Жүктілік кезіндегі веналық асқынулар

P-O-019

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Венозное осложнение во время беременности неуточненное (O22.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы:
Жүктілік кезіндегі веналық асқынулар-механикалық факторлардың 
салдарынан болатын веналық желі қызметінің бұзылуы (варикозды - кеңейген тамырларда
қанның іркілуі, реалогиялық бұзылу, клапандық аппаратың жетіспеушілігі жəне т.б). Жүктілікке байланысты қанның түрушілігуі (свертывания) жүйесінің параметрлерінің өзгеруі (тромбофильдік күй).


Хаттама коды: P-O-019  "Жүктілік кезіндегі веналық асқынулар"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы поликлиникалар үшін.
АХЖ– 10 бойынша коды (кодтары):
О22     Жүктілік кезіндегі веналық асқынулар
О22.0. Жүктілік кезіндегі аяқ тамырларының варикозды кеңеюі
О22.1. Жүктілік кезіндегі жыныстық мүшелер тамырларының варикозды кеңеюі
О22.2. Жүктілік кезіндегі беткейлік тромбофлебит
О22.3. Жүктілік кезіндегі флеботромбоз
О22.4. Жүктілік кезіндегі көтеу (геморрой)
О22.8. Жүктілік кезіндегі веналық өзге асқынулар
О22.9. Жүктілік кезіндегі анықталмаған веналық асқынулар

Жіктемесі


Жіктемесі
Тромбофиля:
1.  Туабіткен.
2.  Жүре пайда болған.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Тұқымқуалаушылық.
2. 40 жастан асқан жүкті әйел.
3.  Дене салмағы асқын (өте ауыр).
4.  Өмір сүру салты (ауыр дене еңбегі, ұзақ аяғымен тік жүру, қоршаған ортаның температурасы жоғары болуы)
5.  Қан тобы А (ІІ), В (ІІІ) жəне АВ (IV).
6.  Коллагеноздар (көбінесе, СКВ), жегілік антикоагулянттың болуы.
7.  Гиперэстрогения (пероральды контрацептивтерді қабылдау, сүт шығудың (лакатация) тоқтауы)
8.  Анамнездағы бала табудың көптігі (төрттен жоғары).
9.   Қан ұйюының жоғарылығы (тұқым қуалаған антитромбин ІІІ-тің С жəне S протеиндердің, дисфибриногенемиянын, проксизмальды түнгі
гемоглобинурияның жетіспеуі).
10. Тромбоэмболин немесе сыртарқыда жарақат алғандығы айтылған (эндотели тұтастығының бұзылуымен).
11.  Гомоцистинурия.
12.  Нефротикалық синдром.
13.  Жарып алу жолымен босану  немесе акушерлік қысқыш қою.
14.  Венозды іркіліс (төсектен ұзақ тұрмау тəртібінде).
15.  Хирургиялық ұзақ іс-əрекет немесе операциядан кейінгі ұзақ қимылдамау.
16.  Преэклампсия (антитромбин ІІІ деңгейінің төмендеуі).

Диагностикасы


Диагностика критерилері:
-  кеңею, содан соң тері асты тамырының варикозды (түйінді) өзгеруі;
-  балтыр (сирақ) терісінің трофикалық бұзылуы;
-  əуелі соқпалы (келіп-кететін), ал кейін аяқтың ішкі жағының, толарсақтың, сирақтың төменгі үшіншісінің (үштен бірінің) үнемі ісінуі түрінде көрінетін екіншілік лимфалық жетіспеушілік.
 
Шағымдар мен анамнез:
· кешкі уақыттағы сирақ пен аяқтың ісінуі;
· аяқтың ауруы;
· тамыр бойымен қан жүрісі бойынша аяқтағы жылу мен дуылдауды сезіну;
· балтырдағы ауырлық пен тырсыю (распирание);
· түнде аяқтың тартылуы;
· сан мен сирақта көгерген тамырлар торының пайда болуы;
· тамырлардың кеңеюі;
· сирақ терісінің қараюы мен тығыздануы;
· трофикалық ойық жара.
 
Церебральдық қан тамырлар тромбозы кезінде ( 5 6 8 10)
· бас ауруы;
· құсу;
· қояншықтық ұстама;
· мəңгіру;
· ұйқы басу.
 
Физикалық тексеру:
- жалпы жəне акушерлік қарау;
- АҚ (АД) өлшеу;
- бой мен салмақ көрсеткіштері.
 
Инструменталдық зерттеу:
1. Ультрадыбыстық  дуплекстік ангиосканерлеу.
2. Ұрық пен кіші жамбас мүшелерін ультрадыбыстық зерттеу.
3. Жатырлық-плацентарлық жəне фетоплацентарлық  допплерография.
4. Ұрықтық КТГ (жүктіліктің 30-аптасынан)
5. Анасынан тұқым қуалаған ЭКГ.
6. Селективті немесе субтракционды ангиография (церебральдық қан тамырлардың тромбозында).

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер
Консультациясы:
- хирургтың.
Мүмкіндік бойынша:
- ангиохирургтың;
- флебологтың;
- нейрохирургтың (жүктілік кезіндегі церебральдық тамыр тромбозы);
- невропатологтың (жүктілік кезіндегі церебральдық тамыр тромбозы);
- проктологтың ( жүктілік кезіндегі көтек (геморрой).
Көрсеткіш бойынша-басқа да мамандар.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қан кету уақыты.
2. ПТИ.
3. Коагулограмма.
4. Фибриноген, гематокрит.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:  ультрадыбыстық дуплекстік ангиосканерлеу.
 
 

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеу:
- Қан кетудің уақыты;
- ПТИ;
- Коагулограмма;
- Фибриноген, гематокрит.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз:
Церебралдық қан тамырлардың тромбозына дифференциалды диагностиканы бассүйекішілік қан құйылуымен, церебральдық артерияның эмболиясымен, ми ісігімен, қояншықпен, бас сақинасымен (мигрень) бірге жүргізеді.

Емдеу тактикасы

Емдеу тактикасы:
Тамырдың варикозді кеңеюі, көтек (геморрой) екені білінген кезде консервативтік ем жүргізіледі, 1 триместрдегі церебральдық тамырлардың тромбозы екені білінген кезде жүктілікті тоқтату ұсынылады, егер тромбоз жайырақ уақытта анықталса, ішті жарып баланы алу ұсынылады.

Ем мақсаты: тромботикалық асқынуларды болдырмау.
 
Дəрі-дəрмексіз ем  [7,13]:
1.  Еңбек етуді қалыпқа келтіру ( ұзақ уақыт тік тұруды, ауыр зат көтеруді мүлде болдырмау).
2.  Эластикалық дəк тартып жүру немесе медициналық компрессионды трикотаж кию.
3.  Емдік денешынықтыру.
4.  Өз-өзіне массаж жасау.
5.  Жүзу.
6.  Тиімді тамақтану, ащы жəне майлы тамақтарды жеуді тоқтату.
7.  Фитотерапия.
8.  Электромагниттік терапия.

Дəрі-дəрмектік ем:
1. Қан тамырлар қабырғаларының беріктігін нығайтып, дəрі-дəрмектер қабылдау, қанның реологиялық қасиетін, микроқанайналымды жақсартатын дəрі-дəрмектерді қабылдау (В) [16,18].
2.  Антикоагулянттар (төменмолекулярлы гепарин) (А) кальций надропарині - алдын ала толтырылған шприцтегі инъекцияға арналған ерітінді [19-23].
3. Церебральдық тамыр тромбозының өткір кезеңіндегі, егер бассүйекшілік қан құйылуды тоқтату мүмкін болса, антикоагулянт қолданылады (əсіресе неврологиялық симптоматиканың күрт үдеуі кезінде ).
4.   Ми ісінуінің алдын алу үшін тамыр ішілік 
тəулігіне 20 мг дексаметазон жəне маннитол тағайындалады. (А) [5,6,8,10].

Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. 2850 МЕ анти-Ха/0,3 мл кальций надропин; 3800 МЕ анти-Ха/0,4мл;
2. 5700 МЕ анти-Ха 0,6 мл; 7600 МЕ анти Ха/0,8 мл.
3. Аэсцин.
4. Троксерутин.
5. Дексаметазон.
6. Маннол.

Ем тиімділігінің индикаторлары: қан  айналымның  жақсаруы  қанның  реалогиялық  қасиетінің  қалыпқа  келуі.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялауға көрсетімдер:
Тамырдың варикозды кеңеюі - жүктілікті жалғастыру туралы мəселені шешу үшін көрсеткіштер бойынша хирургияға мамандырылған ауруханаға жатқызу.
Жүктілік кезіндегі церебральдық тамыр тромбозы - жүктіліктің кез келген мерзімінде əйелді бөлімге немесе акушерлік гинекологиялық стационарға босануға дейінгі уақытқа жатқызу.
Жүктілік анықталмаған кездегі тамырлық асқыну – көрсеткіш бойынша нейрохирургиялық стационарға жатқызу.

Алдын алуы


Біріншілік профилактика:
- қауіп-қатер факторларын уақытында анықтау;
- антикоагулянттарды қабылдау;
- ұзақ уақыт төсектен тұрмау тəртібінде əйелдерге аяғына жаттығу жасауға нұсқау беріледі;
- тромбоздың жоғары қауіп-қатері кезінде гепариннің п/к инъекциясын аз дозада қабылдау, эластикалық чулок кию немесе аяққа "перемежающаяся"
пневматикалық компрессия.

Профилактикалық шаралар (қатайтылған жəне күшейтілген профилактика):
Ширақ қимыл белсенділігін қоса алғандағы веноздық ағыстың жақсаруының физикалық шаралары [16,18]

Белсенділік:
-  Дезагреганттар;
-  Флеботониктер.
Құрамында эстроген бар дəрі-дəрмектерді мүлде қолданбау [12].

Әрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері:
1.  Босанғаннан кейін 4 ай бойы жүктілікті жəне компресионды терапияны жалғастыру.
2.  Босанғаннан кейін 4-6 тəулік кең түрдегі гемостазиограмма жүргізу.
3.  Флебологтың консультациясы.
4.  Босанғаннан кейінгі 1 айдан соң тамырға дуплексті ультрадыбыстық зерттеу жасау.
5.  Босанғаннан кейін гепаринді біртіндеп  антивитаминге ауыстырады жəне терапияны (емдеуді) 4-6 апта жалғастырады.
6.  Босанғаннан кейінгі кезеңге ерте белсенділік пен емдік денешынықтыру ұсынылады.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Кулаков В.И. Заболевания венозной системы нижних конечностей у беременных, рожениц и родильниц. Автореф. дис.... д-ра мед. наук. 1976. 2. Савельев В.С. Флеболимфология. 1996; 1: 5–7. 3. De Stefano V, Rossi E, Paciaroni K, Leone G. Haematologica 2002; 87 (10): 1095–108. 4. Мурашко А.В. Хроническая венозная недостаточность и беременность. Автореф. дис. д-ра мед. наук, 2004. 5. Dias M. S., Sekhar L. N. Intracranial hemorrhage from aneurysms and arteriovenous malformations during pregnancy and the puerperium. Neurosurgery 27:855, 1990. 6. Depret-Mosser S. et al. Cerebral aneurysms and pregnancy: 4 cases. J. Gynecol. Obstet. Biol. Reprod. 21:947, 1992. 7. Robinson J. L., Hall C. S., Sedzimir C. B. Arteriovenous malformations, aneurysms, and pregnancy. J. Neurosurg. 41:63, 1974. 8. Horton J. C. et al. Pregnancy and the risk of hemorrhage from cerebral arteriovenous malformations. Neurosurgery 27:867, 1990. 9. Sadisivan B. et al. Vascular malformations and pregnancy. Surg. Neurol. 33:305, 1990. 10. de la Monte S. M. et al. Risk factors for the development and rupture of intracranial berry aneurysms. Am. J. Med. 78:957, 1985. 11. Demers C., Ginsberg J. S. Deep venous thrombosis and pulmonary embolism in pregnancy. Clin. Chest Med. 13:645, 1992. 12. Rutherford S. E., Phelan J. P. Clinical management of thromboembolic disorders in pregnancy. Crit. Care Clin. 7:809, 1991. 13. Ahmad R. et al. Dipyridamole in successful management of pregnant women with prosthetic valve. Lancet 2(8000):1414, 1976. 14. Biale Y. et al. The course of pregnancy in patients with artificial heart valves treated with dipyridamole. Int. J. Obstet. Gynecol. 18:128, 1980. 15. Ibarra-Perez C. et al. The course of pregnancy in patients with artificial heart valves. Am. J. Med. 61:504, 1976. 16. Sareli P. et al. Maternal and fetal sequelae of anticoagulation during pregnancy in patients with mechanical heart valve prostheses. Am. J. Cardiol. 63:1462, 1989. 17. Trauscht-Van Horn J. J. et al. Pregnancy loss and thrombosis with protein C deficiency. Am. J. Obstet. Gynecol. 167:968, 1992. 18. Ansell J. Risk-benefit assessment of anticoagulant therapy. Drug Saf. 6:54, 1991. 19. Ginsberg J. S. et al. Heparin effect on bone density. Thromb. Haemost. 64:286, 1990. 20. Matzsch T. et al. No transplacental passage of standard heparin or an enzymatically depolymerized low molecular weight heparin. Blood Coagul. Fibrinolysis 2:273, 1991. 21. Gillis S., Shushan A., Eldor A. Use of low molecular weight heparin for prophylaxis and treatment of thromboembolism in pregnancy. Int. J. Gynaecol. Obstet. 39:297, 1992. 22. Melissari E. et al. Use of low molecular weight heparin in pregnancy. Thromb. Haemost. 68:652, 1992. 23. van Besien K., Hoffman R., Golichowski A. Pregnancy associated with lupus anticoagulant and heparin induced thrombocytopenia: Management with a low molecular weight heparinoid. Thromb. Res. 62:23, 1991.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
Төлебаева Л.Р. – «Қостанай қалалық босану үйі» МКҚК бас дəрігерінің орынбасары.
Жұмагалиева А.К. – «Қостанай қалалық босану үйі» МКҚК дəрігер акушер-гинекологы.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх