Ұйқының бұзылуы (педиатрия)

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Нарушение сна неуточненное (G47.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясында
2014 жылғы «4» шілдедегі
№ 10 хаттамасымен
бекітілген


 
Ұйқының бұзылуы - баланың жасына ұйқы уақытының ұзақтығы және оның құрылуының сәйкес келмеуі. Бұл жеткіліксіз ұзақтылық немесе ұйқы сапасына көнілтолмаушылық, немесе бұл құбылыстардың біршама уақыт кезеңімен байланыстыру. Сонымен қатар ұйқының абсолютты ұзақтығы (сағат мөлшері) шешуші мағынасы болып табылмайды, өйткені әр адамның ұйқысының қалыпты, жеткілікті ұзақтығында айырмашылықтар болуы мүмкін [1].

Хаттама атауы: Ұйқының бұзылуы
 
Хаттама коды:
 
Код (тар) ХАЖ-10
Ұйқының бұзылуы
G47 Ұйқының бұзылуы
G47.0 Ұйқысырау және ұйқыны қолдаудың бұзылуы (ұйқысыздық)
G47.1 Қатты ұйқысырау түрінде бұзылу (гиперсомния)
G47.2 Ұйқы циклының бұзылуы және сергектік
G47.3 Ұйқыдағы апноэ
G47.4 Нарколепсия және катаплексия
G47.8 Ұйқының басқа да бұзылулары
G47.9 Анықталмаған ұйқы бұзылуы
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар
AЛT – аланинаминотрансфераза
AСT – аспартатаминотрансфераза
БСІГ – бас сүйек ішіндегі гипертензия
БЭМ – бейнеэлектроэнцефалографикалық мониторінгілеу
КНД – көру нервысының дискі
ПМРК – психомоторлы дамудың кедергісі
КТ – компьютерлік томография
ЕДШ – емдік дене шынықтыру
МРТ – магниттік-резонансты томография
НСГ – нейросонография
ЖҚТ – жалпы қан талдауы
ЖНТ – жалпы несеп талдауы
МСАК – медициналық-санитариялық алғашқы көмек
ПСГ – полисомнография
СИПАП – (Constant Positive Airway Pressure, CPAP) – тыныс жолдарындағы тұрақты оң қысым
УДДГ – ультрадыбыстық допплерография
УДЗ – ультрадыбыстық зерттеу
БМЖ – бассүйек-ми жүйкесі
ҚБ қалқанша без
ЭКГ – электрокардиография
ЭЭГ – электроэнцефалография
 
Хаттаманы  дайындау: 2014 жыл.
 
Пациенттер санаты: балалар.
 
Хаттаманы пайдаланушылар: балалар невропатологтары, педиатрлар, жалпы тәжірибе дәрігерлері, жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету дәрігерлері, фельдшерлер.

 

Жіктемесі


Клиникалық  жіктелуі
Ұйқының бұзылуы халықаралық жіктеуге сәйкес (Америка ұйқы медицинасының академиясы) [2] бөлінеді:
·          ұйқысыздық;
·          тыныс алудың бұзылуына байланысты ұйқының бұзылуы;
·          гиперсомния (жоғары күндізгі ұйқысырау, түнгі ұйқының бұзылуына байланысты емес, нарколепсиямен қоса);
·          циркадты ырғақтың бұзылуы;
·           парасомния;
·          ұйқыға байланысты қозғалыстың бұзылуы;
·          қалыпты нұсқасы ретінде оқшауланған симптомдар;
·          басқа да ұйқы бұзылулары.

Диагностикасы


Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі:
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулерс:
·          Офтальмоскопия;
·          бас миының УДЗ  (1 жасқа дейінгі балаларда);
·          ЭЭГ/ЭЭГ мониторингілеу
 
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер [3-7]:
·          бас миының торапты тамырларының допплерографиясы;
·          ЭКГ;
·          ЭхоКГ;
·          бас миының МРТ/КТ (көрсетім: ошақты неврологиялық симптоматика, жалпы ми симптоматикасы айқын бас ауыруы кезінде құсу, бас айналу).
 
Жоспарлы госпитальдауға жіберудегі жүргізілетін қажетті тексерулердің минималды тізімі:
·          ЭЭГ/ЭЭГ мониторингілеу;
·          1 жасқа дейінгі балаларда бас миының УДЗ;
·          ЭКГ.
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер:
·          офтальмоскопия;
·          1 жасқа деінгі балалар бас миының УДЗ;
·          ЭЭГ/видео-ЭЭГ мониторингілеу.
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер:
·          қанның биохимиялық талдауы (калий, натрий, магний, кальций, глюкоза, креатинин, нәсепнәрді анықтау);
·          бас миы торапты тамырларының допплерографиясы;
·          ЭКГ;
·          ЭхоКГ;
·          Холтер-ЭКГ;
·          бас миының МРТ/КТ (көрсетім: ошақты неврологиялық симптоматика бар болуы, бас ауыру кезінде айқын жалпымилық симптоматикасымен құсу, бас айналу).
 
Жедел шұғыл көмек деңгейінде жүргізілетін диагностикалық шаралар:
·          шағымдарды жинау және анамнез;
·          физикальды зерттеу;
·          қанды қантқа  биохимиялық талдау.
 
Диагностикалық  критерийлер:***
Шағымдар және анамнез:
·          ұйқыдағы апноэ (ұйқы кезіндегі өкпе желдетілуніңі 10 секундтан көп  уақытқа тоқтау);
·          интеллекттің және естің нашарлауы, жұмысқа қабілеттіліктің бәсендеуі;
·          тұрақты шаршағандық, әлсіздік;
·          күндізгі ұйқысыраумен түнде жиі ояну;
·          кездейсоқ ұйықтау ұстамасы;
·          катаплексия ұстамасы (анық есінде кездейсоқ бұлшық ет тонусын жоғалту);
·          гипнагогикалық (ұйықтар алдында) және гипнапомпикалық (ояну кезінде) елестердің пайда болуы;
·          оянғаннан кейін дененің қысқа уақытқа сал болу;
·          мөлшерден тыс ұйқысырау көріністері және іс-әрекеттің бұзылуы;
·          ашуланшақтық немесе шабуылға дайын тұрушылық (егер оларға ұйықтауға мүмкіндік бермесе);
·          естің шатасуы, бағыт-бағдарды жоғалту;
·          мазасыз ұйқы, түсінде жылау;
·          бас аурулары, бас айналу;
·          жабырқау [8-15].
 
Физикальды тексерулер:
·          көздің асты ісу;
·          аққабықтардың гиперемиясы.
 
Зертханалық зерттеулер:
·          ЖҚТ;
·          қанның биохимиялық талдауы (жалпы ақуыз, КФК, ЛДГ, лактат, глюкоза, несепнәр, креатинин).
 
Аспаптық зерттеулер:
·          ЭЭГ/ЭЭГ  мониторингілеу: таралған гипногогикалық   бірмезгілдендіру, параксизмалды-өзгерген ұйқының ұршығы;
·          ЭКГ: жүрек ырғағының әр түрлі бұзылу себептері.
 
Бейінді мамандардың кеңесі үшін көрсетімдер:
·          нейрохирург кеңесі – саралап диагностикалау мақсатында, консервативті терапияның тиімсіздігінде хирургиялық араласу мүмкіндігі туралы мәселені шешу;
·          офтальмолог кеңесі – саралап диагностикалау мақсатында, диагностика және көз патологиясын түзету және асқынудың профилактикасы үшін;
·          кардиолог кеңесі – саралап диагностикалау мақсатында;
·          психолог кеңесі – психопатологиялық күйді даигностикалау, түзету және профилактика мақсатында;
·          оториноларинголог кеңесі – обструктивті апноэ кезінде саралап диагностикалау мақсатында;
·          пульмонолог кеңесі – тыныс алу жүйесінің бұзылуында саралап диагностикалау мақсатында.

Дифференциалды диагноз


жоқ

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаттары
·          ұйықтауды жақсарту;
·          ұйқы сапасын жақсарту;
·          ұйқы ұзақтығын жақсарту.
 
Емдеу тәсілдері***:
Дәрі-дәрмексіз емдеу
 
Тәртіп бойынша ұсыныстар:
·          белсенді қозғалыс жетіспеген жағдайда ұйықтар алдында серуендеп келу;
·          үлкен және жайлы, жұмсақтау төсекте ұйықтау;
·          ұйқыға дейін бір сағат алдында және төсекте оқуға, компьютерлік немесе бейне ойындар ойнауға, теледидар көруге болмайды және т.б.;
·          ылғи да жабық жалюзилер мен перделер, қараңғыда және тыныштықта ұйықтау;
·          бір уақытта ұйықыға жату және таңертең тұру.
 
Тамақтану бойынша ұсыныстар:
·          құрамында кофеин және ынталандырушылар бар өнімдерді пайдаланбау: кофе, шайдың көп сұрыптарын, кола, сергітуші сусындар, шоколад және басқа да;
·          ұйқыға үш сағат қалғанға дейін тамақтану;
·          кешкі асқа ащы тұздықтары жоқ, сүтті және көкөністі тамақтар жеу;
·          ұйқыға жатар алдында тыныштандыратындардан басқа дәрі-дәрмектерді қабылдамау.
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу
Анксиолитиктер:
·          диазепам-5мг-нан 1 дәрі 3р/күніне, курсы 1 ай;
·          феназепам-500мкг-нан 1 дәрі ұйқыға дейін 20-30 мин, курсы 2 жұма;
·          хлордиазепоксид-10мг-нан ½ дәрі 3р/күніне, курсы 2 ай;
·          оксазепам 5 мг- нан 2-3р/күніне, курсы 2-4  апта;
Антидепресанттар:
·          сертралин – 50мг-нан 1 дәрі 1р/күн, курсы 2 жұма;
·          пароксетин – 10мг-нан 1дәрі 1р/күн, курсы 2 жұма;
·          флуоксетин- 20 мг-нан 1капсула 1р/күн, курсы 2 жұма;
·          циталопрам – 20мг-нан 1дәрі 1р/күн, курсы 3 апта.
Екі есе әсері бар антидепрессанттар:
·          милнацепран-0,05г нан 1капсула 2р/күн, курсы 1 ай;
·          тразодон-50мг нан 1 капсула 2р/күн, курсы 2 апта.
Бензодиазепинді емес құрылымдағы ұйықтату құралы:
·          зопиклон-7,5мг  нан 1 дәрі 1р/күн, курсы 2 апта.
Нейролептиктер:
•  тиоридазин-10мг нан 1 дәрі 2р/күн, курсы 2 апта.
 
Амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен емдеу:
Негізгі дәрі–дәрмек құралдарының тізімі (100% қолдану мүмкіндігіне ие);
·          диазепам, 5мг табл.;
·          феназепам, 500 мкг табл.;
·          хлордиазепоксид, 10мг табл.;
·          оксазепам 5мг-нан күніне 2-3 рет, 10мг табл.;
·          мезапам, 10мг табл.;
қосымша дәрі-дәрмек құралдарының тізімі  (қолдану мүмкіндігі 100% аз).
·          сертралин, 50мг табл.;
·          пароксетин, 10мг табл.;
·          флуоксетин, 20 мг капсула;
·          циталопрам, 20мг табл.;
·          милнацепран, 0,05г капсула;
·          тразодон, 50мг капсула;
·          зопиклон, 7,5мг табл.;
·          тиоридазин, 10мг табл.
Стационарлық деңгейде дәрі-дәрмекпен емдеу:
Негізгі дәрі –дәрмек құралдарының тізімі  (100% қолдану мүмкіндігіне ие):
·          диазепам, 5мг табл.;
·          феназепам, 500 мкг табл.;
·          хлордиазепоксид, 10мг табл. р;
·          оксазепам 5мг-нан күніне 2-3 рет, 10мг табл.;
·          мезапам, 10мг дәрілер
Қосымша дәрі-дәрмек құралдарының тізімі (100% қолдану мүмкін емес):
·          тразодон, 50мг капсула;
·          зопиклон, 7,5мг табл.;
·          тиоридазин, 10мг табл. [15-22].
 
Жедел шұғыл көмек деңгейіндегі дәрі дәрмекпен емдеу: көрсетілмейді.
 
Емдеудің басқа түрлері:
Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін емдеудің басқа түрлері:
·          ауызқуысы құралдарын пайдалану (ауызкеңейткіш);
·          аутотренинг;
·          психотерапия.
 
Стационарлық деңгейде көрсетілетін басқа түрлері:
СИПАП - терапия (тыныс алу жолдарында тұрақты оң қысыммен емдеу) көрсетім: ұйқыдағы апноэ.
 
Жедел шұғыл көмек деңгейіндегі емдеудің басқа түрлері: жоқ
Хирургиялық араласу: жүргізілмейді.
Амбулаториялық жағдайда хирургиялық араласу: өткізілмейді
Стационарлық жағдайда хирургиялық араласу: өткізілмейді

Алдын алуы


Профилактикалық іс-шаралар:
·          ұйқы және демалыс тәрітбін ұйымдастыру.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Пайдаланылған әдібиеттер тізімі: 1. Вейн А.М.,Хехт К. Сон человека. Физиология и патология. М.,1989; American Academy of Sleep Medicine. International classification of sleep disorders, revised: Diagnostic and coding manual. Chicago, Illinois: American Academy of Sleep Medicine, 2001. 2. Вейн А.М. Гиперсомнический синдром (Нарколепсия и другие формы патологической сонливости). — М.: Медицина, 1966. 3. Вейн А. М. и др. Синдром апноэ во сне и другие расстройства дыхания, связанные со сном: клиника, диагностика, лечение. Эйдос Медиа. 2002. Clinical Guideline for the Evaluation, Management and Long-term Care of Obstructive Sleep Apnea in Adults // J. Clin. Sleep Med. 2009. Vol. 5. P. 263–276. Sleep Apnea and Cardiovascular Disease. Expert consensus document // J. Am. Coll. Cardiol. 2008. Vol. 52. P. 686–717. 4. Stradling J. R., Crosby J. H. Predictors and prevalence of obstructive sleep apnoea and snoring in 1,001 middle aged men // Thorax. 1991. Vol. 46. P. 85–90. 5. Marin J. M., Carrizo S. J., Vicente E., Agusti A. G. N. Long-term cardiovascular outcomes in men with obstructive sleep apnoeahypopnoea with or without treatment with continuous positive airway pressure: an observational study // The Lancet. 2005. Vol. 335 (9464). P. 1046–1053. 6. Guilleminault C., Tilkian A., Dement W. C. The sleep apnea syndromes // Am. Rev. Med. 1976. Vol. 27. P. 465–484.Kryger MH, Roth T Dement WC: Principles and Practice of Sleep Medicine. 3rd ed. Philadelphia, W.B. Saunders, 2000. Давиденков С.Н. 1952: Многотомное руководство по неврологии, под ред. С.Н. Давиденкова. т. 6, с. 516, Л., 1960. 7. Muratory F., Bertini N., Masi G. Efficiacy of litium treatment in Kleine - Levin syndrom // Eur. Psychiat. 2002 ; 17: 4 : 232-233 8. Duffy,J.P. & Davison,K. (1968) A female case of the Kleine-Levin syndrome. British Journal of Psychiatry, 114, 77-84. 9. Mendhekar D.N , Jiloha R.C. & Deepak Gupta Kleine-Levin syndrome : a report of two cases // Indian Journal of Psychiatry, 2001, 43 (3) 10. Б.В. Михайлов, д.м.н., профессор, заведующий кафедрой психотерапии Харьковской медицинской академии последипломного образования «Hарушения сна: клиника, диагностика, принципы терапии» номере 11/1 июнь 2007 стр. 33, 37 11. Kryger MH, Roth T, Dement WC Principles and Practice of Sleep Medicine. —4th. — Philadelphia: Elsevier Saunders, 2005. 12. Poceta JS, Mitler MM: Sleep Disorders: Diagnosis and Treatment. Totowa, NJ, Humana Press, 1998. 13. Pressman MR Primer of Polysomnogram Interpretation. — Boston: Butterworth Heinemann, 2002. 14. Berry RB Sleep Medicine Pearls. — Philadelphia: Hanley & Belfus, 2003. Bowman TJ Review of Sleep Medicine. — Boston: Butterworth Heinemann, 2003. Kushida CA, Littner MR, Morgenthaler TM, et al. (2005). «Practice parameters for the indications for polysomnography and related procedures: An update for 2005». Sleep 28 (4): 499–519. 15.Джеральд Феничел М. Педиатрическая неврология: Основы клинической диагностики, 2004; 16.Котова О. В., Рябоконь И. В. Современные аспекты терапии инсомнии // Лечащий врач. — 2013. — № 5.

Ақпарат


Біліктілік деректері көрсетілген хаттаманы әзірлеушілер тізімі:
1)      Жақсыбаева Алтыншаш Хайруллақызы - м.ғ.д.,  жоғары біліктілік санаты бар невропатолог-дәрігер, «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ стратегиялық жоспарлау директоры, ҚР ДСӘДМ шаттан тыс бас балалар невропатологы.
2)      Лепесова Маржан Махмұдқызы - м.ғ.д., жоғары біліктілік санаты бар невропатолог-дәрігер,  профессор, «Қазақ үздіксіз білім беру медициналық университеті»АҚ «Балалар неврологиясы» кафедрасының меңгерушісі.
3)       Кенжеқұлова Раушан Базарғалиқызы -м.ғ.к., жоғары біліктілік санаты бар невропатолог-дәрігер, «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ.
4)      Бақыбаев Дидар Ержомартұлы – «жоғары біліктілік санаты бар невропатолог-дәрігер, «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ клиникалық фармаколог- дәрігер.
 
Мүдделер  қақтығысының  жоқтығын көрсету: жоқ
 
Пікір иесі:  Бүлекбаева  Шолпан  Әділжанқызы –  м.ғ.д.,  АО «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ басқарма төрағасы.
 
Хаттаманы қайта қарау шарттары: Хаттаманы 3 жылдан кейін қайта қарау және/немесе одан да жоғары дәлелділік деңгейінде диагностика/емдеудің жаңа әдістері шыққан кезде.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх