Спонтанды пневмоторакс.

E-021

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Другой спонтанный пневмоторакс (J93.1)

Анықтамасы

Анықтамасы


Аныктамасы

Спонтанды пневмоторакс
– бұл кеуде қуысының жəне өкпенің механикалық немесе əртүрлі жарақатына байланыссыз, кеуденің париетальді жəне висцеральді жапырақшаларының арасына ауаның жиналуымен жүретін патологиялық 
жағдай.

 
Хаттама коды: Е-021 "Спонтанды пневмоторакс"
Жедел медициналық көмек
Кезең мақсаты:
1.Тыныс алу қызметін қалпына келтіру жəне науқастың жағдайын жақсарту.
2.Тыныс қызметін оптимальді ұстап тұру жəне асқынудың алу.
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): J 93 спонтанды пневмоторакс

Жіктемесі


Жіктемесі
 
Түрлеріне қарай:
1. Ашық пневмоторакс.
2. Жабық пневмоторакс.
3. Күштемелі (клапанды) пневмоторакс.
 
Ашық пневмоторакс кезінде плевра қуысының бронх тесігімен жəне атмосфералы қуыспен қатынасы болады. Дем алғанда ауа плевральды қуыс арқылы вистеральды плевраға өтеді. Осыдан өкпенің жұмысы баяулап, тыныс алудан шығады (өкпенің коллабирленуі).

Жабық пневмоторакс кезінде плевральді қуысқа түскен ауа өкпенің жартылай немесе толық коллабирленуін туғызады, содан кейін атмосферадағы ауамен байланысын үзеді, бірақ қауіпті жағдай туғызбайды.

Клапанды пневмоторакс кезінде ауа плевральді қуысқа еркін түседі, бірақ оның шығуы клапанды механизмге байланысты қиындайды.
 
Шығу тегіне қарай:
1. Біріншілік - өкпе ауруларының клиникалық көрінісінсіз ( a1 – антитрипсиннің жетіспеушілігі кезіндегі шектелген буллезді эмфиземада, Марфан синдромы ). Жиі бойы ұзын, 20–40 жас шамасындағы ер адамдарда кездеседі. Темекі тарту 22 есе қауіп төндіреді.
2. Екіншілік - өкпе ауруларының фонында туындайды.

Таралуына байланысты:
- жайылған;
- жергілікті.

 
Асқынудың бар-жоғына байланысты:
- асқынбаған;
- асқынған ( қан кету, плеврит, 
медиастинальді эмфизема).

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
- өкпе туберкулезі;
- туа пайда болған поликистоз;
- бронхоэктаздық ауру; 
- өкпенің іріңді аурулары;
- өкпенің созылмалы обструктивті ауруы;
- астматикалық статус;
- ЖИТС;
- қатерлі ісіктер;
- темекі шегу.

Диагностикасы


Диагностика критерилері
 
Пневмоторакстың кез-келген түрінің клиникалық көрінісі ауаның өкпеге түскен көлемі мен жылдамдығына байланысты. Ауру қысқа уақытта спонтанды көріністермен, ұзақтығы бірнеше минутқа дейінгі, кеуденің бір жақ бөлігіндегі қатты ауырсынуымен, кейіннен ол толығымен жойылуын немесе тұйық сипатқа айналуын айтады. Науқас көбіне ауырсынудың қай кезде басталғандығы туралы айтып бере алады.

Спонтанды пневмотораксқа тəн симптомдар:
- кеуде клеткасының сəйкес жағында п.б.өткір ауыру сезімі, мойын, қолға берілетін, терең дем алғанда, жөтелгенде жəне қозғалғанда күшейе түсетін;
- кенеттен ентігу;
- тері түсінің өзгеруі ( бозару, цианоз);
- тахикардия;
- суық жабысқақ тер;
- АҚ төмендеуі;
- мəжбүр қалыпта ( жартылай отыру, зақымдалған жағына қарай иілуі, немесе ауырған жағына жату).

Объективті клиникалық зерттеуі бойынша:
- қабырға аралығының кеңеюі, зақымдалған жақта тыныс алу қозғалысы шектелген немесе жоқ;
- дауыс дірілі зақымдалған жақта төмендеген немесе жоқ;.
- зақымдалған жақта тыныс алуы қалып отырады, перкуторлы тимпанит анықталады, өкпенің төменгі бөлігі тыныс алғанда ығыспайды. Көкірек аралық пен сау жеріне ығысуы мен бауырдың төменге түсуінің сол жақтың пневмотораксында байқауға болады;
- аускультацияда зақымдалған жақта тыныс шуының едəуір төмендеуі немесе жоқ болуы, сондай-ақ сау жағында күшеюін анықтаймыз.

Көкірек аралықтың едəуір ығысуында, жүрек қуысына құятын жəне жоғарғы қуыс венасындағы қысымның жоғарылауына алып келетін тамырлардың иілуінде мойындырық веналарының ісінуі байқалады.
 
Көкірек аралықтың сау жаққа ығысуы мүмкін, мұнда клиникалық белгі ретінде кеңірдектің девиациясы көрінеді.
 
Егер бронхтың медиастина ішілік зақымдануы болса, онда күштемелі пневматоракссыз жəне плевра ішілік қан кетусіз көкірек аралық эмфизема дамиды.

Қабырғалық плевраның зақымдануында ауа тері астылық клетчаткаға шығады, соның нəтижесінде тері астылық эмфизема дамиды. Ауа тез арада тері асты - май клетчаткасы арқылы кеуде клеткасына, мойынға, бетке, алдыңғы іш қабырғасына жəне т.б.тарайды, жəне де бірнеше сағаттан кейін адамдытанымайтын жағдайға ұшыратады.

Пальпация 
кезінде тері асты эмфизема аймағында “қар сықыры” сияқты - крепитация сезілді. Ең қауіптісі кеуде аралықтың күштемелі эмфиземасы болып табылады, бұл көбінесе кеңірдектің жəне ірі бронхтардың жарылуында пайда болады. Бұл жағдай қуыс венасындағы қанның айдалуын бұзады жəне үлкен қан айналым шеңберінде қанның іркілуін тудырады – жүректің экстраперикардиальды тампонадасы.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы жағдайы мен өмірге қажетті мүшелердің қызметін бағалау: есін, тынысын (жиі, беткей), қан айналымын.
2. Визуальді бағалау: конституциясын бағалау (астеникалық), мəжбүр қалып (отыру немесе жартылай отыру), тері түсінің бозаруы, суық,  пульсті тексеру, жүректің жиырылу жиілігін, артериалды қысымды анықтау (тахикардия, артериалды гипотензия).
3. Кеуде клеткасын қарау: қабырға арасының кеңеюі, тыныс алғанда зақымданған жақтың қалып отыруы, мойын венасының ісінуі мен пульсациясы, тері асты эмфиземасы.
4. Пальпация жəне перкуссия: зақымданған жақта дауыс дірілінің қалып отыруы немесе жоқ болуы, тимпаникалық дыбыс (плевра қуысында сұйықтық жиналғанда төменгі бөліктері тұйықталады), жүрек түрткісінің жəне жүректің тұйықталған шекарасының сау жаққа ығысуы.
5. Аускультация: зақымданған жақта дыбыстың төмендеуі немесе жоғалуы.

Емдеу тактикасы


Медициналық көмек көрсету тактикасы
 
Жедел жəрдем:
1. Есінен танғанда, қан айналымы немесе тыныс тоқтағанда жүрек-өкпе реанимациясы жүргізіледі, бірақ тек алдын-ала плевральді декомпрессиясынан кейін.
2. Гипоксияны коррекциялау – оксигенотерапия.
3. Көкірек аралық эмфизема жылдам өршіген жағдайда, мойындырық ойығы аймағындағы платизма мен теріні көлденең тілік жасау керек (2 см шамасында), ретростернальді кеңістікке абайлап сұқ саусақты кіргізіп, дренаж қойып теріге бекіту керек;
4. Ауырсыну синдромын басу – наркотикалық емес анальгетиктер:
- *кеторолак 30 мг (1мл) тамыр ішіне баяу жəне бұлшық етке.
5. Айқын ауру сезімінде наркотикалық анальгетиктер:
*морфин 1% 1 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен араластырып тамыр ішіне 20 мл-ды 4-10 мл-дан (немесе 2-5 мг) бөліп, əрбір 5-15 мин сайын ауыру сезімі мен ентігу басылғанға дейін немесе жанама əсерлері (артериалды гипотензия, тыныстың тежелуі, құсу) пайда болғанға дейін енгізу керек.
6. Күштемелі пневмоторакста плевральді пункция жасайды.
7. Бронхоспазм дамыған жағдайда – сальбутамол 2,5 мг небулайзер арқылы 5-10 мин ішінде жіберу керек.
8. Гемодинамика көрсеткіштерін жəне қанның оттегімен сатурациясын бақылау, витальді қызметтерді сақтау.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Морфин 1% 1мл, амп.
2. *Ингаляцияға оттегі.
3. *Сальбутамол 3 мг, неб.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Кеторолак 30 мг – 1 мл, амп
2. *Натрий хлориді 0,9% - 5,0 мл, амп.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: науқас жағдайын тұрақтандыру.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау үшін көрсетімдер
Пневмоторакспен сырқаттанатын барлық 
науқастар міндетті түрде торакальді хирургия немесе реанимация бөлімшесіне госпитализацияланады. Отырғызып немесе басын жоғары көтеріп тасымалдау керек.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Доказательная медицина. Ежегодный справочник. Вып.2. 4.1. Медиа Сфера.2003 г. 2 .Неотложная терапия в пульмонологии. И.Г. Фомина, В.Ф. Маринин, М.: Медицина, 2003.-248 с. 3.Рациональная фармакотерапия заболеваний органов дыхания. Под ред. А.Г. Чучалина. Москва, 2004 4. Федеральное руководство по использованию лекарственных средств (формулярная система) под редакцией А.Г.Чучалина, Ю.Б.Белоусова, В.В.Яснецова. Выпуск VI. Москва 2005. 5. Приказ Министра Здравоохранения Республики Казахстан от 22 декабря 2004 года № 883 «Об утверждении Списка основных (жизненно важных) лекарственных средств». 6. Приказ Министра Здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2005 года №542 «О внесении изменений и дополнений в приказ МЗ РК от 7 декабря 2004 года № 854 «Об утверждении Инструкции по формированию Списка основных (жизненно важных) лекарственных средств». 7. Биртанов Е.А., Новиков С.В., Акшалова Д.З. Разработка клинических руководств и протоколов диагностики и лечения с учетом современных требования. Методические рекомендации. Алматы, 2006, 44 с.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел жəне шұғыл медициналық жəрдем, №2 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі - м.ғ.д., профессор Тұрланов Қ.М.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел 
жəне шұғыл медициналық жəрдем, №2 ішкі аурулар кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к, доцент Воднев В.П.; м.ғ.к., доцент Дюсембаев Б.К.; м.ғ.к., доцент Ахметова Г.Д.; м.ғ.к., доцент Бедельбаева Г.Г.; Альмухамбетов М.К.; Ложкин А.А.; Маденов Н.Н.
Алматы мемлекеттік дəрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының меңгерушісі – м.ғ.к., доцент Рахымбаев Р.С.
Алматы мемлекеттік 
дəрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к., доцент СилачевЮ.Я.; Волкова Н.В.; Хайрулин Р.З.; Седенко В.А.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх