Жүктілердің жүрек айнуы жəне құсуы

P-O-015

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Рвота беременных неуточненная (O21.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы:
Жүктілердің жүрек айнуы жəне құсуы – жүктілік үрдісі уақытында 
байқалатын, басқа физиологиялық себептерге байланысты емес əйгіленістер.
Эпидемиология: жүрек айну жəне құсу - əйелдердің 70-95% зардап шегетін, жүктіліктің бірінші триместрінде жиі болатын əйгіленістер.  
Жүктілердің 17%-да ол тек таңертең ғана 
байқалса, 13%-да 20 аптадан кейін де сақталады.
Жүрек айну – кеуде немесе эпигастриялық аймақта болатын, лоқсумен білінетін жағымсыз сезім.
Құсу – асқазандағы барды ауыз арқылы еріксз шығару.
Жүктілердің шамадан көп құсуы – жүктіліктің 20 апатасына дейін жалғасатын жəне дене салмағын жоғалтуға, сусыздануға, электролиттік теңсіздікке (дисбаланс) жəне өлімге əкелетін ауыр дəрежедегі жүрегі айну жəне құсу.


Хаттама коды: P-O-015 "Жүктілердің жүрек айнуы жəне құсуы"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
N 021 – жүктілердің шамадан көп құсуы;
021.0 – жүктілердің құсуы жеңіл немесе орташа (шамалы)
021.1 -  жүктілердің зат алмасудың бұзылуымен қосылған шамадан көп немесе ауыр құсуы;
021.2 – жүктілердің кешеуілдеген құсуы;
021.8 – құсудың жүктілікті ауырлататын басқа да түрлері;
021.9 – жүктілердің анықталмаған құсуы.

Жіктемесі


Жіктемесі:
1. Жүктілердің құсуы:
-  Жеңіл дəрежелі – жиілігі тəулігіне 5 реттен артпайды;
-  Ауырлығы орта дəрежелі құсу – тəулігіне 6-10 рет;
-  Шамадан көп құсу – тəулігіне 11-25 рет.
2. Сілекей ағу – құсықпен ілесуі немесе жеке түрде пайда болуы мүмкін.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Қанда ХГЧ концентрациясының жоғарылауы.
2. Көп ұрықты жүктілік.
3. Коректенудің жеткіліксіздігі.

Диагностикасы


Диагностика критерилері:  Жүрек айну, құсу, сілекей ағу, дене салмағын 5% -дан артық жоғалту, сусыздану белгілері.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1.  Зəрдің жалпы анализі.
2.  Тəуліктік зəр шығаруды бағалау.
3.  Зəрде ацетон, кетондық  денелердің болуы
4.  Қанның биохимиялық анализі (мочевина, креатинин, билирубин, жалпы белок деңгейі).

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:  жоқ.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы:
- Дене белсенділігін шектеу (демалыс уақытын ұзарту) жүктілердің жүрегі айнуы, құсу жиілігін, қарқындылығын азайтады.
- Құрамында имбирь бар тағам қоспаларын қолдану.
- Пиридоксин (В6 дəрумені) 10 мг мөлшерінде əр 8 сағатта 2-3 күн бойы ішу.
- 10 мг доксиламин, 10 мг пиридоксинмен қоса тəулігіне 4 таблеткаға дейін (түнге 2 табл., таңертең, түсте бірден);
- Әйгіленімдердің персистенциясында емге прометазин 12,5-2,5 мг əр 4-6 сағатта бұлшық етке немесе метоклопрамид 5-10 мг 8 сағаттан соң;
- Сусыздану белгілері қосылған жағдайда ауруханаға жатқызу қажет.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Пиридоксин 10 мг, 20 мг табл.
2.   Доксиламин 10 мг табл.
3. *Прометазин егуге арналған сұйықтық, амп. 50 мг/2мл
4. *Метоклопрамид, сұйықтық ампулада, 2 мл.

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:  жоқ

Ем тиімділігінің индикаторлары: симптомдарды басу, өмір сарасын жақсарту, асқынулар жиілігін төмендету.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялауға көрсетімдер:
Жүктілердің сусыздану белгілерімен (зəрде ацетон, кетондық денелер болуы,  қанда қалдық азот, мочевина,  креатинин, билирубин көбеюі) қосақталған шамадан көп персистеуші құсуы.

Алдын алуы


Біріншілік профилактика: ауру дамуына əсер ететін қауіп-қатерлі факторларды жою бойынша профилактикалық шаралар.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Recommendations for the Evaluation and Managment of Nausea and Vomiting in Early Pregnancy. University of Texas at Austin, School of Nursing, Family Nurse Practitioner Program.- 2002, p.9 2. PRODIGY Guidance - Nausea and Vomiting in Pregnancy 3. The Managment of Nausea and Vomiting of Pregnancy. SOGC Clinical Practice Guidelines#120, 2002, p.1-7 4. Institute for Clinical Systems Improvement. Health Care Guideline. Rutine Prenatal Care, 2005, p.80 5. National Collaborating Center for Women’s and Children’s Health. Antenatal Care: Rutine Care for the Healthy Pregnant Women. Clinical Guideline, 2003, p.286 6. Клинические рекомендации для практикующих врачей, основанные на доказательной медицине, Издание «ГЭОСТАР-МЕД», 2003

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Рослякова А.В., Алматы қаласы Адам репродукциясы орталығының дəрігер акушер-гинекологы.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх