Балалардың митральдық қақпақшасының пролапсы

H-P-013

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Пролапс [пролабирование] митрального клапана (I34.1)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Митралды қақпақшаның пролапсы – митралды қақпақшаның қос жармасының біреуінің сол жақ жүрекшеге сол жақ қарыншаның систоласы кезінде патологиялық иіліп тұруы (бүгілуі), митралды қақпақшаның қақпақшалық-қақпақша асты аппаратының зақымдануы, бұл сипатты аускультативтік көріністі не туғызады - систолалық шертпе жəне /немесе систолалық шуыл.

 
Хаттама коды: H-P-013 "Балалардың митральдық қақпақшасының пролапсы"
Педиатрия саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
G24 Дистония
I34.1 Митралды қақпақшаның пролапсы (пролабирлеу)

Жіктемесі


Жіктемесі:
1. Идиопатиялық.
2. Екіншілік (ДСТ, ДЗСТ, жиналу аурулары, ВПС, кардиомиопатиялар, ВСД).

Жүректің УДЗ мəліметтері бойынша

Пролабирлеу дəрежесі бойынша:
- 1 сатылы - 4-6 мм пролабирлеу;
- 2 сатылы - 6-10 мм пролабирлеу;
- 3 сатылы - 10 мм пролабирлеу.

Митралды регургитация болуы бойынша:
- тыныштық қалыпта регургитациясыз;
- 1,2,3-сатылы регургитациямен.

Жүрек жеткіліксіздігі сатысы бойынша: 0, I, IIА, IIБ, III.

Диагностикасы

 
Диагностика критерийлері

Шағымдар мен анамнез: невротикалық көріністер, психоэмоционалды тұрақсыздық, 1 сатыдағы туыстығы бар тұлғаларда митралды қақпақша пролапсының болуы; көкірек клеткасындағы ауырсыну; əлсздік; бас айналу; ентікпе; жүректің қағуы; қорқыныш ұстамалары.

Физикалық тексеру: аускультативтік - орта-кеш систоликалық шертпелер кеш систоликалық шуылмен үйлесуде, жүрек ұшындағы орта-кеш систоликалық шертпелер, жүрек ұшындағы оқшауланған кеш систоликалық шуыл; эхокардиографиямен үйлескен аускультация - митралды регургитацияның голосистоликалық шуылы мен сəйкес эхокардиографиялық критерийлер, аз дене салмағы, астениялық дене бітім, дисплазиялық даму белгілері.

Лабораторлық зерттеулер: тəн емес.

Инструменталдық зерттеулер
Рентгенологиялық зерттеу: жүректің кіші көлемі, өкпелік доғаның томпаюы.

Электрокардиография: ІІ, ІІІ тармақтарында Т иірімдерінің оқшауланған инверсиясы, aл VF немесе сол жақ кеуде тармақтарында инверсиямен үйлесуде.

Эхокардиография: коаптация нүктесінен септалды жармалардың ығысуы, сол жақ қарыншаның ұзын өсі кескінінде жəне жүрек ұшы тыңдалуда төрт камералы кескінінде, кеш систоликалық пролабирлену 3 мм-ден артық; кеш систолалық пролапс (2 мм), голосистоликалық пролапс (3 мм) екі камералы критерийлермен үйлесуде; төрт камералы кескінде коаптация сызығынан жармалардың систоликалық бүгілуі; эхокардиографиялық - төрт камералы кескінде митралды қақпақшалардың аздап систолалық бүгілуі (3 мм дейін).

Холтерлік мониторлеу: жүрекше алды, қарыншалық экстрасистолалар, суправентрикулярлы пароксизмалды тахикардияның ұстамалары.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: көрсетімдер бойынша.

Дифференциалды диагноз: жоқ.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы қан анализі (6 параметр).
2. Электрокардиография.
3. ЭКГ холтерлік мониторлеу.
4. Эхокардиография, доплеровлік зерттеумен.
5. Кардиоинтервалография, вегетативтік статусты зерттеу.
6. Кеуде клеткасының рентгенографиясы (бір кескін).
7. Реоэнцефалография.
8. Құрсақ қуысының УДЗ.
9. Қанда калий/натрийді анықтау.
10. Жалпы зəр анализі.
11. Невропатолог консультациясы.
12. Отоларинголог консультациясы.
13. Стоматолог консультациясы.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Стресс-эхокардиография.
2. Жұтқыншақ арқылы эхокардиография.
3. Велоэргометрия.
4. Қантамырлар УДЗ.
5. Қанда магнийдің анықтамасы.
6. Электроэнцефалография.
7. Эхоэнцефалография.
8. Эзофагогастроскопия.
9. Психолог консультациясы.
10. Кардиохирург консультациясы.
11. Окулист консультациясы.
12. Адгезия қыметі жəне тромбоциттердің агрегациясын анықтау.
13. Коагулограмма.
14. Лактатдегидрогеназа, креатининфосфокиназаның анықтамасы.
15. Биологиялық сұйықтықтардың колонияларды таңдаумен себінді алу.
16. Антибиотиктерге сезімталдықтың анықтамасы.
17. Көз түбін қарау.
18. О-антистрептолизинді анықтау.
19. С-реактивтік белокты анықтау.
20. Жалпы белокты анықтау.
21. Белоктық фракцияларды анықтау.
22. Сиалдық сынамасын анықтау.
23. Электролиттер - калий, натрийді анықтау.
24. Иммунограмма.
25. Тимол сынамасын анықтау.
26. АЛТ анықтау.
27. АСТ анықтау.
28. Билирубинді анықтау.

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: вегетативтік кризді тоқтату, жүрек-қантамыр қызметінің тұрақтануы, артериалды қан қысымын қалпына келтіру, жүрек ырғағы, психовегетативтік статусты түзету.

Дəрі-дəрмексіз ем: күн тəртібін сақтау, жеткілікті ұйықтау. Психотерапия, ауто-тренинг, мойын-жағалық аймаққа массаж жасау, физиоем - мойын-жағалық аймаққа магний жəне бромоммен электрофорез жасау, электрлік ұйықтау. Созылмалы жұқпалар ошақтарын санациялау, ЛОР-патологиялар.

Дəрі-дəрмектік ем:
1. Метаболизм жəне ми қан айналымын жақсартатын дəрі-дəрмектер, седативтік дəрі-дəрмектер, психофармакотерапия (көрсетілім бойынша) сасықшөп тұндырмасы, валериананың сығындысы, диазепам* тəулігіне 2,5-15 мг 2-3 рет қабылдауға; пантогам 250 мг 3 г/тəу., пирацетам* тəулігіне 200-400 мг 2 рет қабылдауға, глутамин қышқылы тəулігіне 0,5-1,0 г, глицин тəулігіне 100 мг 3 рет; фенибут күніне 0,15-0,25 г 3 рет; В витамин тобының кешені тəулігіне 1 таб. күніне 2-3 рет; циннаризин* тəулігіне 50-75 мг; винпоцетин* тəулігіне 10-15 мг; тофизопам тəулігіне 50-100 мг 2 рет қабылдауға; азафен тəулігіне 25-75 мг.

2. Кардиометаболикалық дəрі-дəрмектер (көрсетілім бойынша) – карнитин хлориді тəулігіне 75-100 мг, сиыр қанынан депротеинделген гемодериват* 200-400-800 мг/тəу. венаға немесе бұлшықетке; инозин тəулігіне 0,4-0,8 г; кокарбоксилаза гидрохлориді 0,025-0,05-0,1 г бұлшықетке немесе венаға – күніне 1 рет; калий оротаты 10-20 мг/кг/тəу., 3 рет қабылдауға; магний оротаты күніне 3 рет 1 таб.; калий дəрі-дəрмегі тəулігіне 1-3 таблетка, бір уақытта кардиометаболикалық дəрі-дəрмектерді кейіннен ауыстырумен 2-ден артық емес дəрі-дəрмекті тағайындау керек.

3. Антибактериалды ем (көрсетілім бойынша) – амоксициллин* 0,125-0,5 г күніне 3 рет, 10 күн бойы; амоксициллин/клавуланат* 1,875 г 3 рет қабылдауға, 10 күн бойы; эритромицин* 30-50 мг/кг/тəу. 4 рет қабыладуға; цефазолин* 50-100 мг/кг/тəу.

4. Вегетативтік дисфункцияның айқын белгілерінде (көрсетілім бойынша) симпатикотония кезінде - β-адреноблокаторлары - пропранолол* 0,25-0,5 мг/кг/тəу. 3 рет қабылдауға немесе атенолол* 50-100 мг тəулігіне бір рет, айқын ваготонияда - красавка дəрі-дəрмегі тəулігіне 0,2-0,3 г, мидодрин 3-7 кап.- күніне 2 рет.

5. Əр-түрлі топтың аритмияға қарсы дəрі-дəрмектері көрсетілім бойынша – амиодарон* 5-9 мг/кг/тəу. 3 рет қабылдауға, лидокаин* 1-2 мг/кг бір рет венаға, верапамил* 1-3 мг/кг/тəу. 2-3 рет қабылдауға, аденозин фосфаты* 50 мкг/кг бір рет венаға.

6. Қан айналу жеткіліксіздігі көріністерімен митралды жеткіліксіздіктің дамуы кезінде-кардиотоникалық дəрі-дəрмектер: ІІ жəне одан да жоғары сатыдағы қан айналу жеткіліксізідігі кезіндегі жүрек гликозидтері дигоксин* қолдаушы дозада 0,008-0,01 мг/кг/тəу. 2 рет қабылдауға, 12 сағаттан кейін; фуросемид* 1-3 мг/кг/тəу. 3 рет қабылдауға спиронолактонға ауысумен* 2-4 мг/кг/тəу.; АПФ ингибиторлары – каптоприл 0,3-1,5 мг/кг/тəу. 3 рет қабылдауға немесе эналаприл* 2,5-20 мг/тəу. 2 рет қабылдауға.

Профилактикалық шаралар: жоқ.

Әрі қарай жүргізу: жоқ.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Диазепам 2 мг, 5 мг, табл.
2. Шошқаның миынан жасалған пептидтер кешені иньекцияларға арналған 5, 10 жəне 20 мл ертінді
3. *Амоксициллин 500 мг, 1000 мг, табл.; 250 мг; 500 мг, капс.; 250 мг/5 мл пероралды суспензия
4. *Амоксициллин+клавулонды қышқыл табл., оның қабықшасын жабу 500 мг/125 мг, 875 мг/125 мг; флаконда 500 мл/100 мг ұнтақ дайындайды, вена ішілік ендіруге
5. *Цефуроксим 750 мг, 1.5 гр флаконда инъекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ
6. *Цефтазидим 500 мг, 1 гр, 2 г флаконда инъекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ
7. *Эритромицин 250 мг, 500 мг, табл.; 250 мг/5 мл пероралды суспензия
8. *Цефазолин 1000 мг, инъекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ
9. *Пропранолол 40 мг, табл.
10. *Амиодарон 200 мг, табл.; 150 мг/3 мл, амп.
11. *Лидокаин, 1%, 2%, 10% (гидрохлорид) 2 мл, 10 мл, инъекцияларға арналған ертінді
12. *Дигоксин 62,5 мкг, 250 мкг, табл.; 0,025% 1 мл, амп.
13. *Фуросемид 40 мг, табл.; 20 мг/2 мл, амп.
14. *Эналаприл 2,5 мг, 10 мг, табл.; 1,25 мг/1 мл, амп.

Қосымша дəрі- дəрмектер тізімі:
1. Сасықшөп тұндырмасы, валериана сығындысы 30 мл
2. *Винпоцетин 5 мг, 10 мг, табл.; 2 мл, амп.
3. Кокарбоксилаза гидрохлориді 50 мг, амп.
4. *Атенолол 50 мг, 100 мг, табл.
5. *Верапамил 40 мг, 80 мг, табл.
6. *Аденозин фосфаты, 1% 1 мл, ертінді
7. *Спиронолактон 25 мг, 50 мг, табл.

Ем тиімділігінің индикаторлары: вегетативтік пароксизмдерді тоқтауы, жүрек-қан тамыр қызметінің тұрақтануы, артериалды қан қысымын тұрақтануы, жүрек ырғағын қалыпқа келуі, психовегетативтік статустың түзелуі.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу

 
Госпитализациялау үшін көрсетімдер:
- 1-2-3 сатылы ҚЖ;
- вегетативті пароксизмдер;
- коллаптоидты жəне синкопалды жағдайлар;
- артериалды қысымның тұрақты немесе жиі түрде жоғарылауы жəне төмендеуі;
- жүрек ырғағының жəне өткізгіштігінің бұзылыстары.

Жоспарлы госпитализация алдындағы қажетті зерттеулер көлемі:
- ЭхоКГ;
- ЭКГ;
- кардиоревматолог кеңесі.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1 Клинические рекомендации+фармакологический справочник: Под ред И.Н.Денисова, Ю.Л. Шевченко – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004. – 1184 с.:ил. (серия «Доказательная Медицина») 2. ACC/AHA/ASE 2003 Guideline Update for the Clinical Application of Echocardiography A Report of the American College of Cardiology/American Heart Association Task Force on Practice Guidelines (ACC/AHA/ASE Committee to Update the 1997 Guidelines for the Clinical Application of Echocardiography) 3. Scottish Intercollegiate Guidelines Network A National Clinical Guideline Antithrombotic Therapy March 1999 4. Management of Patients WithValvular Heart Disease A Report of the American College ACC/AHA Pocket GuidelinesA Report of the American College of Cardiology/American Heart Association Task Force on Practice Guidelines July 2000 5. Mitral Valve Prolapse: Time for a Fresh Look. Reviews in Cardiovascular Medicine 2001; 2(2): 73-81. Guidelines: https://www.americanheart.org

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Нусипбекова С.С., ҚР ДСМ ПжБХ ҒО.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх