Ересектер миопиясы (сығырлығы)

P-S-024

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Миопия (H52.1)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Миопия (алыстан көрмеу) – көздің өлшемге сай емес (аметропиялық) 
клиникалық рефракциясы. Көздің оптикалық жүйесінің басты фокусы торлы қабықтың алдында белгілі бір қашықтықта орналасуымен сипатталады.

 
Хаттама коды: P-S-024 "Ересектер миопиясы (сығырлығы)"
Хирургия саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): H52.1 Миопия

Жіктемесі


Жіктемесі
 
Шығу тегі бойынша:
1. Туа болған.
2. Тұқым қуалайтын.
3. Жүре болған:
- ерте (мектепке дейінгі) жаста;
- кеш (мектеп) жасында.
 
Əрбір көздегі айқындылық дəрежесіне байланысты:
1. Әлсіз дəрежелі ( 3,0 дптр-ге дейін).
2. Орташа дəрежелі (3,25 – 6,0 дптр).
3. Жоғары дəрежелі (6,0 дптр-ден артық).
 
Ағымы бойынша:
1. Стационарлық.
2. Баяу үдемелі (бір жылда 1,0-ге дейін).
3. Тез үдемелі (бір жылда 1,0 дптр-ден артық).

Факторларға байланысты:
1. Асқынбаған (көз түбінде өзгеріс болмайды).
2. Асқынған ағымның белгілерімен (көз түбінде бастапқы спецификалық өзгерістердің пайда болуы).
3. Қатерлі (миопиялық ауру).

Екі көзде бірдей айқындылық дəрежесіне байланысты:
1. Изометропиялық (рефракциялар теңдігі).
2. Анизометропиялық (рефракциялар теңсіздігі 0,5 дптр жəне одан артық).

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар: тұқым қуалайтын ауруларының болуы, үлкен көру жүктемесі, санитарлық-профилактикалық режимнің бұзылуы.

Диагностикасы


Диагностика критерилері: көру өткірлігінің төмендеуі, көру аймағының өзгерісі, торлы қабық пен хориоидта дегенеративтік өзгерістердің болуы.
 
Шағымдар мен анамнез: бір немесе екі көзінің де өткірлігі төмендігіне шағымдану, анамнезде – бала кезден көруінің нашар болуы, көрудің бірнеше жыл бойына үдемелі төмендеуі, жақын туыстарында миопия болуы.
 
Физикалық тексеру: алдыңғы бөлігі өзгермеген, көз түбінде – торлы қабық жұқарған, хориоидтың перипапиллярлық атрофиясы, тамырлар склерозданған, тарылған. Шеттерінде – торлы қабықтың жұқарған, жарылған дегенерация аймағы көрінеді.
 
Инструменталдық зерттеулер: арнайы өзгерістер жоқ.
 
1. Визометрия: түзетілетін жəне түзетілмейтін алысты көру өткірлігінің төмендеуі.
 
2. Орталық типті ағымдағы миопия кезіндегі офтальмоскопия: 
Биомикроскопия жəне офтальмоскопия кезінде шынытəрізді дененің əртүрлі дəрежедегі деструкциясы байқалады.
 
1 кезең: көру нерві дискідегі бастапқы өзгерістер склералық сақина түрінде, конустар түзілуі ДД ¼ -не дейін, сирек үлкен өлшемде, қалыпты офтальмоскопиялық көріністе сары дақ кəдімгі өз түсінде жəне түссіз болып көрінеді.
 
2 кезең: көз түбіндегі пигментацияның бастапқы бұзылыстары, көру нерві дискінің пішіні мен түсінің өзгеруі, конустар əртүрлі пішінде, жиі ДД ½-не дейін, ареолдық рефлекстердің жоғалуы. Бояусыз офтальмоскопияда сары дақ қызғылт-сары түсті болады, пішіні қалыпты, рефлекссіз.
 
3 кезең: көз түбі пигментациясының айқын бұзылыстары, хориоид тамырларының аралықтарының үлкеюі, үлкен конустар – 1 ДД-ге дейін. Қалыпты жарықта макулалық аймақ «паркет» типті немесе қою-пигменттелген. Бояусыз жарықта деформацияланған сары дақ ашық сары ошақтармен немесе қызғылт-сары фонда ақ нүктелер түрінде анықталады.
 
4 кезең: депигментация, конустар 1 ДД-ден артық, шынайы стафилома. Сары дақ қалыпты жарықта құрт жеген матаға ұқсайды. Макулалық аймақтан тыс атрофиялық ошақтар байқалады. Бояусыз жарықта сары дақ түссізденген, деформацияланған.
 
5 кезең: ауқымды конус 1 ДД-ден артық, шынайы стафилома. Макула аймағында атрофиялық ошақ, кейде конуспен тұтасып кетеді. Бояусыз жарықта сары түс көрінбейді немесе жеке аралшықтар түрінде байқалады.
 
3. Шеткі типпен өтетін миопия кезіндегі циклоскопия
 
I. Экватор аймағында хориоретиналық өзгерістер:
- Торлы дистрофия;
- Патологиялық гиперпигментация;
- Торлы қабықтың жарылуы.
 
II. Тісті сызық аймағындағы хориоретиналық өзгерістер:
- Киста тəрізді дистрофия;
- Ретиношизис;
- Хориоретиналық атрофия.
 
III. Аралас формалар.
 
4. УДЗ – көздің алдыңғы-артқы білігінің үлкеюі, шынытəрізді дене деструкциясының болуы.
 
5. Кераторефрактометрия – көрсеткіштердің жоғарылауы.
 
6. ЭФИ - ЭРГ жəне ЗВП көрсеткіштерінің төмендеуі.
 
7. Скиаскопия: миопиялық рефракцияны анықтау.
 
8. Тікелей емес офтальмоскопия.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: қосымша аурулардың болуы – терапевт, ЛОР, стоматолог жəне т.б.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Көру өткірлігін тексеру.
2. Көз биомикроскопиясы.
3. Скиаскопия.
4. Офтальмоскопия (тікелей, кері).
5. Кераторефрактометрия**.
6. Эхобиометрия.
7. Периметрия.
8. Циклоскопия.
9. Тонометрия**.

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы
 
Ем мақсаты: көру өткірлігін жақсарту, миопиялық процесті тұрақтандыру.
 
Дəрі - дəрмексіз ем: режим – жалпы, диета – витаминдермен жəне минералдармен байытылған стол №15,10, жарық процедураларын тағайындау, физиопроцедуралар гелий - неондық лазермен №5-7 стимулдау мақсатында (көрсеткіштер бойынша). Еңбек жүктемесін шектеу. Көзілдірікпен түзету.

1. Аветисов – Мац бойынша гимнастика.
2. Дашевский бойынша гимнастика.
3. Электростимуляция
4. «Relax», «Eye» компьютерлік бағдарламалары
5  Амблиокор.
 
Дəрі-дəрмектік ем:
Бір қалыпты ұстап тұру курсы жылына 2 рет жүргізіледі.
- Мидриатиктер мен циклоплегиктер: тропикамид 0,5;1% - қарашықты кеңейту үшін 2 тамшыдан 2 рет күніне;
- Атропин сульфаты 1% 2 тамшы х 2 рет күніне;
- Трофикалық ем: Натрий хлориді – препаратты сұйылту 200,0 мл;
- Торпақтың қанынан алынған депротеинделген гемодериват – тіннің қоректенуін жақсартады 2,0 – 4,0 мл. бұлшықетке; 0,5 мл. парабульбарлы;
- Стандартталған торпақтың қанынан алынған депротеинделген гемодериват – тіндердің қоректенуін жақсартады 2,0 мл. бұлшықетке;
- Винпоцетин – тіндердің қоректенуін жақсартады 1 таб. 3 рет күніне 1 ай; 2,0 – 4,0 мл. в/і физ. ерітіндіде №10;
- Циннаризин – тіндердің қоректенуін жақсартады 1 таб – 3 рет күніне 1 ай;
- Ретинопротекторлар (Милдронат, актовегин, ретиноламин) 1 таб. 3 рет күніне 1 ай; 0,5 п/б № 10;
- Церебролизин - лимфотропты препарат 2,0 мл. бұлшықетке; 0,5 мл. парабульбарлы;
- Эмоксипин – антиоксидант 0,5 мл. парабульбарлы; 2,0 бұлшықетке №10, немесе тамызып 1 тамшыдан 4 рет күніне, контактылық көз плёнкасы №10;
- Ретинол ацетаты/ пальминат + Токоферол ацетаты – антиоксидант 1 таб. 2 рет күніне;
- Тамыр кеңейтуші препараттар;
- Ангиопротекторлық препараттар;
- Цианокобаломин – витаминотерапия 1,0 мл. бұлшықетке;
- Пиридоксин гидрохлориді – витаминотерапия 1,0 мл. бұлшықетке;
- Аскорбин қышқылы - тамыр қатайтатын əсері бар –5% - 2,0мл №10 б/і;
- Актовегин - ретинопротекторлық 5,0 мл + 100 мл физ ерітінді в/і; 0,5 мл п/б №10;
- Ретинопротекторлық 0,5 мл п/б;
- Таурин 0,5 мл п/б №10;
- симптомдық - тропикамид 1% 2 кап – 2 рет күніне, пропаракаин гидрохлориді 2 кап 3 рет;
- пилокарпин гидрохлориді 1% 2 кап – 3 рет күніне.
 
Хирургиялық ем (стационар жағдайында):
Рефракциялық:
- Эксимерлазерлік хирургия (LASIK, PRK);
- Факиялық линзалар имплантациясы;
- Көзбұршақты рефракциялық ауыстыру;
- Тоннелдік кератопластика.
 
Операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу
Антибактериялық: Хлорамфеникол - операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу үшін 2 тамшыдан 4 рет күніне, Фурациллин 1:5000 – антисептик 2 тамшыдан 4 рет күніне, Тобрамицин – операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу үшін 2 тамшыдан 6 рет күніне.
 
Қабынуға қарсы: Дексаметазон - операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу үшін 0,5 мл парабульбарлы; 2 тамшыдан 6 рет күніне, Диклофенак операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу үшін 2,0 мл бұлшықетке; 1 таб. 3 рет күніне.
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Тропикамид 0,5;1% тамшы.
2. Атропин сульфаты 1% тамшы.
3. Винпоцетин, амп.
4. Циннаризин, табл.
5. Милдронат инъекция үшін ерітінді 500 мг, амп.
6. Ретиноламин, табл.
7. Церебролизин, амп.
8. Эмоксипин, амп.
9. Ретинол ацетаты/ пальминат + Токоферол ацетаты, табл.
10. Цианокобаломин, амп.
11. Пиридоксин гидрохлориді, тамшы.
12. Аскорбин қышқылы, амп.
13. Таурин, апм.
14. Пропаракаин гидрохлориді, тамшы.
15. Пилокарпин гидрохлориді, тамшы.
16. Хлорамфеникол, ерітінді.
17. Фурациллин, ерітінді.
18. Тобрамицин, тамшы.
19. Дексаметазон, ерітінді.
20. Диклофенак, тамшы.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: миопиялық процестің тұрақтануы, көру қызметінің тұрақтануы жəне жоғарылауы.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау үшін көрсетімдер: жоспарлы – көру өткірлігінің төмендеуі, алыстан көрмеушіліктің үдеуі, көз өлшемдерінің үлкеюі, көз түбінің патологиясы.

Алдын алуы


Біріншілік профилактика: санитарлық-профилактикалық режимді сақтау.

Профилактикалық шаралар: емдік - сақтау, санитарлық - эпидемиологиялық режимдерді сақтау, еңбек жүктемесін шектеу, ұстап тұрушы трофикалық емді жылына 2 рет өткізу.

Әрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері: окулист бақылауында болу жəне ұстап тұрушы трофикалық емді жылына 2 рет өткізу.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Аветисов Э.С. Близоpукость.- Медицина. - 2002 2. Ананин В.Ф. Аккомодация и близоpукость. - Москва. - 1989. 3. Андреева И.М. Система управления кадрами в здравоохранении.-Киев.-1986. 4. Базаpный В.Ф., Уфимцева Л.П. Влияние занятий в pежиме зpительных гоpизонтов на динамику функций зpения у детей // ж. Гигиена и сани-таpия. -1991. - N 3. - С.46-48. 6. Бойчук И.М. Сочетание стеpеовоспpиятия как индикатоp наpушения в аккомодационно-конвеpгентном аппаpате глаз // Офт. жуpн. - 1992. - N 5-6. - С.260-262. 7. Быстpицкий В.И. О лечении спазмов аккомодации и некотоpые вопpосы патогенеза осевой пpогpессиpующей близоpукости // Офт.жуpн.- 1991. - N 1. - С.28-28. 9. Ватченко А.А. и дp. Аспекты патогенеза, лечения и пpофилактики близоpукости у детей// Актуальные пpоблемы теоpетической и пpактической медицины. Сб.научных статей. - Киев. - 1991. - C.244-249. 10. Виденина И.В. Роль вегетативо-неpвной системы в pазвитии от-дельных фоpм миопии у детей дошкольного и школьного возpаста // Офт. жуpн. - 1992. - N 5 - 6. - С.262-264. 11. Волков В.В. О вероятных механизмах миопизации глаза в школьные годы // Офт. жуpн. - 1998.- N 3.- С. 129-132. 12. Дактаравичене Э., Чернювене В., Маяускане О. Организация и проведение первичной профилактики близорукости и косоглазия в Литовской ССР // Тезисы докладов III всесоюзной конференции по акутальным вопросам детской оф-тальмологии. - Суздаль. -1989. - С.24-26. 13. Дергало И.И. с соавт. Изменение органа зрения при миопии у де-тей в условиях сферопризматической коррекции. // Офт. журн. - 1995. - N 1. - С. 48-50.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
Бегімбаева Г.Е., Көз аурулары ҒЗИ жарақат жəне реконструктивті офтальмохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, м.ғ.к., 1 санаттағы дəрігер.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх