Өкпе ісінуі, жіті солқарыншалық жетіспеушілік
E-014
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)
Левожелудочковая недостаточность (I50.1)
Анықтамасы
Анықтамасы
Анықтамасы
Сол қарыншалық жіті жетіспеушілік жəне оның негізгі көріністері — жүрек демікпесі жəне өкпе ісінуі — патологиялық жағдай, қанның сұйық бөлігінің өкпенің интерстициальді тініне, сонан соң альвеолаларға ығысуы. Ауыр тұншығу, цианоз, бүркілдеген тыныс сияқты клиникалық көріністер байқалады.
Хаттама коды: Е-014 "Өкпе ісінуі, жіті солқарыншалық жетіспеушілік"
Жедел медициналық көмек
Жедел медициналық көмек
Кезеңнің мақсаты: Барлық өмірлік маңызды жүйелер мен ағзалар қызметтерінің қалпына келуі.
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): I50.1 Сол қарыншалық жіті жетіспеушілік
Жіктемесі
Жіктемесі
Іркілісті түрі: сол қарыншалық жіті жүрек жетіспеушілігі (жүрек демікпесі, өкпе ісінуі), оң қарыншалық жіті жүрек жетіспеушілігі (үлкен қан айналым шеңберінде көк тамырлық іркілу).
Гипокинетикалық түрі: кардиогенді шок.
Қауіп-қатерлі факторлар
Қауіп-қатер факторлары:
- 60-тан асқан жас;
- қайталамалы миокард инфаркты жəне оның дамуының демікпелік нұсқасы;
- анамнезінде қан айналымының бұзылыстары, семіздік, созылмалы аурулар, миокард инфарктының дамуына дейін жиі стенокардия ұстамаларының болуы.
Диагностикасы
Диагностикалық критерилер
Жіті сол қарыншалық жүрек жетіспеушілігі кезінде:
- ауа жетіспеу сезімімен кенеттен басталуы;
- кейде тұншығуға өтетін, əртүрлі дəрежедегі үдемелі ентігу;
- кейде Чейн-Стокс тынысы (қысқа кезеңді гипервентиляцияның тыныстың тоқтауымен кезектесуі);
- жөтел (басында құрғақ, сонан соң қақырықпен), кейін – көпіршікті қақырық, кейде күлгін түске боялған;
- науқас мəжбүрлі қалыпта отырады (ортопноэ);
- науқас қозған, тынышсыз;
- тері жабындыларының боз жəне ылғалды болуы (суық тер), шырышты қабаттардың цианозы;
- тахикардия (120-150 рет минутына), протодиастолалық шоқырақ ырғағы;
- мойын веналарының ісінуі;
- АҚ-ның қалыпты немесе төмен көрсеткіштері;
- ылғалды сырылдар басында естілмеуі мүмкін немесе өкпенің төменгі бөлігінде аз мөлшерлі майда көпіршікті сырылдар анықталады, ұсақ бронхтардың шырышты қабатының ісінуі бронхообструкция жəне дем шығарудың ұзаруымен, құрғақ сырылдармен, өкпе эмфиземасының көріністерімен көрінуі мүмкін;
- өкпенің альвеолярлы ісінуінде (өкпе ісіну синдромы)- қашықтықта да өкпенің барлық бетінде анық əртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар естілуі мүмкін (бұрқылдаған тыныс);
- перкуторлы – жүректің абсолютті тұйықтығының сəл солға қарай ығысуы (сол қарыншаның дилятациясы).
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Ентікпенің алғаш дамуы мен оның сипатын (кенеттен пайда болуы немесе үдемелі өршуі) анықтау, сонымен қатар пайда болу жағдайын (тыныштықта немесе физикалық күш түскенде) білу.
2. Қазіргі жағдайға əкелген симптомдарды анықтау (кеудедегі ауыру сезімі, гипертониялық криз эпизоды).
3. Науқастың қабылдаған дəрі-дəрмектерін жəне оның эффективтілігін анықтау.
4. Анамнез жинау
5. Жалпы жағдайын жəне өмірлік маңызды функцияларды бағалау: есін, тынысы, қан айналымы.
6. Науқастың қалпы: ортопноэ.
7. Визуальді бағалау: тері жабындыларын (боз, ылғалды), акроцианоздың болуы, мойын веналарының жəне кеуденің жоғарғы бөлігі веналарының ісінуі, шеткі ісінулер ( аяқ-қолдың, асцит).
8. Тыныс алу жиілігін (тахипноэ), пульсті (тахикардия немесе кейде брадикардия).
9. АҚҚ-ын өлшеу: САҚ-ның 90 мм с.б. төмен түсуі - шок белгісі; гипотония (миокардтың ауыр зақымдануы кезінде); немесе гипертензия ( ағзаның стресстік жауабы кезінде).
10. Перкуторлы: жүректің абсолютті тұйықтығының солға немесе оңға ұлғаюы (кардиомегалия).
11. Пальпаторлы: жүрек ұшы түрткісінің ығысуы жəне ұлғайған ауыру сезімді бауырдың болуы.
12. Жүрек аускультациясы: протодиастолалық немесе пресистолалық шоқырақ ырғағы, жүрек ұшында систолалық шу.
13. Өкпе аускультациясы: ылғалды сырылдар.
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі
Жедел сол қарыншалық жүрек жетіспеушіліктің ЭКГ-белгілері:
- I, II, aVL, V5-6 əкетулерде Р тісшесінің екеуленуі жəне амплитудасының ұлғаюы;
- Р тісшесі амплитудасының екінші теріс фазасы ұзақтығының ұлғаюы немесе V1 əкетулерде теріс Р тісінің пайда болуы;
- Теріс немесе екі фазалы РIII;
- Р тісі енінің ұлғаюы – 0.1 с жоғары.
Дифференциалды диагноз
Дифференциалды диагностика
Жіті сол қарыншалық жетіспеушілік мен бронх демікпесінің айырмашылығы науқас жағдайының ауырлығы мен аускультациялық көріністерінің арасындағы диссоциацияда (айқын экспираторлы ентікпе мен «мылқау аймақ» жоқ болғанда).
Өкпенің альвеолярлы ісінуінде өкпенің барлық бетінен əртүрлі калибрлі анық, ылғалды сырылдар, қашықтықтан да естілуі мумкін (бұрқылдаған тыныс).
Ентікпе кезінде дифференциальды диагностиканы мыналармен жүргізеді:
- спонтанды пневмоторакспен (ентікпе ауыру синдромымен бірге жүргенде);
- орталық ентікпе (бассүйекішілік процесс);
- психогенді ентікпе (тахипноэ);
- стенокардия ұстамасымен.
Емдеу тактикасы
Жедел жəрдем көрсету тактикасы
ЖСҚЖ-те көрсетілетін жедел жəрдем алгоритмі:
1. Мұрын катетері арқылы спирттің буымен ингаляция (көпіршік түзілумен күрес). Оттегін берудің бастапқы жылдамдығы ( 96°С этил спирті арқылы) 2-3 л/мин, бірнеше минут ішінде (10-ға дейін). Шырышты қабат газдардың тітіркендіргіш əсеріне үйренгенде, жылдамдықты 9-10 л/мин-на дейін көбейтеді. Ингаляцияны 30-40 мин жалғастырады, 10-15 мин үзіліспен.
2. «Тыныстық үрейді» наркотикалық анальгетиктермен басу: морфин 1,0 мл 1% ерітіндіні 20 мл 0,9% хлорид натрийде еріту жəне көк тамырға бөлшектеп енгізу 4-10 мл (немесе 2-5 мг) əрбір 5-15 мин-та ауыру сезімі мен ентікпе басылғанша.
3. Гепарин 5000 ЕД к/т-ға жылдам.
1-3 ПУНКТТЕР МІНДЕТТІ ТҮРДЕ!
4.Қалыпты артериалық қысым кезінде:
- науқастың аяғын төмен түсіріп отырғызу;
- нитроглицерин тіл астына (0,5-1 мг), немесе аэрозоль, немесе спрей (0,4-0,8 мг немесе 1-2 доза); немесе к/т 0,1% спирт ерітіндісін 10 мг-ға дейін 100 мл изотоникалық натрий хлориді ерітіндісінде тамшылатып, енгізу жылдамдығын 25 мкг/мин эффект болғанша дейін, АҚ-ды бақылау;
- фуросемид 40-80 мг к/т жылдам;
- диазепам к/т-ға бөлшектеп эффект болғанша дейін немесе жалпы дозасы 10 мг-ға жеткенше.
5. Артериальды гипертензияда:
- науқастың аяғын төмен түсіріп отырғызу;
- нитроглицерин таблеткалар (аэрозоль жақсырақ) 0,4-0,5 мг сублингвальды, бір рет;
- фуросемид 40-80 мг к/т жылдам;
- нитроглицерин к/т 0,1% спирт ерітіндісін 10 мг-ға дейін 100 мл изотоникалық натрий хлориді ерітіндісінде тамшылатып, енгізу жылдамдығын 25 мкг/мин эффект болғанша дейін, АҚ-ды бақылау немесе 30 мг натрий нитропруссиді 300 мл 5% декстроза ерітіндісінде к/т тамшылатып, біртіндеп енгізу жылдамдығын 0,3 мкг/(кгхмин)-нан эффек болғанша дейін жоғарылатып;
- диазепам к/т-ға бөлшектеп эффект болғанша дейін немесе жалпы дозасы 10 мг-ға жеткенше 6. Шамалы гипотензияда (систолалық қысым 75 – 90 мм с.б.);
- науқастың басын көтеріп жатқызу;
- 250 мг допаминді 250 мл изотониялық натрий хлориді ерітіндісінде, енгізу жылдамдығын 5 мкг/(кгхмин)-нан АҚ қалпына келгенше жоғарылатады;
- фуросемид 40-80 мг к/т жылдам.
7. Айқын артериялық гипотензияда:
- науқастың басын көтеріп жатқызу;
- 200 мг допаминді 400 мл 5% декстроза ерітіндісінде к/т тамшылатып, енгізу жылдамдығын 5 мкг/(кгхмин)-нан АҚ минимальді мөлшерде қалпына келгенше;
- артериялық қысым көтерілгенде, өкпе ісінуінің күшеюімен бірге жүргенде – қосымша нитроглицерин к/т тамшылатып, 1% 10 мг спирт ерітіндісін 100 мл изотониялық натрий хлориді ерітіндісінде, енгізу жылдамдығын 25 мкг/мин-нан АҚ бақылап отырып эффект болғанша дейін;
- фуросемид 40-80 мг к/т жылдам, тек АҚ қалпына келгеннен кейін.
8. Организмнің өмірлік маңызды функцияларына монитор жүргізу (кардиомонитор, пульсоксиметр).
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Этанол 96°С 50 мл, фл.
2. *Оттегі, м3.
3. *Морфин 1% - 1,0 мл, амп.
4. *Натрий хлориді 0,9% - 400,0 мл, фл.
5. *Натрий хлориді 0,9% - 5,0 мл, амп.
6. *Гепарин 5000 ЕД, амп.
7. *Нитроглицерин 0,0005 г, табл.
8. *Нитроглицерин 0,1% - 10,0 мл, амп.
9. *Фуросемид 1% - 2,0 мл, амп.
10. *Диазепам 10 мг – 2,0 мл, амп.
11. *Допамин 0,5% - 5 мл, амп.
12. *Натрий нитропруссиді 50 мг, амп.
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Декстроза 5% - 400,0, фл.
2. *Пентоксифиллин 2% 5 мл, амп.
3. Нитроглицерин, аэрозоль.
Ем тиімділігінің индикаторлары:
1. Тері жабындылары ылғалдылығының төмендеуі.
2. Өкпеде ылғалды сырылдардың азаюы немесе жойылуы.
3. Субъективті сезімдердің жақсаруы – ентігудің жəне тұншығудың азаюы.
4. Артериялық қысымның қалпына келуі.
* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар
Ауруханаға жатқызу
Жедел госпитализациялау үшін көрсетімдер
Айқын өкпе ісінуінде госпитализация тек ол басылғанда немесе арнайы жедел медициналық жəрдем бригадаларымен мүмкін. Науқасты отырғызып, тасымалдау керек.
Ақпарат
Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
-
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
- Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Руководство по скорой медицинской помощи. Багненко С.Ф., Верткин А.Л, Мирошниченко А.Г., Хабутия М.Ш. ГЭОТАР-Медиа, 2006 г. 2. Доврачебная помощь при неотложных критических состояниях. И.Ф. Богоявленский. Санкт-Петербург, «Гиппократ», 2003 г. 3. Секреты неотложной помощи. П. Э. Парсонз, Дж. П. Винер-Крониш. Москва, «МЕДпресс-информ», 2006 г. 4. Руководство по интенсивной терапии. Под ред. А.И. Трещинского и Ф.С. Глумчера. Киев, 2004 год. 5. Внутренние болезни. Сердечно-сосудистая система. Г.Е. Ройтберг. А.В. Струтынский. Москва, БИНОМ, 2003 год. 6. Приказ Министра Здравоохранения Республики Казахстан от 22 декабря 2004 года № 883 «Об утверждении Списка основных (жизненно важных) лекарственных средств». 7. Приказ Министра Здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2005 года №542 «О внесении изменений и дополнений в приказ МЗ РК от 7 декабря 2004 года № 854 «Об утверждении Инструкции по формированию Списка основных (жизненно важных) лекарственных средств».
Ақпарат
Əзірлеушілер тізімі:
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел жəне шұғыл медициналық жəрдем, №2 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі - м.ғ.д., профессор Тұрланов Қ.М.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел жəне шұғыл медициналық жəрдем, №2 ішкі аурулар кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к, доцент Воднев В.П.; м.ғ.к., доцент Дюсембаев Б.К.; м.ғ.к., доцент Ахметова Г.Д.; м.ғ.к., доцент Бедельбаева Г.Г.; Альмухамбетов М.К.; Ложкин А.А.; Маденов Н.Н.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел жəне шұғыл медициналық жəрдем, №2 ішкі аурулар кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к, доцент Воднев В.П.; м.ғ.к., доцент Дюсембаев Б.К.; м.ғ.к., доцент Ахметова Г.Д.; м.ғ.к., доцент Бедельбаева Г.Г.; Альмухамбетов М.К.; Ложкин А.А.; Маденов Н.Н.
Алматы мемлекеттік дəрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының меңгерушісі – м.ғ.к., доцент Рахымбаев Р.С.
Алматы мемлекеттік дəрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к., доцент СилачевЮ.Я.; Волкова Н.В.; Хайрулин Р.З.; Седенко В.А.
Алматы мемлекеттік дəрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к., доцент СилачевЮ.Я.; Волкова Н.В.; Хайрулин Р.З.; Седенко В.А.
Қазықтаулы файлдар
Назар аударыңыз!
- Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
- Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
- Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
- Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
- Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.