейролептик дəрілер (клозапин 50 мг жатарда) тағайындалады.

Интелектуалдық-мнезиялық (ойлау, жадына сақтау) ауытқуларды емдеу алгоритмі: негізгі когнитивтік функциялардың (жадында сақтау, назар аудару тұрақтылығы, тез ойлау процестерінің) аса ауыр емес бұзылыстарын емдеу үшін таңдаулы препараттар ретінде ноотроптар (пирацетам), амин қышқылдары (глютамин қышқылы), витаминдер (В1, В6, В12, аскорбин қышқылы, никотин қышқылы) қолданылады. Физиотерапия (акупунктура (ине шаншып емдеу), электроұйықтатқы) тағайындалады.

Астениялық (неврастениялық) синдромды емдеу алгоритмі: аса тез шаршағыштықты, ашуланшақтықты, эмоциялық реакциялардың құбылмалылығын азайту үшін таңдаулы препараттар қатарына жататын имипрамин 25-150 мг/тəу., флуоксетин 20-40 мг/тəу., сондай-ақ ноотроптар, витаминдер (В1, В6, В12, жəне т.б.) амин қышқылдары, гепатопротекторлар беріледі. Физиотерапия (электроұйықтатқы, акупунктура, массаж) тағайындалады.

Антиконвульсанттармен (құрысқақбасқы дəрілермен) емдеудің алгоритмі: антиконвульсанттардың құрысқаққа қарсы, нормотимиялық, эмоциятропты қасиеттері алкогольдік абстиненттік синдромды емдегенде тиімді нəтиже береді. Таңдаулы препарат ретінде карбомазепин тəулігіне 1-2 рет тағайындалады. Қажет болған жағдайда препараттың дозасын 400 мг-нан 2-3 рет беруге дейін көбейтеді. Натрий вальпрот – тəуліктік дозасын 30-50 мг/кг дене салмағына есептеп береді, əдетте 0,1-0,5 г болады, қажет болған жағдайда дозасын көбейтуге болады.

Нейролептиктермен емдеу алгоритмі: алкогольге патологиялық құмарлықты тыю үшін, еліруді азайту үшін жəне мінез-құлықты түзету үшін - галоперидол (5-15 мг/тəу.); клозапин (азалептин) 100-200 мг/тəу.; рисперидон (рисполепт) 4-6 мг/тəу. ерітінді түрінде; хлорпромазин (аминазин) 50-200 мг/тəу. тағайындалады.

Антидепресанттармен (үрейбасқылармен) емдеу алгоритмі: көңіл-күйді қалыпты жағдайға келтіру, апатиялы жағдайдан шығару, үрейді басу, ұйқыны реттеу, сондай-ақ есірткіге патологиялық құмарлықтың обессиялық (қайта-қайта еске түсе беретін мезілегіш) құрамбөлігін тыю үшін қолданылатын таңдаулы препараттар ретінде антидепрессанттардың ішінде қосымша седативті қасиеті бар түрлері, орташа тəуліктік доза мөлшерінде, тағайындалады − кломипрамин, флувоксамин, амитриптиллин.

Әрі қарай жүргізу: 2 кезеңге ауыстыру.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
-**Диазепам 0,05% - 2 мл, амп.
-**Диазепам 10 мг, таб.
-**Зопиклон 7,5 мг, таб.
-**Карбамазепин 200 мг, таб.
-**Кислота аскорбиновая 50 мг, драже
-**Клозапин 25 мг, таб.
-**Левомепромазин 25 мг, таб.
-**Преднизолон 5 мг, таб.
-**Рисперидон 2 мг, таб.
-**Токоферола ацетат капс.
-**Тофазепам 50 мг, таб.
-**Флувоксамин 50 мг, таб.
-**Флуоксетин 50 мг, таб.
-**Хлорпромазин 2,5% - 2 мл, амп.
-**Селимарин, фумарин капс.

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
-**Аминофиллин 2,4% - 5,0 мл амп.
-**Амитриптиллин 2,0% - 2 мл, амп.
-**Амитриптиллин 25 мг, таб.
-**Ацетилсалицил қышқылы 500 мг таб.
-**Венлафаксин 75 мг, таб.
-**Винпоцетин 2 мл, амп.
-**Винпоцетин 5 мг, таб.
-**Галоперидол 0,5% - 1 мл, амп.
-**Галоперидол 5 мг, таб.
-**Гамма-аминобутир қышқылы 250 мг таб.
-**Гентамицин 4% - 1,0 мл амп.
-**Гидрохлортиазид 25 мг таб.
-**Гинкго Билоба 40 мг, таб.
-**Декстроза 5% - 400,0 мл, фл.
-**Декстран-70 200 мл фл.
-**Дигоксин 0,025% -1 мл амп.
-**Диклофенак натрий 2,5% 3,0 мл амп.
-**Дротаверин 40 мг - 2 мл, амп.
-**Кетопрофен 50 мг, таб.
-**Аскорбин қышқылы 5% - 1,0 мл, амп.
-** Алюминий жəне магний гидрототығы бар комбинирленген преп-тар, сусп., 70 мл
-**шошқа миынан алынған пептидтер кешені 5 мл, амп.
-**Ко-тримаксозол 480 мг таб.
-**Лактулоза 500 мл, фл., мл
-**Левомепразин 2,5% 1,0 мл, амп.
-**Лоперамид 2 мг, капс.
-**Метаклопрамид 10 мг, таб.
-**Метронидазол 250 мг таб.
-**Милнаципрам 50 мг, таб.
-**Налтрексон 50 мг, капс.
-**Натрий хлориді 0,9% инфуз.үшін ерітінді 200 мл, флак.
-**Никотин қышқылы 1% - 1,0 мл амп.
-**Нистатин 500 мың бір. таб.
-**Оланзапин 10 мг, таб.
-**Панкреатин 10000 ЕД таб.
-**Парацетамол 500 мг, таб.
-**Пирацетам 20% - 5,0 мл, амп.
-**Пирацетам 400 мг, таб.
-**Пиридоксин гидрохлориді 5% - 1,0 мл, амп.
-**Прокаин 0,5% - 5,0 мл, амп.
-**Ранитидин 300 мг, таб.
-*Рисперидон 1 мг/мл, сусп., мл
-**Сертралин 50 мг, таб.
-**Тиамин бромиді 5% - 1,0 мл, амп.
-**Тригексифенидил 2 мг, таб.
-**Активті көмір 0,25 таб.
-**Фуросемид 1% - 2,0 мл, амп.
-**Цефазолин 1,0 амп.
-**Цианокобаламин 0,05% 1,0 мл амп.
-**Циннаризин 25 мг, таб.
-**Эналаприл 5 мг, таб.

Емдеудің келесі кезеңіне ауыстыру критерилері: ішуді тоқтату, симптомдары болмау, көңіл-күй жақсару, ұйқысы дұрысталу, ауруына сыни көзқарас қалпына келу, алкогольге патологиялық құмарлық тыйылу, арақ ішуді қоюға жəне əрі қарай медициналық-əлеуметтік сауықтыру бағдарламасынан өтуге ынта пайда болу.


* - Берілген есеппен бірге бюджеттік қаржыландыру схемасына сəйкес кезде тек жоғары мамандандырылған мекеме жағдайында жасалады (НМƏП РҒПО, ППН РҒПО).

** - Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу

 
Госпитализациялау үшін қажет көрсетімдер:
1. Алкогольден жіті уыттану, асқынбаған түрі.
2. Тəуелділік синдромы. Өршу фазасы.
3. Тыйылу кезеңіндегі жағдай, асқынбаған түрі.

Жоспарлы госпитализация алдында жасалуға тиісті тексерулер:
1. Нарколог консультациясы жəне қорытындысы.
2. Вассерман реакциясын (RW) тексеру.
3. Көкірек ағзаларының флюорографиясын жасау.
4. Флюорографиялық өзгерістер бар болса фтизиатр дəрігерге тексерту.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Алтынбеков С.А., Грузман А.В. Медикаментозная противорецидивная терапия при опийной наркомании. Методические рекомендации. Павлодар, 2005. -60 с. 2. Блейхер В. М., Круг И. В. Клиническая патопсихология. -М.: 1997-с. 100-104 3. Валентик Ю.В. Современные методы психотерапии больных алкоголизмом. В кн.: Лекции по клинической наркологии под ред. проф. Н.Н.Иванца. – М.: «НАН», 2000. – С. 191-206 4. Гнездицкий В. В. Вызванные потенциалы мозга в клинической практике. – Таганрог: ТРГУ., 1997г 5. Головин С.А. Опыт применения оланзапина в процессе медико-социальной реабилитации больных в наркологической клинике 6. Иванец Н. Н. Современная концепция терапии наркологических заболеваний. Лекции по клинической наркологии. М, 1995, с.109 7. Иванец Н.Н. Руководство по наркологии. Под редакцией члена-корр. РАМН М., 2002, том 1, 2. 8. Карелин А. Большая энциклопедия психологических тестов.Эксмо, 2007 г. 416 стр. 9. Катков А.Л., Пак Т.В., Россинский Ю.А., Титова В.В. Интегративно-развивающая психотерапия больных наркоманией. Павлодар, 2003, 267 стр. 10. Катков А.Л., Россинский Ю.А. Новые подходы в лечении и реабилитации нар- козависимых // Вопросы наркологии Казахстана, 2002, Т. 2, № 2, С. 84-88. 11. Кордуэлл М. Психология от А до Я: Словарь-справочник, 2000г. 12. Стрелец Н.В., Уткин С.И., Деревлев Н.Н. Комплексная терапия неотложных состояний в наркологии. Пособие для врачей психиатров-наркологов. М., 2000; 35. 13. Anton RF, Neurobehavioural basis for the pharmacotherapy of alcoholism: current and future directions. Alcohol, 1996, 31 Suppl1: 43-53 14. Havton et al, Deliberate self harm: systematic review of efficacy of psychosocial and pharmacological treatment in preventing repetition. BMJ, 1998 Aug, 15, 317: 441-7 15. Litten RZ, Allen JP, Pharmacotherapies for alcoholism: Promising agents and clinical issues. Alcohol Clin Exp Res, 1991, Vol.15, N4, p 620-33 16. Miller W.R. Motivation Enhancement Therapy: Description of Counseling Approach // Approaches to drug Abuse Counseling. NIDA. Rockville, 2000, p. 99-106. 17. O'Malley S.S; Jaffe A.J.; Chang G.; Rode S.; Schottenfeld R.; Meyer R.E.; Rounsaville B. // Archives Of General Psychiatry.-1992.- nov.-V.49.-р.881-887: " Naltrexone and coping skills therapy for alcohol dependence (a controlled study)" 18. S.Walen «Cognitive factors in behavior», 1980

Ақпарат

 
Əзірлеушілер тізімі:
Катков Александр Лазаревич, м.ғ.д., профессор, Наркомания медициналық-əлеуметтік проблемалары Республикалық ғылыми-практикалық Орталығының директоры (əрі қарай – НМƏП РҒПО).
Россинский Юрий Александрович, м.ғ.д., НМƏП РҒПО директорының ғылыми істер бойынша орынбасары.
Лаврентьев Олег Валерьевич, НМƏП РҒПО ақпарат жəне талдау бөлімінің меңгерушісі.
Рамм Александр Николаевич, НМƏП РҒПО кəсіби стандарттар бөлімінің меңгерушісі.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх