Созылмалы обструктивті бронхит

P-T-018

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Бронхит, не уточненный как острый или хронический (J40)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Созылмалы обструктивті бронхит - негізінде трахеобронхиалдық теректің сілемейлі қабатының дегенеративті-қабынулық аллергиялық емес зақымдануы жататын, зиянды агенттермен ауа өтетін жолдардың ұзақ уақыт тітіркенуі салдарынан дамитын, екі жыл бойы үнемі үш айдан аз уақыт қақырықты жөтелмен мінезделетін созылмалы үдемелі ауру; мүмкін болған ұзақ уақыт бойғы басқа жөтелді алып тастаған соң диагноз қойылады.

 
Хаттама коды: P-T-018 "Созылмалы обструктивті бронхит"
Терапевтикалық саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): J40 Жіті немесе созылмалы анықталмаған бронхит

Жіктемесі


Жіктемесі:
қарапайым созылмалы обструктивті (катаралды) бронхит;
- сілемейлі-іріңді созылмалы обструктивті бронхит;
іріңді созылмалы обструктивті бронхит.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар: созылмалы обструктивті бронхиттің аса маңызды қатер факторлары болып темекі тарту, темекі түтіні, озон табылады. Онан əрі жұмыс орнындағы шаңдар мен химикаттар (тітіркендіргіш заттар, булар, буланулар), үй ішіндегі ауаның органикалық отын өнімдерімен ластануы, қоршаған ауаның ластануы, пассивті темекі тарту, ерте балалық шақтағы тыныс жолдарының инфекциясы.

Диагностикасы


Диагностика критерилері
 
Шағымдар мен анамнез:
- созылмалы жөтел (ұстама тəрізді немесе күнделікті, жиі күн бойы, сирек тек қана түнде) жəне қақырықтық созылмалы бөлініп шығуы – 2 жылдан артық бойы, 3 айдан кем емес;
уақыт бойынша күшейетін экспираторлық ентікпе, өте кең көлемде – аздаған физикалық жүктемелер кезінде ентігуді сезінуден, азғана физикалық жаттығулар мен тыныштық кезінде байқалатын ауыр тыныс алу жеткіліксіздігіне дейін.
 
Физикалық тексеру: классикалық аускультациялық белгі болып табылады - қарапайым тыныс жəне форсирленген тыныс шығару кезіндегі ысқырмалы құрғақ сырылдар.

Инструменталдық зерттеулер:
1. Спирография: ФЖЕЛ жəне ОФВ1 төмендеуі.
2. Көкірек клеткасы ағзаларының рентгенографиясы: өкпелік суреттің күшеюі немесе торлық деформациясы, өкпе эмфиземасының белгілері.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: қосарланған патологияларға байланысты.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Терапевт консультациясы.
2. Қанның жалпы анализі.
3. Зəрдің жалпы анализі.
4. Микрореакция.
5. Қақырықтың жалпы анализі.
6. Флюорография.
7. Фармакологиялық сынақпен сыртқы тыныс алу функцияларын зерттеу.
 
Қосымша шаралар тізімі:
1. Қақырық цитологиясы.
2. БК ға қақырықты зерттеу.
3. Микробтардың антибиотиктерге сезімталдығын талдау.
4. Кеуде клеткалары ағзаларының рентгенографиясы.
5. Пульмонолог консультациясы.
6. Отоларинголог консультациясы.
7. Компьютерлік томография.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер
ҚЖА айтарлықты өзгеріссіз.
Қақырық анализі – макроскопиялық зерттеу. Қақырық сілемейлі немесе іріңді болуы мүмкін.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз

Диагноз немесе ауру себебі
Диагноз пайдасына
Обструктивті бронхит
- Анамнезде демікпелік тыныс тек қана салқын тиюмен байланысты;
- Нəрестеде жəне жанұя мүшелеріндед емікпе/экзема/поллиноздың болмауы;
- Ұзарған тыныс;
- Аускультацияда – құрғақ сырылдар, əлсіздеген тыныс (егер айқын болса – тыныс жолдарының түйілуін алып тастау);
- Бронхолитиктерге жақсы реакция;
- Көріністер демікпедегіге қарағанда негізінен аз айқын.
Демікпе
- Анамнездегі қайталамалы демікпелік тыныс, кейбір жағдайда;
- ЖРВИ байланыссыз;
- Көкірек клеткасының кеңеюі;
- Ұзарған тыныс;
- Аускультацияда – əлсіздеген тыныс (егер айқын болса – тыныс жолдарының түйілуін алып тастау);
- Бронхолитиктерге жақсы реакция.
Бронхиолит
- < 2 жастағы нəрестенің демікпелік тынысының бірінші жағдайы;
- Бронхиолоитпен аурушаңдықтың мезгілдік арту кезеңіндегі демікпелік тыныс;
- Көкірек клеткасының кеңеюі;
- Ұзарған тыныс алу;
- Аускультацияда– əлсіздеген тыныс (егер айқын болса өте күшті – тыныс жолдарының түйілуін алып тастау);
- Əлсіз реакция немесе бронхолиттік заттарға реакцияның болмауы.
Бөгде дене
- Тыныс жолдарының механикалық обструкциясының кнеттен дамуы (нəресте «түйілді») немесе стридор.
- Кейде демікпелік тыныс немесе кеуде клеткасының бір жағынан патологиялық кеңеюі;
- Перкуторлық дыбыстың күшеюімен жəне аралықтың ығысуымен ауаның тыныс жолдарында бөгеліп қалуы;
- Өкпе коллапсының белгілері: əлсіздеген тыныс жəне перкуторлық дыбыстың тұйықталуы;
- Бронхолиттік заттарға реакцияның болмауы.
Пневмония
- Жөтел жəне жиілеген тыныс;
- Көкірек клеткасының төменгі бөлігінің ішке кіруі;
- Қызба;
- Аускультациялық белгілер – əлсіздеген тыныс, сулы сырылдар, мұрын қанаттарының кеңеюі;
- Уһілеген тыныс (ерте жастағы нəрестелерде).
 

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы
 
Ем мақсаты: 
- симптомдардың айқындылығын азайту;
- асқынулардың дамуын 
болдырмау;
- өкпенің оптималды функциясын ұстап тұру;
- күнделікті белсенділікті, өмір 
сапасы мен өмір сүруді арттыру.
 
Дəрі дəрмексіз ем: бірінші кезекте жəне ең əрекетті əдіс болып темекі тартуды тоқтату табылады. Темекі шегу зияны туралы кез келген консультация тиімді жəне əр қабылдауда жүргізілу қажет.
 
Дəрі дəрмектік ем:
Қарапайым (катаральді) жəне созылмалы обструктивті бронхит кезінде мукоцилиарлық клиренс жəне іріңді қабынбаның жабысу профилактикасын қалпына келтіруге бағытталған қақырық түсіруші заттар емнің негізгі əдісі болып табылады. Қақырық түсіруші заттар есебінде рефлекторлық əсердегі препараттарды пайдалануға болады: термопсис жəне эпикуан, алтей, багульник немесе резобтивті əсерлі – йодты калий, бромгексин; немесе муколитиктер жəне мукорегуляторлар - амброксол, ацетилцистеин, карбоцистеин, олар мукополисахаридтерді бұзады жəне қақырық сиалумуциндерінің синтезін бұзады.

Процесстің асқынуы кезінде антибиотикограмманы ескеріп, 1-2 апталық 
антибактериалды терапия жүргізеді.
Жаңа генерациядағы макролид препараттарына көңіл бөлінеді (спирамицин), амоксициллин+клавулан қышқылы (амоксиклав), муколитиктермен қоса клиндамицин (спирамицин 3 000 000 БІР х 2 рет, 5-7 күн, амоксиклав 625 мг х 2 рет, 7 күн, кларитромицин 250 мг х 2 рет, 5-7 күн, цефтриаксон 1,0 х 1-2 рет, 5 күн, метронидазол 100 мл в/і тамшылап).
Гипертермия кезінде парацетамол тағайындалады. Бактериологиялық 
зерттеудің нəтижесі бойынша, клиникалық тиімділік жəне шығарылған микрофлораға байланысты емге түзетулер енгізіледі (цефалоспориндер, фторхинолондар жəне басқалар).

СБ емдеуде бронхтық теректің дренаждық функциясын жақсартуға жəне тыныс алу мускулатурасына бағытталған емдік тыныстық гимнастика маңызды орын алады. Мұнымен қоса физиотерапиялық əдістер мен тыныс алу мускулатурасының массажы белгілі мəнге ие.

Микоздың емі жəне профилактикасы үшін ұзақ массивті антибиотикотерапия кезінде итраконазол оралды ерітінді 200 мг 2 р\тəу 10 күн бойы.

Бронхолиттік заттар созылмалы бронхиттің симптоматикалық емінің негізі болып табылады, мейлінше ингаляцияда - фенотеролдың фиксирленген комбинациясы жəне ипротропий бромиді. 

Ингаляциялық кортикостероидтар келесі емделушілер үшін қолданылады: қалыпты мəннен ОФВ1<50% жəне қайталамалы асқынуларда (мысалы, соңғы 3 жылда 3 рет).
Ингаляциялық кортикостероидтармен ұзақ уақыт емдеу тиянақты таңдалған топтағы емделушілерде симптомдарды жеңілдетеді, ОФВ1 үдемелі төмендеуін азайтпайды: қауіпті факторларды жою, тұмауға қарсы вакцинамен жыл сайынға егу жəне қажет болса қысқа əсердегі броходилятаторлар.
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
 
Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:
1. *Ипратропия бромид аэрозоль 100 доза, ипратропия бромид 21 мкг.
2. *Сальбутамол аэрозоль 100 мкг/доза; таблетка 2 мг, 4 мг; небулайзер үшін ерітінді 20 мл.
3. *Теофиллин таблетка 200 мг, 300 мг таблетка ретард 350 мг.
4. *Фенотерол аэрозоль 200 доза.
5. *Салметерол ингаляция үшін аэрозоль 250 мкг/доза.
6. **Амброксол сироп 15 мг/5 мл; 30мг/5 мл; ерітінді 7,5 мг/мл.
7. **Амоксициллин пероралдық суспензия 250 мг/5 мл.
8. ** Амоксициллин+клавулонды қышқыл табл, оның қабықшасын жабу 500 мг/125 мг 875 мг/125 мг.
9. **Парацетамол 2,4% шишадағы сироп; суспензия; суппозиторилер 80 мг.
10. *Азитромицин 500 мг.
11. Итраконазол 150 мл – 10 мг\мл ауызбен ішуге арналған ерітінді.
12. *Метронидазол 250 мг, табл.
13. *Ипратропия бромид 21 мкг+фенотерол гидробромиді 50 мкг.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Аминофиллин инъекция үшін ерітінді 2,4% ампулада 5 мл, 10 мл.
2. *Бекламетазон аэрозоль 200 доза.
3. *Флютиказон аэрозоль 120 доза.
4. *Кларитромицин 500 мг, табл.
5. *Спирамицин 3 млн. ЕД, табл.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары:
1. Обструктивті синдромын басу.
2. Дене температурасын қалыпқа келтіру.
3. Жөтелдің жоғалуы.

* - Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар
 
** - Амбулаторлық ем кезіндегі рецепт бойынша дəрілік заттар тегін жəне жеңілдікпен берілетін ауру түрлерінің тізіміне кіреді

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялауға көрсетімдер:
 
1. 3 күннен артық субфебрильді дене қызуы жəне іріңді қақырықтың бөлініп шығуы.
2. Алғашқы ОФВ1, ЖЕЛ, ФЖЕЛ, Тифно дан 10% тен жоғары ФВД көрсеткіштерінің төмендеуі.
3. Тыныс жетіспеушілігінің артуы мен жүрек жеткіліксіздігі белгілері.

Алдын алуы


Біріншілік профилактика:
1. Науқастар жəне вирус тасымалдаушылармен қатынасты шектеу, əсіресе жоғары респираторлық аурушаңдық мезгілінде.
2. Бетперде кию жəне ЖРВИ ауруларымен отбасы мүшелерінің қол жууы.
3. Бөлмедегі оптималды ауа режимін ұстап тұру.
4. Шынығулық шараларды жүргізу.

Профилактикалық шаралар: қауіп факторларын жою қажет, тұмауға қарсы вакцинамен жыл сайын егілу жəне қажет жағдайда қысқа əсердегі бронходилятаторлар.
 
Əрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері: обструктивті синдромның рецидиві кезінде науқас консультацияға зəру жəне əрі қарай пульмонолог пен аллергологта емделеді.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Доказательная медицина. Клинические рекомендации для практических врачей, основанные на доказательной медицине. 2 изд. ГЕОТАР, 2002. 2. Доказательная медицина. Ежегодный справочник. Часть 1. М. Медиа Сфера, 2003. 3. Краткое руководство для врачей и медсестер по хронической обструктивной болезни легких. Диагностика, лечение и профилактика. Национальный Институт здоровья США, ВОЗ, 2004. 4. Клинические рекомендации. Фармакологический справочник. Изд-во «ГЕОТАР-МЕД», 2004. 5. Федеральное руководство по использованию лекарственных средств (формулярная система) под редакцией А.Г.Чучалина, Ю.Б.Белоусова, В.В.Яснецова. Выпуск VI. Москва 2005

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Семенова Р.И., Қаз ҰМУ пульмонология кафедрасы

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх