Балалардың теміртапшылықты анемиясы

PN-P-001

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Анемия, связанная с питанием, неуточненная (D53.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы
Теміртапшылықты анемия - организмде темір тапшылығынан болатын, 
оның келіп түсуінің бұзылыстары, сіңірілуі немесе патологиялық жоғалуынан, гемоглобин концентрациясының төмендеуімен сипатталатын патологиялық жағдай.
Клиникалық белгілер сидеропениялық синдромдармен сипатталады: эпителиалды бұзылыстар (тері, тырнақ, шаш, шырышты қабықтың трофикалық бұзылыстары), дəм сезімен иіс сезудің бұзылуы, астениялық-вегетативтік бұзылыстар, ішекте сіңу процестернің бұзылуы, дисфагия жəне диспептикалық өзгерістер, иммунитеттің төмендеуі.
ДДҰ ұсыныстарына сай, 6 жасқа дейінгі балалардағы гемоглобин нормасының төменгі шегін 110 г/л, Ht=33; 6-12 жасар балаларда - 115 г/л, Ht=34; 12-13 жасар балаларда - 120 г/л, Ht=36 болып есептелуі керек.
 

Хаттама коды: PN-P-001 "Балалардың теміртапшылықты анемиясы"
Педиатрия саладағы медециналық пункттар үшін.
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
D53 Тамақтанумен байланысты өзге анемия.
D50 Теміртапшылықты анемия.

Жіктемесі


Жіктемесі
 
Этиологиясы:
- темірдің бастапқы жеткіліксіз деңгейінде ТТА (темір тапшылықты анемия) (шала туылған егіздердің қан аздығы);
- нутритивті (немесе алиментарлы) ТТА;
- жұқпалы немесе жұқпалы-алиментарлы генезді ТТА;
- темірдің резорбционды жеткіліксізідігіндегі ТТА (мальабсорбция синдромы жəне т.б.);
- созылмалы қан ағудан кейінгі ТТА.
 
Ауырлық дəрежесі бойынша:  жеңіл, орта, ауыр.
 
Патогенезі бойынша: жіті қан ағудан кейінгі, созылмалы.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
- жүкті əйелдер анемиясы;
- нəрестенің шала туылуы;
- тиімсіз тамақтану;
- АІЖ аурулары;
- ішек құрттық инвазия;
- қан ағу;
- төмен əлеуметтік жағдай.

Диагностикасы


Диагностика критерилері: 5 жастан кіші балаларда, ТТА қандағы гемоглобин концентрациясында 110 г/л-ден аз немесе гематокрит деңгейінде 33%-тен аз анықталады.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы қан анализі (6 параметр).
2. Гемоглобинді анықтау.
3. Ретикулоциттерді анықтау.
 
Қосымша диагностикалық шаралар:
1. ЭКГ.
2. Жалпы темірмен байланыстыратын қабілетті анықтау.
3. Гастроэнтеролог консультациясы.

Емдеу тактикасы


Емдеу тəсілі
 
6 айға толғанша, нəрестені тек емшек сүтімен тамақтандыру ұснылады. Емшекпен емізілетін ТТА ауыратын балаларға 6 айдан бастпа темір дəрі-дəрмегін
қабылдау ұсынылады. 

Жасанды жолмен тамақтанатын көп балаларға кермек су қабылдағанға дейін (12 айға дейін) темірмен байытылған қоспамен тамақтандыру керек. ТТА алдын алу үшін ата-анамен тиімді тамақтану бойынша оқыту мен кеңес беруді жүргізу қажет.

 
Ферментопатия жəне ішек сіңірілуінің бұзылулары бар ерте жасанды жəне аралас тамақтанатын шала туылған балалардың емі үшін, 4-айлық жастан бастап тəулігіне 1 рет жеке таңдау курсымен III темір декстранын (25-100 мг / 0,5 мл-2 мл) тағайындау ұсынылады.
 
Мерзіміне жетіліп туылған балалар ТТА ауруына (НЬ и Ht деңгейін тексеру) 6 айдан,  ал шала туылған балалар 3 айдан кешікпей тексерілуі керек.
 
ТТА анықталған балалар темір - тұз* темірінің, бір компонентті жəне комбинациялардың, 20 мг/мл темір тұзы мен аскорбин қышқылы бар оралды ерітінділерді 1 таблеткадан немесе күніне 1-2 дражеден, фоли қышқылын күніне 1 таблеткадан 3 рет қабылдау керек.Темір дəрі-дəрмегі тəулігіне 3 мг/кг салмағы есебінен гемоглобилиннің қалпына келгеніне дейін, реабилитациялық ем- 1-2 мг/кг салмағы 2-3 айдан кем емес уақытқа тағайындалады.
Пероралдық темірге тұрақтылық кезінде, сонымен қатар жіті постгеморрагиялық анемия кезінде темір деңгейін тез жəне тиімді қалпына келтіру мақсатында тəулігіне 1 рет жеке таңдау курсымен III темір декстранын (100 мг / 2 мл) тағайындау ұсынылады.
 
Темірмен байытылған тамақтану (қоспа). Тағайындалған емнің нəтижелігін растау үшін,ТТА ауыратын барлық кіші жастағы балаларда ТТА ауруын емдегеннен, 4 аптадан,  кейін НЬ и Ht қайта анықталуы керек. Тағайындалған емге оң нəтиже байқалса (гемоглобилиннің 10 г/л жоғары немесе тең, 3%-ке  немесе одан көп ұлғаюы), немесе бұл көрсеткіштер қалыпқа сай болса, ем тағы 2 айға жалғастырылып, содан кейін темірдің тағайындалуы тоқтатылуы тиіс.
Жүргізілетін емнің оң нəтижесінің болмауы немесе 10 г/л төмен, гемоглобилиннің ұлғайылуында, ал Ht 3%-тен төмен ұлғаюын, дəрігер қан аздықтың басқа мүмкін болатын себептерін науқасты гематологқа жіберуі арқылы анықтауы тиіс.
 
Орташа немесе ауыр түрдегі ТТА ауыратын төмен жастағы балалар (НЬ 90 г/л төмен немесе 27% аз Ht) гематологтан кеңес алуы керек. ТТА ауруына шалдығу қауіп факторлары бар 6-дан 12-ге дейінгі жастағы балалар (өмір сүрудің немесе тамақтанудың нашар жағдайы) қайталамалы скринингті талап етеді.
Жасөспірім қыздар ТТА-ға зерттелуі керек, тегі болмаса, бір рет 15 жəне 25 жас арасында зерттелуі керек. Қауіп-қатерлі факторлар болмағанда (нашар тамақтану, етеккірдің көп мөлшерде келуі, донорлық жəне т.б) немесе ТТА диагнозының анамнезде болуы едəуір жиі скрининг қажет (əр жыл).
 
Саусақтан алынған перифириялық қан анализінің негізінде ТТА-на күдік туса, ТТА болуын көктамырдан алынған қанның анализімен растау керек. Жасөспірім қыздарға қан аздық 120 г/л төмен гемоглобин деңгейінде, Ht-36% төмен анықталады. Көрсетілген шектен 20 г/л төмен гемоглобин концентрациясында, жасөспірімдер элементарлы темірдің емдік дозасын - күніне екі рет 60 мг алуы керек (жалпы доза темірдің 120 мг), бұдан басқа, дұрыс тамақтануды үйрету қажет. Дəрігер тағайындалған емнің нəтижелігін 1 айдан кейін тексеруі керек. Егер нəтиже болымсыз немесе тіптен болмаса (гемоглабиннің ұлғаюы 10 г/л-ден аз; немесе Ht 3 бірліктен аз ұлғаюы), клиницист қан аздықтың басқа мүмкін болатын себептерін науқасты гематологқа жіберу арқылы анықтауы керек.
Қабынулық немесе жұқпалық процестердің болу кезінде төмен концентрациясы немесе гематокриттің көлемі организмде темірдің таратылуының бұзыу нəтижесі ТТА дамуын дəлелдей алады  жəне де қосымша емді қажет етеді. Темір дəрі-дəрмегі тағайындалуының оң нəтижесін алғанда, ем гемоглобин концентрациясының 120 г/л жетуіне дейін жалғастырылуы керек, бұдан кейін темір дозасы аптасына 120 мг дейін төмендетіліп, 6 айға созылуы қажет.

 
Ауыр түрдегі ТТА көбінесе жасөспірім қыздарға тəн емес жəне темір тапшылығы мұндай қан аздықтың себебі сирек болады. Аурудың дамуы туралы толық ақпарат, оның ішінде, тамақтану сипты, тереңірек зерттеу мен қосымша u1083 зертханалық анализдер (жалпы қан анализі, сарысулық темір, трансферрин құрамы, ферритин концентрациясы, ретикулоциттер саны, жалпы белок, жалпы билирубин жəне оның фракциялары) толық ТТА дəлелдеу үшін керек.
Жасөспірім қыздарға ТТА алдын алу үшін теңгерілген тамақтану ТТА дамуын тоқтатып, темір дəрі-дəрмегінің тағайындалуының алдын алады. Сондықтан, ет пен аскорбин қышқылына бай азық-түлікті (азық түліктен алынатын темірдің сіңірілуін ұлғайты үшін) тұтынуға ерекше көңіл беру керек, тамақтанғанда, шай мен кофені ішпеу қажет. Жасөспірім қыздарда көптеген микроэлементтік жеткіліксіздігінің жоғары қауіптілігінде таблетка құрамында 30 г-ге жуық темір бар темірмультивитаминдік- минералдық дəрі-дəрмекті тағайындау керек.

 Емдік курс аяқталғаннан кейін, элементарлы темір дəрі-дəмрмегін ауруды алдын алу мақсатымен, 6 ай бойы аптасына бір рет қабылдау ұсынылады:

Жасы
Элементарлы темір дəрі-дəрмегінің дозасы (мг)
6-12 ай Элементарлы теімрдің 30 мг сиропы немесе 3 мг/кг
12-18 ай 60 мг
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. **Тұздың темірі, біркомпонентті дəрі-дəрмектер жəне тұз темірінің 20 мг/мл – ден артық құрамы бар комбинирленген дəрі-дəрмектер.
2. **Аскорбин қышқылы 50 мг, 100 мг, 500 мг табл.; 50 мг драже.
3. Фоли қышқылы 1 мг табл.
4. Темір декстраны III (100 мг/2 мл) бұлшықет ішіне енгізу үшін, амп.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Элементарлы темір дəрі-дəрмегі 30-60 мг табл.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: Hb көрсеткіштерін жəне нəрестенің жалпы ахуалын қалыпқа келтеру, Hb 10 г/л-ға немесе одан көпке жоғарылауында 4 апта бойы темір препараттарымен емделуі кезінде.
 
* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.
** - амбулаторлық ем кезіндегі рецепт бойынша дəрілік заттар тегін жəне жеңілдікпен берілетін ауру түрлерінің тізіміне кіреді.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау үшін көрсетімдер:
 2 аптадан кейін  клиникалық- зертханалық көрсеткіштері қалпына келтірілмегені.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Клиническое руководство по скринингу, профилактике и лечению железодефицитной анемии. Ташкент 2004, 68 с. 2. PRODIGY Guidance - Anaemia - iron deficiency Clinical Practice Guidelines, 2005 3. Screening for Iron Deficiency. Anemia—Including Iron Prophylaxis. Clinical guidelines 4. Iron Deficiency Anaemia. Assessment, Prevention and Control. A guide for programme managers.

Ақпарат

Əзірлеушілер тізімі: Джаксон Н.Л., республикалық медициналық колледж

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх